Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы


1 Клиникалық терминология
2 Сөздердің мүшеленуі.
3 Грек.латын дублеттер.
4Қорытынды
Клиникалық терминология (грекше Klinike – дәрігерлік құру ӛнері, науқас адамды күту). Оған әртүрлі клиникалық мамандықтарының, патологиялық анатомия және патологиялық физиология сияқты ауруды зерттейтін пәндердің терминдері жатады. Ол ең алдымен терапиялық терминдер (грекше therapia – күту, емдеу) және хирургиялық терминдер (chеir – қол + ergіа – жұмыс, әрекет), ауру атаулары, патологиялық процестер мен жағдайлар, ауру белгілері, операция атаулары, зерттеу әдісі мен емдеу жолдары, медициналық құрал-жабдықтар т.б. Клиникалық терминология – ол ауруларды зерттеу және ауру тарихын жазу барысында оқулықтар мен анықтамаларда кездесетін мыңдаған атаулар. Осы медициналық терминология жүйесінде латын тілін қолдану шарт емес. Клиникалық терминдерді қолдану барысында аурудың қазақ тіліндегі атауларымен қатар олардың латынша баламалары да қолданылады: Жарық (hеrnia), сынық (fractura), қатерлі ісік (carcinoma) т.б. Сонымен қатар клиникалық терминологияда арнайы латын терминдері баламасыз қолданылады: Мыс.: status praesens т.б. Кӛне грек тілінің сӛзжасамымен клиникалық терминология курсын оқу барысында танысасыздар. Медициналық терминологияның барлық жүйелерінде күрделі сӛздердің – сӛз жасаушы конструкциялардың орны үлкен. Олар түбір және сӛз жасаушы элементтері бар латын-грек терминоэлементтерінен туындаған және клиникалық терминологияда кӛп кездеседі. Ғылыми және кәсіби жұмыстарға, аурудың алдын алуға (профилактикаға), ауруларды анықтауға (диагностикаға), науқастарды емдеуге байланысты терминдер клиникалық терминологияның үлкен бӛлігін құрайды.. Бұл бӛлімде сӛздің құрамы және сӛзжасамға байланысты сұрақтар қарастырылады. Зерттеу барысында әрбір сӛздің жеке мағынасы емес – олардың жалпы мағынасы маңызды. Осыған дейін сіздер әр сӛзді анатомиялық лексикада дыбысталуы мен мағынасы жағынан бір бүтін жеке-жеке шартты белгі ретінде оқыдыңыз. Ӛз ана тіліңізде де сӛзбен білдіретін зат немесе ұғым арасындағы байланыс мүмкіндігі осы болып табылады. Бұның дәлелі – қазақ тілінде: тіс, кӛз, кӛкірек, тӛмпешік т.б. немесе латын тіліндегі: caput, dens, pectus, tuber,crista, os т.б. Дамыған медициналық терминологияда сӛздердің мағынасы құрылымына байланысты емес. Олардың дыбыстық құрылымына қарай мағынасын біле алмаймыз.
1. Жантасова С.У. Латын тілі жаттығулар жинағы – Алматы, 2002 2. Керимбеков Е.Б. Физиология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сӛздігі. – Алма-Ата: Казахстан, 1991 3. Сауранбаев Н.Т., Мусабаева Г.Г, Ш.Ш.Сарыбаеваның жалпы редакциясымен Орысша-қазақша сӛздік, Алматы Дайк-пресс, 2005. 4. М.Н. Чернявский Латинский язык и основы медицинской терминологии., Москва «Шико», 2008 5. Энциклопедический словарь медицинских терминов, 1-3 том, М.1982 6. Айтбайұлы О. Абдрахманов С., Кекілбаев А. и др. Русско- казахский словарь. Алматы, «Арыс», 2007,1 том «А-О», 640 б. 7. Айтбайұлы О. Абдрахманов С., Кекілбаев А. и др. Русско- казахский словарь. Алматы, «Арыс», 2007, ІІ том «О-Я», 640 б. 8. Ахметов М. Медициналық терминдер сӛздігі. Орысша-қазақша- ағылшынша (40 мыңға жуық термин)., Алматы: Дайк-Пресс, 2009. 800 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі



Орындаған: Оспанов. О
Тексерген: Билялов. Е

Тобы:ВМ-501

Семей,2015

Жоспар
1 Клиникалық терминология
2 Сөздердің мүшеленуі.
3 Грек-латын дублеттер.
4Қорытынды

Клиникалық терминология
Клиникалық терминология (грекше Klinike - дәрігерлік құру ӛнері, науқас адамды күту). Оған әртүрлі клиникалық мамандықтарының, патологиялық анатомия және патологиялық физиология сияқты ауруды зерттейтін пәндердің терминдері жатады. Ол ең алдымен терапиялық терминдер (грекше therapia - күту, емдеу) және хирургиялық терминдер (chеir - қол + ergіа - жұмыс, әрекет), ауру атаулары, патологиялық процестер мен жағдайлар, ауру белгілері, операция атаулары, зерттеу әдісі мен емдеу жолдары, медициналық құрал-жабдықтар т.б. Клиникалық терминология - ол ауруларды зерттеу және ауру тарихын жазу барысында оқулықтар мен анықтамаларда кездесетін мыңдаған атаулар. Осы медициналық терминология жүйесінде латын тілін қолдану шарт емес. Клиникалық терминдерді қолдану барысында аурудың қазақ тіліндегі атауларымен қатар олардың латынша баламалары да қолданылады: Жарық (hеrnia), сынық (fractura), қатерлі ісік (carcinoma) т.б. Сонымен қатар клиникалық терминологияда арнайы латын терминдері баламасыз қолданылады: Мыс.: status praesens т.б. Кӛне грек тілінің сӛзжасамымен клиникалық терминология курсын оқу барысында танысасыздар. Медициналық терминологияның барлық жүйелерінде күрделі сӛздердің - сӛз жасаушы конструкциялардың орны үлкен. Олар түбір және сӛз жасаушы элементтері бар латын-грек терминоэлементтерінен туындаған және клиникалық терминологияда кӛп кездеседі. Ғылыми және кәсіби жұмыстарға, аурудың алдын алуға (профилактикаға), ауруларды анықтауға (диагностикаға), науқастарды емдеуге байланысты терминдер клиникалық терминологияның үлкен бӛлігін құрайды.. Бұл бӛлімде сӛздің құрамы және сӛзжасамға байланысты сұрақтар қарастырылады. Зерттеу барысында әрбір сӛздің жеке мағынасы емес - олардың жалпы мағынасы маңызды. Осыған дейін сіздер әр сӛзді анатомиялық лексикада дыбысталуы мен мағынасы жағынан бір бүтін жеке-жеке шартты белгі ретінде оқыдыңыз. Ӛз ана тіліңізде де сӛзбен білдіретін зат немесе ұғым арасындағы байланыс мүмкіндігі осы болып табылады. Бұның дәлелі - қазақ тілінде: тіс, кӛз, кӛкірек, тӛмпешік т.б. немесе латын тіліндегі: caput, dens, pectus, tuber,crista, os т.б. Дамыған медициналық терминологияда сӛздердің мағынасы құрылымына байланысты емес. Олардың дыбыстық құрылымына қарай мағынасын біле алмаймыз. Ал бір түбірлі, яғни құрамында бір 4 түбірі бар немесе кӛптүбірлі, белгілі бір түбірінің қайталануынан пайда болған күрделі сӛздер жоғарыда айтылғандарға қарағанда мүлдем басқаша түсінік беріп, есте сақталады. Мысалы: тістік, кішкене тіс, тӛмпекті, тӛмпешік, тӛмпешікті,тӛмпешік асты; denticulus, dentatus, dentinum; tuberculum, tuberalis, tuberosus, tubercularis. Осы сӛздердің түбірін және оларға қосылатын сӛз жасаушы элементтерді (жұрнақ, приставка) біле отырып, бұл сӛздің мағынасын еш қиындықсыз түсінуге болады. Дәл осы жолмен 1 бӛлімнің материалдарын оқи отырып, сіз кейбір сӛздердің мағынасын түсіндіңіз. Мысалы: ІІ топ сын есімдері. Олардың кӛбісі бір модель бойынша жасалған зат есімнің түбірі (негізі) + -al, ar жұрнағы, vertebr+al(is), stern+al(is), tempor+al(is). Осы модель бойынша жасалған сын есімдердің жалпы сӛз құрамындағы мағынасы бір. Ол сӛздің түбірі білдіретін ұғымға байланысты: омыртқаға байланысты (омыртқалық), кӛкірекке байланысты (кӛкіректік) т.б. деген мағынаны білдіреді. Ал приставка + сын есімнің негізі моделі, мысалы: subscapularis -жауырын астылық, suprascapularis - жауырын үстілік, сӛз құрамының мағынасы бұл жағдайда астылық, үстілік сӛздеріне байланысты.
Сөздердің мүшеленуі.
Мағыналары ұқсас сӛздерде сӛздің бір бӛлігі болса да қайталанатын болса, мұндай сӛздер мүшеленетін деп аталады. Әртүрлі сӛздердің мүшеленуі толық немесе жартылай бола алады. Егер сӛздің барлық бӛліктері басқа да туынды сӛздерде қайталанатын болса, олар толық мүшеленетін деп аталады. Егер сӛздің барлық бӛліктері қайталанбаса, жартылай мүшеленетін деп айтуға болады. Келесі сӛздерді салыстырайық: 1) Толық мүшеленетін: pod-algia, pod-o-metria, neur-algia, kephal-ometria. Бұл сӛздерде барлық бӛліктері басқа да туынды сӛздерде кездеседі. 2) Жартылай мүшеленетін: pod-agra. Бұл сӛзде бірінші бӛлігі - pod, басқа да сӛздерде қайтаналанады, ал екінші бӛлігі - agra, ӛте сирек жағдайда ғана қайталанады. Кӛптеген терминдер толық мүшеленетін болып саналады. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь