Стресс жайлы мәлімет


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: Стресс

Орындаған: Темешов Д. А

Тексерген: Нуркенова М. К.

Семей 2015ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1 Стресстің жіктелуі

2. 2 Стресстің кезеңдері

2. 3Стрессті тудыратын факторлар

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе

Стресс - адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол сондай-ақ денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау-жанжал т. б кезінде туындайды. Стресс кезінде орын алатын денедегі өзгерістер мен уайым диапазоны өте үлкен. Әлсіз стресс немесе оның бастапқы көрінісі кезінде адам жинақылынады, оның психологиялық процесстері жұмылып, деңгейі жоғарлайды. Ұзақ немесе қатты стресс ағза жұмысын қамтамасыз ететін қызметтердің ұйымдасуын бұзады немесе олар азып-тозып, қызмет етуден қалады.

ІІ. Негізгі бөлім

Стресстің жіктелуі

Жалпы стресстің біртұтас алынған жіктелуі жоқ. Малдәрігерлерінің тәжірибесінде оның себептеріне байланысты жіктеуді қолданған дұрыс сияқты. Ол бойынша:

  • транспортты-тасымалдау;
  • технологиялық - малды күтіп-бағу; ауырсынғандық; ауа райына байланысты;
  • вакцина жасауға байланысты;
  • температураға байланысты;
  • малдың қозғалмай, бір орнында тұрып қалуына байланысты; жылқы, ит, маймылдарда көңіл-күйге (эмоционалды) байланысты т. б. түрлерін ажыратуға болады.

1. Транспорттық-тасымалдау стрессі . Малдарды тасымалдау кезіндегі ережелерді бұзудан болатын стресс. Бірнеше стрессорлар әсер етеді: мал таситын көлікті дұрыс дайындамау; жаңадан әкелінген малдарды бірінші күндері дұрыс күтпеу; ауа райының, температураның өзгеруі; т. б. қосымша әсерлер ретінде көп малды тығыз күйінде тасымалдау. Мұндай стресс асыл тұқымды, буаз малдарда, бұзауларда кездеседі. Малдарды ыстық күні, ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда тасымалдағанда жиі кездеседі. Су уақытында берілмей, рацион дұрыс болмағанда, әсіресе онда: кальций, магний аз, калий көп болғанда; арық малдарды тасымалдағанда; бұзауларды стресске қарсы дәрі беріп дайындамағанда да пайда болады.

Организмнің резистенттілігі нашарлап бұзаулар өкпе, ас қорыту жүйесінің ауруларына шалдыққыш келеді.

Емі. Шаруашылықта ұйымдастыру, санитарлық мәселелерді дұрыстап шешу керек.

Организмнің табиғи резистенттілігін арттыратын, қозу процесін төмендететін дәрілерді қолданады (димедрол, хлоралгидрат, валериана тұнбасы) . Нейролептиктер ретінде аминазин, стресснил жақсы әсер етеді. Бұзауларға еттің ішіне тасымалдауға дейін 30-40 минут қалғанда, тасымалдау қашықтығына байланысты, аминазинді 0, 5-2 мг/кг; стресснилді 1-2 мг/кг мөлшерінде жібереді. Егер бұл дәрілерді ауыз қуысы арқылы берсе, онда мөлшерін 2-2, 5 есе өсіреді.

Малдың резистенттілік қабілетін жоғарлату үшін элеутерококктың сығындысын тасымалдауға дейін және одан кейін сүтке араластырып күніне 1 рет 10-14 күндей, 0, 1 мл/кг мөлшерінде беруге болады.

Энергияны толықтыру үшін бұзауларға 2, 5 г/кг мөлшерінде глюкоза ертіндісін ішкізеді. А, Д2, Е витаминдерін жіберуге болады. Стресске қарсы ТВАГ (транквизин, витамин, аминазин, глюкоза) және АнВАГ (антибиотик, витамин, аминазин, глюкоза) препараттары бар. Бұл препараттарды ауруды емдеу және олардан сақтандыру ретінде арнайы нұсқаулар бойынша қолданады.

Стресстің белгілеріне қарсы күрес: венаға кальций хлоридін, күкірт қышқыл магнийді, глюкозаға кофеин қосып, оймақ гүл, кордиамин, лобелин препараттарын жібереді. Өкпе ісінгенде қан ағызып, венаға хлорлы кальций ертіндісін құяды.

2. Технологиялық стресс . Малдарды күтіп-бағуда жіберілетін кемшіліктерден туындайтын стресс. Оған жататындар:

  • малдардың жиі-жиі орнын ауыстырып, жиі-жиі жаңа топтарға бөлу;
  • төлдерді енелерінен ерте айыру;
  • малдарды байлап, қозғалыссыз ұстау - адинамия;
  • кенеттен жаңа күту әдістеріне ауыстыру.

Көбінесе стресс бірнеше факторлар қатарынан әсер еткенде пайда болады. Ауру малдардың өнімі азаяды, өнімінің сапасы төмендейді. Өсіп-өнуден қалады. Клиникалық белгілері, әсіресе шошқаларда, қамдану сатысында-ақ біліне бастайды. Ауруды емдеу әдістері алдыңғы ауруды емдеу әдістеріндей. Әсіресе сақтандыру шараларына көп көңіл бөлген жөн.

3. Эмоционалды стресс. Малдарға қатты ауырту арқылы әсер еткенде, олардың көңіл-күйінің өзгеруімен сипатталатын стресс. Нерв жүйесі тез қозатын спорт аттарының, декоративті иттердің, зоопарк және цирк малдарының арасында кездеседі. Дайындықсыз, дұрыс ұйымдастырылмаған малдәрігерлік істер: қан алу, мүйізсіздендіру, пішу, өлшеу, косметикалық операциялар (құлаққа, құйрыққа т. б. ) жасау стресс жағдайын туғызуы мүмкін.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

  1. үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
  2. төзімділік - жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
  3. әлсіреу- бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.

Стрессті тудыратын әсерлерге қарай:

  • физиологиялық стресс
  • психологиялық стресс деп екіге бөледі.

Стрессті тудыратын факторлар

Стрессті тудыратын факторларды «стессорлар» деп атайды. Оның негізгі себептері: температураның, атмосфера, қысымы мен ылғалдылықтың ауытқуы; сізге жақын жерде бос жүрген аң; тым жарқыраған шам, у-шу, ыстық, жабық кеңістік; ішкі улармен, ағза гармондарымен, дәрілермен белсендірілген паразиттер немесе вирустар; мақсат пен идеал арасындағы нәтижеге деген қажеттілік пен тиісті мерзім ішінде оған қол жеткізу арасындағы тартыс; ауырсыну және ішкі жайсыздық; ағзада стимуляторлар мен депрессанттардың жоғарғы деңгейде болуы; омыртұалардың орнынан жылжып кетуі және т. б.

Сондай-ақ Ганс Селье стресс аффектілерінің үлгісін жасаған. Үлгі үш сатыдан тұрады.

  • Бірінші -қобалжу және мобилизациясатысы, бұл ағза стрессордың қатысып отырғанын байқаған кезде болады
  • Келесі саты -қарсыласу. Стрессормен дербес күресуге дайындалу. Қарсыласу кезінде ағза түрлі жағдайларды қолданады. Стрессорды жеңу кейде сәтті болады, бәрақ ол физикалық және психологиялық жалпы күйге тәуеді. Егер қарсыласу адекватты болмаса, модельдің соңғы сатысы қажуға жетеді.
  • Қажу сатысыкезінде ағзаның қабілеті стрессордың төмедеуіне бейімделеді. Бұл жағдайда стресстің жағымсыз салдарынан физикалық ауру, жиі ашулану немесе маңызды жағдайды шындықпен байланысты жоғалтпау және дезориентация белең алады.

Қорытынды

Қазіргі өмірде стресстен қашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер . . . Кей адамдар мұндай стресстерге бейімделген, қандай проблеманы болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема. Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез-келген стресс те осылай басталады. Ол алдымен мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті нерв жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресстегі жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Қатты стресс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Б. К. Ілиясов. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. (Оқу құралы) . Алматы. 2011 жыл.
  2. Б. К Ілиясов. «Ветеринариялық хирургия». (Оқу құралы) . Алматы. 2008 жыл.
  3. К. Н. Қожанов «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» (Оқу құралы) . Семей. 2005 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: Домбығу

Орындаған: Темешов Д. А

Тексерген: Нуркенова М. К.

Семей 2015жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ . Негізгі бөлім:

2. 1. Ісіктердің этиологиясы, патогенезі, болжамы

2. 2. Ісінудің организм үшін маңызы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Домбығу (лат. oedema) . Организмдегі тұз-су алмасу процесінің бұзылуынан тканьде сұйықтың көп жиналуынан, немесе зақымданудан, қабынудан дененің пішіні мен көлемінің үлкеюі. Стоматологияда ангионевротикалық домбықпалар - ерін, мұрын, қас-қабақ және ауыздың шырышты қабығынын, ісінуі кездеседі. Созылмалы инфекциялық аурулар, салқын тию, дәрі-дәрмек, тамақ және микробты аллергиялар да қоздырушы факторлар боп табылады. Солардың бірі - Квинке домбығуы ерін тканьдерінің ісінуімен байқалса, Малькерссон - Розенталь синдромында ерінмен бірге бет нервісінің қабынуы және тіл бетінде қатпарлар (бүкпе) пайда болуымен ерекшеленеді

Негізгі бөлім

Ісіктердің этиологиясы, патогенезі, болжамы

Ісік дегеніміз -клеткалардың тоқтаусыз шексіз көбеюімен сипатталатын сырқаттық процесс.

Ісік этиологиясы. Ісіктердің туындау себептері жөнінде көптеген деректер бар. Бұл мәселенің шешімі толық емес. Ісік этиологиясы 4 түрлі дерек бар.

Вирустық -генетикалық

Физика-химиялық

Дисонто генетикалық

Коли этиологиялық

Ісік бір бастамалы және көп бастамалы болады. Сүт безінің ісігінің хирургиялық оперативтік емі бар. Көбнесе ит пен мысықта кездеседі. Консервативті емі жоқ. Оперативтік емі бар. Мысалы, 1. Итті әкелгеннен кейін аминозин береміз. Дозасы жануарлардың 1 кг салмағына 0, 3 мл салады. Жарты сағаттан кейін жануарлардың қозғалысы тежейді. Ең алдымен теріні алып, түгелдей ісікті алып тастау керек. Терінің астына 1 айызды новокаин ертіндісін инъекциялаймыз. Түбінен 4 нүктеден 1 пайызды новокаин саламыз, жансыздандырамыз. Техникасы: операциялық перчаткамен істеу керек, эпидермис, дерма, шел қабатын осы терінің 3 қабатын кесеміз [11] .

Клиникалық тұрғыдан ісіктерді қатерлі және қатерсіз деген топтарға бөледі. Қатерсіз ісіктердің өсіп-жетілуі жоғарғы деңгейге жеткен клеткалардан тұрады, сондықтан олардың қандай мүшелерден тұрғанын анықтау қиынға түспейді. Бұл ісіктер экспансивті жолмен баяу өседі. Қатерсіз ісік төңірегіндегі тканьды, көрші мүшені қысып-жаншиды. Жануарлардың жалпы жағдайы өзгермейді. Ең бірінші домбығу бінеді, ауырсыну, функциясының бұзылуы болады. Қызарады, түйін пайда болады, Ісік пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Эпидерміс қабатында шұрық тесіктер пайда болады, сол тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің ағады. Дене қызуы 44ºС көтеріледі.

Ісінудің түрлері.

Ісіну көптеген аурулар кездерінде болатын біртектес дерттік үрдіс. Қан мен тіндердің арасында су алмасуы микроциркуляциялық арнада қылтамырлардың кемерлері арқылы болады. Ісінудің даму жолдарында капилляр ішінде қан қысымы көтерілуі, онкотикалық қысым азаюы, капиллярлардың өткізгіштігі жоғарылауы, лимфа ағуының және онкотикалық қысымдардың көтерілуі де өзінің үлксін қосады. Ас тұзын артық пайдаланғанда және бүйрек қызметтері бұзылғанда жасуша аралық кеңістіктерде натрий иондары жиналып қалуы мумкін.

Жүректік ісіну . Жүректік ісіну жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде веналық тамырларда қан іркіліп қалудан және жүректен шығатын қан көлемі азаюынан болады. Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:

1. гипосияға, метоболизмдік ацидозға, капиллярлар кемерлердінің өткізгіштігі жоғарылауына;

2. бұйрек ишемиясына, ренин-ангитензин жүйесі арқылы әлдостеренонның артық түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбейуне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңіріуі артуына әкеледі.

Осы көрсетілгенденр организмде судың ұсталып қалуына, олигоцитемиялық гиперволемияға, сулануға және ісінуге әкеледі (10 кестені қараныз) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби стресс проблемасы
Медициналық интроскопия (экг,хм,эхокг)
Стресске бейімделу кезеңдері
Тұзданудың токсинді әрекеті
Мазасыздану факторлары
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы жайлы
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы
Психикалық процестер
Мазасызданудың эмоционалды қалпына жалпы шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz