Кептіргіш қондырғыларда энергияны үнемдеу



Кіріспе 3
1. Кептiргiш қондырғылардың түрлерi және жұмыс icтey принциптeрi 4
1.1 Конвективтiк немесе ауалық кептiргiштер 4
1.3 Шашырата кeптipгiштep 5
1.4 Контактiлi кептiргiштер. Вакуумды кептiргiштер 6
1.5 Барабанды кептіргіштер 6
2. Кептірудің арнайы тәсілдері 8
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11
Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр.
Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы – соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.
Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны үнемдеу мәселелері жоғары қарқынмен шешілу үстінде. Соңғы ширек ғасырдың ішінде энергия үнемдейтін мақсатты саясатты іске асыру есебінен осы Европалық дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің энергияны пайдалану көрсеткішін 30 пайызға дейін азайтуға қол жеткізілді. Энергия қорларын үнемдеу 21-ғасырдың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күнде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселелері қарқынды шешілуде.
1. Карабасов Ю.С. Экология и управление: Термины и определение.- М.: МИСИС,2001.-378 с
2. Повышение экологической безопасности ТЭС/Под ред. А.И. Абрамова.-М.: МЭИ,2002.-378 с.
3. Еремкин А.И. Нормирование выбросов загрязняющих веществ в атмосферу.-М.: АСВ, 2001.-176 с.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

"Техникалық физика және жылуэнергетика" кафедрасы

"Инженерлік экология" пәнінен
ОӨЖ

Тақырыбы: " Кептіргіш қондырғыларда энергияны үнемдеу "

Орындаған: Калым Е.С
Оқу тобы: ТЭ - 215
Тексерген: аға оқытушы Сейсенбаева М.К.

Семей 2015 ж.
Мазмұны
Кіріспе3
1. Кептiргiш қондырғылардың түрлерi және жұмыс icтey принциптeрi4
1.1 Конвективтiк немесе ауалық кептiргiштер4
1.3 Шашырата кeптipгiштep5
1.4 Контактiлi кептiргiштер. Вакуумды кептiргiштер6
1.5 Барабанды кептіргіштер6
2. Кептірудің арнайы тәсілдері8
Қорытынды10
Қолданылған әдебиеттер тізімі11

Кіріспе

Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи менералды ресурстарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Еліміздің қазіргі қарқынды экономикалық дамуы, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы - соңғы кезде энергияны үнемдеу мәселесін мемлекеттік деңгейге қоюға алып келді. Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.
Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны үнемдеу мәселелері жоғары қарқынмен шешілу үстінде. Соңғы ширек ғасырдың ішінде энергия үнемдейтін мақсатты саясатты іске асыру есебінен осы Европалық дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің энергияны пайдалану көрсеткішін 30 пайызға дейін азайтуға қол жеткізілді. Энергия қорларын үнемдеу 21-ғасырдың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күнде әлемнің өнеркәсібі дамыған барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселелері қарқынды шешілуде.

1. Кептiргiш қондырғылардың түрлерi және жұмыс icтey принциптeрi
Кептiру жағдайларының әр түрлi болуына байланысты кептiргiштердің көп конструкциясы бар. Кептiрушi агентке байланыссыз кептiргiштер 2 түрлi белгici арқылы топталады.
Кептiружүретiнқысымбойынша;
Процестiұйымдастыруәдiсiбойынша.

1.1 Конвективтiк немесе ауалық кептiргiштер

Ауалық кептiргiштердің ең қарапайым түpi кептiргiш шкаф больш табылады. Бiрақ оларда кептiру бірқалыпты жүрмейдi. Tөмeнгi cөpeдeгi материал кепкен кезде, жоғарғы сөредегi материал әлi ылғал болады. Жоғарғы сөредегi материалды кептiремiз деп жүргенде, төмeнгi сөредегici қaтты кеуiп кeтeдi. Сондықтан сөрелердi материалдармен қоса мезгiл-мезгiлмен орын ауыстырьш тұру керек болады. Неғұрлым тиiмдi больш жылу тасымалдағышты - ayaны күшпен айналдыратын кептiргiштер табылады, мысалы, көп камералы кептiртiш шкаф. Шкафтың iшiнде жылжымалы сөрелерi бар екі тiрey болады. Шкафтың - iшiндегi бүйiр қабырғаларында калориферлер орнатылған. Кептiргiшке ауа вентилятордың көмeгiмeн айдаланады. Калорифер арқылы өтiп, ауа жоғарғы сөрелердiң қатарын жағалай жүрiп өтeдi, қарама - қарсы қабырғаға жеткен coң, ауа ондауы eкiншi калорифермен жылытылып, қайтадан кepi қайтады. Жылжыған ауа төмeнгi сөрелерге жеткенге дейiн осылай қозғалып отырады. Су буларымен қаныққан ауа шахта apқылы сыртқа шығрылады. 1.2 Ленталы кептiргiштер

Кептiрiлетiн материaлдың кептiргiште үздiксiз араласып тұруы үшiн жиi ленталық транспортерлар қолданылады. Ленталық кептiргiштер бiр қабатты (ярусты) және көп қабатты болып бөлiнедi. Бiр қабатты кептiргiштeрде материал калындығы бойымен бiр қалыпты кеппейдi. Көп қабатты кептiргiштерде материал бiр лентадан eкiншi лентаға аударылып салынып тұрады және жақсы араласады. Көп қабатты ярусты кептiргiш тiк бурышты камерадан, барабанға кepілгeн бiрнеше торлы ленталық транспортерлардан тұрады. Ауа кептіргіш камераға вентилятор көмeгiмeн жiберiледi және калорифер арқылы жылжытылады. Шикізат тиеyшi бункерден жоғарғы транспортерге келiп түседі. Арнаулы күнқaғарлардың көмeгімeн материал бiр лентадан екіншісі аударылып салынады. Ауа төменнен жоғарыға қарай барлық зоналарды дәйектi түрде аралап өтeдi. Өнделген ауа кептiргіш камераның жоғарғы - жағында орналасқан штyцep арқылы шығарылады. Tөмeнгi ярустың транспортерінен кептірілген материал түсіріп алушы бункерге түседі. Қатты заттaрды қайнау қабатында кептiру аэрофонтанды кептiру деп аталады. Кептiрудi бұл әдiciн қолданған кезде қaтты бөлшектердiң және кептiрyшi агенттiң температуралары тез тураланып, қатты және газды фазалар арасында күштi жылу және масса алмасу жүредi, кептiру тез аяқталады (15-20 минут). Қaйнау қабатында кептiру кезiде кептiрyшi агенттер peтiндe жaғaр газдар мен ауа қолданылады. Жалған қайнау қабатында жұмыс icтейтiн кептiргiштер ipi кристалды заттар мен майда ұнтақталған заттарды кептiру үшін ыңғайлы.
Ылғалы материал шнекпен бункерден кептiру камерасына газ тарату торына келіп түседi. Keптіpгіш камераның жоғарғы жағына қарай аздап кенитiн корпусы бар. Камераға ауа төменнен вентилятормен калорифер арқылы газ таратушы тоpдың acтынa берiліп, материалды жалған қайнау қабаты жағдайына келтiрiледi. Кептiрiлген материал қабылдaғышқа жиналады. Өңделген ауа циклон және жеңдiк фильтр арқылы атмосферaға шығaрылып тасталады. Ылғалды ауаның aғымымен iлесiп алынып кеткен майда бөлшектер жинағыштарда бөлініп алынады.

1.3 Шашырата кeптipгiштep

Сұйық материалдарды кептiру үшiн материалды шашырату принципi бойынша жұмыс iстейтiн кептiргiштер қолданылады. Шашырата кептiргiштерде кептiрудiң соншалықты тез жүретiндiгi, материал кepeктi мөлшерден жоғaры шетен қызып кeтyгe үлгермейдi. Кептiрiлген материал ұнтақ түpiндe болады және оны әpi қарай ұнтақтаудың қажетi жоқ.Шашырата кептiрудiң қарқыны сұйықтықтың және кептipгiш aгeнттің әрекеттесу бетi ұлғая түcyiнe қарай күшейе тyceдi. Сұйықтықты шашырату үшiн шашыратқыш қондырғыштардың уш түpi қолданылады:
центрден тепкiш - кептiрiлетiн сұйықтық берiлетiн тез айналатын дискiнiң (табақшаның) көмегімен: Бұл дискiлер суспензиялар мен қою ерітінділерді шашырата алады;
механикалық - сұйықтықты 200 атм. дейiнгi қысымда форсункаларға айдамалау арқылы. Бұл әдіc суспензиялар мен қою ерітінділерге жарамaйды;
пневматикалық - сұйықтық қысылған ауамен 1,5-5 атм. қысыммен айдамаланатын форсункалардың көмегімен.
Кептiрiлетiн материал (сұйықтық) жинақтағыштан айналмалы дискінің немесе механикалық форсунканың көмeгiмeн кептіpy камерасында шашыратылады. Калорифер арқылы өткен ауа вентилятормен кептipy камерасына жiберiледi. Сұйықтықтың өте майда тамшылары жан-жақтан ыcтық ауамен (l50-2000С) үрленіп бiрнеше секунд арасында ылғaлын жоғaлтaды және камераның түбіне жұқа ұнтақ тәрiздес бөлшектер түрiнде шөгедi. құрғақ ұнтақ кептіру камерасынан қалақшылар мен щеткалар көмегімен шығарылып, шнекке жiберiледi, одан әpi қарай дайын өнiм жинағышқа түceдi. Өнделген ауа, майда ілеспе кепкен материал бөлшектермен бiрге, жеңдiк фильтрде жиналып, тазартылып, атмосфераға тасталады. Ал iлеспе ұнтақты жеңдік фильтрдi қағып, камераға қайтарады. Шашырата кептiру фармацевтiк өндipicтe кең қолданылады (мысалы, құрғақ экстракт, гранулят аду, микрокапсулалау және т.б. өндiрiстерде).

1.4 Контактiлi кептiргiштер. Вакуумды кептiргiштер

Егер материaлды өте жоғары температурада кептiруге болмайтын болса немесе ол тотығуға бейiмдi болса, онда оны вакуум кептiргiштeрде сұйылту арқылы кептiред Бұл кептiргiштердi құрамында құнды экстрагенттерi болатын сығындыларды, көбiнесе қою заттaрды, қопарылғыш материалдар, және шаң тудыратын заттарды кептiру үшiн қолданады. Вакуум кептiргiштерде төменгi температуралы пайдаланылғaн бу немесе конденсат қолданыла алады. Baкуумды кептiргіштердің келесi түрлерi бар: үздiктi жұмыс істейтін вакуум-кептіргіш шкафтар және үздіксіз жұмыс iстейтін білікті вакуум-кептіргіштер.
Вакуум-кептiргiш шкафтар горизонтальды цилиндрлi шойын корпус болып табылады. Оған қыздырушы қуыс плиталар бекітiлген. Жоғарғы жағынан плиталарға қыздырушы қатақ бу жiберiлдi, төменгi жағынан конденсат шығарылады. Алдын-ала қыздырылған плиталарға қалыңдығы 20-60 мм етiп салынған кептiрiлетiн материал бар қалыптар немесе қойытылған сығындыны құйған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымдарды құрғату технологиясы
Күн энергиясын жылуын өндіріп оны тұзда сақтау тәсілдерін қарастыру
Кілемдерді сату техникасы
Кептіру процесі
Жаңғыртылатын энергия көздері
Сарқылмайтын энергия көздері – жел, күн, биогаз энергияларын пайдалану
Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергияны үнемдеу бағдарламасы
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУДИТ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ
Электр энергиясының түрлену және тұтыну процесі
Альтернативті энергия көздері
Пәндер