Өсімдікті талдауда қоректенуді диагностикалау әдістері: В.В. Церлинг бойынша азот, фосфор және калийді анықтау шкалалары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласы Шәкәрім университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Өсімдікті талдауда қоректенуді диагностикалау әдісін қолдану

Тобы: АГ-313

Орындаған: Қаирбекова А. С

Тексерген: Мухаметжанова О. Т

Семей-2015

Жоспары:

  1. Өсімдікті талдауда диагностика әдісі
  2. Өсімдіктегі фосфорды анықтау шкаласы және оның фосфор тыңайтқышын қажетсінуі
  3. К. П. Магницкий әдісі
  4. В. В. Церлинг тәсілі

Өсімдік қоректенуін бақылау үшін диагностика әдісі кеңінен қолданылады. Өйткені ол өсімдік қоректенуін реттеуде маңызды рөл атқарады. Өсімдікті талдауда диагностика әдісін пайдалануды алғаш рет ұсынған Гельригель. Гельригель калий элементінің әртүрлі дозасын зерттеу мақсатында жүргізген вегетациялық тәжірибеде (құм дақылы) қоректік қоспа мен арпа өніміндегі калий мөлшерінің арасында айқын байланыстың бар екенін байқаған. ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдарында Францияда Лаготю жүзім, Швецияда Ландегорд астық дақылдарының жапырақтарына талдау жасағанда диагностика әдісін қолданған. Жалпы қоректенуді диагностикалау әдісінің бірнеше түрі бар. Солардың ішінде өсімдіктің қоректенуінде элементтердің тапшылығын оның сыртқы түріне, жеке мүшелерінің түсіне, пішініне қарай және химиялық жолмен талдау кеңінен қолданылады. Өсімдіктің мүшелерінің сыртқы өзгерістеріне қарап бақылау дәл бола бермейді. Өйткені сыртқы өзгерістерге басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Өсімдіктің жеке мүшелерінің сыртқы өзгерістерінің қоректік элементтердің тапшылығынан екенін айқындау үшінхимиялық диагностиканы қолдану керек.

Азот өсімдік үшін қажетті элементтердің бірі. Ол барлық белоктардың, нуклеин қышқылдарының, хлорофилдің басқа да көптеген қосылыстардың құрамына енеді. Өсімдікте орта есеппен 1-3% азот болады. Өсімдіктің азотпен қоректенуін жақсарту, органикалық заттардың синтезделуін күшейтеді.

Азот жетіспеушілігі кезінде өсімдік жапырақтары сарғайып, ондағы хлорофилл кемиді. Хлоропласттардың саны өспейді. Мұның бәрә фотосинтезді тежеуге, соңынан мүлде тоқтауға әкеп соғады.

В. В. Церлинг тәсілі бойынша өсімдіктің қоректік элементтермен қамтамасыз етілуін анықтау принципі мынадай: 1) нитрат азотын анықтау үшін жас өсімдіктің жапырақ сағағы мен сабағын пайдалану керек. Өсімдіктің кесіндісіне дифениламинмен әсер еткенде құрамындағы нитраттардың осы тұзбен реакцияға түсуінің нәтижесінде көк түске боялуына негізделген. Пайда болған түстің қарқындылығын арнайы дайындалған түсті шкаламен салыстырып, өсімдіктің азотқа қажеттілігі жөнінде қорытынды жасалады.

Өсімдіктің азот тыңайтқыштын қажетсіну шкаласы (В. В. Церлинг бойынша)

Балл: Балл
Боялу сипаты: Боялу сипаты
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Тыңайтқышты қажет ету сипаты
Балл: 5
Боялу сипаты: Кесінді шырыны қара көк түске боялады және біршама уақыт сақталады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Нитраттар жеткілікті, қажеті жоқ
Балл: 4
Боялу сипаты: Кесінді шырыны көк түске боялады да бірден жоғалады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Нитраттар шамалы қажет
Балл: 3
Боялу сипаты: Кесінді шырыны ашық көк түске боялады да 2-3 минөттан соң жойылады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Қажеттілігі орташа
Балл: 2
Боялу сипаты: Кесіндідегі өткізгіш шоқтар көгілдір түске боялады да тез жойылады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Қажеттілігі жоғары
Балл: 1
Боялу сипаты: Кесіндіде шамалы ашық көгілдір түс пайда болып тез жойылады
Тыңайтқышты қажет ету сипаты: Қажеттілігі өте жоғары

Фосфор күл элементтерінің ішінде ерекше орын алады. Өсімдік организміндегі көпшілік синтез процесі және зат алмасудың көптеген сатысы фосфор қатысында өтеді. Өсімдікті фосфор элементімен жақсы қоректендіру оның пісіп жетілуін тездетеді және өнімнің сапасын жақсартады.

Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе , жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды.

Фосфорды анықтау үшін өсімдіктің жетілген жасыл жапырағын немесе сабақтың төменгі жағының көлденең кесіндісін пайдаланады. Талдау минералды фосфордың аммоний молибдатымен әрекеттесуіне негізделген. Мұнда аммоний-фосформолибдат тұзы пайда болады. Оған бензидиннің сірке қышқылдағы ерітіндісін қосқанда көк түске боялады. Боялу қарқыны өсімдік шырынындағы минералды фосфор мөлшеріне пропорционалды болады. Фосфор мөлшерін балмен көрсетеді .

Өсімдіктегі фосфорды анықтау шкаласы және оның фосфор тыңайтқышын қажетсінуі (В. В. Церлинг бойынша)

Калий өсімдік тіршілігі үшін маңызды элементтің бірі болып саналады. Ол өсімдік организмінде көптеген физиологиялық және биохимиялық процестерге қатысады. өсімдік калиймен жақсы қамтамасыз етілген болса, өнімнің сапа көрсеткіштерінің деңгейі көтеріледі. Калий мөлшерін өсімдік шырынына дипикриламинаттың әсер ету арқылы анықтайды. Мұнда магний дипикриламинаты тұз қышқылының қатысында калиймен әрекеттесуінен қызыл-қызғылт сары түсті калий дипикриламинатының тұнбасы түзіледі.

Өсімдіктегі калийді анықтау шкаласы және оның калий тыңайтқышын қажетсінуі (В. В. Церлинг бойынша)

Балл: Балл
Боялу сипаты: Боялу сипаты
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Тыңайтқышты қажет ету деңгейі
Балл: 5
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны қызыл түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Калий жеткілікті, қажет емес
Балл: 4
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны қызыл-қызғылт сары түске өзгереді
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі шамалы
Балл: 3
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны қызғылт-сары түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі орташа
Балл: 2
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны сары-қызғылт сары түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі жоғары
Балл: 1
Боялу сипаты: Өсімдік шырыны ақшыл-сарғыш түске боялады
Тыңайтқышты қажет ету деңгейі: Қажеттілігі өте жоғары

Өсімдіктің қоректену диагностика әдісін пайдаланғанда топырақ қасиеттерін, ауа-райын, агротехникалық шараларды ескеру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктің қоректенуін талдауда диагностикалау әдістерін қолдану
9-сыныпта Азот топшасын оқыту әдістемесі: V топ р-элементтерін оқытудағы педагогикалық зерттеу
Мектеп химиясында V-топ (азот топшасы) элементтерін оқытуда инновациялық технологияларды енгізу және тиімділігін бағалау
Шошқа азықтандыруындағы В тобы витаминдерінің маңызы
Өсімдіктердің қоректенуін диагностикалау әдістері мен фосфорлық қоректену диагностикасы
Биосферадағы биогеохимиялық айналымдар: көміртегі, күкірт, азот және фосфор
Топырақтағы микроорганизмдердің рөлі және негізгі биогеохимиялық процестер: көміртек, азот, фосфор, калий
Биосферадағы заттардың биогеохимиялық айналымы: көміртегі, күкірт, азот және фосфор
Қышқылды-негіздік әдісі бойынша V аналитикалық топтағы катиондардың жіктелуі мен сапалық реакциялары
В. В. Бартольдтің шығармашылық жолы мен азаматтық келбеті: Түркі дүниесін зерттеудегі үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz