ҚР сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайы және даму болашағы



Қазақстанның сыртқы сауда саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде сыртқы секторды реттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады. Бұл жерде мемлекеттің сауда саясаты ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгерісі-не бейімделіп, жаһанданудың артықшылықтарын максималдауға және одан болатын ықтимал қауіп-қатерлерді азайтып отыруы тиіс.
Қазіргі уақытта, сыртқы сауда саясатында екі негізгі міндет айқындалып отыр:
1. Отандық тауарлардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру және отандық өндірушілерді қорғау.
2. Тұтынушыларды қорғау және ұйымдастырылған сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау.
Кедендік Одақ, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге, сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіне тәуелді болып табылады.
Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі. Қазақстан бірқатар тауарларды өндіру, ең алдымен шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды, қуат көздерін өндіру бойынша әлемде алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Бұл бір жағынан, Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екендігін, ал екінші жағынан, еңбек пен капиталдың экспортқа бағытталған және пайдасы мол салаларда шоғырланудың өте үлкен дәрежесі бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы бет-бейнесін төмендегілер анықтайды:
1. Мұнай, көгілдір отын, электроэнергия.
2. Қара металлургия, минералды тыңайтқыштар, мақта-мата кездемесі, ағаш өнімдері.
3. Астық өнімдері, сүт, әртүрлі жемістер.
Көптеген өнімдер бойынша, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жеңіл автокөліктер өнімдері бойынша Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны әлі де болса төмен. Өкінішке орай, Қазақстанның машина жасау кешеніндегі орны өзінің тиісті деңгейінен қалып қойып отыр. Оған бірқатар факторлар жауап береді: инвестициялық сұраныс төмен, бәсекелік қабілеттілігі мардымсыз, көптеген машина жасау фирмаларының экспорттық белсенділігі төмен, т.б.
Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен рөлін сипаттайтын көрсеткіштердің қарқынын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді үдерістер, жалпы әлемдік экономикамен салыстырғанда елдің экономикалық даму қарқынын арттыратын және оны тежейтін факторлар анықтайды. Кеңес Одағы ыдырап, егеменді ел болғаннан кейін Қазақстан 90-шы жылдардағы өндірістің терең құлдырауын бастан кешіріп әлемдік экономиканың даму көшінен тым артта қалды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайы және даму болашағы.

Орындаған: Асқар Е.А
Тексерген: Темиргалиева А.С
Тобы: ГУ-307
Семей 2015

ҚР сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайы және даму болашағы
Қазақстанның сыртқы сауда саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде сыртқы секторды реттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады. Бұл жерде мемлекеттің сауда саясаты ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгерісі-не бейімделіп, жаһанданудың артықшылықтарын максималдауға және одан болатын ықтимал қауіп-қатерлерді азайтып отыруы тиіс.
Қазіргі уақытта, сыртқы сауда саясатында екі негізгі міндет айқындалып отыр:
1. Отандық тауарлардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру және отандық өндірушілерді қорғау.
2. Тұтынушыларды қорғау және ұйымдастырылған сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау.
Кедендік Одақ, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге, сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіне тәуелді болып табылады.
Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі. Қазақстан бірқатар тауарларды өндіру, ең алдымен шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды, қуат көздерін өндіру бойынша әлемде алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Бұл бір жағынан, Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екендігін, ал екінші жағынан, еңбек пен капиталдың экспортқа бағытталған және пайдасы мол салаларда шоғырланудың өте үлкен дәрежесі бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы бет-бейнесін төмендегілер анықтайды:
1. Мұнай, көгілдір отын, электроэнергия.
2. Қара металлургия, минералды тыңайтқыштар, мақта-мата кездемесі, ағаш өнімдері.
3. Астық өнімдері, сүт, әртүрлі жемістер.
Көптеген өнімдер бойынша, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жеңіл автокөліктер өнімдері бойынша Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны әлі де болса төмен. Өкінішке орай, Қазақстанның машина жасау кешеніндегі орны өзінің тиісті деңгейінен қалып қойып отыр. Оған бірқатар факторлар жауап береді: инвестициялық сұраныс төмен, бәсекелік қабілеттілігі мардымсыз, көптеген машина жасау фирмаларының экспорттық белсенділігі төмен, т.б.
Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен рөлін сипаттайтын көрсеткіштердің қарқынын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді үдерістер, жалпы әлемдік экономикамен салыстырғанда елдің экономикалық даму қарқынын арттыратын және оны тежейтін факторлар анықтайды. Кеңес Одағы ыдырап, егеменді ел болғаннан кейін Қазақстан 90-шы жылдардағы өндірістің терең құлдырауын бастан кешіріп әлемдік экономиканың даму көшінен тым артта қалды.
Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан өзінің жағдайын әлі де болса жақсарта алмаса да, республикада соңғы жылдары тұрақты экономикалық өсу байқалып отыр (бұл әрине 2008 жылы орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс-тан кейін). Қазақстан ЖІӨ үлесі мен экономикалық даму бойынша 90-шы жылдары жоғалтып алған деңгейін қайта қалпына келтіре алды. Жыл сайын ЖІӨ өндірісі орта есеппен 7,0-7,5%-ға өсіп келеді.
Осы уақытқа дейін, Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының жылдамдауына салыстырмалы түрде қысқа және ұзақ мерзімді факторлар әсер етті.
Қысқа мерзімді факторлар:
1) 1998 жылы болған Азиялық дағдарыс нәтижесінде теңгенің құбылмалы бағамын енгізу, бұл экспорттық өндірістің барлық түрлерін ынталандырды;
2) мұнай мен газға, көптеген шикізат түрлеріне және жартылай фабрикаттарға әлемдік бағалардың көтерілуі;
3) жақын шет мемлекеттерден еңбек ресурстарының ағылуы.
Ұзақ мерзімді факторлар:
1) біліктілігі жоғары жұмыс күші әлеуетінің бар болуы;
2) алдыңғы қатарлы озық технологияларды қолданудың кең мүмкіндіктері;
3) Қазақстан территориясында Еуропа мен Азияны байланыстыратын трансұлттық көлік жолдарының дамуы;
4) жеке және мемлекеттік секторларда жинақталған ірі қаржы ресурстарының болуы.
Қуат көздерін, шикізат пен жартылай фабрикаттарды экспорттауды әріқарай дамыту ұзақ мерзімді жоспарда Қазақстанның экономикалық өсу қарқынының факторы ретінде қарастырыла алмайтындығын атап өткен жөн. Өйткені, ЖІӨ-ді арттыруда энергия мен материалды көп қажетсіну ұзақ мерзімде төмендейтін үрдіс болып табылады, олай болса, шикізат көздеріне әлемдік сұраныстың өсу қарқыны келешекте әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқынынан қалып отырады.
Ұзақ мерзімді басымдықтарда Қазақстанның үдемелі экономикалық өсуі тиімділігі жоғары ғылымды көп қажет ететін өндірістерді және қызметтер көрсету салаларын дамыту негізінде ғана мүмкін болады. Осындай негізде ғана әлемдік технологияларды игеру, экономиканың тиімділігі мен халықтың табыстарын тұрақты түрде көтере алу мүмкін болады.
Сыртқы сауданың қазіргі тауарлық құрылымы Қазақстанның ЖІӨ-н өсірудің факторы бола алмайды. Енді, өндірістің барлық секторларын жаңғыртуда инвестицияларды маңызды түрде арттыру және жалпы алғанда, ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігін көтеру қажет.
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы кең мағынада халықтың денсаулығы, білім беру мен ғылым, инфрақұрылым жүйелерінің дамуы, қаржы-несие саласының жағдайы, қоғамдық тәртіп және басқалары сияқты жиынтық факторлардан құралады.
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ашық экономика мен жаһандану жағдайында ұлттық шаруашылықтың әлемдік нарықта бәсекелік күрестің негізгі субъектісі ретінде сапалы тауарлар мен қызметтер-ді өндіруін және оларды әлемдік бағамен сатуын, шетел капиталы мен еңбек ресурстарын тарта алуын, өзгеретін сұранысқа тез бейімделе алуын білдіреді.
Бірқатар халықаралық ұйымдар ұлттық шаруашылықтардың бәсекелік қабілеттілік рейтингісін анықтайды. Солардың ең негізгісі ретінде, бәсекелік қабілеттілік бойынша әлем елдерінің рейтингісін бағалау қазіргі уақытта, жыл сайын Швейцарияның Давос қаласында өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) ұйымының баяндамаларында жүргізіледі. ДЭФ-ң экономи-калық бағалау көрсеткіштері 200-ге жуық. Олар негізгі 8 топқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар
Қазақстан дипломатиясының Орталық Азиядағы дипломатиясы
Пәндер