Бизнес аңыздары туралы (Әлемнің бай адамдары)


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: . Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары)

Тобы:Эл-417

Орындаған:Аней. Н

Тексерген: Есенбекова. З. Ж

Семей 2015

Жоспар

1 . Тарихтағы ең бай адамдар

2 . Әлемнің ең бай 10 спортшысы

3. Пайдаланған әдебиеттер

Тарихтағы ең бай адамдар

Тарихтағы ең бай адам ХІV ғасырдағы Батыс Африка патшасы Манса Муса екен. Оның өз кезіндегі мүлкі бүгінгі кездің өлшемімен есептегенде 400 миллиард доллар болған. ХХ ғасырдағы ең ауқатты жарна пірі Уоррен Баффетт бұл тізімнің ең соңын еншілеген. Осы ғасырдағы ең ірі бай Билл Гэйтс және Карлос Слим жеке-жеке 12 және 22-орынға тіркелген.

Манса Муса Ротшильдалар Джон Д. Рокфеллер

Бұл байлар тізімінің уақыт өлшемі 1000 жыл көлемінде. Есімі тізімге жарияланғандар мал-мүлкінің жалпы құны 4 триллион 317 миллиард доллар шамасында. Бұл тізімде әйелдер жоқ. Бұлардың 14-і Америкалық. Қазірге дейін тек үшеуінің ғана көзі тірі. Олар: Уоррен Баффетт, Билл Гэйтс, Карлос Слим.

Карлос Слим Билл Гэйтс Уоррен Баффетт

Бұл тізімнің екінші орын иегері Ротшильдалар әулеті. Жалпы мүлкі 350 миллиард америка доллары. Бұл әулеттің жалпы экономикалық аумағына кен ашу, банк саласы, жеке мүлік басқару, аралас ауыл-шаруашылық өндірісі, ішімдік және қайырымдылық қоры кіреді екен. Джон Д. Рокфеллер бұл тізімнің үшінші орнында. Ол өз заманында Америкадағы ең ірі бай болған. 1937 жылы өмірден озғанда мал-мүлкі 340 миллиард АҚШ долларына тең болған.

Николас II Генри Форд Муаммар Каддафи

Бұл тізімде тағы Шотландияда туылған америкалық миллиардер Эндрю Карнеги, Ресей шар патшасы Николас II, Үнді елінің кезіндегі билеушісі Усман Али Хан, Ливияның алдыңғы билеушісі Муаммар Каддафи, «Форд» автокөлік компаниясының құрушысы Генри Форд та бар екен.

Әлемнің ең бай 10 спортшысы

Күні кеше әйгілі «Forbes» журналы өткен жылы ең көп пайда тапқан спортшы­лардың тізімін жария етті. Бай-қуаттылар арасынан кілең марқасқалардың есімдерін кезіктірдік. Олардың барлығы да өздері серік еткен спорт түрлері бойынша алдарына жан салмай жүрген саңлақтар. Барлығы да бүгінгі таңдағы теңдессіз тұлғалар. Бір айта кетерлігі, миллионерлердің дені тек спорт арқылы пайда тауып жүрген жоқ. Олардың есеп-шоттарына түрлі жарнамаларға түсу арқылы да қомақты қаржы аударылуда. Сонымен, әлемнің ең бай 10 спортшысы кім? Енді әңгіме ауанын осы арнаға қарай бұрайық.

1. Бай-қуаттылардың тізімін Тайгер Вудс бастап тұр. АҚШ-тың 35 жастағы атақты гольф шебері - бүгінгі таңдағы әлемдегі ең бай спортшы. Оның байлығы жүздеген миллион АҚШ долларын құ­райды. «Forbes» журналының пайым­дауынша, Тайгердің «жиған-тергені» алдағы бір-екі жыл ішінде миллиардқа жетуі мүмкін. Егер айтылған сөз ақиқатқа айналса, айтулы азаматтың есімі спорт­шылар арасынан шыққан алғашқы мил­лиардер ретінде Гиннестер кітабына тіркеледі. Тайгердің негізгі табыс көзі - түрлі жарыстарда жеңіп алған жүлделік қоры. Ол «Мейджор» турнирінде 14 рет топ жарды. «PGA Тур» жарыстарында 71 рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Басқа да толып жатқан атақ-даңқтары бар. Сонымен қатар кейіпке­ріміз «Nike», «Buick» және «Gillette» сынды әлемге әйгілі сауда белгілерін жар­намалау арқылы да мол олжаға кенелуде. Былтырғы жылы ол 75 миллион доллар көлемінде таза пайда тапқан екен.

2. Америкалық баскетболшы Коби Брайант 2010 жылы 54 миллион доллар­-ды әмиянына салды. Кобидің әкесі Джо Брайанттың өзі де кезінде мықты ойын­шы болған. Сексенінші жылдары ол Ұлт­тық баскетбол лигасында өнер көрсетіп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Әке жо­лын қуған ұл 1996 жылы 18 жасында «Лос-Анджелес Лейкерстің» жейдесін киді. Содан бергі 15 жыл бойы тапжылмай сол команданың сапында ойнауда. Коби­­дің қол жеткізген табысы да қомақты. Ол Ұлттық баскетбол лигасының бес дүркін чемпионы, Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы. 2007/2008 жылғы маусымда Американың «ең құнды ойыншысы» атан­ды. Сегіз рет аталмыш лиганың бел­ді баскетболшыларының бірі болып та­нылды.

3. Былтырғы маусым тағы бір атақты баскетболшы Леброн Джеймс үшін де табысты болды. 1984 жылы АҚШ-тың Огайо штатында дүниеген келген ойын­шы жастайынан білікті бапкерлердің назарына ілікті. Әуелде ол жеті жыл бойы «Кливленд Кавальерстің» намысын қор­ғаса, былтырғы маусымнан бері «Майами Хиттің» сапында өнер көрсетуде. Бойы 203 сантиметр, салмағы 114 келі тартатын Джеймс екі рет Олимпиада ойындарына қатысты. Афиныда қола медальді мойны­на ілсе, Бейжіңде бас жүлдені олжалады. Екі рет Ұлттық баскетбол лигасының жеңімпазы атанды. Бірнеше рет лиганың шартты құрамасына енді. Леброн Джеймс былтыр 48 миллион доллар көлемінде пайда тапты.

4. Швейцариялық теннисші Роджер Федерер үшін былтырғы маусым аса сәтті болған жоқ. Олай деуге негіз, 2010 жылы «Үлкен дулыға» санатына жататын төрт жарыстың бірінде ғана Федерердің бағы жанды. Ол жылдың басында өтетін Австра­лияның ашық біріншілігінде топ жарған еді. Соның кесірінен әлемдік рейтингте үшінші орынға сырғып түсті. Алай­да материалдық тұрғыдан Роджер ай­тарлықтай зардап шеккен жоқ. Ол бас­қа да көптеген турнирлерде бас жүл­дені иеле­ніп, біраз олжаға кенелді. Оның үстіне «Үлкен дулыға» жарыс­та­рының 14 дүр­­кін жеңімпазы түрлі жарна­малардан бі­раз пайда түсірді. Оның был­тырғы табысы 47 миллион долларды құ­райды.

5. Бесінші орында тағы бір гольф ойын­шысы - Фил Микельсон. 1970 жылы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында өмірге келген ол «PGA Тур» жарыстарында 30 реттен аса топ жарды. 2010 жылы Микельсон 46, 5 миллион долларды қалтасына басты.

6. Англияның атақты футболшысы Дэвид Бекхэм 2 мамыр күні 36 жасқа толды. Сол себепті оның жұлдызды шақтары артта қалды деп айтуға барлық негіз бар. Кезінде ол өз елінің ұлттық құ­рамасының капитаны болды. «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Милан» сынды әйгілі клубтарда өнер көрсетті. Жасыл алаңда жеңіп алған жүлделерін айтпағанда, Бекхэмнің басқа да атақтары жетерлік. Мәселен, Дэвид - «Британия империясы орденінің» офицері, ЮНИСЕФ ұйымы­ның елшісі. Оның есімі ең атақты 100 британдықтардың тізіміне енді. Қазіргі кезде ол АҚШ-тың «Лос-Анджелес Гэ­лакси» клубының туы астында өнер көр­сетуде. Сонымен қатар жарнамаға түсіп, жағдайын жақсартуда. Өткен жылғы Дэ­вид Бекхэм тағы 40 миллион долларға байыды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес аңыздары - Генри Форд жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары (алемніңең бай адамдары)
Бизнес аңыздары Әлемнің бай адамдары - Билл Гейтс
Бизнес аңыздары - Билл Гейтс
Бизнес аңыздары жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары (Әлемнің ауқатты адамдары)
Бизнес аңыздары. Әлемнің бай адамдары жайлы ақпарат
Бизнес аңыздары, (Әлемнің бай адамдары) - Рокфеллер Джон Дэвисон
Бизнес аңыздары жайлы (әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) - Карлос Слим Элу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz