Интерактивті тақтаның қолданыстағы артықшылықтары


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №3

Тақырыбы : Интерактивті тақтаның қолданыстағы артықшылықтары

Орындаға: Қарымсақова . Н.

Топ: П - 409 у

Тексерген: Тлеубаева А. Б.

Семей 2015 ж

Мазмұны:

  • 1 Интерактивті кешен
  • 2 Интерактивтік тақталарда қолданылатын технологиялар
  • 3 Дереккөздер

Интерактивті тақта - мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі.

Бұл білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе.

Оқыту үрдісінің басты мәселелерінің бірі, оқыту материалының қабылдау деңгейін қалай көтеруге болады, яғни түсінуді, есте сақтауды және алған білімді қолдануды жақсарту болып табылады. Ақпараттың 80 пайызын адам көру органдары, 15 пайызын есту және қалған 5 пайызын иіс, дәм сезімдері арқылы қабылдайтыны белгілі. Бірақ, тек қана қабылдау емес, ақпаратты есте сақтау туралы сөз қозғағанда қозғалыс зейінінің ролі өседі. Сондықтан сабақ уақытында оқушыларға әрдайым түсіндіріліп жатқан материалға байланысты өздеріне әрекет етуге мүмкіндік беру керек. Осы жағдайда жаңа ақпараттық технологиялар өте үлкен көмек көрсетеді, түсіндіруге және ақпаратты белсенді қабылдау үшін мультимедиялық орта беріп қана қоймай, оқушылардың осы ақпаратты оқып-үйренуге деген мотивациясын жоғарылатады. Кәзіргі кездегі білім саласында қолданатын жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі компоненттерінің бірі - электрондық интерактивті тақталар. Интерактивті тақталарды білім саласында қолдану оқыту үрдісіне жаңа сапа енгізеді, өйткені тек қана сабақты дайындауды және өткізуді жеңілдетіп қБүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта құруларды талап етуде. Педагогтарға бағдарламалау саласынан маман болу міндетті емес, өйткені оны сол мамандыққа сәйкес кәсіби дайындықтан өткен маман атқарады, алайда педагогтан бағдарламалаудан негізі түсінігі мен бағдарламашы еңбегінің мәнін түсіне білу талап етіледі. Бұл өз кезегінде түрлі кәсіптегі мамандардың өзара тікелей және шығармашылық байланыс орната отырып жұмыс істеулеріне себепші болмақ. Қоғамға қажеттісі - кәсіби іс-әрекетке функциональды дайындығы бар ғана емес, сонымен бірге шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасқан маман [1] .

Интерактивті тақта- білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйелер кешені болып табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін 1, 88 м тақта, басқаруға керекті бір-екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді.

Компьютердің VGA- портына проектор арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы бар.

Интерактивті тақта бағдарламалық-техникалық кешенін дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі-жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

Бағдарламалық-технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытуға дәріс деректерін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Дәрісті оқу барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет -ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау, тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы басқа әрекеттерді жеңіл орындай алады [4] .

Интерактивті тақта сабақтың қай түріне болса да тиімді. Ол бір мезгілде тақтаның және көрнекі құралдардың, сабаққа керекті материалдарды оқушыларға дайын түрінде көрсетуге қолданылатын жүйе.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:

Мұғалімге жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;

Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика сабақтарын әзірлеу
Информатикaны оқытудa мультимедиялық технoлoгиялар негізінде қолданбалы бағдаpламаларды құру және пайдалану әдістeмeсі
Сабақта smart технологиясын қолдану
Интерактивті тақтаның құралдары
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Интерактивті тақтаны орнату
Интерактивті тақтаның шығу тарихы
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
ЭЛЕКТРОНДЫ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz