Оттегімен емдеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА» КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы: « Оттегімен емдеу»
Орындаған :Биязбаев Е. О.
Тобы : ВС-303
Тексерген : Ахметжанов О. Н.
2015ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Оттегімен емдеу - ветеринарияда.
Оттегімек байытылған ортадағы дәрілердің үсақ бөлшектерімен малдарды дем алдырып емдеу әдісі - оксигенозолетерапия.
Оттегімен дем алдыру арқылы емдеу әдісі.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Оттегі -химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен тканьдер өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза тканьдеріндегі оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.
Оттегімен емдеу - ветеринарияда.
Мал ауруларын оттегімен емдеу туралы бірінпгі өрекеттер XX ғасырдың 30-шы жылдарына хатады.
Оттегін малдың терісінің астына жіберіп емдеудің қарапайым, қауіпсіз және оңай орындауға болатыны жөнінде 1935 жылы ВАХриньков жазды. Ол оттегін басқа да дәрілермен бірге малдардың өкпе ауруларында және улануларда қолданып, жақсы нәтиже алды. Сонымен қатар, автор, шұғыл шара ретінде, ауру кенеттен пайда болып, малдың өміріне қауіп-қатер төнген кезде оттегін венаға жіберуді де ұсынды. Осы жылы Н. И. Комаров оттегінің жеткіліксіздігі пайда болатын ауруларда және организмде улы заттар шоғырланған жағдайларда оттегін венаға немесе терінің астына жіберіп емдеу керектігін жариялады. 1940 жылғы Б. А. Агранович пен В. П. Гедиминдердің еңбектеріне қарағанда малдың экспериментңі өкпе ісінулерін оттегімен емдеу арқылы ол аурудан малдардың өлімін екі есе кемітуге болатындығы дәлелденген. Авторлардың айтуынша ең қолайлы әдіс - оттегін терінің астына жіберіп емдеу.
1958 жылғы И. В. Анисимовтың қабарлауынша организмде оттегінің жеткіліксіздігі дамыған ауруларды оттегімен емдеуді дер кезінде тағайындағанда - ол дәрігердің қолындағы таптырмайтын қару. Автор оттегін дем алдыру (инголяция) және терінің астына жіберу әдістерін бірдей қолдануды ұсынды.
1959-63 жылдары В. П. Падерин жылқылардың асқынған микробронхит, альвеолярлық эмфизема және өкпенің крупозды қабыну ауруларын оттегін терінің астына жіберіл емдеген. Ауру малдарды бір жұмадай, күніне 1 рет, терінің астына 6-8 л таза оттегін жіберіп емдегеннен жақсы нәтиже алған.
XX ғасырдың 60-шы жылдарындағы Г. Х. Габидуллиннің еңбектерінде бұзаулардың бронхопневмония ауруын оттегімен дем алдыру арқылы емдегенде өкпедегі газдың алмасуының қалыптасатындығы, оттегінің сіңуі мен көмірқьппқыл газының бөлінуінің жақсаратыны, организмдегі оттегінің жеткіліксіздігінің жойылатындығы келтірілген. Автордың ойынша гипоксия құбылысын жою арқылы организмнің жалпы резистентілігін жоғарлатуға және өмірге ең қажетті ағзалардың қызметтерінің жақсаруына жағдай туғызуға болатыны туралы болжам жасалған. Сондықтан да оттегімен емдеу патогенетикалық емдеу әдісіне жатады және басқа емдеу әдістерімен кешенді түрде жүргізілуі керек делінген.
Оттегімек байытылған ортадағы дәрілердің үсақ бөлшектерімен малдарды дем алдырып емдеу әдісі - оксигенозолетерапия.
Toп малды бірден отгегімен байытылған ортадағы дәрілердің ұсақ бөлшекгерімен дем алдыру арқылы емдеу үшін ауа шығармайтын, герметикалық шатыр (үйшік, қора) болуы керек. Оның сиымдылығын есептеп шығаруға болады. Ондағы малдың саны сол сиымдылыққа тікелей байланысты (мысалы 1 бұзауға 1, 2 м куб. ауаның көлемі қажет) .
Дәрінің ұсақ бөлшектерін алу үшін арнайы генераторлар қолданылады. Біз өз тәжірибемізде САГ-1 генераторын қолдандық. Генератордағы дәріні бөлшектеуге жоғарғы қысымды оттегінің баллоны, немесе компрессор пайдаланылады. Баллондағы оттегін қолданғанда оның шығар аузындағы қысымды 3-3, 5 атмосфераға дейін төмендететін редуктор қажет. Міне осындай қажетті құралдар бар болса, онда жоғарғы қысымға арнайы шығарылған резінке түтікті редукторға, немесе бірден компрессордың шығар аузына жалгастырып, оны генератордың екі тостағаншасына косады да, белгіленген ортаға дәріні шашыратады.
Оттегімен дем алдыру арқылы емдеу әдісі.
Малдар өкпе аруларына шалдыққан кезде өкпе альвеоллаларындағы оттегінің парциалдық қысымы азаяды. Ол өкпе альвеоллаларының қабырғалары арқылы оттегінің қанға өту процесінің бұзылуына апарып соғады. Міне, организмде осындай жағдай туған кезде, өкпе альвеоллаларындағы оттегінің парциалдық қысымын қалыпты жағдайда ұстау үшін, дем алатын ауаның құрамындағы оттегінің мөлшерін көбейту керек. Мұндай ауаның қоспасын кәдцімгі атмосфералық ауаны өндірісте шығарылатын таза медициналық оттегімен байыту (араластыту) арқылы алуға болады. Ал таза оттегімен дем алдыру малдың тыныс жолдарын тітіркендіріп, жүйке жүйесінің қалыпты жүмысына зиянын тигізеді.
Егер резервуардың сиымдылығы 1000 литр деп алсақ, онда 500 л ауада 100 л (20x5) оттегі болады. Оған таза 500 л оттегін қостық. Сонда 1000 л қоспада 600 л (100+500) оттегі болды. 1-2 айлық бұзаулардың терең тыныс алу көрсеткіші 250 мл болса, оңда 1 минутга 30 рет дем алған бұзау 1 сағатта 450 л ауамен дем алады екен (250x30x60) . Олай болса біз ұсынып отырған резервуар 1 сағаттан дем алдыру үшін 2 бұзауға жетуі тиіс.
Іс жүзінде резервуардың шартысын тұрмыстағы шаң сорғыш аспабы арқылы атмосфералық ауамен толтырады да, қалған жартысын редуктор арқылы оттегінің баллонынан алынған таза оттегімен толтырады. Резервуар маддың тыныс алу жолына маска арқылы қосылады. Емдеу күніне 1 рет, үзақтығы 1 сағат. Резінке цилиндр малдың басына нығыздалып кигізіліп тұруы үшін оның ішкі жағынан айналдыра жұмсақ резінкеден қақпақша (диафрагма) желімдеп қояды. Противогаздың екі қақпақшаларының бірі тыныс алу, ал екіншісі дем шығару қызметтерін орындайды. Тыныс алу қақпақшасы резінке түтік арқылы резервуармен жалғастырылады. Екінші дем шығару қақпақшасы бос қалдырылады. Маска малдың басына екі жіңіше баулар арқылы бекітіледі. Бұл аспап арқылы демнің минуттық мөлшерін, оның құрамын анықтау үшін деммен шыққан ауаны жинап алуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz