Мектеп психологының іс-қағаздары


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мектеп психологының іс-қағаздары.

Тексерген: Тезекбаева М. Ж.

Орындаған: Исланбекова Ж.

ПХ-315 топ

Семей-2015ж

Жоспар

1. Мектеп психологының іс-қағаздары

2. Мектепетегі балалармен жұмыс

3. Іс-қағаздар

Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, міндетті, іс -құжаттарының түрлері қандай деген мәселені қарастырайық.

Мектептегі психологиялық қызмет - әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру.

Халыққа білім берудегі мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:

1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады.

2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады.

3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.

Міндеттері:

- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;

- мектеп психологі қызметінің негізін құратын жұмыс бағыттарын, іс-құжаттары мен психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;

- І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектеп директорымен бекітілген педагог - психолог С. Браташтың лауазымдық міндеттері;

Өз жұмысына педагог-психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімдерін басшылыққа алады.

Балалармен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері: Оқушы

-Баланы әлеуметтендіру, яғни білім беру мекемесі мен өз тобына, сыныбына, жаңа ережеге және қарым-қатынасқа бейімдеу;

-Жас кезеңіндегі баланың психикалық дамуын қалыпты ету;

-Бала дамуындағы өзіне ғана тән ерекшелігін, әрекетінің және қарым-қатынасының жеке стилін қалыптастыру;

-Баланы өзін-өзі жетілдіруіне және тұлғалық өсуіне ықпал ету;

Баланың эмоциялық және ерік сипаттарын тұрақтандыру;

-Баланың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын және қайтымды байланысын белсенді ету;

-Балалармен топтағы тұлғаралық қатынасын оңтайландыру;

-Балалардағы психологиялық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу.

Мектептегі қосымша міндеттер:

Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;

-Ішімдік пен есірткіге психологиялық, химиялық тұрғыда бағыныштылықты және формальды емес топтар мен діни, қоғамдық-саяси, асоциалды бірлестіктерге психологиялық бағыну мен олардың манипуляция жасауының алдын алу;

Психологиялық - педагогикалық консилиум - белгілі бір баланың, сыныптың немесе тұтас білім мекемесінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын шешудің тәсілдерін анықтайтын психологтың педагогпен, білім мекемесінің әкімшілігімен бірлескен жұмысы.

Психологиялық жұмыстың бағыттары:

-Балаларды диагностикалау;

-Балалардың дамуын түзету;

-Балалардың ауытқуын алдын алу;

-Балалармен дамыту жұмыстары;

-Балаларға кеңес беру;

-Балаларға ағарту жұмысын жасау.

Жұмыстың оңтайлы формалары:

-Білім мекемесіндегі баламен жеке жасалатын жұмыстар - диагностикалау, ойындар, сабақтар, кеңес берулер.

-Топпен және кіші топпен жұмыстар - психологиялық түзету, дамыту сабақтары, психологиялық сабақтар, сағаттар.

-Балалардың өз қатарластарымен бірлескен жұмысы.

Отбасымен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:

-Бала мен ата-ана қатынасын оңтайландыру;

-Баланы дамыту мен оқытудың жеке стратегиясын анықтау;

-Баланың жағымды эмоциялық күйін және жетістікке жетуін қамтамасыз ету;

-Баланың психологиялық ауытқуын және бұзылуын алдын алу.

Бұл жерде мектеп психологіне жүктелер міндет ауыр. Ең бастысы психолог маман мектепті алға апарудың барлық жақтарын білуі шарт. Мектептегі психологиялық қызмет халық ағарту жүйесіндегі аса қажетті салалардың бірі. Психолог өзінің кәсіптік білімдеріне сүйене отырып, баланаң даму деңгейін белгілейді; түрлі психологиялық ауытқушыларды дер кезінде аңғарып, оны түзету жолдарын тығыйындайды; болуы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін психологиялық шаралар ұйымдастырылады. Мектеп ұжымына кездесіп қалатын психологиялық мәселелерге өтініштің түсуіне байланысты психологиялық (топтық және жеке) кеңестер береді, ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстармын өткізеді. Клиенттің тұлғалық қасиеттерін анықтау нәтижесінде психолог оның мүмкіндігі туралы құнды деректер алады. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп психологының іс-қағаздары жүргізуі
Мектеп психологының іс қағаздар жүргізу
Мектеп психологынын іс-кагаздары. Психодиагностикалық жұмыстар
Психологиялық кеңес жұмыстары
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ қысқаша лекция курсы
Мектеп психолыгының мектеп оқушыларымен жүргізетін жұмыстары
Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Психологиялық қызметтің дамуы
Психологтың құқықтары
Қиын бала кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz