Жердің агроэкологиялық топтары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.
БӨЖ
Тақырыбы: Жердің агроэкологиялық топтары
Орындаған:Абзалова Т
Тексерген: Сагандыков С. Н
Тобы:АГ- 213
Семей 2015
Жоспар
I Кіріспе
Агроэкология туралы жалпы түсінік
II Негізгі бөлім
2. 1. Жердің агроэкологиялық топтары
2. 2. Эрозиялық жерлер және олардың түрлері
2. 3. Литогенді жерлер
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Агроэкология туралы жалпы түсінік
Ауыл шаруашылық экологиясы, агроэкология ( грекше agros -дала, oikos -үй, тұрақжай және logos -ілім ) -қолданбалы экологияның бір бөлігі болып табылады.
Агроэкология - абиотикалық және биотикалық факторлардың мәдени өсімдіктердің өнімділігіне әсерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы егістіктерінде тіршілік ететін организмдер қауымдастығының құрылымы мен өзгеруін зерттейтін қолданбалы экологияның бөлімі. Агроэкологияның негізін В. Тишлер 1965 жылы жасады.
Дала экожүйесінің абиотикалық құрауыштарына күн сәулесі, жауын-шашың, минералды қоректік элементтер, ал биотикалық құрауыштарына продуценттер, консументтер және редуценттер жатады. Бұл факторлардың өзара қатынасы қауымдастықтың тіршілікке икемділігін сақтай отырып, қоршаған орта жағдайларының өзгерісіне бейімделуіне себебін тигізеді. Белгілі бір биотоптағы өсімдік түрлерінің санын азайтқанда, яғни ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргенде барлық қоректік деңгейдегі түрлер саны азаяды. Мұндай қауымдастықта кейбір өсімдік қоректі жануарлар түрлерінің көбеюі, оларды жыртқыш аңдардың дұрыс реттей алмауынан күрт өсіп, Агроэкологияның тұрақтылығының бұзылуына әкеп соқтырады. Биоценол принциптерді қолдану арқылы Агроэкологияның мәдени өсімдіктердің өнімділігін молайту мақсатымен ауыл шаруашылығының жаңа технологияларын жасау көзделуде. Бұған ең бірінші, жер суғарудың су сақтайтын технологиясы, өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістері, аралас егіншілік және тағы басқаларын да жатқызуға болады.
.
Жердің агроэкологиялық топтары
Жердің агроэколоиялық топтары олардың сыртқы факторларға төзімділігі (эрозия, тұздану, кеуіп кету, ылғалдылықтың мөлшерден тыс болуы, литогенез), ауыл шаруашылығында қолданылуына байланысты ерекшеленеді. Осы факторлармен қатар ландшафттың экологиялық жағдайларға төзімділігі және агроэкологиялық көлемділігі маңызды рөл атқарады. Жер топтарының агроландшафтағы деңгейін, оның жүйелік байланыстарын білдіретінін айта кеткен дұрыс. Оның қарапайым топырақтан негізігі айырмашылықтары ландшафттық жүйе жағынан ерекшеленеді. Топырақтың агроэкологиялық топтарын құрастыру барысында бейімді ландшафтық егіншілік жүйесі агроландшафтың өндірістік функцияларын оның элементтерін және экологиялық факторларының әсерінен өзгеріске ұшырауын ескереді. Мысалға алатын болсақ, егіншілік жүйесінде ылғалдылығы шамадан тыс егіс алқаптарында оның агроландшафттық ерекшелігін, кеуіп кету уақытын болжай отырып топ құрады. Сонымен қатар егіншілік жүйесі тұздылығы жоғары топырақтың одан әрі көп мөлшерде тұзданып кетуінің қаупін алдын ала болжап, агротехникалық шаралар қолданады. Эрозиялық ландшафттың жүйесін жобалағанда топырақтың қатты, сұйық, геохимиялық құрамы, қарқынды су ағысы бірінші болып ескеріліп тұрады.
Ландшафттың күрделілігіне байланысты оның құрамындағы элементтердің геохимиялық және басқа бағыттардағы байланысы да күрделене түседі. Жоспарда болмаған өзгерістердің нәтижесі экологиялық тұрақсыздыққа әкеліп соғады. Мұндай жағдайға: орман жамылғысындағы су көздерінің жабылуы, су қоймаларының дұрыс орналаспауы, орман егістерінің дұрыс аудандастырылмауы және тағы басқа жатады. Агроэкологиялық топтарды бөлу барысында ландшафттық картографияға, бейімді ландшафттық егіншілік жүйесінің ландшафттық элементтермен байланысын, олардың бағыттарын негізге ала отырып қарастыруға болады.
Тұрақты агроландшафтқа басқа да ландшафттарға сай қасиеттер жатады. Мұндай құрамға егіс айналымында арнайы өндірістік алқап беріліп, арнайы агротехникалық шаралар белгіленеді (эрозияның алдын алу, мелиоративті, т. б) . Жердің ландшафты экологиялық классификациясын негізге ала отырып, агроэкологиялық топтар құрылады.
Жазық жерлер өзінің базалық деңгейі мен, аймақтық жағдайларды толық көрсете білу қасиетімен ерекщеленеді. Ол бейімді ландшафттық егіншілік жүйесін құруда алғы шарт болып табылады. Мұндай жерлерде ең алғаш ауыл шаруашылық аймақтары белгіленген. Өзіндік ауыл шаруашылық дақылдары мен агротехникасы бар дәстүрлі егіншілік жүйесі қалыптасқан болатын.
Эрозиялық жерлер және олардың түрлері
Эрозиялық жерлер ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Оның құрамына топырақ жамылғысының шайылып кеткен бөліктері бар бірнеше агроэкологиялық топтар кіреді. Беткі ағысқа байланысты судың таралуына сипаттама беріледі. Су ағысының қатаюы нәтижесінде топырақта су эрозиясы болады, ол егіншілікке өте көп зиян келтіреді. Су жетіспеушілігінің нәтижесінде топырақ құрғақшылыққа ұшырап, рельеф құрамы бұзылып, алқаптың кеуіп кету қаупі артады. Алқап құрамының өзгеруі әрбір экологиялық жағдайға байланысты көп көңіл бөлуді талап етеді. Осындай алқаптардың әртүрлі деңгейде эрозияға ұшырауына байланысты бірнеше эрозиялық жер топтарына бөлуге болады. Бұл топтарды құру кезінде оның табиғи зоналық орналасу ерекшелігі, геоморфологиялық жағдайы ескеріледі.
1. Әлсіз эрозиялық жерлер: жазықтардың қатпарлылығы 0, 5-1, 0 км/км² аспайтын топырақ қабаттары жатады. Топырақ жамылғысының шайылуы әлсіз деңгейде болады.
2. Орташа эрозиялық жерлер: топырақ жамылғысынң шайылуы орташа деңгейде жүреді. Тальвегтер арасы 1, 0-0, 5 км. Демек, эрозияға ұшырау деңгейінің коэффициенті 1, 0-2, 0 км/км².
3. Жоғарғы эрозиялық жерлер: топырақ жамылғысы өте жоғарғы деңгейде зақымдалған, шайылып кету мөлшері өте жоғары. Ландшафтық бұзылу коэффициенті 3, 0 км/км².
4. Шамадан тыс ылғалдандырылған жерлер: бұл өте ауқымды деңгей, экологиялық жағынан ауыл шаруашылық дақылдарының белгілі аймақтарда өсірілуіне жағдай жасау мақсатында топырақтың ылғалдануымен күрес жұмыстарын жүргізу. Гидроморфиздің белгілерінің болуы топырақтың барлық дақылдарға жарамсыздығын білдірмейді. Демек, ылғалдылығы шамадан тыс жерлер әрбір дақылдың ерекшелігіне байланысты пайдалануға беріледі. Аса қатты ылғалданбаған жерлерді қалыпқа келтіру мақсатында топырақты тереңнен жырту шаралары жүргізіледі, микрорельефті жоспарлау жұмыстары атқарылады. Жеміс көкөніс дақылдарын егу мақсатында ғана жерді кептіру жұмыстары жүргізіледі.
5. Орташа ылғалданған жерлер: мұндай жерлерге дала дақылдары егіледі. Қарапайым агротехникалық шаралар жүргізіледі.
6. Аса қатты ылғалданған жерлер: мұндай жерлерге арнайы құрылған гидротехникалық мелиорациялық шаралар жүргізіледі.
Литогенді жерлер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz