Үндіқытай елдері



1. Үндіқытай елдері. Францияның Үндіқытай түбегіндегі отаршылдық жүйесінің күйреуі.
2. Үндіқытайдағы АҚШ басқыншылығы.
3. Вьетнам Социалистік Республикасы
4. Лаос Халық.Демократиялық Республикасы
5. Камбоджа.
Үндіқытай елдері. Францияның Үндіқытай түбегіндегі отаршылдық жүйесінің күйреуі. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қожалық еткен Жапонияның талқандалуынан кейін бұл өңірде ұлт-азаттық күрес күшейді. 1945 жылғы 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. Оның бірінші президенті болып Хо ШиМин(1945-1969) сайланды.
Вьетнамдағы өзгерістер көршілес Лаос және Камбоджа елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстың қалыптасуына себепкер болды. Бұл елдердегі монархиялық құрылыс негізі әлсіреп, демократиялық жолмен даму мүмкіндігіне жол ашылды. Алайда француз отаршылдары Вьетнамнан айырылуға көнгісі келмеді. Жас Республиканы қарулы күшпен тұншықтыруға әрекеттенді. Вьетнам коммунистік партиясы халықты азаттық күреске жұмылдырды. Бұл қантөгіс соғыс 8 жылға (1946-1954) созылды. Бастапқы кезеңде соғыс тізгіні Францияның қолында болып, ол император Бао Дайды басшы етіп қою арқылы ВДР-ды құртуға күш салды. 1945 жылдың соңында француз әскерлері Лаос және Камбоджа жерін басып алып, бұл елдердегі монархиялық тәртіпті қайта орнықтырды.
ВДР жау шабуылының бетін қайтара отырып, елде демократиялық мазмұндағы шараларын іске асыруға тырысты. 1950 жылдың басында республика армиясы қарсы шабуылға шығып, 20млн тұрғыны бар жерді босатты. Осы жылы 18-қаңтарда -ҚХР, 30-қаңтарда КСРО үкіметі ВДР-ды ресми түрде мойындады. 1950 жылдардан бастап Үндіқытай мәселесіне АҚШ араласып, Францияны қаржы беру арқылы қолдады.
Вьетнам және басқа Үндіқытай елдері халықтарының әділеттік күресі социолизм елдерінен әлемдегі бостандық сүйгіш күштерден қолдау тапты. 1954 жылы француз әскерлері Дьен Бьен-Фу қамалының түбінде жеңілді. Ол Үндіқытай елдерінің ұлы жеңісі болып есептелінді. Үндіқытай мәселесі Женевадағы халықаралық конференцияда қаралып, дұрыс шешімін табу әрекеттері іске асырылды (1954 жылғы 26сәуір және 21 шілде). Женева келісімі Вьетнам аумағын 17 ендік арқылы екіге бөліп, солтүстігінде – ВДР, оңтүстігінде отаршылдар құрған үкімет билік жүргізетін болды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Үндіқытай елдері
Жоспар:

1. Үндіқытай елдері. Францияның Үндіқытай түбегіндегі отаршылдық жүйесінің күйреуі.
2. Үндіқытайдағы АҚШ басқыншылығы.
3. Вьетнам Социалистік Республикасы
4. Лаос Халық-Демократиялық Республикасы
5. Камбоджа.

Үндіқытай елдері. Францияның Үндіқытай түбегіндегі отаршылдық жүйесінің күйреуі. Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қожалық еткен Жапонияның талқандалуынан кейін бұл өңірде ұлт-азаттық күрес күшейді. 1945 жылғы 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. Оның бірінші президенті болып Хо ШиМин(1945-1969) сайланды.
Вьетнамдағы өзгерістер көршілес Лаос және Камбоджа елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстың қалыптасуына себепкер болды. Бұл елдердегі монархиялық құрылыс негізі әлсіреп, демократиялық жолмен даму мүмкіндігіне жол ашылды. Алайда француз отаршылдары Вьетнамнан айырылуға көнгісі келмеді. Жас Республиканы қарулы күшпен тұншықтыруға әрекеттенді. Вьетнам коммунистік партиясы халықты азаттық күреске жұмылдырды. Бұл қантөгіс соғыс 8 жылға (1946-1954) созылды. Бастапқы кезеңде соғыс тізгіні Францияның қолында болып, ол император Бао Дайды басшы етіп қою арқылы ВДР-ды құртуға күш салды. 1945 жылдың соңында француз әскерлері Лаос және Камбоджа жерін басып алып, бұл елдердегі монархиялық тәртіпті қайта орнықтырды.
ВДР жау шабуылының бетін қайтара отырып, елде демократиялық мазмұндағы шараларын іске асыруға тырысты. 1950 жылдың басында республика армиясы қарсы шабуылға шығып, 20млн тұрғыны бар жерді босатты. Осы жылы 18-қаңтарда -ҚХР, 30-қаңтарда КСРО үкіметі ВДР-ды ресми түрде мойындады. 1950 жылдардан бастап Үндіқытай мәселесіне АҚШ араласып, Францияны қаржы беру арқылы қолдады.
Вьетнам және басқа Үндіқытай елдері халықтарының әділеттік күресі социолизм елдерінен әлемдегі бостандық сүйгіш күштерден қолдау тапты. 1954 жылы француз әскерлері Дьен Бьен-Фу қамалының түбінде жеңілді. Ол Үндіқытай елдерінің ұлы жеңісі болып есептелінді. Үндіқытай мәселесі Женевадағы халықаралық конференцияда қаралып, дұрыс шешімін табу әрекеттері іске асырылды (1954 жылғы 26сәуір және 21 шілде). Женева келісімі Вьетнам аумағын 17 ендік арқылы екіге бөліп, солтүстігінде - ВДР, оңтүстігінде отаршылдар құрған үкімет билік жүргізетін болды.

Үндіқытайдағы АҚШ басқыншылығы. 1954 жылдан бастап Үндіқытай жерінде француз отаршылдарының орнына АҚШ-тың ықпалы күшейді. Оңтүстік Вьетнам халқы өзінің азаттығы үшін жан аямас күреске шықты. 1960 жылдың соңында барлық патриоттық күштер Оңтүстік Вьетнамды азат етудің ұлттық майданына бірікті. Солтүстік Вьетнам халқы да бұл күресте шет қалған жоқ. Мұны байқаған АҚШ басқыншылары 1965 жылдан бастапсоғыс қимылын ВДР-ға ауыстырды. 1965-1973 жылдар аралығында АҚШ басқыншылары Вьетнам жеріне ойран салды, бірақ көздеген мақсатына жете алмады. 1973 жылы 27 қаңтарда Париж келісіміне сәйкес, АҚШ соғысты тоқтатып, әскерлерін алып кетті. 1976 жылы 2 шілдеде Ханой қаласында өткен Вьетнам ұлттық жиналысында біртұтас Вьетнам Социалистік Республикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы саясатында
Екінші дүниежүзілік соғыс (1938 – 1945)
Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикалық жетістіктерге жету жолдары мен міндеттері
Үндіқытай елдері жайында
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Таяу Азия халықтары
Қытайға Жапониядан капитал шығару
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Оңтүстік шығыс Азия елі Вьетнам
Оңтүстік – Шығыс Азия туралы ақпарат
Пәндер