ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемілекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Тобы:АГ-413
Орындаған:Болат Таңат
Тексерген: Қуантқан Биболат
Семей 2015ж
Жоспар:
I. Кіріспе бөлім.
II. Негізгі бөлім.
2. 1. Жалпы «жекешелендіру» ұғымы туралы түсінік.
2. 2. Жекешелендірудің мәні.
2. 3. Жекешелендірудің түрлері мен әдістері.
2. 4. ҚР жекешелендіру кезеңдері.
III. Қорытынды бөлім.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Жекешелендіру - меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Жекешелендіру дегеніміз - азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты - жекшелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі.
Негізгі бөлім
Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша) :
- Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
- Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
- Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
- Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
- Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
- Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
- Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
- Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
- Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
- Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
- Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
- Жекешелендірудің тәсілдері:
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.
- Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
- 1. Кіші жекешелендіру- еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
- 2. Жаппай жекешелендіру- орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
- 3. Жеке жобалық жекешелендіру- ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.
- Президентінің Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру үдерісін өрістетуді төмендегі бағыттар байынша қарастырылды:
- 1. Ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру.
- Оны жузеге асыру келесі әдістермен өтті:
- Келісілген жағдайда белгілі бір инвесторға сату;
- Аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;
- Акцияларды ашық сату.
- 2. Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру.
- Олар мына әдістер арқылы жүзеге асты:
- Республика тұрғындарына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру (ИЖК) ; .
- 3. Сауданың, каммуналдық шаруашылықтың, тұрмыстық және Сервистік қызмет көрсету шағын кәсіпорындарын аукцион және конкурс негізінде жүзеге асыратын шағын жекешелендіру.
Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 - 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 - 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.
Соңғы жылдары Қазақстанда жекешелендіружәне мемлекеттік меншіктен шығару жөнінде кешенді шаралардың жүзеге асырылуының нәтижесінде меншік қатынастарында және коммерциялық іс-әрекеттің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларында бірқатар өзгерістер болып өтті, соның ішінде:
- меншік формаларының көп түрлілігі;
- жеке меншіктің Қазақстан экономикасындағы меншіктің негізгі формаларының біріне айналуы;
- халық шаруашылығының барлық салаларында дерлік мемлекеттік меншік монополиясын жеңу;
- нарық инфрақұрылымы мен меншіктің жаңа формаларына қызмет көрсететін механизмдердің қалыптасуы.
Мемлекеттік меншіктен шығару - бұл мемлекеттің экономикадағы шамадан тыс рөлін бәсеңдетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта қалыптастыру жөніндегі шаралар жиынтығы. Мемлекеттік меншіктен шығару монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына бағытталған.
Мемлекеттік меншіктен шығару шаралары жекешелендірумен тығыз байланысты құрайды.
Жекешелендіру - бұл меншікті жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде көрініс табатын мемлекеттік меншіктен шығару бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасындағы 10 жыл аралығында мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендіру үрдістерінде әрқайсысына өзіндік мақсаттары мен міндеттері тән төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бұл үрдістердің басталуы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.
I кезең 1991-1992 жылдарды қамтиды. I кезеңдегі жекешелендіру үрдісінің негізгі бағыты болып, кәсіпорындарды ұжымдық немесе акционерлік меншікке беру, бұл кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына жеңілдіктермен және сауда, қызмет көрсету объектілерін сату (соның ішінде тұрмыстық купондар) жолымен жүзеге асқан орталықтанған-жоспарлыдан нарықтық экономикаға өту талаптарын қамтамасыз ету мақсатында кең масштабты мемлекеттік меншіктен шығару табылады.
II кезең 1993-1995 жылдар аралығын қамтиды.
Берілген кезең 1993 жылдың 5 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдарға деген мемлекеттік меншіктен шығару және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды.
Жекешелендірудің екінші кезеңіндегі бағдарлама институционалды реформалардың негізгі бағыттарын анықтады:
- Кіші сауда кәсіпорындары, коммуналды шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету аукциондары мен сайыстары арқылы жүзеге асырылған «кіші жекешелендіру».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz