Сиырдың сүттілігіне әсер ететін факторлар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Сиырдың сүттілігіне әсер ететін факторлар
Орындаған: Абдрахманов Н. Н
Тексерген: Татенов А. Б
Семей 2015
Жоспар
1. Сиыр сүттілігін есепке алу тәсілдері
2. Сүттілікке әсер ететін жағдайлар
2. 1 Тұқым қаулаушылықтың маңызы
2. 2 Сүттіліктің сиырдың жасына қарай өзгергіштігі.
2. 3 Сүттіліктің сиырдың тірілей салмағына байланыстылығы
2. 4 Азықтандыру мен күтіп- бағудың әсері
2. 5Сиырдың бұзаулау маусымының әсері
Сиыр сүттілігін есепке алу тәсілдері.
Сиырлар мен олардың ұрпақтарының асыл тұқымдық қасиетін және оларды пайдалану барысындағы экономикалық тиімділікті айқындау үшін алдымен зоотехникалық есепті жолға қою керек.
Сүтті бағыттағы сиырлардың ең негізгі өнімі сүт болғандықтан әр сиырдың сауылған сүтті есепке алу өте маңызды жұмыс.
Осы есептелген көрсеткіштердің негізінде мал тұқымын асылдандыру жұмысының басты- басты шаралары тұқым қалаушылық қасиетін т. б жұмыстар жүргізіледі.
Әрине, сиырдың сүттілігі жөніндегі нақты мәліметті күнделікті есеп арқылы алуға болар еді. Сондықтан тұқыммал заводында, тұқыммал совхоздарында өте сүтті сиырдан сауылған сүтті күнделікті жеке- жеке есептейді. Бұл өте ауыр, майда жұмыстарды күнделікті қайталауды талап ететін өнімсіз жұмыс. Сонымен бірге жүздеген сиыры бар қатардағы шаруашалықтарда сиырлардың сүттілігін дәл осындай күнделікті есепке алу ақылға симайды да, оның қажеті де жоқ. Соған орай, тәжірибеде, тәуліктік бақылау сауынан жүргізу арқылы сиыр сүтін есепке алу қолданылып жүр.
Бақылау саны 10-15 күнде бір рет жүргізіледі. Ал әр сиыр сауын маусымында сауылған сүтті есептеудің бірнеше жолы бар. Соның тәжірибеде қолданылатын біреуін талдап көрейік. Айталық, сауын маусымында табында 30 рет бақылау сауыны өтсін. Бақылау сауынында 300 л сүт сауылады. Сонда орта есеппен бір бақылау сауынында 10 л сүт сауылған .
Тағы бір тәсіл: бақылау сауынында сауылған сүтті 10- ға көбейтіп, он күндік сүтті анықтайды. Үш онкүндік сүтті қосып, бір айлық сүтті анықтайды да, сауын маусымындағы 10 айлық сауылған сүт жиыны маусымдық сүттілікті көрсетеді. Сүтті, сүтті- етті бағытағы сиырларды бонитировкалағанда және мемлекеттік тұқыммал кітабына жазылатын мал үшін, сиырдың 305 күндік сауын маусымындағы сауылған сүттің есепке алады. Ал сауын маусымы 305 күннен артық болған жағдайда одан артық күндердегі сауылған сүт есептелінбейді. Сауын маусымы қысқа болғанымен, толық аяқталса, онда осы қысқарған сауын маусымында сауылған сүт толық есепке алынады.
Шаруашылықтарда экономикалық көрсеткіштерді анықтау үшін сиырлардан жыл бойы сауылған сүт те есептеледі. Ол үшін барлық сауылған сүтті сол жылы азықтандырылған сиырлардың орташа санына бөледі. Ондай сиырлар санын анықтау үшін сиырлардың жыл бойғы азық күн санын, әрбір айдағы сиыр санын сол айдың күніне көбейтеді де, шыққан азық күн санын 365 -ке бөлу керек.
Сүттілікке әсер ететін жағдайлар.
Сүттің құрамында, оның мөлшері де көптеген жағдайларға байланысты . Солардың ішіндегі ең басытылары: тұқым қуалаушылық, азықтандыру, күту жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын және суалу маусымының ұзақтығы т. б.
Тұқым қаулаушылықтың маңызы.
Сұрыптау және азықтандыру жағдайын, күтімін жақсарта түсу негізінде өнімділігі әр түрлі сиыр тұқымдары пайда болды. Сонымен қатар бір тұқымға жататын мал ішінде де ата-тегіне байланысты өнімділігі де әр түрлі сиырлар бар.
Мұндай тұқымаралық ерекшелік сиырды бонитировкалау талабында ескерілген.
Тұқым қуалаушылықтың және өнімділік көрсеткішінің жалпы әртүрлілігіне сыртқы ортаның тигізетін әсерін білу үшін тұқым қуалаушылық коэффициенті есептеледі. Тұқым қуалау коэффициенті дегеніміз жалпы әр түрлілік ішіндегі тұқым қуалаушылық қана әсерін тигізген өзгергіштік. Сүттілік пен тұқым қуалаушылық коэффициентінің О-ден 68% -ке дейін өзгеруі мүмкін. Тұқым қуалаушылық коэффициентінің көрсеткіші табын өнімінің деңгейіне, асылдандыру және алдын ала жүргізілген сұрыптау жұмысына, азықтандыру жағдайына, күтіміне және т. б. байланысты.
Тұқымдық қасиет атасынан ұрпағына тұрақты түрде берілген сайын бұл көрсеткіш те жоғарылай береді.
Сүттіліктің сиырдың жасына қарай өзгергіштігі.
Бірінші және екінші бұзаулаған сиырдан сақа сиырлармен салыстырғанда сүт 15-30% кем шығарады. Алтыншы, жетінші, сегізінші, бұзаулаған сиырлардың да сүттілігі азая түседі.
Сиыр сүтілігінің өзгергіштігі оның азықтандыру жағдайына, жетілгіштігіне, дене бітімінің мықтылығына байланысты.
Дұрыс азықтандырылған, күтімі жақсы мал 10-12 жыл бойы өте сүтті болады.
Алғаш ұрықтандыру жасы сиырдың келекшегі сүттілігіне әсерін тигізеді. Ерте ұрықтандырылған құнажын өспей қалады да, оның сүті де төмен болады. Сондықтан уақыты келген құнажының салмағын да ескеру керек. Құнажынды оның салмағы сақа сиырлар салмағының 70% жеткенде ұрықтандырған дұрыс.
Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Свердлов атындағы тұқыммал колхозында құнажындар алғаш рет 17- 18 айлығында салмағы 340-360 кг жеткенде ұрықтандырылады.
20-24 айлық, салмағы өсіп кеткен құнажынды кеш ұрықтандырудың да сүттілікке деген кері әсері бар.
Сүттіліктің сиырдың тірілей салмағына байланыстылығы .
Бұл көрсеткіш малдың жалпы жетілгендігі көрсетеді. Сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасында өзара байланыс бар екендігі анықталған. Егер сиырдың сүтті малға тән дене бітімі, тұлғасы сақталса, тірілей салмағы өскен сайын оның сүттілігі де көтеріле түседі.
Профессор С. А. Рузский сиырдың тірілей салмағымен мен сүттілігінің арасында айнымалы байланыс бар екендігін де анықтады. Сиырдың салмағы артқан сайын, белгілі бір шамаға дейін сүттілік көтеріледі де, одан әрі тірілей салмақ қанша артқанмен сүттілік мөлшері өспейді.
Оқымыстылардың айтуынша, сиырдың сауын маусымындағы сүттілігі өзінің тірілей салмағынан 8-10 есе артық болғаны дұрыс.
Сервис және сауалу кезеңдерінің ұзақтығы мен сүттілікке қоңдылықтың әсері.
Сауылатын сүт мөлшеріне көп жағдай әсер етеді. Сиырды құнарлы жемшөппен азықтандырғанның өзінде организмнен көптеген пайдалы заттар бөлініп шығады да, жемшөптен алынған өнімді заттар олардың орнын толтырмай, сиырдың қоңдылығы төмендейді. Сонымен қатар сауын маусымы кезіңде сүт түзетін альвеолалар мен сүт жолдарындағы эпителий клеткалар ескіріп және салынып, сиырдың сүттілігі төмендейді.
Сиырдың тірілей салмағын және сіңімді заттар қорын толықтыра түсу және желін безі клеткаларының жаңаруы үшін оны суынан босатып, суалтады.
Суалту ұзақтығы келер сауын маусымында сауылатын сүт мөлшеріне, қондылығына, азықтандыру жағдайына, күтіміне байланысты.
В. Ф. Воскобойниковтың зерттеулеріне қарағанда қара ала тұқым сиырлары салмағының бұзаулау алдында 530-550 кг тартқаны жөн. Бұзаулау алдындағы тірілей салмағының тым төмендеуі оның сүттілігінің 300 кг дейін төмендеуінің себепші болады, ал салмағы 500 кг сүтін кемітеді. Ал суалу мерзімі 30 күн болса, ссүттілігі 20% кемиді.
Азықтандыру мен күтіп- бағудың әсері.
Азықтандыру және күтіп- бағу сиыр сүттілігіне әсерн ететін ең маңызды жағдай. Көптеген шаруашылықтарда азықтандыру және күтіп- бағу жағдайын жақсарту жолымен сиыр сүттілігін 60% арттырып та отыр. Сиыр
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz