Геоботаника жайлы


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: 1. Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері. 2. Геоботаниканың анықтамасы. 3. Геоботаниканың басқа ғылымдармен байланысы. 4. Геоботаника әдіснамасы.
Орындаған: Смагулова Л. Ж
Тобы :БЛ-409
Тексерген ; Жилкыбаева С. Д
Семей, 2015 жыл
Жоспар
- Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері.
- Геоботаниканың анықтамасы
- Геоботаниканың басқа ғылымдармен байланысы.
- Геоботаника әдіснамасы.
1 Ең алғаш геоботаникалық зерттеулер теңіз жағалауларында жүргізілді. А. Македонский 334 жыл бұрын Орталық Азия даласымен Индияның тропикалық ормандарындағы өсімдіктерді зерттеп, осы екі ауданнан жиналған материалдарды салыстырды. 1807 ж. алғаш рет Гумбольд геоботаниканы нағыз ғылым саласы ретінде қарайды да өсімдіктер географиясы туралы идеясын жарыққа шығарды. Академик П. Палластың, Гмелинаның Россияның флорасын зерттеу туралы бірнеше ғылыми еңбектері жарыққа шықты.
1972 ж. шетел ғалымы Вильденов “Основы травовведение’’деген еңбегінде биологияның 3саласын қамтыған. Олар: флоралық, экологиялық және тарихи география.
К. Вильденов пен А. Гумбольд өсімдіктер географиясын күрделі кешен деп қарастырады және 3 бөлімге бөлді: - флоралық; тарихи; экологиялық. 3 бөлім тығыз байланысты.
Белгілі бір жер көлеміндегі немесе аудандағы тіршілік ететін түрлердің орналасуын ареал дейді. Осы ареалды зерттейтін сала-флоралық география. Ареал латын тілінен аударғанда аудан дегенді білдіреді. Флоралық география 2 мәселені қарастырады:
1. Жекелеген түрлердің таралуы;
2. Өсімдіктер топтарының таралуын зерттеу.
Ареалды зерттеу жеткіліксіз. Ареалдың конфигурациясы неліктен пайда болды деген сұраққа экологиялық география жауап береді. Ареалдың ауданы сыртқы ортамен тығыз байланысты. Экологиялық география 4 бөлінеді: - аутэкология-өсімдіктердің жеке түрлерін зерттеу.
- синэкология-өсімдік топтарын зерттеу.
- Ауыл шаруашылық экологиясы.
- Фитоценология.
Фитоценология немесе геоботаника өсімдіктер қауымдастығы туралы ғылым. Зерттейтін объектісі-фитоценоз. Міндеті: фитоценоздың құрамын, құрылымын, ішкі ерекшелігін, ортасын, реттелуін, өнімділігін, дамуын, географиясын, дұрыс қолданылуын және қорғауды зерттейді.
Геоботаникалық зерттеулер барлық континенттерде және барлық елдерде жүргізілді. Бұл жұмысты жүргізуші ғалымдардың көзқарастары мен зерттеу бағыттары әр түрлі. Геоботаника, фитоценология (гр. ge - жер және ботаника) - жердің өсімдік жамылғысы, оның құрылымы, өсімдіктер бірлестігінің (фитоценоздардың) таралу заңдылығын, құрылысын, дамуын, олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым; ботаниканың бір тарауы; жер бетінде өсімдіктердің және өсімдіктер кауымдастығының таралуын және таралу зандарын зерттейтін биогеографиянын бір саласы. Геоботаника терминін 1886 жылы орыс ботанигі Ф. И. Рупрехт пен неміс ғалымы А. Гризебах ұсынған. Геоботаниканың қалыптасқан бірнеше ғылыми мектептері бар: француз-швейцарлық (Браун - Бланке), скандинавиялық (Е. Дюрие), ағылшын-американдық (Ф. Е. Клементс, И. Г. Генслей), ресейлік (В. Н. Сукачев, В. В. Алехин) . Геоботаниканың нысанына фитоценоз бен оны түзетін өсімдік жамылғысы жатады. Жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында калыптасты. Геоботаника физикалық географиямен, гидрологиямен, геоморфологиямен, климатологиямен, топырақтанумен және тағы да басқалары ғылымдармен тығыз байланысты. "Геоботаника" терминін алғаш рет неміс ғалымы А. Гризебах ұсынды (1866) .
Қазақстанда жүйелі түрде геоботаникалық зерттеулер 1932 жылы бұрынғы КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасының ботаникалық секторы ұйымдастырылған соң, кейін 1946 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ботаникалық институты (қазіргі Ботаникалық және фитоинтродукция институты) құрылғаннан кейін кең көлемде жүргізіле бастады.
Қазір республикада геоботаника саласында: өсімдіктер бірлестіктерінің құрылысы мен бөлінуінің заңдылығын зерттейтін - морфологиялық; олардың қоршаған орта мен байланысын анықтайтын - экологиялық; жер бетіндегі өсімдіктер түріне қарап, жер асты суын, топырақтың тұздылығын, жер бетіне жақын кен байлықтарын анықтайтын - көрсеткіштік (индикациялық) ; жер бетіне таралу заңдылығын ашатын - географиялық және жалпы салалық бағыттар белгілі. 1951 - 52 жылдары Каспий маңы геоботаникалық экспедициясы Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы шөл және шөлейт жерлердегі жайылым өсімдіктерін зерттеп, картаға түсірді (Б. А. Быков) . 1963 - 65 жылдары Павлодар облысының аумағы картаға түсірілді (С. А. Арыстанғалиев, И. О. Байтулин, Ө. Қ. Қисықов) . Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде өсімдік топтарының құрамы мен құрылысы, аймақтық ерекшеліктері, олардың жайылым мен шабындықтардағы маусымдық динамикасы, биол. өнімділігі, жайылым-шабындықтардағы жемшөптік, өсімдік түрлерінің антропогендік ауысулары анықталды (Н. В. Павлов, Е. А. Ақелеуов, Байтулин) . Қазақстанда геоботаникалық зерттеулер мен Қазақстан ғылым академиясының Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институты, республикадағы жоғары оқу орындарының тиісті кафедралары шұғылданады.
Геоботниканың мақсаты өсімдік қауымдарының олардың табиғат және адам әрекеттеріне байланысты факторладрың әсерінен белгілі уақыт аралығында кеңістіктегі өзгеруін зерттеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz