Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстарының түрлері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстарының түрлері
Орындаған:Октябрятова М.
Топ: БЖ-215
Тексерген: Бакирова Л. С.
Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстарының түрлері.
Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 1 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі - оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т. б. жағдайлар орын алуы мүмкін.
Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн.
Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің, тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады
Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.
Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар:
1) авариялық-құтқару жұмыстарына;
2) басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға бөлінеді.
Авариялық-құтқару жұмыстары осы жұмыстарды жүргізетін адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіретін факторлардың болуымен сипатталады және оларды арнайы дайындауды, қызметтік киіммен жабдықтауды және жарақтандыруды талап етеді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына төтенше жағдай аймағын және зақымдандыру ошағын барлау, зардап шеккендерді іздеу және қоршаудан шығару, өрттерді сөндіру, төтенше жағдай аймағына және зақымдандыру ошағына сұйық отынды, газды, электр энергиясын және суды берудің зардап шегушілерді іздеуге және құтқаруға кедергі жасайтын көздерін авариялық сөндіру, адамдарды құтқару, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шегушілерді төтенше жағдай аймағынан және зақымдандыру ошағынан эвакуациялау, олардың тіршілігін қамтамасыз ету жатады.
Басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар тығыз мерзімде орындалады және авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.
Басқа кезек күттірмейтін жұмыстарға азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын енгізу маршруттарын және авариялық-құтқару жұмыстардың объектілеріне кіреберіс жолдарын жабдықтау; коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды оқшаулау және жою, технологиялық қондырғылар мен құбырларда жарылыстар мен өрттерді болдырмау; су құбырлары, энергетикалық, газ және жылу желілерінің және байланыс желілерінің жекелеген учаскелерін қалпына келтіру; уақытша су құбыры желілерін төсеу; уақытша сұлбалар бойынша зардап шеккен халық пен құтқарушылардың тіршілігін қамтамасыз етудің бірінші кезекті объектілерін қалпына келтіру, аумақтарды санитарлық тазарту, сондай-ақ зардап шеккендер мен құтқарушыларды уақытша орналастыру және басқа да осындай мақсаттар үшін зақым келтірілген ғимараттар мен құрылыстарды нығайту немесе жарым-жартылай қалпына келтіру жатады.
Авариялық-құтқару қызметтерінің қызметi.
1. Авариялық-құтқару қызметі мен құралымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, тиісті ережелерді, жарлықтарды, қағидалар мен басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері төтенше жағдайлар аймақтары мен зақымдандыру ошақтарындағы авариялық-құтқару жұмыстар мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстардың барлық тізбесін жүргізеді.
3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызметтің басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар, сондай-ақ оларды төтенше жағдайларды жоюға ерiктi авариялық-құтқару құралымдарына тартқан кезден бастап қойылады.
4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының тұрақты дайындығы кәсiби даярлау бойынша оқу-жаттығулар, жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткiзу арқылы қамтамасыз етiледi және өз өкілеттігі шегінде уәкілетті орган жүзеге асыратын аттестаттау және тексерулер барысында тексеріледі.
5. Азаматтық қорғау күштерінің жедел көлігі дыбыстық және жарықтық дабылдары бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады.
Авариялық - құтқару жұмыстары осы жұмыстарды жүргізетін құтқарушыларың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті факторлардың болуымен ерекшеленеді және арнайы дайындығы мен экипировкалануын, жабдықталуын талап етеді. Құтқарушылар мәртебесінін ерекшеліктері ТЖ зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысуы жөніндегі оларға жүктелген міндеттермен және осыған байланысты өмірі мен денсаулығына келетін қауіппен анықталады. Құтқарушы әр түрлі жұмыстарды, операцияларды жүргізу кезінде қауіпсіз амалдарды білуі керек. Қауіпті және зиянды факторлар әсер етуі кезінде көліктерді, құрылғьшарды, құрал - жабдықтарды, қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білуі керек. Осылардың барлығы авариялық - құтқару жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастырудың керекті нормативтік базасын анықтайды.
« Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы » ҚР Заңының 20 бабында:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz