Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар жайлы мәлімет


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар

Орындаған : Токтарбекова М. Н.

Топ : ПХ-315 .

Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

Семей - 2015

Жоспар

1. Дағдарыстық күйлергше сипаттама

2. Постравмалық бұзылыстардан кейінгі дағдарыстық ситуациялар

Дағдарыстық күйлер- қазіргі замандағы қоғам дамуының өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінде психиаторлардың пациенттерінің көп бөлігі «Чернобыль апаты» салдарынан зардап шеккендер, жұмыссыздар, қашқындар, қауіпті аурумен ауыратындар(СПИД, рак), соғысқа қатысқандар, өмір мәнінен айырылғандар болып табылады.

Энциклопедиялық сөздікте «Дағдарыс» сөзі мәселенің асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдынғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. "Дағдарыс" ұғымы қандай да болмасын құбылыстың деградацияға ұшырап өмір сүруі мен қызмет етуі мүмкін емес болатын ерекше күйін сипаттайды. Соңымен, "дағдарыс" ұғымы құбылыстың ішкі ерекшеліктерін бейнелейді: оның табиғи қызмет етуге және эволюцияға қабілетсіздігі, онда өзінің сапаларын, қасиеттерін сақтау мен өсіруге және өзінің негізгі мәнді сипаттамаларын сақтай отырып дамудың мейлінше жоғары сатысына көтерілу мүмкіндіктерінің болмауы. Әрине, дағдарыстың келтіріліп отырған түсіндірмесі тым жалпы бірақ шынайы өмірде кез келген құбылыс белгілі бір кезенде өзінің қайта құрылуы мен қирауы, жоғалуына бастайтын дағдарыстық сатыға өтеді. Сондықтан дағдарыстан шығу жолы құбылыстың сапалы жаңаруында жатыр.

«Емі жоқ сырқаттар көптеген кіші дағдарыстардың жиналуынан пайда болады. »

Ф. Мюллер - Лиер

90-жылдардан кейінгі 20 жылдықты күйзеліс жылдығы деп атайды. Бірақ тарихи-психологиялық және психиатриялық анализ бойынша күйзеліс жылдары бірнеше жүз жылдықтарды құрайды. Ол туралы Мюллер мен Лиер өзінің «Әлеуметтік күйзеліс» еңбегінде күйзелістің әлеуметтік заңдылықтарын атап көрсеткен. Соңғы жүз жылдықтың 15 дамыған әлем елдері бойынша зерттеу нәтижесі психикалық детерминизация мен бұзылыстардың күрт өсуін байқаған. Сонымен 1900-1993 жылдар аралығында шеткі жүйке жүйесінің бұзылыстары ересек адамдарда - 21, 4 есе, невротикалық және дағдарыспен байланысты - 61, 7 есе, алкогольге тәуелділер - 58, 2 есе, олигофрения - 30 есс өскен.

Дағдарыстық күйдің пайда болу себебі негізінен әр-түрлі болып келеді. Олар: әлеуметтік факторлар, индивидуалды-типологиялық, биологиялық сонымен қатар тұқым қуалаушылық факторлар әсер етуі мүмкін.

Дағдарыстық күйге көбінесе балалар, жасөспірімдер және қарт адамдар ұшырайды. Негізінен биологиялық әлсіздік пен қатар бұл уақытта психологиялық дағдарыс тікелей әсер етеді. Бұл қатарға соматикалық-невротикалық потология, физикалық әлсіздену, психотравмалық жағдайлар жатады. Сонымен қатар эндогендік, экзогендік факторлардың әсері зор.

Дағдарыстік күйлер интенсивтілікке ие. Дағдарыстік факторлар әр-түрлі болуы мүмкін. Олар: острые, кенеттен пайда болатын және қауіпті(табиға және техногендік апаттар, соғыс) . Созылмалы, үнемі қайталанып отыратын(әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, отбасыдағы немесе жұмыстағы конфликты жағдайлар) . Дағдарыстер дара. күрделі және периодты болып бөлінеді.

Сондай-ақ ятрогенді(өткір(острые), созылмалы аурулар, хирургиялық және хирургиялыө емес аурулар, отбасы мүшелерінің ауруы, жаңа диагноздар, рецедифтер), ятрогендік емес аурулар(тұлғаралық дағдарыстар, ерлі-зайыптылар дауы, ажырасулар, жұмыстағы қиындық, қаржылық дағдарыстар, заң бұзушылықтар) . Кез-келген адамда болатын өмірлік бір деңгейден екінші деңгейге өтудегі дағдарыстік жағдайлар (жаңа оқу жылының басталуы, әскерге бару, неке құру, жұмысқа орналасу, зейнеткерлікке шығу) .

Өмірге аса қауіпті дағдарыстық жағдайлар көбінесе посттравмалық бұзылыстардан кейін пайда болады. Ол невротикалық, саматикалық бұзылыстарға әкеп соғады. Бұл жағдайда көбінесе қоғамға тәуелділік пайда болады.

Қоғамдық дағдарыстың шығуын Б. С. Положий (1994, 1995) 4 бөлімге бөліп көрсеткен.

  1. Апатиялық нұсқа- дағдарыстық жағдайлардың 40 пайызынан астамы осы нұсқаға тиесілі. Клиникалық жағынан депрессиялық бұзылыстар, өмірлік мақсатының жоғалуы, белсенділіктің төмендеуі, өзіндік бағаның төмендеуі, тұйықтық, пассивтілік, өзіндік әлем құру. Бұл нұсқадағы адам әрекеті көбінесе қоғамдық-тұрмыстық және профессионалды дезадаптацияға ұшыраған.
  2. Диссоциалды немесе агрессивті-деструктивті нұсқа- ағдарыстық жағдайлардың 12 пайызынан астамы осы нұсқаға тиесілі. Бұл адамдар тобында зұлымдық аффектісі байқалады. Бұл адамдар тобы көбінесе қиратқыш әрекеттері басым. Мінез-құлқы паранойтты болып келеді. Бір жағынан олар жеңіл бағындырғыш болып келсе, екінші жағынан өте мықты индуктор болып табылады. Бұл адамдар тобы көбінесе экстрималдық, террористік топтарға ілігіп кетеді.
  3. Негативті немесе пассивті-агрессивті нұсқа- ағдарыстық жағдайлардың 27 пайызынан астамы осы нұсқаға тиесілі. Бұл адамдар жаңалық қабылдаудан қорқады. Ол адамдар қарапайым әрекетті пассивті түрде қабылдайды. Қанағаттанбаушылық сезімі қашанда басым, бірақ оны өзгерту үшін әрекет қолданбайды.
  4. Магиялық нұсқа- ағдарыстық жағдайлардың 21 пайызынан астамы осы нұсқаға тиесілі. Бұл адамдардың ойлау қабілеті магиялық тұрғыға бағытталған. Ол оның бүкіл әрекетінде, өмірлік қөзғарасында, өмірлік стильінде байқалады. Олардың қызығушылығы көбінесе метафизика проблемаларына бағытталған. Бұл симптодар көбінесе шизофрениямен ауыратын адамдарда кездеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Б. Д. Карвасарский «Медицинская психология» Питер 3-е изд
  2. Б. В. Зейгарник «Патопсихология»Москва, 2013
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер, посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар жайлы
Дағдарыстық күйлер мен посттравмалық бұзылыстар
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы
Дағдарыстық күйлер мен посттравмалық бұзылыстар жайлы
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы ақпарат
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы мәлімет
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Мигрант отбасылар және олардың балаларымен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz