ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері

Тобы:Эл-417

Орындаған:Аней. Н

Тексерген: Қуантқан. Б

Семей 2015

Жоспар

1. Жекешелендіру

2. Жекешелендірудің тәсілдері

Жекешелендіру - меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 - 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 - 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.

Жекешелендіру - меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды - бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі.

Жекешелендірудің тәсілдері:

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.

2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды)

3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1. Кіші жекешелендіру - еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2. Жаппай жекешелендіру - орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3. Жеке жобалық жекешелендіру - ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Экономиканы реформалауда, оның ішінде жекешелендіру үрдерісі өткен жолды сын көзімен саралап көрейік.

Қазақстандағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру бойынша жүргізіледі. Әрбір кезеңге өз бағдарламасы сәйкес келеді.

І кезең - 1991-1992 жж. ;

ІІ кезең - 1193-1995 жж. ;

ІІІ кезең - 1996-1998 жж.

Бірінші кезең төмендегілерді қарастырады:

Мемлекет қарамағынан алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және камуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру; Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру.

Ұсақ кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер пайдаланылды. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алуда оларды акционерлік немесе басқа да шаруашылық серіктестіктеріне және ұжымдық кәсіпорынға айналдыру қарастырлады.

Тұрғын үйлерді жекешелендіру, ауыл шаруашылығы және мемлекет мүлікті сатып алу купон әдісі негізінде екінші кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру үдерісін өрістетуді төмендегі бағыттар байынша қарастырылды:

1. Ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру.

Оны жузеге асыру келесі әдістермен өтті:

Келісілген жағдайда белгілі бір инвесторға сату;

Аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;

Акцияларды ашық сату.

2. Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру. Олар мына әдістер арқылы жүзеге асты:

Республика тұрғындарына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру (ИЖК) ;

ИЖК иелері мен кәсіпорындар арасында делдал болып табылатын, коммерциялық инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) жүйесін құру.

3. Сауданың, каммуналдық шаруашылықтың, тұрмыстық және Сервистік қызмет көрсету шағын кәсіпорындарын аукцион және конкурс негізінде жүзеге асыратын шағын жекешелендіру.

ІІ кезеңнің негізгі нәтижелерін келесі жағдайда қорытындылауға болады: кіші жекешелендіру шеңберінде 11 мың объекті сатылған, бұл кіші жекешелендіруге жататын, барлық объектілердің 2/3 бөлігін құрады, оның ішінде саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету аясында жаппай жекешелендіру негізінен аяқталады.

Қосымша ақпарат. 5 мыңнан аса адам жұмыс істеген, кәсіпорынды қамтитын жеке жекешелендіру шеңберінде, 5 кәсіпорын сатылған, оның ішінде шетелдік компанияларға 42 кәсіпорын сенімді басқаруға берілген.

Салалық құрлымда жеке меншік нысанының барлығынан аз көбі ауыл шаруашылығында болды - 32, 2 пайыз, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда - 17 пайыз, өнеркәсіпте - 11, 8 пайыз, құрлыста - 8, 6 пайыз. Жеке меншік нысанында барлығынан аз кәсіпорындар сақтандыру, геология және жер қойнауын барлау кәсіпорындарында - 0, 2 пайыз, жылжымайтын мүлік операциялары аясында - 0, 1 пайыз болды.

Үшінші кезең Мемлекеттік меншікті қайта құрлымдау мен жекешелендіру бағдарламасында әзірленген шеңберде жүзеге асты. Оның негізгі мақсаты - экономикада жеке секторды басым болуын бекіту мен жекешелендірудің негізгі үдерісін аяқтау болатын. Кейбір кәсіпорындар жекешелендіру алдында қайта құрылымдалуы тиісті еді. Яғни бұл олардың белгілі бір құрлымдық өзгерістерден өтуі тиістігін білдіреді: мысалы, залалды кәсіпорынды алдын ала қалпына келтіру немесе оның ішінде өз бетімен жұмыс істей алатын құрлымды бөлу.

1996 жылдан бастап Қазақстанда, мемлекеттік меншіктегі кез келген жекешелендіру тек ақшалай қаражаттармен жүзеге асырлады. Бірақ қолданыстағы заң жекешелендірудің екі түрін қарастырады:

1. Саудада сату (аукциондар, тендер) .

2. Тікелей атаулы сату ( заңды тұлғада жалға алу құқығы немесе мемлекет акциясының бақылау пакеті болған жағдайда жүзеге асады, өйткені соңында сатып алу құқығымен сенімді басқаруға келісім бекітілген) .

Үкімет жекешелендіруді секторлық бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Сөйтіп, мұнай-газ, көлік-өатнастық кешендерде; ҚР Сауда және экономика министрлігіндегі кәсіпорындар жүйесінде, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және спортта жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасы белгіленеді. Онда мемлекеттік меншіктің мена ерекше объектілері жекешелендіруге жатпайтыны көрсетілген: жер, оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, тарихи және мәдени ескерткіштер, мемлекеттік бюджет қоры, республикалық сақтандыру мен резервтік қорлар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
ҚР-дағы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Қазақстандағы жекешелендіру бағдармаламысының теориялық мәселелері
Қазақстан Республикасы жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
Нарықтың пайда болу шарттары. Нарықтың атқаратын қызметтері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу жолдары
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
Меншіктің экономикалық түрлері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz