Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Дж. М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері.
Орындаған : Сейтова Н.
Тобы : ВС -403.
Тексерген : Қуантқан Б.
Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 ) Джон Мейнард Кейнстің экономикалық тақырыптағы мақаласы.
2 ) Джон Мейнард Кейнстің экономикалық ілімі және мемлекеттік реттеу тәжірибесі.
3 ) «Кейнс үлгісі» .
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Джон Мейнард Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелерін қарастыру. Экономикалық дамудың факторлары мен теориясын мемлекеттік реттеуде жолға қою.
Дж. М. Кейнстің экономикалық ілімі.
Джон Мейнард Кейнс ( 1883 - 1946 ) - көрнекті ғалым, ірі экономист. Ол Кембридж мектебінің негізін салушы, әйгілі ғалым. А. Маршаллдың ілімін жалғастырушылардың бірі.
1906 - 1908 ж. ж. министрлік қызметкері болды. Алғашқы жылында әскери бөлімде, кейіннен сауда, статистика және табыс басқарма бөлімінде қызметтер атқарды.
1908 жылы А. Маршаллдың шақыртуымен ол Корольдік колледжінде экономикалық мәселелер жайында дәріс оқу мүмкіндігіне ие болды. Кейінірек, яғни 1909 - 1915 ж. ж. экономист әрі математик ретінде тұрақты түрде оқытушылық жұмыспен айналысты.
Дж. М. Кейнстің экономикалық тақырыптағы тырнақалды мақаласы 1909 жылы «Индекстік әдіс» деген атпен алғаш рет жарияланды.
Дж. М. Кейнстің «реттелетін капитализм» немесе «жұмыспен қамту» теориясына негізделген мемлекеттік реттеу тәжірибесі 30 - жылдары жолға қойыла бастады да, II дүниежүзілік соғыс кезінде тоқырауда болды. Батыс елдерінің көпшілігі өткен ғасырдың 70 жылдарының соңына дейін экономикалық саясатта бұл теорияны қызу қолдап келді. Кейнстің пайымдаулары, әсіресе АҚШ пен Англияның мемлекеттік реттеу шаралары жүйесінде толығырақ жүзеге асты. Кейнс тұжырымдамаларының мәні мен бағдарын жете түсіну үшін бұл теорияның пайда болуының тарихи жағдайларына шолу жасайық. Кейнстің бұл бағыттағы басты ғылыми еңбегі «Жұмыспен қамтудың, прцент пен ақшаның жалпы теориясы» деген атпен 1936 жылы жарық көрді. Бұған дейін Батыс елдерінің экономикасы өз тарихындағы ең ауыр экономикалық дағдарысты ( 1929 - 1933ж. ж. ) басынан өткерді. Бұл жай ғана кездейсоқ өнеркәсіптік дағдарыс емес, жалпы монополиялық ұдайы өндіріс механизмінің тоқырауы еді. Кейнстің тұжырымдамасы бойынша экономика өзін - өзі реттеу мен тұрақты даму қабілетін белгілі бір жағдайларда жоғалта бастайды. Сол себепті, қоғамдық ұдайы өндірістің терең қайшылықтарсыз, серпінді дамуын қамтамасыз ететін әдіс - тәсілдерді іздеудің нақты қажеттілігі туындады.
Экономиканың дамуын қамтамасыз ететін фактор ретінде Кейнс «тиімді сұраныс» жағдайын тұтыну ( жеке тұтыну ) мен қаржыландыру ( өнімді тұтыну ) қатынастарын алып қарастырады. Экономикалық дамудың серпінділігіне әсер ететін бұл факторларды таңдау кездейсоқ емес еді. 30 жылдардың ортасында Батыс елдерінің экономикасы ұзаққа созылған дағдарыстан шыға бастады. Ал капиталистік өндірістік дағдарыс, яғни ұсыныстың сұраныстан артуы жағдайында «ұсыныс өздігінен сұранысты тудырады» деген Ж. Б. Сэйдің заңын сынай отырып, Кейнс «үздіксіз дамуды қамтамасыз ету үшін сұранысты ынталандыру, тиімді сұраныс пен ұлттық табыстың өсімін қалыптастыратын факторларға әсер ету қажет» деген логикалық тұжырымға келді. Жалпы табыстың өсуін тұтыну шығындарының маңызды анықтаушы факторы деп қарастырып, Кейнс сонымен қатар мынаны атап көрсетті : табыстың өсуі тұтыну деңгейін арттырады, бірақ ол айтарлықтай мөлшерде болмайды. Бұл «негізгі психологиялық заңның» әрекетіне байланысты. Оның мәні - адамдар тұтынуды арттырудан гөрі өз табыстарын арттыруға бейім, яғни адамдардың қор жинауға табиғи бейімділігі анық көрінеді деген тұжырымдама. Әлеуметтік факторлардың ішінен абсолютті «табиғи бейімділікті» дәріптеу - оның ғылыми принциптерінің басты кемшілігі. Кейнс нақтылы өмірде кездесетін заңдылықтарды өзінше пайымдайды. Бұл заңдылықтың мәні - ұлттық табыс көлемі неғұрлым жоғарыласа, ондағы тұтынудың үлесі салыстырмалы төмендейді. Бұл құбылыс экономикалық өсудің экстенсивті типі басым кезеңдерде және өнеркәсіптің негізгі салаларының қалыптасуы жағдайларына тән. Кейнстің пікірінше, неғұрлым байыған сайын, соғұрлым қор жинауға бейімділік соғұрлым артады және сол шамада шекті тұтыну бейімділігі кемиді. Нәтижесінде өндірілетін өнім көлемі мен іске толық тартылу шектеледі.
Дж. М. Кейнстің негізгі мақсаты іс - әрекетті мемлекеттік реттеу болса да, ол жұмыссыздықтың толық жойылуын қаламады. Керісінше, оны төмен деңгейде болса да сақтауды ұсынады. Кейнстің пікірі бойынша, жұмыссыздықты жою ақшалай еңбек ақының артуын туғызып, кәсіпкерлердің пайдасын азайту арқылы қаржыландыру сұранысын азайтады. Жұмыссыздықтың болуы жалақыны «шектеу» саясатын жүзеге асырып, «тиімді сұраныс» жағдайын қамтамасыз етуі тиіс. Сол себепті, Кейнс үшін толық жұмыспен қамтылу түпкі мақсат емес, тек «тиімді сұранысқа» жетудің құралы болып табылады және де ол кәсіпкерлік табысқа тәуелді жағдайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz