Жусан жапырақты ойраншөптің сипаттамасы, таралуы және зияндылығы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Жусан жапырақты ойраншөп

Дайындаған: Сатмұхамбетов А. Б

Тексерген: Сагандыков С. Н

ЛД-211тобы

Семей 2015

Жоспар

Кіріспе

1. Жусан жапырақты ойран шөп сипаты, таралу аймағы

2. Жусан жапырақты ойраншөптің зияндылығы

Әдебиет тізімі

Кіріспе

Карантиндi арамшөптер. ТМД елдерiнде таралған арамшөптердің арасында Қазақстанда жоқ немесе аз таралған, бiрақ таралу мүмкiндiгi мол, өте зиянды түрлерi бар. Мұндай арамшөптердi карантиндi арамшөптер деп атайды және олардың жаңа жерлерге таралуын шектейтiн ерекше қатаң шаралар қолданылады. Бақылауды Мемлекеттiк карантин инспекциясы атқарады. Карантин қойылған заттар кiрер алдында арнайы шекара бекеттерiнде сыртқы алғашқы карантиндiк бақылаудан өтедi. Елдiң iшiнде қабылдайтын жерлерде шет елден келген карантин қойылған заттар екiншi рет карантиндiк бақылаудан өтедi. Мемлекеттiк карантин инспекциясы iшкi карантин шараларын да жүргiзедi. Олар карантин қойылған өсімдіктердің ел iшiнде таралуына жол бермеуге, тыйым салынған заттар ошағын дер кезiнде анықтап, таралуына жол бермеуге бағытталған. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы алқаптарын жүйелi түрде байқаудан өткізіп отырады.

Қазіргі кезде тыйым салынған (карантиндi) 12 арамшөптiң бесеуi Қазақстанда кездеседi, олар: жусан жапырақты ойраншөп, күнбағыс арамшөбi, жатаған қызғылт у кекiре, тікенді алқа және арамсояулар (зығыр, құлмақ тәрізді, Леман арамсояуы т. б. ) . Қалған түрлерi ТМД елдерiнде және алыс шет елдерде кездеседi: үштармақ ойраншөп, теңіз маңының ойраншөбі, сыпыртқы ойраншөп т. б. Осылардың ішінде жусан жапырақты ойраншөпті қарастырамыз.

1. Жусан жапырақты ойран шөп сипаты, таралу аймағы

1. Жусан жапырақты ойран шөп сипаты, таралу айм ағы - бір жылдық шөп, күрделі гүлділер туысына жатады . Өсімдіктін сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктін биіктігі 2 метрге, тамыры 4 метр терендікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш, 8-10 С 0 жылылықта 5 см тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, тұқымы қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Бір өсімдік өсуге қолайлы жағдайда 30 мыңнан 55 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымдары топырақта өміршеңдік қасиеттерін 7-10 жылға дейін сақтайды. Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін 40-60 %-ға дейін төмендетеді. Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Европаға, бұрынғы Кеңес одағының көптеген республикаларында, дүние жүзі бойынша 29 мемлекеткетаралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі. Жусан жапырақты ойран шөп барлық ауыл шаруашылығы дақылдарында, әсіресе техникалық, бұршақ, көкөніс дақылдарында және басқа да егуге жарамсыз жерлерде, жол бойында, арық жағалауларында жиі кездеседі. Көбінесе екпе дақылдар, су, техника және мал азықтарымен тұқымдары көптеген жерге тарайды. Өсімдік гүлдеген кезде олардың миллиардтаған шаң тәрізді ұсақ тұқымдары ауа, жел арқылы барлық жерге тарайды, адамдардың денсаулығына зор зиян келтіретін аллергия ауруы - полинозға ұшыратады. Шөптің көп тараған жерлерінде күздік шөп безгегі ауруына халықтын 90-95 пайызы ұшырайды. Сондықтан ойран шөптен тазарту үшін бірлескен агротехникалық шаралармен ( ауыспалы егістік, уақытында сапалы жер өңдеу, дер кезінде уақытын ескеріп егін егу, егінді баптап күту ) гербицидтер беру керек.

2. Жусан жапырақты ойраншөптің зияндылығы

Жусан жапырақты ойраншөп - тек қана ауыл шаруашылығына ғана емес, сонымен қатар адамның денсаулығына зиян келтiретiн карантиндiк арамшөп. Бұл өсiмдiк тараған аймақтарда олардың гүлдеу кезеңiнде (шiлде-тамыз ай­лары) тұрғындар арасында аллер­гиялық-поллиноз ауруы жиi кез­деседi. Кейбiр ғалымдардың зерт­теулерi бойынша, халықтың 20 пайызына жуығы осы есiмдiктiң тозаңынан зардап шегетiн көрi­недi. Бұл аруруға шалдыққан адам ағзасы әлсiреп, аллергиялық ринит, коньюктивит, ауыр брон­хиалдық демiкпе, мигрень, дене­нiң бөртуi сияқты сырқаттарға ұшырап, нәтижесiнде ол ауруға шалдыққан адамдарды ұзақ уа­қытқа еңбекке жарамсыз болуына алып келедi екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жатаған укекіре (Acroptilon repens) және көпжылдық ойраншөп (Ambrosia psilostachya): морфологиясы, таралуы, зияндылығы мен карантиндік күресу шаралары
Жусан (Artemisia) түрлері: морфологиясы, таралуы және қолданылуы Қазақстанда
Қылқан жапырақты және бағалы жалпақ жапырақты өсімдіктерді өсіру: биологиялық-шаруашылық сипаттамасы
Қылқан жапырақты ағаштар мен бұталардың биологиялық-шаруашылықтық сипаттамасы және Қазақстандағы таралуы мен көкжелектендірудегі қолданылуы
Жусан (Artemisia): түрлері, таралуы және Қазақстандағы дәрілік-қолданбалы маңызы
Астық дақылдарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелілер: таралуы, биологиясы және зияндылығы
Оңтүстік Қазақстанның жидек дақылдарының зиянды нематодалары, кенелері және кеміргіштері: таралуы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Сәндік өсімдіктер мен көгалдандыру: топтастыру, шаруашылық қызметі және төгілмелі жапырақты ағаштардың сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы қызанақ алқаптарындағы нематодтар, кенелер және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары
Күздік көбелек (Agrotis segetum): биологиялық ерекшеліктері, таралуы, зияндылығы және есептеу мен күресу шаралары Қазақстанда
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz