Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

“Техникалық физика және жылуэнергетика” кафедрасы

“ Инженерлік экология” пәнінен

СӨЖ

Тақырыбы: “Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу”

:
Орындаған: Куатов Е. СОқу тобы: ТЭ-215Тексерген: аға оқытушы Сейсенбаева М. К.:

Орындаған: Куатов Е. С

Оқу тобы: ТЭ-215

Тексерген: аға оқытушы Сейсенбаева М. К.

Семей

2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Ылғалды ауа көрсеткіштері . . . 4

2 Ауаның ластануы себептеріне түсінік . . . 5

3 Ауаны зиянды заттардан тазалау . . . 6

4 Ауа қозғалысының жылдамдығы . . . 7

Қорытынды . . . 8

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 9

Кіріспе

Ылғалды ауадағы будың температурасы қанығу температурасынан артық болуы мүмкін. Сірә, бұл жағдайда бу қызған жағдайда болады. Мұндай қоспа құрғақ ауа мен қызған будан тұруын қаныққан ылғалды ауа деп атайды. Егер қоспа температурасы оның парциалды қысымы кезіндегі сулы будың қанығу температурасына сәйкес болса, бу қоспаның қаныққан жағдайында болады. Бұл қаныққан ылғалды ауа. Мұнда будың парциалды қысым қанығу қысымына сәйкес келеді. Бөлменің ауасын жаңарту үшін сыру-сығындының вентиляция жүйесі пайдаланылады. Бөлмедегі ауа температурасын формула бойынша анықтаймыз.

Ультракүлгін сәуле әсері қоршаған орта аумағының оң температурасы кезінде жоғарылайды. Төмен температура кезінде (-5 0 С және одан төмен) микроорганизмдердің өлу эффектісі сәулеленуде мүлде өзгермейді. Сондықтан төмен температурада қоршаған орта ауасына сәулеленуді қолданудың қажеті болмайды. Ашық аумақта ультракүлгін сәулелену төменгі және жоғарғы температурада да жақсы әсер етеді.

Қоршаған ортаның, соның ішінде атмосфералық ауаның ластануы адам денсаулығына қауіп тудыратыны бұрыннан белгілі. Осындай пайымдаудың негіздемесі, біріншіден жағымсыз иістерге, бас ауруына, жалпы жаман көңіл - күй және басқа жайсыздық жағдайларда тұратын қалалық халықтың көптеген шағымдары болып табылады.

1 Ылғалды ауа көрсеткіштері

Ылғалды ауалар- булы- газды қоспалар түрінде болады. Оларды әртүрлі практикалық жағдайында құрғатуға, жылытуға, жеодетуге және машиналар мен механизмдердің жұмыстық денесі ретінде қолданады. Ол және де басқа да газды қоспалар үшін суммалы парциалды қысым құраушы қоспасы, қысым қоспалары теңдігі туралы қатынасы, яғни

Р қ. а б (1)

Ылғалды ауадағы будың температурасы қанығу температурасынан артық болуы мүмкін. Сірә, бұл жағдайда бу қызған жағдайда болады. Мұндай қоспа құрғақ ауа мен қызған будан тұруын қаныққан ылғалды ауа деп атайды. Егер қоспа температурасы оның парциалды қысымы кезіндегі сулы будың қанығу температурасына сәйкес болса, бу қоспаның қаныққан жағдайында болады. Бұл қаныққан ылғалды ауа. Мұнда будың парциалды қысым қанығу қысымына сәйкес келеді. Сулы бу ылғалды ауадағы оны салқындату кезінде жоғарғы температурада болмайды да, қанығу температурасынан кем болады, оның парциалды қысымына сәйкес келеді, өйткені суға айналады және ауа құрамына бөлінеді.

Ылғалды ауамен судың булануы. Суды ыстық ауамен буландыру арқылы материалдарды кептіру процессі жиі кездеседі. Кептірілген заттардың буланушы ылғалын ауа райына сіңіреді. Сонымен, ылғал сақтау артады, құрғақ ауа саны өзгеріссіз қалады. Ең қарапайым жағдайда ылғалды ауаның тұрақты қысымы жағдайындағы судың булануы сыртқы ортамен жылу алмасуы болмайтын болса және судың бастапқы энтальпиясы ( t 0 =0) нөлге тең болса, онда ылғалды ауаның меншікті энтальпиясы ылғал сақтауын, оның артуынан тұрақтылығын сақтайды. Бұдан шығатыны судың булануы жұмсалатын ауа жылулығы буланған сумен ауаға қайтып келеді. Жалғасуы ауада болатын будың шықтануына байланысты құрғатылатын материалдарға ылғалдың қайтып келуі шекті болады. Қарастырылғын бұл жағдайды адиабатты булану деп атайды.

Буланатын судың t 0 >0 температурасы кезіндегі ылғалды ауаның энтальпиясы судығ бастапқы энтальпиясына сәйкес, ауаға қайтып келтін көп санды мөлшерлі жылулық нәтижесінде тұрақты болуы сақталмайды.

2 Ауаның ластануы себептеріне түсінік

Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25, 5 млрд. тонна көміртегі заттар бөлінеді. Ең таза ауа мұхит бетінде. Ауылды жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит бетімен салыстырғанда 10 есе, кішігірім қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар үстінен қара тұманды байқауға болады. Мұнда шаңды қоспалар мұхитпен салыстырғанда 200 еседен аса көп. Лас ауа ірі қалаларда 1, 5-2 км биіктікке дейін созылады. Бұл лас тұман жазда күн сәулесінің 20 %, ал қыстың күні онсыз да күн сәулесі аз болғандықтан жартысын автокөліктерден бөлінетін заттар. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, атмосфераға бөледі. Автокөліктерден бөлінетін газдар - 200-дей заттардың қоспалары. Мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады. Транспорт моторы жай айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді. Таза ауаны ластауды тоқтату мақсатымен 2005 жылдың қаңтарынан бастап Канада технологиясымен жаңа күкірт қышқыл цехын салу жұмысы басталды. 2008 жылдың бірінші жартысында құрылыс бітіп, 7 маусымнан бастап күкірт диоксиді залалсыздандырылып, одан күкірт қышқылы өндіріле бастады. Қоршаған ортаны мониторингілеу зертханасының көрсеткіштері бойынша атмосфералық ауаның біршама тазарған.

Қоршаған ортаның, соның ішінде атмосфералық ауаның ластануы адам денсаулығына қауіп тудыратыны бұрыннан белгілі. Осындай пайымдаудың негіздемесі, біріншіден жағымсыз иістерге, бас ауруына, жалпы жаман көңіл - күй және басқа жайсыздық жағдайларда тұратын қалалық халықтың көптеген шағымдары болып табылады. Бүгінгі күні кез-келген өнеркәсіп қаласының тұрғындары ластанған атмосфера ауасынан толық көлемде қорғана алмайды. Әсіресе, адамға ауаның ластануы, метеорологиялық жағдайда ауаның қала үстінде тұрып қалуына мүмкіндік туғызатын кезде ғана әсер етеді. Өнеркәсіптік қаланың атмосфералық ауасының басым ластауыштары: азот диоксидi, күкiрт диоксидi, көмiртегi тотығы, ауыр металдар, салынды заттар болып табылады. Атмосфералық ауаның әр түрлі химиялық заттармен ластануына оның құрамына байланысты халық денсаулығына әр түрлі әсерін тигізеді. Ауаның жалпы ластануы кезінде олардың жоғары шоғырлануы жіті улануға әкеп соғуы мүмкін. Ластанған ауа негізінен тыныс алу жолдарын бұзады, бронхит, аллергиялық демікпе тудырады, суық тию, бас ауруына әкеледі.

3 Ауаны зиянды заттардан тазалау

Өндірісті тексеру, технологиялық процестерді, құрал-жабдықтарды, шикізаттарды, оларды тасымалдау мен өндеу жұмыстарынан басталады. Осы кезеңнің өзінде-ақ шаң-тозандардың химиялық құрамын байқауға болады. Бірақ шикі-заттар әртүрлі өңдеу сатысына түскенде одан пайда болатын шаңдар да өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда, гигиеналық көзқарас бойынша анықтауға тура келеді. Мысалы, тозаңдағы кремний қос тотығының ( SiO 2 ) ауадағы тозаңмен қосындысының құрамдарын анықтау.

Шикі затты технологиялық өңдеу кезінде ол қандай термомеханикалық, не басқа жолдармен өнделеді, осындай өндеу кезінде ауаға қандай азрозолдар тарайды, оның бәріне назар аударып, анықтап отыру керек. Сонымен қатар, технологиялық өндеу үзіліссіз бе, жоқ әлде үзіліспен бе, оған қосымша қолмен атқарылатын жұмыс бар ма? Бар болса оның адамға әсері қандай, бұғанды көңіл аудару керек. Тағы да, ауаға шаң толассыз тарап тұрама, жоқ әлде белгілі бір технологиялық процесстердің, не зерттеу үшін шөкім (проба) алу кезінде тарайма, не жұмысшылардың кезек алмасу кездерінде ауа тозаңданама, міне осының бәрі есепке алынады.

Адамдарының жұмыс істеу зонасындағы (деңгейіндегі) шандарды анықтау үшін, жұмысқа жақын манайдағы ауадан 1, 6 м биіктіктегі деңгейден, ауаның пробасын алады. Шанның ауадағы тарау шамасын байқау үшін, пробаны әртүрлі бейтарап көністіктерден де (жұмыс орынынан 1- 5 м шамасындағы көңістіктерден әрлі-берлі өтіп жатқан прохоттардан да алады. Проба алған кезде міндетті түрде сол орындағы ауаның температурасын, атқарылып жатқан жұмыстың қимылын, түрін, проба алу мезгілі қай уақытта болады, қанша уақытқа созылды, қандай жылдамдықпен ауа сорғызылды, бәрін жазып алу қажет.

Шаңды зерттеп анықтаған кезде 1 м 3 ауада қанша мг шаң- тозаң барын анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаң барын анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаңды анықтаудың екі тәсілі белгілі. Біріншісі, шаңды алдын ала сүзгімен ұстап, жинау, одан кейін аналетикалық таразыға салып өлшеу яғни 1м 3 ауадағы тозаңнын салмақ мөлшерін анықтау (мг/м 3 ) . Бұл тәсілді орысша весовой деп атайды, яғни, салмақ мөлшерімен.

Екінші тәсіл - оптикалық әдіс, яғни шаңды алдын ала сүзгіге жинамай-ақ арнаулы оптикалық құралмен 1 м 3 ауадағы тозаңнын санын есептеп шығару.

Біздің елімізде ең кең тараған әдіс - салмақ әдісі (фильтрация) . Осы тәсілмен жұмыс орындарындағы ауаның шаң-тозаңын анықтаса жеткілікті.

4 Ауа қозғалысының жылдамдығы

Әдіс негізінен ауаны аспиратор құралының көмегімен сүзгі арқылы сорғытып, ауадағы тозанды сүзгіде ұстауға негізделген. Сүзгіні ауа сорғызғанға дейін және одан соң аналитикалық таразыға салып, тартып, өлшеп, айырмасын, яғни шаңның салмағын тауып, оны 1 м 3 ауада қанша болатынын арнайы формула арқылы есептеп шығарады да, санитарлық нормамен салыстырып, тиісті қорытынды шығарады.

Зерттеу мақсаты жұмыс орнының әрбір орнынан ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеуге байланысты. Ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу үшін анемометр мен кататермометр аспаптары қолданылады. Анемометрдің қандай түрін алып өлшеу ауа қозғалысының жылдамдық мәніне байланысты.

Анемометрдің конструкциясы ауаның қозғалу жылдамдығын әр түрлі шекте өлшеуге мүмкіндік береді: қанатты анемометр - 1-10 м/с, тостаған - 1-30 м/с, электроанемометр - 0-5 м/с, ал кататермометр - 1-1, 5 м/с.

Кататермометр - спирт қойылған термометр шкаласы. Ол 33 0 С-ден 40 0 С-ға дейін ±3 % дәлдікпен анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу туралы ақпарат
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу жайлы мәлімет
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу жайлы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергияны үнемдеу бағдарламасы
Газ өнеркәсібінде энергияны үнемдеу жайлы ақпарат
Кәсіпорынның энергетикалық балансына шығындарды жіктеу
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУДИТ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ
Тұрмыстағы энергия үнемдеу технологиялары
Энергияны үнемдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz