Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы
Орындаған: Советханова С. С
Топ: ПХ-315
Тексерген: Бураханова А. Т
Семей-2015ж
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Мектепке дейінгі жастағы балалармен топтық жұмысы
3. Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Баланың мектепке даярлығын мектепке дейінгі мекеме немесе балалар емханасындағы дәрігерлер анықтайды. Бала мектепке бармайтын болса онда оны жергілікті дәрігер анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психо-физиологиялық шарттар бойынша анықтайды. Баланың оқуға даярлығын терең зерттеу мектепке баратын жылдың алдында қазан немесе қараша айларында өткізіледі. Балалардың алғашқы әр жақты медициналық психо-физиологиялық тексеру нәтижесінде олардың зерттеу тәжірибесінде олардың дәрігерлік даму қатарына түсіріледі. Денсаулығын нашар әр түрлі ауытқуға ұшыраған балаларға және емдеу шараларының комплексі белгіленеді. Мектептегі оқуға қажет функциялары жете дамымай кемістігі байқалған балалардың тілдегі және қолдың бұлшық ет қозғалысын дамыту үшін әртүрлі жаттығулармен шаралары ұсынылады. Мұндай емдеу сауықтыру шараларын балалар емханасының маман дәрігері жүзеге асырады. Баланың дыбыстарды айтудағы кемістіктерді жою сабақтарын логопед жүргізеді. Қолдың бұлшық ет қозғалысын дамытуға арналған сабақтармен жаттығуларды тәрбиешісі немесе ата - аналар жүргізе алады, атап айтқанда сурет салуды тапсыру. Құрастыру конструкциялық ойындар, әр түрлі жазу емлелерін жазып үйретуге болады. Осы психологиялық зерттеудің барысында мынадай нәтиже көрсетіледі. Бала ақыл - ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен есте сақтау, елестету танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез - құлық нормаларын игеруі, білім, білік, дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. 5 жасында бала көрнекі - әрекеттік ойлаудан көрнекі - бейнелі ойлауға ауысады және 6 жасқа қарай ауызша - логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың көрнекі әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Көрнекі - бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі - схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнеленеді. Ол құбылыстар мен заттардың тек және қасиеттерін ғана емес неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, схема бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әртүрлі кеңістікті елестете алады, оларды ойша орнынан ауыстыра алады. Бұл кітаптағы тапсырмалар мазмұны қоршаған орта қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерді қамтиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп- салдарды, кеңістік, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді. Ол сөздерді еркін қолдануды, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды.
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді. Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды. Белгілі орыс психологтары А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, А. А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады. Е. Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л. И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді. Р. В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады, қоршаған дүниенің заңдылықтарын, заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды, оларды өз әрекеттерінде қолдана алады, басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады.
Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л. И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е. Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:
1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт - мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі .
Психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысының басты бағыттары:
-
Алдын-алу
- бұл қандай да бір мәселенің пайда болғанын ескертетін қызметтің негізгі бағыттарының бірі. Мектепке дейінгі жаста алдын-алудың ерекшелігі - ата-аналар мен тәрбиешілер арқылы балаға ықпал ету.
-
Диагностика
(жеке, топтық (скрининг) . Жас ерекшеліктерін, сонымен бірге мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың мақсаттары мен міндеттерін есепке ала отырып, қолдауға қажетті негізгі бағыттарды анықтауға болады. Яғни оларды диагностикалау қажет: бала дамуының нормасын бақылау және әр жас ерекшелігіндегі күйзеліс кезеңдерін, жаңалықтарын білу арқылымәселелелі аумақтарды табуға болады.
-
Консультациялау
(жеке, топтық), ережеге сай, педагогтармен де, ата-аналармен де арызданған мәселе бойынша жүзеге асырылады.
-
Дамыту жұмысы
(жеке, топтық) . Дамыту жұмысында маман бала өзінің оптимальды даму деңгейіне көтеріле алатын жағдайлар құру үшін дамудың орта жастағы нормаларына қарай бағытталады. Сондай-ақ дамыту жұмысы нақты қабілеттің жай ғана тренинг емес, ол оқыту жұмысындағы басқа факторлармен де жұмысқа үйлестірілген.
-
Коррекциялық жұмыс
(жеке, топтық) . Қолдау жүйесінің маманы баланы жақындатуға тырысатын психикалық дамытудың нақты эталонын иеленеді. Коррекциялық жұмыстан соң ауытқуды «түзету» ұғымы, ал дамытудың соңында баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ашу мағынасы бекітіледі.
-
Психологиялық ағарту мен білім беру:
психологиялық мәдениетті қалыптастыру, білім беру мекемелерінің әкімшілігі, педагогтар, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзырлығын дамыту.
-
Сараптау
(білім беру және оқу бағдарламаларын, жобаларды, құралдарды, білім беру ортасын, білім беру мекемелері мамандарының кәсіптік қызметі) .
Мектеп психологы көптеген әртүрлі технологияларды, әдістер мен түрлерін, оларды жинақтай білуі қажет. Бірақ бұл да аз. Психолог қызметін өнер деуге де болады, сондықтан шығармашылық - оның кәсіптік жауапкершілігі. Психолог кез-келген уақытта қалыпты алгоритмді ұмыта білуге, іс барысында жаңа әдістерді пайдалана білуге дайын болуы қажет.
Өз қызметімде әртүрлі технологиялар қолданамын: денсаулық сақтау, жобалық-зерттеушілік, топтық, ақпараттық.
Топтық технологияға ерекше көңіл бөлемін. Топтық технологияға алдымен топтық және топаралық жұмыстар жатады.
Мектеп психологына көп баламен жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан топтық технологиялар көп баламен өзара әрекет етуге, белгілі нәтиже көруге мүмкіндік береді. Аталған технологиялар жұмыста барлық жастағы балалар және ересектер (мұғалімдер, ата-аналар) үшін де тиімді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz