Психологтың мектепке даярлық тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Психологтың мектепке даярлық тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысы.

Орындаған: Әмірғалина Б. Пх-315 тобы

Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

Семей, 2015ж

Жоспар:

  1. Психологтың мектепке дарлық тобындағы балалармен жүргізетін психологиялық қызметі.
  2. Мектеп психологының мектепалды жасындагы балаларды зерттеу міндеттері.
  3. Балалардың мектепте оқытуга даярлыгын аныктау.
  4. Пайдаланған әдебиеттер.

Баланың мектепке баруымен байланысты оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Мектеп балага едәуір киыидыгы бар міндеттер артады. Кішкентай мектеп окушысы барлык сабактарда берілген тапсырмаларды жүйелі орындауга, сол сәтте, каласа да, каламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады. Осы мідеттердің барлыгын толык орындау балага оңай емес.

Мектеп психологы балалармен жүргізетін психологиялық кызмет көрсету жұмысын мектеп алды тобына қабылдау кезеңнен бастайды. 5-6 жастағы бала мектепке келер алдында окуға, мектеп режимі бойынша жұмыс жасауға, бағдарламаны меңгеруге, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындауға және мектепішілік қарым-қатынас жасауға дайын болуга тиісті. Тек сонда гана мектепке келген бала бағдарлама ұсынып отырган білім мен іскерлікті меңгеруге шамасы келеді. Мектеп психологы бала-бақшадағы әріптестерімен бipre осы мәселені зерттеуі оның мектепке даярлық тобындағылармен жүргізетін жұмысының ең басты міндеті болып табылады. Сонымен қатар баланың нәзік кимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, таным процестерінің даму деңгейін нақты бағалау мақсатының орны ерекше.

Баланың мектепте окуға даярлыгын анықтайтын әдістер немесе психологиялық ортак пікірлер осы уакытқа дейін қалыптаспаган. Дегенмен көптеген зерттеушілер баланың таным процестерін, нәзік қимыл әрекеттерін, қарым-қатынас мәдениеттерін зерттеу әдістемелерін жасап шыгарган. Осы еңбектерге сүйене отырып әр психолог мектеп алды деп аталатын даярлық тобындагы балалардың оқуға, мектеп талаптарын орындауға икемделгендігін анықтауы кажет.

Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық дамуы ерекшеліктеріне байланысты ойын олардың жетекші әрекеті болып табылады. Мектепке даярлық тобындағы және кіші жастағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген. Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, Л. И. Божович, Д. Б. Эльконин, А. Ф. Обухова, Л. А. Венгер т. б. көптеген психологтар еңбектерінде мектепке даярлық тобындағы балалардың жеке тұлғалық қасиеттері мен таным процестерінің дамуына олардың іс-әрекеттерінің қосатын үлестерін жан-жақты талдап, мектепке даярлық кезеңдегі балалардың танымдық әрекеттерінің және қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына іс-әрекет түрлерінің қосатын үлесі ерекше екенін көрсеткен. Қазіргі кезде балаларды мектепке қабылдау барысында психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы олардың оқуға даярлығын бағалау және таным процестері мен жеке тұлғалық қасиеттері зерттелінеді. Психодиагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша мектепте оқытуға даярлығы төмен болған балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу балаларға психологиялық қызмет көрсетудің көкейкесті мәселесінің бірі болып отыр. Практикалық психологияда мектепке даярлық тобындағы және мектепке жаңа қабылданған балалардың іс-әрекетінің үйлесімділігі мен таным процестерінің жетілгендігін зерттеуге пайдаланылатын әдістемелер жеткілікті мөлшерде жасалған. Олардың ішінде И. В. Забрамная, Йирасек-Керн, О. И. Мотков, А. Анастази, Р. С. Немов, Е. И. Рогов, Р. В. Овчарова, Т. Р. Нұрмұхамбетова т. б. ғалымдар ұсынған әдістемелер көмегімен мектепке қабылдаған балалардыдың таным процестері мен танымдық әрекеттерінің үйлесімділігін бағалап, олардың дамуында кемістіктер анықталған жағдайда балалармен неше түрлі түзету және дамыту жұмыстарын арнайы әдістемелер көмегімен жүргізуге болады. Мектеп психологиялық қызметі осы мәселелерді қолға алғанда ғана баланың мектеп режиміне үйренуі және оқу барысында табысты болуы қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі мекемелердегі психологтар балалардың жетекші іс-әрекетін анықтап, оны баланың мектепке даярлығын қамтамасыз ететін құрал ретінде пайдалануы керек. Сонда ғана баланың мектепте оқуға даярлығы талаптарға сай болып, оның мектептік адаптациядан өтуі жеңілірек жүреді.

Психологиялык кызметтің міндеттері:

- психологиялык жэне әлеуметтәк- психологиялык тұрғыдан қиындық көріп жүрген балалардың проблемаларын аныктап, оларға дер кезінде көмек көрсету;

- окушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенінше жетелеп, сүйеніш болып жүру;

- проблемасы бар балаларды жан-жакты зерттеп, оны туғызған себебін аныктау және тузету-дамыту жұмыстарын жургізу;

- дамуында ауыткуы бар балалардың психологилык қасиеттерін өңдеу үшін психологиялык тренингтер ұйымдастыру;

- оку-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр окытушынын, ата-аналардың психологиялык педагогикалык, білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету
Психологтың мектеп алды тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысының мазмұны
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педогогикалық- психологиялық негіздемесі
Мектепке даярлық тобындағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
Психологиялық - педагогикалық қолдаудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz