Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы



Жоспар:

І. Кіріспе (лиро.эпостық жыр және поэтика туралы түсінік)

ІІ. Негізгі бөлім:
І тарау «Қыз Жібек» жырының даму және қалыптасу тарихы.
1.1. «Қыз Жібек» жыры . қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды.
1.2. «Қыз Жібек» жырының зерттелу тарихы

ІІ тарау «Қыз Жібек» жырының поэтикасы
2.1. «Қыз Жібек» жырында қолданылған көркемдегіш.бейнелегіш
тәсілдер.
2.2. «Қыз Жібек» жырының тілі мен стилі

ІІІ Қорытынды
І Кіріспе
Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр, [15,45]. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.
Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .
Адамның көңіл-күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы – мұнда шындық кең көлемдегі баяндалу, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог – монологтары – эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе – адам болса, эпостағы басты нәрсе –оқиға екенін ескертеді. (Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, қысқасы адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.
Қазақ фольклортану ғылымында эпостық туындыларды үш салаға бөліп қарастырып келеді. Олар батырлық эпос, лиро-эпос және тарихи эпос.
Жұмыстың тақырыбы лиро-эпос шығармасының поэтикасы болғандықтан кіріспеде лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму тарихына және поэтикаға шолу жасауды қажет деп таптық.
Лиро-эпос – лиро –эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер жандар болып келеді.
Лиро-эпостық поэмаларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік, ынтызарлықтар жырланады. Бұл поэмаларда ерліктен гөрі мұңлық – зар басым болып келеді.
Лиро-эпос та халық арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден – біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.
Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.
Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.
Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет – ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.
Қазақ лиро-эпостық шығармаларын үлкен-үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тума шығармалары. Олардың бір тобы халық арасына кең тарап баспа бетінде жарияланып үлгерсе («Қозы Көрпеш - Баян – сұлу», «Қыз Жібек», «Айман Шолпан»), тағы бір тобы қолжазба күйінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Екінші топқа шығыстың классикалық әдебиетінің сюжетінің негізінде жасалынған «Ләйлі-Мәжнүн», «Тахир- Зухра», т.б. хикаялар жатады. Ә. Қоңыратбаев өзінің «Қазақ фольклорының тарихы» деген еңбегінде де осы пікірді қолдайды.
Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін орыс ориентанистері В.В Радлов, И.Н.Березин, Г.Н. Потанин т.б. еңбек етті. Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М.О. Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев т.б. зерттеушілердің еңбегі бар.
Лиро-эпос ескі әдет-ғұрып нормаларына негізделген күрделі жанр болып табылады. Батырлық жырлар мен лиро-эпос арасындағы ерекшеліктер қандай деген сауалға тұңғыш рет М.Әуезов жауап іздеген еді. Зерттеуші батырлық және лиро-эпос жырларының 3 түрлі жанр ерекшелігіне тоқталады.
1. Батырлық жырлардың тақырыбы-ерлік болса, ғашықтық жырлардың тақырбы – сүйіспеншілік.
2. Батырлық жырлардың образдарында әсірелеу басым болса, лиро-эпоста реалистік арна үстем;
3. Батырлық жырларында көбіне сыртқы, коллизиялық тартыс суреттелсе, лиро-эпоста қазақ қоғамының ішкі қайшылықтары, халық өмірінің шынайы суреттері көрсетіледі, - деп атады М.Әуезов.
Бұл пікірмен ғалым Ә.Қоңыратбаев та келісіп, қуаттайды. [16; 195]
Лиро-эпос тақырыбына бұрын –соңды үлкенді-кішілі мақалалар, кейде жеке зерттеулер жазылып келеді. Қашан және қандай зерттеу жұмысын алсақ та бір кісіден басталып, сол автордың есімімен аяқтала бермейтіні рас. Көбінесе күрделі тақырыпты жан-жақты қамти отырып, терең тексеру жөніндегі кездесетін талас ойларды түйіп, белгілі бір қорытындыға ену үшін әдетте көптеген ғалымдардың жемісті зерттеулерін қажет етеді.
Лиро-эпос жырларының қай мезгілде пайда болғанын кесіп айту өте қиын. Өйткені, олар кезінде қағаз бетіне түспеген және басқа да жөнді дерек сақталмаған, тек ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтумен жетіп отырған. Бұл нұсқалардың көпшілігі көне заманда туып тарала бастады десек те, халық арасында жайылған аңызға қарағанда, сол жырлардың бір қатарын ХVІІІ-ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты ақын-жыраулардың ел аралап айтып жүргені, өңдеп жөндегені мәлім.
Лиро-эпос жырларының қайсысы болса да олар жөнінде құнды пікірлер айтылған. Ш.Уалиханов, В.В.Радлов, Г.Н. Потаниндерден бастап қазақ фолклортанушы ғалымдары қазақ халқының ауыз әдебиетін, сондай-ақ лиро-эпос үлгілерінің кейбіреулерін өте жоғары бағалаған. Осындай ғалымдарымыздың қатарында ең алдымен М.Әуезовті атаған жөн. Аса көрнекті ғалым, қазақ ауыз әдебиетінің көптеген түрлерін зерттеумен бірге, лиро-эпос жырларына да арнаулы еңбектер жазған. Автор өзінің зерттеулерінде лиро-эпос жанрының шығу даму жолына, өзіне тән ерекшеліктеріне, көркемдік қасиеттеріне тоқтала отырып, терең талдау жасаған. [2; 50-58]
Поэтика (грекше «шығармашылық өнер» деген мағына береді), - көркем шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың ең көне ғылым саласы. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндесер ұғымды білдірсе, ал нақтылы, яғни, тар мағынасында сол теориялық поэтиканың бір саласы ретінде қабылданады. Әдебиет теориясының саласы ұғымындағы поэтика әдеби тек пен түрдің, ағымдар мен бағыттардың, стильдер мен әдістердің ерекшеліктерін зерделейді.
Сондай-ақ көркемдік тұтастықтық әр түрлі деңгейінің ішкі байланыс заңдылықтарын және олардың арақатынасын зерттейді. Оның өзі мақсатты зерттеу аспектісіне байланысты романтизм поэтикасы, романның поэтикасы немесе белгілі бір суреткердің шығармашылығының поэтикасы болуы ықтимал. Әдебиеттегі көркемдік құралдардың барлығы тілге қатысты екенін ескерсек, онда поэтика тілді зерттейтін көркемдік құралдар туралы ғылым болып анықталады. Поэтика мақсаты текстердегі элементтерді айқындап және оны жүйелеу болып табылады. Мысалы, лирикалық өлеңдерде сюжет элементтерін роль атқармайды, ал ырғақ пен дыбыстың мәні зор. Ал прозада керісінше. Поэтикалық жүйені ішінен зерттеу деп аталған ізденістер нормативтік поэтиканы «құрды» зерттеу және баяндау поэтикасын алып шықты.
Поэтика – жалпы (теориялық немесе жүйелік «макропоэтика»), жеке (баяндау түрінде «микропоэтика») және тарихи болып үшке бөлінеді.
Жалпы поэтиканың мақсаты - үш саланы да толық қамтитын әдістердің жүйелі репертуарын жасау болып табылады. Шығарманың дыбыстық жағын (ырғақ, бунақ, ұйқас өлең өлең өлшемі, дыбыс толқыны т.б) зерттеуі негізінен нақты өлеңтану ғылымы қарастырады. Сөз табиғатына үңілгенде, шығарманың лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі зерттеледі де бұл сала стилистика деп аталады. Бұл лингвистикалық стилистикадан өзгеше болады. Лекциялық өзгешелігі «Сөздерді таңдау» синтаксис «Сөздердің байланысы» стилистикалық фигуралар мен троптар ретінде поэтика мен риторика ертеден зерттелуде. Ал поэтика метадологиясының өзгешелігі пән ретінде соңғы уақыттарда ғана зерттеле бастады. Образдық салада шығармадағы образдар сюжеттер зерттеледі және поэтиканың бір саласы болып табылады.
Жеке поэтика жоғарыда аталған барлық аспектіде көркем шығарманы баяндап, табиғатын ашумен айналысады. Сол арқылы шығарманың эстетикалық ықпалдық қасиетінің дара жүйесін, моделін жасайды. Жеке поэтиканың басты проблемасы композиция, яғни барлық эстетикалық мәні бар элементтердің бір-бірімен үйлесім үндестігі. Яғни шығарма құрылымындағы барлық жайды айқындайды. Жеке поэтика негізгі шығарманы зерттеу талабының ерекшелігіне сай топ шығарманы баяндап, талдап түсіндіреді. Оның тақырыптық және идеялық қалыптасуы сөзбен өзгеруіне дейінгі процесс қамтылады.
Тарихи поэтика жекелеген поэтиканың жүйелі әдісті салыстырмалы әдебиеттанудың көмегімен эволюциялық қозғалыс бағытында мәдениеттің поэтикалық жүйесінің ортақ қасиеттерін олардың генетикалық қайнар бастауын адамзат санасындағы ортақ заңдылықтар негізінде ашуға сол арқылы тануға бағытталған. Әдеби сөз өнерінің тамыры ауызша сөз өнерінде яғни фольклорда жатыр. Сондықтан, тарихи поэтика өзінің негізгі материалын сол бастаудан алады. Тарихи поэтиканың ең негізгі проблемасы жанр, кең мағынасында алғанда, сондай-ақ «элегия» т.б сол сияқты жанрлық түр де тарихи қалыптасқан жағдайға байланысты бірлікте не жекелей қарала береді. Мысалы, жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі, сондықтан поэтикалық жүйе едәуір ықпалымен және формалық өзгертулермен кезектесіп, өзгешеленеді. Осы өзгерістерді тарихи поэтика зерттейді.
Жұмыстың тақырыбы – «Қыз Жібек» жырының поэтикасы» болғандықтан, жұмыста «Қыз Жібек» жырының зерттелу және даму тарихы, сонымен қатар жыр нұсқаларында кездесетін көркемдегіш – бейнелегіш құралдарды сөз ету негізгі нысанға алынған.
Жұмыстың мақсаты – зерттеу еңбектерді салыстыра отырып өзіндік ой білдіру. Бұл тағы да классикалық туындының ұлылығын тани түсуге өз септігін тигізеді деген сеніміміз зор.
Жұмыстың мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады, біріншісінде – тарихи - нұсқалары, версиялары арасындағы ұқсастық пен алшақтықты аша түсуді көздесе, екінші бөлімінде «Қыз Жібек» жырының тілі, ондағы қолданылған көркемдегіш - бейнелеген тәсілдер туралы сөз етіледі.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі

Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы

Дипломдық жұмыс
Тақырыбы:
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы .

Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі:
_________________________ 20 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе (лиро-эпостық жыр және поэтика туралы түсінік)

ІІ. Негізгі бөлім:
І тарау Қыз Жібек жырының даму және қалыптасу тарихы.
1.1. Қыз Жібек жыры – қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды.
1.2. Қыз Жібек жырының зерттелу тарихы

ІІ тарау Қыз Жібек жырының поэтикасы
2.1. Қыз Жібек жырында қолданылған көркемдегіш-бейнелегіш
тәсілдер.
2.2. Қыз Жібек жырының тілі мен стилі

ІІІ Қорытынды

І Кіріспе
Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің
байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол
қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты
танытатын іргелі күрделі жанр, [15,45]. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам
санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын
баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа
мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.
Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес,
сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл
халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .
Адамның көңіл-күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін
драмадан эпостың айырмасы – мұнда шындық кең көлемдегі баяндалу, әңгімелеу
арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен
қаһармандардың диалог – монологтары – эпостық баяндауды жүзеге асыру
жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Белинский эпикалық шығарманың тағы
бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе – адам болса,
эпостағы басты нәрсе –оқиға екенін ескертеді. (Эпикалық шығармада адамның
өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық
жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-
әрекеттер тұтас бейнеленеді, қысқасы адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр
қырынан айқын көрсетіледі.
Қазақ фольклортану ғылымында эпостық туындыларды үш салаға бөліп
қарастырып келеді. Олар батырлық эпос, лиро-эпос және тарихи эпос.
Жұмыстың тақырыбы лиро-эпос шығармасының поэтикасы болғандықтан
кіріспеде лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму
тарихына және поэтикаға шолу жасауды қажет деп таптық.
Лиро-эпос – лиро –эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан
жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары
қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер
жандар болып келеді.
Лиро-эпостық поэмаларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік,
ынтызарлықтар жырланады. Бұл поэмаларда ерліктен гөрі мұңлық – зар басым
болып келеді.
Лиро-эпос та халық арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп,
біреуден – біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.
Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.
Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі
желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар
көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың
шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.
Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы
жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет – ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан
баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.
Қазақ лиро-эпостық шығармаларын үлкен-үлкен екі топқа бөлуге болады.
Оның біріншісі – қазақ халқының тума шығармалары. Олардың бір тобы халық
арасына кең тарап баспа бетінде жарияланып үлгерсе (Қозы Көрпеш - Баян –
сұлу, Қыз Жібек, Айман Шолпан), тағы бір тобы қолжазба күйінде
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында
сақтаулы. Екінші топқа шығыстың классикалық әдебиетінің сюжетінің негізінде
жасалынған Ләйлі-Мәжнүн, Тахир- Зухра, т.б. хикаялар жатады. Ә.
Қоңыратбаев өзінің Қазақ фольклорының тарихы деген еңбегінде де осы
пікірді қолдайды.
Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін
орыс ориентанистері В.В Радлов, И.Н.Березин, Г.Н. Потанин т.б. еңбек етті.
Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М.О. Әуезов, Қ.Жұмалиев,
Ы.Дүйсенбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев т.б.
зерттеушілердің еңбегі бар.
Лиро-эпос ескі әдет-ғұрып нормаларына негізделген күрделі жанр болып
табылады. Батырлық жырлар мен лиро-эпос арасындағы ерекшеліктер қандай
деген сауалға тұңғыш рет М.Әуезов жауап іздеген еді. Зерттеуші батырлық
және лиро-эпос жырларының 3 түрлі жанр ерекшелігіне тоқталады.
1. Батырлық жырлардың тақырыбы-ерлік болса, ғашықтық жырлардың
тақырбы – сүйіспеншілік.
2. Батырлық жырлардың образдарында әсірелеу басым болса, лиро-
эпоста реалистік арна үстем;
3. Батырлық жырларында көбіне сыртқы, коллизиялық тартыс
суреттелсе, лиро-эпоста қазақ қоғамының ішкі қайшылықтары,
халық өмірінің шынайы суреттері көрсетіледі, - деп атады
М.Әуезов.
Бұл пікірмен ғалым Ә.Қоңыратбаев та келісіп, қуаттайды. [16; 195]
Лиро-эпос тақырыбына бұрын –соңды үлкенді-кішілі мақалалар, кейде
жеке зерттеулер жазылып келеді. Қашан және қандай зерттеу жұмысын алсақ та
бір кісіден басталып, сол автордың есімімен аяқтала бермейтіні рас.
Көбінесе күрделі тақырыпты жан-жақты қамти отырып, терең тексеру жөніндегі
кездесетін талас ойларды түйіп, белгілі бір қорытындыға ену үшін әдетте
көптеген ғалымдардың жемісті зерттеулерін қажет етеді.
Лиро-эпос жырларының қай мезгілде пайда болғанын кесіп айту өте қиын.
Өйткені, олар кезінде қағаз бетіне түспеген және басқа да жөнді дерек
сақталмаған, тек ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтумен жетіп отырған. Бұл
нұсқалардың көпшілігі көне заманда туып тарала бастады десек те, халық
арасында жайылған аңызға қарағанда, сол жырлардың бір қатарын ХVІІІ-ХІХ
ғасырда өмір сүрген атақты ақын-жыраулардың ел аралап айтып жүргені, өңдеп
жөндегені мәлім.
Лиро-эпос жырларының қайсысы болса да олар жөнінде құнды пікірлер
айтылған. Ш.Уалиханов, В.В.Радлов, Г.Н. Потаниндерден бастап қазақ
фолклортанушы ғалымдары қазақ халқының ауыз әдебиетін, сондай-ақ лиро-эпос
үлгілерінің кейбіреулерін өте жоғары бағалаған. Осындай ғалымдарымыздың
қатарында ең алдымен М.Әуезовті атаған жөн. Аса көрнекті ғалым, қазақ ауыз
әдебиетінің көптеген түрлерін зерттеумен бірге, лиро-эпос жырларына да
арнаулы еңбектер жазған. Автор өзінің зерттеулерінде лиро-эпос жанрының
шығу даму жолына, өзіне тән ерекшеліктеріне, көркемдік қасиеттеріне тоқтала
отырып, терең талдау жасаған. [2; 50-58]
Поэтика (грекше шығармашылық өнер деген мағына береді), - көркем
шығармадағы құндылықты бар болмысымен айқындар жүйе туралы әдебиеттанудың
ең көне ғылым саласы. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндесер
ұғымды білдірсе, ал нақтылы, яғни, тар мағынасында сол теориялық поэтиканың
бір саласы ретінде қабылданады. Әдебиет теориясының саласы ұғымындағы
поэтика әдеби тек пен түрдің, ағымдар мен бағыттардың, стильдер мен
әдістердің ерекшеліктерін зерделейді.
Сондай-ақ көркемдік тұтастықтық әр түрлі деңгейінің ішкі байланыс
заңдылықтарын және олардың арақатынасын зерттейді. Оның өзі мақсатты
зерттеу аспектісіне байланысты романтизм поэтикасы, романның поэтикасы
немесе белгілі бір суреткердің шығармашылығының поэтикасы болуы ықтимал.
Әдебиеттегі көркемдік құралдардың барлығы тілге қатысты екенін ескерсек,
онда поэтика тілді зерттейтін көркемдік құралдар туралы ғылым болып
анықталады. Поэтика мақсаты текстердегі элементтерді айқындап және оны
жүйелеу болып табылады. Мысалы, лирикалық өлеңдерде сюжет элементтерін роль
атқармайды, ал ырғақ пен дыбыстың мәні зор. Ал прозада керісінше.
Поэтикалық жүйені ішінен зерттеу деп аталған ізденістер нормативтік
поэтиканы құрды зерттеу және баяндау поэтикасын алып шықты.
Поэтика – жалпы (теориялық немесе жүйелік макропоэтика), жеке
(баяндау түрінде микропоэтика) және тарихи болып үшке бөлінеді.
Жалпы поэтиканың мақсаты - үш саланы да толық қамтитын әдістердің
жүйелі репертуарын жасау болып табылады. Шығарманың дыбыстық жағын (ырғақ,
бунақ, ұйқас өлең өлең өлшемі, дыбыс толқыны т.б) зерттеуі негізінен нақты
өлеңтану ғылымы қарастырады. Сөз табиғатына үңілгенде, шығарманың
лексикасы, морфологиясы мен синтаксисі зерттеледі де бұл сала стилистика
деп аталады. Бұл лингвистикалық стилистикадан өзгеше болады. Лекциялық
өзгешелігі Сөздерді таңдау синтаксис Сөздердің байланысы стилистикалық
фигуралар мен троптар ретінде поэтика мен риторика ертеден зерттелуде. Ал
поэтика метадологиясының өзгешелігі пән ретінде соңғы уақыттарда ғана
зерттеле бастады. Образдық салада шығармадағы образдар сюжеттер зерттеледі
және поэтиканың бір саласы болып табылады.
Жеке поэтика жоғарыда аталған барлық аспектіде көркем шығарманы
баяндап, табиғатын ашумен айналысады. Сол арқылы шығарманың эстетикалық
ықпалдық қасиетінің дара жүйесін, моделін жасайды. Жеке поэтиканың басты
проблемасы композиция, яғни барлық эстетикалық мәні бар элементтердің бір-
бірімен үйлесім үндестігі. Яғни шығарма құрылымындағы барлық жайды
айқындайды. Жеке поэтика негізгі шығарманы зерттеу талабының ерекшелігіне
сай топ шығарманы баяндап, талдап түсіндіреді. Оның тақырыптық және идеялық
қалыптасуы сөзбен өзгеруіне дейінгі процесс қамтылады.
Тарихи поэтика жекелеген поэтиканың жүйелі әдісті салыстырмалы
әдебиеттанудың көмегімен эволюциялық қозғалыс бағытында мәдениеттің
поэтикалық жүйесінің ортақ қасиеттерін олардың генетикалық қайнар бастауын
адамзат санасындағы ортақ заңдылықтар негізінде ашуға сол арқылы тануға
бағытталған. Әдеби сөз өнерінің тамыры ауызша сөз өнерінде яғни фольклорда
жатыр. Сондықтан, тарихи поэтика өзінің негізгі материалын сол бастаудан
алады. Тарихи поэтиканың ең негізгі проблемасы жанр, кең мағынасында
алғанда, сондай-ақ элегия т.б сол сияқты жанрлық түр де тарихи
қалыптасқан жағдайға байланысты бірлікте не жекелей қарала береді. Мысалы,
жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі, сондықтан поэтикалық жүйе едәуір
ықпалымен және формалық өзгертулермен кезектесіп, өзгешеленеді. Осы
өзгерістерді тарихи поэтика зерттейді.
Жұмыстың тақырыбы – Қыз Жібек жырының поэтикасы болғандықтан,
жұмыста Қыз Жібек жырының зерттелу және даму тарихы, сонымен қатар жыр
нұсқаларында кездесетін көркемдегіш – бейнелегіш құралдарды сөз ету негізгі
нысанға алынған.
Жұмыстың мақсаты – зерттеу еңбектерді салыстыра отырып өзіндік ой
білдіру. Бұл тағы да классикалық туындының ұлылығын тани түсуге өз септігін
тигізеді деген сеніміміз зор.
Жұмыстың мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады, біріншісінде – тарихи - нұсқалары,
версиялары арасындағы ұқсастық пен алшақтықты аша түсуді көздесе, екінші
бөлімінде Қыз Жібек жырының тілі, ондағы қолданылған көркемдегіш -
бейнелеген тәсілдер туралы сөз етіледі.

І тарау.
Қыз Жібек жырының даму және қалыптасу тарихы.
1.1 Қыз Жібек жыры – қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды.

Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі - Қыз Жібек
жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын,
ұғымын білдіретін әңгеме.
Қыз Жібек жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын
білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның
көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп
бағалауға сай жырлардың бірі- Қыз Жібек екені даусыз.
Жырдың халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар.
Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық.
Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің
Базарбай деген байы болады. Оның Төлеген, Сансызбай атты екі ұлы болады.
Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды,
есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт
болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.
Ешқандай сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек
деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу
екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы
айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар
деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.
Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға
кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші
болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды,
ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады
екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген – күйеу,
Жібек -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.
Біраз мезгіл болғанда Төлегеннің ел есіне түсіп, бір барып қайтуым
керек дейді. Қиын жол, алыс сапардан қорыққан Жібек, Төлегенді жалғыз
шығарып салады.
Еліне аман-есен оралған баласының қайтып кеткенін Базарбай қабыл
көрмейді, әкесі оны жібермейтін болады. Баласына бармайсың! деп жарлық
етуден басқа, ел жұрттың барлығына жол тартпаққа тиым салады. Төлеген
жалғыз інісі Сансызбайға қайын жұртының жөн жолын айтып: Мен кешіксем
іздеп тап! дейді.
Жібектің еліне жақын қалған жерде жігіттің алдын тосқан жай шығады.
Жолын тосып өлтірмекші болған жігіттердің бастығы - Бекежан батыр болады.
Ол Төлегенді атып жығады.
Бекежан Төлегеннің Көк Жорғасын мініп Қыз Жібектің аулына келеді,
Жібек сұмдықтың болғанын біледі, Қыздың ағалары Бекежанды өлтіреді.
Қыз Жібек жары өлген соң, Сансызбайдың келуін күтіп, соған жар болуды
армандайды. Елге шабуыл жасаған қалмақ ханы Қореннен қашып құтылып
Жағалбайлыға қарай жүріп кетеді. Жырдың негізгі, қысқаша мазмұны осындай.
Жырдың халыққа танымал нұсқасы көп. Жырдың орындаушылары көп болғанымен,
ерекше көркемі, ең бір толығы- Жүсіпбек Қожа Шайқұлнисламұлының нұсқасы
болып есептеледі. Бұл пікірмен келіспеу оңай да емес.
Орындаушы ақын өзінің кіріспе сөзінде былай дейді.
Басында менен жайылды,
Қисса болып бұл Жібек.
Баспасына қарасам,
Бәрі шала сөзінің
Еңіреп, жылап жүр жүдеп.
Басында менен шыққанда,
Тыңдаған адам жылаған,
Сүйейін мұны бір демеп
Қисығын қайта түзейін
Аруақтарың бар болса,
Сіздер де мені жүр жебеп...
Неге екені белгісіз, Қыз Жібек жырының 1963 жылы жарық көрген ғылыми
басылымында осы 40 жол кіріспесі негізгі текстке қатысы жоқ деген сылтаумен
алып тасталған. - дейді ғалым Дүйсенбаев өз еңбегінде. [10; 92]
Қыз Жібек жырының бұл нұсқасында басталуы мен оқиғаның дамуында да
өзіндік айырмашылықтар бар. Мұнда ертеден келіп жеткен көптеген
дастандағыдай қалыптасып үлгірген схема немесе дайын формалар жоқ. Керек
десеңіз, жырдың кіріспесінің өзінен-ақ алдағы жойқын жазмыш пен
трагедиялық жайдың нышаны сезілгендей тәрізденеді. Өйткені, Базарбай
қарттың үш әйелінен туған тоғыз ұлдың бір обадан қалмай теп-тегіс қырылып
қалуы – тосын шындық, үрейлі көрініс. Демек, болашақта жайма-шуақ, марғау
тіршіліктен гөрі үрдім әрекеттерді, қауіпті мезеттерді еріксіз күткендей
боласыз. Шамасы мұның бәрі автордың жеке көзқарасына байланысты болса
керек.
Поэманың негізінде қазақ сияқты елдің бұрынғы әйелге берген бағасы
білінеді. Сондағы әйел турасындағы әдет – заң, сол заман еркегі мен әйеліне
қандай ұғым берген. Ру жігіне бөлінген тіршіліктің кезінде ру мүлкі деп
саналатын әйел махаббатқа қалай қарағандағы айқын көрініс тапқан.
Қыз Жібек әңгімесі осы жайларға жауап бергендей болады. Қыз Жібек
әңгімесі жалғыз ғана әйел емес, барлық елдің дүниені түсінуі мен ұғынуын
тұтас көрсетеді. Әңгіме ішіндегі негізгі, басты кейіпкерлер қыз бен жігіт
өз заманының бел баласы. Сол өңірде өсіп, сол көшпелі салт пен ру жігіне
бөленген елдің заңын, заң ұғымын түсінгендер, бет қылып тұтынған адамдар.
Әрбір кейіпкердің түр-тұлғасы, қимыл -әрекеті, жеңіс-жеңілісі, өмірден алар-
берері бірде ақиқат жағдайға бағынса, тағы бір жерде кімде-кімнің болсын өз
маңайына жазылған тағдырдың сыбағасынан аса алмайтындығын аңғарамыз.
Мысалы, Базарбай алғашқыда өмірден соққы жеп, бойын ыза-ашу
кернегендей көрінсе, көп ұзамай, Төлеген, кейінірек Сансызбай дүниеге
келгеннен кейін перзенттерінің қамын ойлайтын ізгі әкенің роліне ауысады.
Бірақ, ол бұл қалпында үнемі қала бермейді: Төлеген екінші рет Шектіге
бармақшы болған кезде Базарбай ешбір дәлелсіз баласының бұл сапарына қарсы
тұрады, оң батасын беруден бас тартады.
Ақын Төлеген көркін сипаттағанда біраз серпіліп, жас жігіттің жарқын
бейнесін жасауға қажетті бояуларын түр-түрімен шебер пайдаланады. Әрине,
автордың өз заманында қалыптасқан түсінік – тұжырымды қолданбасына лаж жоқ.
Мысалы,
Айдың өткен нешесі
Ай қараңғы көшесі,
Падишадан кем емес,
Ер Төлеген мүшесі...
деп суреттейді ақын. Падишадан кем емес деген сияқты бір ауыз сөзбен ол
Төлегеннің бет көркін де, әсем мүсінін де, сән-салтанатын да беріп отыр.
Өйткені, қазақ арасына мол тараған ертегі аңыздар мен қисса – хикаяларда
талай-талай патшалар мен шаһзадалардың бейнелері дайын атрибуттар арқылы
жасалған болатынды - деп ғалым М.Дүйсенбаев ақынның жырдың негізгі
кейіпкері Төлегенді суреттеудегі ерекшелікке өзіндік баға береді. Бұл
пікірмен келіспеу қиын. [10; 95]
Төлеген өз заманындағы қазақ арасындағы сері мырза, ерке бұлан болып
өскен ер баланың жарқын үлгісі. Бұрынғы қазақ қауымының түсінігі бойынша
үйлену ер жігіттің ерлігін, бойына дарыған өнерін сынайтын кез болады.
Ескі заманда батыр жігіт қызды қиын қыстау сапарда табатын болса,
бері келе жас жігіт қалыңдықты өткелдерден өтіп, қиын жерлерден өтіп
барып алуға керек болған. Мұндай әрекет бір өңірдің сері мырзасына міндет
есебінде жүрген. Базарбай Төлеген ержеткенше қыз айттырмай, қалыңдықты өз
таңдауымен алсын деп келген, сол себептен ол алыс жолда, тіпті қиын қияда
тұрған Қыз Жібектей сұлуды іздеп шығады. Жігіттің бұл жүрісі өзіндік
батырлық, тәуекел жүріс. Бейнетпен қатерге жақсы жары үшін белін буып
шыққан сапар, махаббат қандай шарттың арасында туып-өсетінін әбден ұғына
білген ел қиялы екі жастың сезімдерін күшейтіп, махаббатын жарастырып,
қызуын ұлғайту үшін әдейі осындай жайлардан бастайды. Төлеген іздеп шыққан,
ынтық болған Қыз Жібек өз заманының барлық жас әйелінің сұлу үлгісі. Жібек
пішінінде қазақтың ертегіде жырлайтын сән салтанаты, қызық - рақат
ортасында өсетін ерке сұлуының мінезі, салты көрінеді және сол заманда нық
орнаған әмеңгерлік, жесірлік заңы да белгі береді.
Сонымен қатар жырлаушы ақын қазақ эпосының ежелден келе жатқан
дәстүрін де берік сақтайды. Мысалы, Төлегеннің қысқа өмірін, оның туылған
күнінен бастап, Қособада оққа ұшқанына дейін түгел суреттейді. Бұл эпикалық
шығарманың негізгі арқауы не? Поэманың бірінші бөліміне дәнекер ретінде
ұстап тұрған жеке бас еркіндігіне ұмтылу арманы дер едік. Сол себепті Қыз
Жібек поэмасының алғашқы бөлегінде, шығарманың өн бойында жүріп отыратын
бір сарын бар ,- ол Төлегеннің бас еркіндігіне ұмтылуы, өзіне өзі қожа
болып, сүйген жарымен қосылуы.
Төлеген образы жаңа заман өкілі іспетті берілген. Оның басы
ескіліктің шырмауынан мүлдем құтылып үлгерген жоқ. Кейде өзі сол ата-баба
салтының кейбір сарқыншақтарын қолдайды да. Бұл ретте оның әмеңгерлікті
қабылдауын мысалға келтіруге болар еді. Жайықтан шығар алдында Төлеген
сүйген жары Жібекке Егер де мен апатқа ұшырай қалсам, сені іздеп келетін
Сансызбай деген қайның бар, - деп, күні бұрын өзінің тілегін, еркін
білдіреді.
Әрине, бұл Төлегенге оңай түспейді. Оған арманы, тілегі және мұратына
жету жолында қарсы күштер аз болмайды. Өзі шын жүрегімен сүйген асыл жары
Жібекке қосылуы үшін Төлеген бірнеше кедергілерді жеңіп шығуға тиісті. Ең
әуелі ол Шектіге екінші сапарында қарт әкесінің рұқсатынсыз аттанады. Ал
ескі ұғымда атаның теріс батасын алу үлкен кедергі. Екінші, осы сапарында
Төлеген алыс жолдың азабын басынан кешіруі қажет. Үшінші, Бекежан мен оның
қарақшылары да Төлгенге мықты тосқауыл. Автордың топшылауынша түптеп
келгенде Төлеген бар болғаны тек жалғыз жүрген жан ғана, себебі оны өз үй-
іші де, бүкіл қоғам да қостамады. Ең ақыры Қос Оба көлі басында оққа ұшып
жантапсырғалы жатқан кезінде мұңын шағып, ақтық сөзін айтарлық бірде-бір
тірі жан таба алмай, бар өкінішін аспандағы алты қазға білдіреді.
Қос обаның жанында,
Құс қонбас құла жапанда,
Жылай –жылай бір жалғыз
Дүниеден өтті, - дегейсің.
Төлегеннің мұндай халге түсуіне не себеп? Бар болғаны Базарбайдың
теріс батасы ғана ма? Сондағы ақынның айтпағы ата ризалығы мен оң тілегі
болмаған жерде жақсылық күтпе, сәт іздеме, өйткені адамның басы алланың
добы дегендейін, өз тағдырыңнан құтыла алмайсың деген секілді теріс
ұғымға тоқырайды.
Қысқасы, ақын бұл жерде ескі ғұрыпты қостап, жастардың үмітін қасақана
кесіп отыр. Оның тұжырымынша әке сөзіне құлақ аспай қарсы тұрған Төлеген
қалайда апатқа ұшырауға тиісті, ал сол әкенің оң батасына ие болған
Сансызбай қауіп-қатерден аман-есен өтіп, мұратына жетуі қажет.
Енді Төлегенге қарама-қарсы қойылған жағымсыз бейне- Бекежан. Ол екі
ғашықтың бақытына кедергі жасап, ақыры Төлегенді өлтірумен тынады. Былайша
айтқанда, ескі әдет-ғұрыптың Төлегенге шығарған қатал үкімін орындаушы да
осы Бекежан. Алайда, ақын Бекежан бейнесін едәуір шебер жасап, қонымды етіп
сипаттаған. Поэманың дами түсуіне, өрбуіне бұл бейненің үлкен септігі бар.
Шығарманың ұтымды бір жері - Төлеген мен Бекежанның айқасы және
Төлегеннің өлімі реалистік тұрғыда берілген. Себебі, Төлеген халық
жырындағы керемет батыр емес, онда жойқын күш, сиқырлы қасиет те жоқ.
Демек, оның Бекежанмен шайқасы әншейіндегі көп көріністің бірі сияқты.
Сонан соң Төлегеннің мінген Көк жорғасы Қобыландының Тайбурылы немесе Ер
Тарғынның Тарланы да емес. Керек десеңіз, ол Көк жорға иесіне ықылас
білдіріп, сенімді дос болудан да жұрдай. Өйткені, Төлегеннің өлімінен кейін
көк жорға ат суға қанып, шөлін басқан соң бірқарақшының тақымы астында
ойнақтай басып кете барады.
Мал опасыз деген сол,
Төлеген мінген көк жорға ат.
Су ішіп әбден қанған соң,
Бір қарақшы астында
Ойнақтай басып жөнеді...
Тап осылайша бейнелеу ескі жырлардың қайсысында болсын тым сирек
ұшырасады.
Әдетте, ер жігіттің қалап мінген аты әрі сенімді серігі, әрі ұшқыр
қанаты, кейде тұлпарға тіл бітіріп, оны иесіне ақылшы дос, қамқоршы етіп те
қояды. Бұл жырда мұндай суреттер кездестір мейлің. Сөз жоқ, бұл
шығармадағы аса жарқын, ең қымбат, әрі сүйкімді, мейлінше әсем образ - Қыз
Жібек. Автор егер Төлегенді өзінің барлық ерекше сипаттары арқылы: көрік
–келбеті, ақыл-парасаты, мінез –құлқы, ақ жүрек – ақылдығын айтып,
шабыттана сипаттаса, Қыз Жібек те оған тең, барабар ұсынылған: ол керемет
сұлу, нәзік сезім иесі, жар борышына да берік, ішкі жан дүниесі бай. Оның
бер жағында сол Жібектің үздіктігін көрсету үшін ақын Төлегенге бүкіл
көшті аралатып, сол алуан сұлуларды оның көз алдынан тізбектеп өткізеді.
Қазақ эпосында қалмақ өктемдігі ертеден бері келе жатқан қосалқы
тақырып. Осы сарын бірде күшейіп, елеулі орын алса, кейінірек, заман озған
сайын бәсеңдеп, азайып барып бітеді. Ал біз сөз етіп отырған кезде қалмақ –
қазақ қарым-қатынасы әлі жойылып үлгермеген шақ болатын-ды. Ендеше, жырдың
мазмұнына қалмақтарды енгізіп, оларды қазақ ақынының қырғынға ұшыратуында
оншама ескілік жоқ. Бұл халық тілегінен туған елес болса керек.
Поэманың екінші бөлігінде ақын Жібекті жаңа рольде көрсеткенде, оның
ескі әдет-ғұрыптың бірде-бір әрпін бұзбайтын мүләйім жан ретінде
суреттейді. Бұл жағдай Жібектің қара басының қамы үшін ғана емес, ең
алдымен елін қоршап алған қалың жау-қалмақтардан құтылудың тура жолы.
Сондай-ақ, автор Сансызбайдың портретін жасағанда тіпті өзгеше
бояуларды қолданады. Егер Төлеген жас шағынан серілік құрып өзіне:
Батырлық, байлық кімде жоқ? Ғашықтың жөні бір басқа деген сөздерді
өміріндегі ұраны деп санаса, Сансызбайдың арманы мүлдем басқада жатыр. Ол
батырлықты көксейді, сондықтан Сансызбай сауыт киеді, қару-жарақ асынып,
соғыс өнеріне құмартады. Мұны біз Ақ Жайыққа екінші рет жүрер алдындағы
Төлегеннің інісіне айтқан сөзінен де анық аңғарамыз.
Бұл жолы ақын жаңа геройға деген көзқарасын, оны іш тарта қостайтынын
жасырмайды, көп жерде ашықтан ашық кетіп, Сансызбайдың әрбір қимыл-
әрекетіне сүйсініп отырады. Автордың топшылауынша Сансызбай қатардағы
кейіпкер емес, нағыз батыр, ендеше әр уақытта оның жолы болуға тиісті.
Сондықтан да бір кезде Төлегенге кедергі болғанның бәрі-бәрі бірден өзгере
қалады: қатал әке де оң батасын береді, ұзақ жолдың да қырсығы тимейді,
Жібек те оны асыға күтеді, қалмақ ханын да жеңіп, оның қалың әскерін де оп-
оңай қырып салады.
Осының бәрі неліктен? Мұндағы өзгерген бір ғана нәрсе ақынның жаңа
қаһарманға деген ықыласы, көзқарасы. Демек, Сансызбай батыр оған ұнайды,
сондықтан да оны мақсат мұратына жеткізу үшін автор бар жағдайды қолдан
жасауға тырысады, жасайды да. Сансызбайға деген Жібектің сүйіспеншілігін
ақтау, дәлелдеу ниетімен бар жақсылықты оған үйіп-төгіп бере салады да, жас
батырды жер –көкке сыйғызбай мадақтайды. Сонымен Төлегендей мырзадан кейін
Жібектің Сансызбайдай ер жігітке ғашық болуында ешбір оғатттық жоқ, бәрі
де заңды, бәрі де орынды дегісі келеді ақын.
Автордың ой-өрісі тар, ескілікті қолдайды деп қаншама жазғырсақ та ол
қазақ әйелдерінің халі мүшкіл екенін жасыра алмаған. Оларда ерік жоқ,
қыздың құны бес байтал деген ұғымға бағынбасқа лаж жоқ. Қыз Жібек
жырында жағымсыз кейіпкер екеу ғана. Бірі жоғарыда тоқталып өткен –
Бекежан. Екіншісі- Қорен хан. Бұлардың екеуі де Жібектің жолында көсе
–көлденең тұрып, зұлымдық жасайды, оның сүйгеніне қосылмауына себепкер
болады. Алайда, бұлар мінез – құлық, іс- әрекет – жағынан біріне-бірі тіпте
ұқсамайды. Мысалы, Қорен сырт жау болса, Бекежан ішкі дұшпан. Қареннің
аздап болсын жағымды жағы бар: ер жүрек, ақ көңіл, икемге де келеді.
Бекежан керісінше: айлалы, пасық, жауыз, қатал. Ол шынында Жібекті сүймейді
де, тек сұлу қызды сырт адам Төлегенге қимайды, қызғанады. Бекежанның
барлық іс-әрекеті, оның қара ниетіне бағынған, адамгершілік қасиеттерден
әуел бастан-ақ жұрдай.
Ал Қорен мен Жібектің арасындағы қарым-қатынасқа келсек, бір жағында
зорлық, күш көрсету арқылы бағындыру тұрса, екіншісінде - өз басын
қорғаумен қатар, бейғам жатқан елін жау қаһарынан құтқару, Сансызбайдың
араша түсуін асыға күту жатыр. Соның өзінде майталман Жібек қалмақтың ханы
Қоренді күлкілі жағдайға ұшыратып, мазақ етеді. Ақырында, оны Сансызбайдың
жеңуіне көмек жасайды, сол жеңіске зор үлес қосады. Жібектің асқан
сұлулығына қызығып, өз сезіміне өзі ие бола алмаған Қорен хан дүниенің
бәрін ұмытып, есіл-дерті бір ғана Жібек болады да, аңғалдығының үстіне
аңқау, сенгіш, ақылы таяз адам болады да қалады.
Жыр қаһармандық эпостың дәстүрінде жазылған. Сансызбай Қоренді жекпе-
жек ұрыста өлтіреді. Жағалбайлы еліне ханын жоқтап келген көп қалмақты
қазақ қолы қырып жібереді. Сырлыбайдың аулын қамап жатқан жаудың быт-шыты
шығарылады.
Эпостың Сансызбай мен Жібектің қосылу тойын хабарлаумен бітуі де
қаһармандық эпостың салтына сәйкес. Мұның өзі, Қыз Жібек жырында
қаһармандық, лирикалық эпостың көркемдік принциптері аралас жұмсалғанын
көрсетеді. Аракідік көне эпосқа тән керемет ғажайып күштерге сену сарыны да
орын тепкен.
Мәселен, Қореннің ханның атқан оғы Сансызбай сауытының сегіз қабатын
тесіп, тоғызыншы қабаттан өтпеуіне Қырық шілтен пірілер пана болған
делінеді. Дегенмен жырда лиро-эпостың белгілері, өмір құбылыстарын нақтылы
көрсету күшті. Қыз Жібек қазақтың тұрмыстық, әлеуметтік ақиқатын көркем
жинақтап, оның аса мәнді тұстарын айта алған.
Жырдың екінші бөлегінде жау қалмақтардың келтірілуі кездейсоқ
демейміз. Эпос нақтылы оқиғаның не өзін, не ізін көрсетпегенімен, сарынын
ұстап қалатыны белгілі. Қыз Жібекте қалмақ ханы Қореннің көрінуі тарихи
шындық, ол тарихтан шет емес. Ақ Жайық пен Ақ Еділдің арасында көп
замандар қалмақ билеушілері үстемдік үшін соғыстар жүргізгені барша қауымға
тарихтан мәлім.
Ата қонысы Жоңғариядан ауып келіп, жергілікті халықтардың қонысы мен
өрісіне сұқтанған, бейбіт елдің тыныштығын бұзған, жаулаушы ролінде жүрген
қалмақ алпауыттарының Қыз Жібекте осылай суреттелуі эпикалық шындық.
Халық қиялы мен санасы ерлердің ел ішіндегі өзара дауда жазатайым өліп
кеткеніне көнгенімен, сырт жаудың халық тәуелсіздігін жойып, намысын
таптауына келіспейді. Бейбіт күндерде Төлегеннің өлгенін мүмкін санайтын ел
ұғымы, азаттық күресте Сансызбай секілді жас батырға асқан ерік пен күш
сыйлайды.
Қыз Жібек жырының бас жағы күншығыс ертегілерінше басталса да қазақ
өміріне өте жуық, қазақ ішінде осындай оқиға, осындай мінез бен істі
туғызатын шарттың бәрі жоғарыда айтқандай анық болған. Осы заманға дейін
жігіттің қыз іздеп, қыз таңдап шығуы әлі бар.
Бөтен жұрттың әдебиетінен келген әсер болса, ол басталуында ғана, одан
кейін әңгіменің құрылысы ұлғайып өсуі, барлық адамы, адамдардың мінезі,
ісі, барлығы да түгелімен нағыз қазақтың өзінікі.
Қорыта айтқанда, белгілі ғалым, зерттеуші Р.Бердібаев жырға өзінің
мынадай әділ бағасын береді. Қыз Жібек - қазақ халқының даналығы
туғызған асыл жырлардың бірі. Мұны эпиакалық суреттеу өнерінің ең жетілген
кемес нұсқасы десе де болады. [7; 78]

1.2 Қыз Жібек жырының зерттелу тарихы.

Қыз Жібек жыры –адамгершіліктің, достықтың, ар намыстың, бет қайтпас
ерліктің, тұрақты махаббаттың үлгісі. Бұл жыр қазақ халқының өмірінде
болған тарихи шындықты суреттеп қана қоймай, сол кездегі ел тұрмысын
баяндайды. Жырда қазақтың төл салт-дәстүрлері, тұрмыс ерекшелігімен қатар,
сауда саттықпен айналыса бастаған кезеңі, орыс отаршылдарымен енген кірме
сөздерін кездестіруге болады.
Қыз Жібек жырында естірту, жұбату, жоқтау, айтыс, сыңсу өлеңдері
көп кездеседі. Көшпенді елдің негізгі күнкөріс құралы мал шаруашылығы
болғаны мәлім. Жылдың барлық нұсқаларынан осы жайға байланысты айтылған
айқындау сөздер, теңеулерді көптеп кездестіруге болады.
Уақыт озған сайын ауыз әдебиетінің жекелеген туындылары ғана емес,
тұтас жанрлары да эволюцияны бастан кешіреді, бірі жаңаланса, екіншісі
ескіріп, үшіншісі тыңнан пайда болады.
Шығарма тексінің ұдайы қозғалыста, азды-көпті өзгерісте болып отыруы
ауыз әдебиетіне тән негізгі шарттың бірі. Енді осыдан келіп, фольклор
туындыларының көп варианттылығы деген заңдылық шығады. Ескі сарынды жаңаша
өңдей қосымшалар енгізу немесе қысқарту ауыз әдебиетінің айрықша белгісі
болып табылады.
Көп варианттылық қандай да болмасын шығарманың ел арасына кең
тарағанының халық көңілінен терең көңіл алғандығының нышаны.
Қыз Жібек - ел арасына ауызша да, баспа арқылы да кең тараған лиро-
эпостық жыр. Қазақ фольклористерінің басым көпшілігі Қыз Жібек жыры ХVІІ
ғасырда пайда болған деп тұжырым жасайды. Жырдың нұсқалары көп емес және
олардың арасында айырмашылықтары да аз. Мұның барлығы Қыз Жібектің кейін
пайда болған жыр екенін аңғартады. Жырдың тұңғыш рет 1880 ж Е.А.
Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен
аударып жазған. ХІІ ғ ІІ жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин
Зайсанда ел арасынан Қыз Жібек жырын жинап, 1894 жылы Қазан қаласында
баспаға түсіреді. Ал Жүсіпбек Шайхысламұлы нұсқасы Қазан қаласында 1900,
1903, 1905, 1909, 1911 жылдары қазақ тілінде жарияланды. Қыз Жібектің
Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 жылдары басылып
шығып, 1958 ж Қазақ эпосы, Казахский эпос жинақтарында, 1963 ж. Қыз
Жібек деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды. Сондай-ақ орыс
тілінде 1988 ж жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Ғылым академиясының Орталық
кітапханасының қолжазба қорында жырдың 2 нұсқасы сақтаулы. Оның ішінде Қ.
Мырзағалиев, Ә. Дәнікереев, Ж. Қалмағамбетов, Е. Рақметов,
Р.Мәзқожаевтардың нұсқалары бар.
Қыз Жібек жырының әр-кезде әркімдердің орындауынша бізге келіп
жеткен весиялары түптеп келгенде 2-3 нұсқадан аспайды, қалғандарының
қайсысын алсақ та солардың бірін болмаса да бірін қайталайды. Жырдың халық
арасында негізгі айтушыларының бірі – Мұсабай жырау – дейді.Ы.Дүйсенбай.
[10; 70-75]
Бірақ ел арасында көп тарап, әйгілі болған нұсқасы Жүсіпбекқожа
Шайхысламұлының сан рет жарияланған Қыз Жібек хикаясы атты поэма
екенінде ешбір күмән жоқ.
Осыншама көркем, әсем жырдың нұсқалары неге аз деген сұраққа
Ы.Дүйсенбаев төмендегідей дәлелдермен жауап береді.
Біріншісі Қыз Жібек көне жыр емес, әрі кетсе ХVІІ ғасырдың
шамасында шыққан, яғни оның көбірек тамыр жаюына мүмкіндік болмай қалған.
Екіншісі. Ел арасында кезінде мол тараған бұл поэманың нұсқалары
сақталмай, көпшілігі біздің заманға келіп жетпеген. Олай деуімізге мынадай
дәлелдер бар:
1. Орыстың ориенталист ғалымы А.Е.Алектров өзінің белгілі
көрсеткішінде Мұсабай жыраудың бір кеш бойы Қыз Жібек пен Төлегеннің жырын
айтқанын келтірсе де, бұл нұсқа әлі күнге дейін белгісіз болатын-ды. Соңғы
жылдарда Мәскеу қаласындағы тарихи музей архивынан Қыз Жібектің 1887 жылы
қағаз бетіне түскен жаңа бір варианты табылды, тегі бұл нұсқа Мұсабай
жараудың орындауынан жазылып алынса керек.
2. Қарт жазушы Сапарғали Бегалиннің куәлігі бойынша белгілі халық
ақыны Омар Шипин жас шағында Қыз Жібек жырын Қалшынбай ұлы Әби жыраудың
аузынан жаттап алып айтып жүрген, бірақ қарт ақын кейінгі кезде оның
көпшілігін ұмытып қалып, есіне тек бірер шумақтарын сақтап келген:
Жақсыға бір сөз айтсаң шам алмайды,
Сөз бабын жаман адам таба алмайды.
Жайықтың екі жағын бірдей жайлап,
Өтіпті он бір үйлі Жағалбайлы.
Әр қойды жетім қозы елеген-ді,
Екі айғыр қасаң байтал тебегенді.
Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз
Айтайын өлең қылып Төлегенді.
Ояды орыс барып қатқан мұзды,
Жалайды түйе барып кеннен тұзды.
Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз,
Айтайын өлең қылып Жібек қызды...

Әрине бұл шумақтарға қарап, Қыз Жібектің Омар Шипин бір кезде
орындаған нұсқасына баға беруге немесе белгілі бір тұжырым жасауға бола
қоймас. Алайда, бұл мәліметті біз Қыз Жібек поэмасының ертеректе басқа
да үлгілері болуымен бірге, олар қазақ жерінің түпкір-түкпіріне таралғанын
дәлелдеу үшін келтіріп отырамыз. Жоғарыда келтірілген үш шумақтың өзінен
жырдың бұл вариантын да ескі дәстүрді, яғни ауыз әдебиетінің түрін
бұлжытпай сақтағанын анық аңғарамыз.
3. Аса көрнекті аға жазушымыз Ғабит Мүсірепов те өзінің жас шағында
естіген Қыз Жібек жырында әмеңгерлік (Сансызбайға байланысты оқиғалар. –
Ы.Д.) мүлдем жоқ екенін баяндап, төмендегідей бір үзінді келтіреді:
Көрпені ағаң ашқан сен ашқандай,
Не болды, жас басыңнан сорлы бала.
4. Қыз Жібек поэмасының Майлықожа ақын орындауында да тағы бір
нұсқасы болса керек. Өйткені, осы әйгілі дастанды өзбек тіліне сол
Майлықожаның версиясынан аударған көрінеді.
Үшіншісі. Жүсіпбекқожа Шайхұлысламұлының варианты революцияға дейін
алты рет жарық көріп (1900, 1903, 1905, 1909, 1910, 1911) бүкіл қазақ
өлкесіне тарағандықтан соңғы уақытта тек осы нұсқа ғана орын тепкен, жаңа
варианттардың тууына жағдай кесіліп қалған.
Жырдың қай вариантын алсақ та негізгі батырлар жырынан өзгешелігі –
мұнда қазақ елінің қалмақ ханымен жауласуына үлкен маңыз берілмейді.
Қыз Жібек жыры 1894, 1900 жылдары Қазанда басылмастан бұрын, 1891
жылы Әулие – Ата (қазіргі Жамбыл) қаласында болып өткен үлкен бір аста
Мұсабай жырау айтқандығы туралы және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
Майлыбай қожаның айтып жүргені туралы деректер сақталған. [8; 182]
Қыз Жібек жырының қазіргі күнге дейін ауыз әдебиеті түрінде
сақталып келе жатқан екі варианты бар. Бұл варианттардың екеуі де Ақтөбе
облысында, ертерек кезде Жағалбайлы руының көшіп-қонып жүрген жерлерінде
таралған.
Бұл нұсқаларды жинап алған Шапай Қалмағамбетовтың айтуынша, бұның
екеуі де сол елде жеті атадан бері айтылып келе жатыр дейді.
Бұл екі варианттың екеуінде де Қыз Жібек жырының негізгі желісі
болған Төлегеннің қыз іздеп ел кезуі және қосымша оқиғалар түгел сақталған.
Жалғыз –ақ, бұл варианттың біреуінде Төлегеннің әкесі Базарбай бай
емес, жай шаруа болып суреттелінген, Жібектің әкесінің аты Сырлыбай емес,
Қараман деп беріледі.
Бұл варианттың біреуінде, Төлеген Шектіге барар жолында Сырдарияны
жағалай жүріп Түркістанды басып өтеді, ал екінші вариантында Ақпатшаға
бармақ болып шығады.
Бұлар – осы күнге дейінгі жазып алынбаған, ауыз әдебиеті түрінде
сақталған шығарма. Бұл - заңды жағдай. Сонымен қатар бұл қолжазба Қыз
Жібек жырының анық халықтық екенін тағы да дәлелдей түседі.
Ал Жүсіпбек Шайхұлысламұлының вариантында лирикалық шегіністер, діни
уағыздаулар кездеседі және ХІХ ғасырдың аяғында қазақ тіліне енген жаңа
сөздердің әсері байқалады.
Кеңес дәуірінің аса көрнекті ақын-жазушылары: Сәкен Сейфуллин, Мұхтар
Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Есмағамбет Ысмаилов, Ысқақ
Дүйсенбаевтар Қыз Жібек жырының қай жерде туғандығы, көркемдік
ерекшелігі, қайшылықтары мен кемшіліктері жайында құнды ой-пікірлер айтқан
болатын.
Сәкен Сейфуллин, Қыз Жібек жыры ноғайлы рулары ыдырап, бөлініп
кеткен заманды суреттейді , - [20; 150] десе, М.Әуезов пен С.Мұқановтың
айтуына қарағанда бұл жыр ХVІІ ғасырдың шамасында туған секілді. [14; 548]
[6; 151]
Өйткені осы жырда аталатын рулар, яғни ғл Жағалбайлы, Шекті рулары
сол кезде Жайық бойларын мекендеп, сол маңда көшіп қонып жүрген.
Ғалымдардың айтуы бойынша Жағалбайлы руы қазіргі Атыраудан бастап
Магнитогорскіге дейінгі жерлерді мекендеген.
Мұсатай Ақынжановтың пікірі бойынша Қыз Жібек жыры Кіші жүздің
Ресейге қосылуынан кейін туған. Бұны былай дәлелдейді.
Біріншіден, жырда аталатын мекендерді Кіші жүз халқы Ресейге
қосылмастан бұрын мекендемеген. Екіншіден, жырдағы кісі аттары, Базарбай,
Төлеген, Сырлыбай, Қорен қалмақ аттары кейінде пайда болған, - дейді. [1;
11-12]
Әдебиетшілер мен тарихшылардың екінші бір көтерген мәселесі Қыз
Жібек жырының халықтың немесе халыққа жат шығарма екіндігін анықтау
болды. Сәкен Қыз Жібек жыры байлардың ұлдары мен қыздарын ардақтаған,
соларды мадақтап суреттеген жыр болды деп айтқан пікірін М.Ақынжанов та
қостайды. Жырдың жұртқа танымал нұсқаларын да халықтық сипат аз, идеясы мен
мазмұны халықтық емес. Бұл жыр ілгері ұмтылуға шақырмайды деген ой айтады.
Бірақ, ғалымдардың екінші бір тобы бұл ой-пікірмен келіспейді. Ғабит
Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмағалиевтар жырда халықтық
сипаттың бар екендігін, көптеген өзгерістер енгендігін атап көрсетті.
Ал, жырдағы Кіші Жүз мекендеген жер Жайық, Орал бойлары екендігіне
мынандай дәлелдер келтіреді. Ноғайлы ХVІ ғасырдың орта кезінде ыдырайды.
Соның бір бөлігі Кіші Жүз халқы болатын. Тарихымыздан белгілі болғандай
олар Жайық маңын мекендеген. Шығармадағы адам аттары кейін туған деген
оймен келіспей, Базарбай, Сырлыбай, Төлеген, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лиро - эпостық жырлар
Қыз Жібек
Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері
Қазақтың ғашықтық жырлары
Дәстүрлі ғашықтық эпос
Фархад-Шырын жыры
Қалқаман Сариннің қазіргі поэзиядағы орны
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында фольклорлық шығармаларды сюжеті, салт дәстүрге қатысы, айтылу мақсаты мен орны
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Пәндер