Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы. Бруцеллезді серологиялық анықтау



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Микробтық антигендер және олардың құрылымы
2.2 Патогендік қасиеті бар бактерияларды табу
2.3 Бруцеллезді серологиялық анықтау
ІІІ. Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе Патогендік микроорганизмдер — жұқпалы ауруларды қоздырушы—көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класьша бөлінеді .
Бактериялар — формалары мен мөлшерлері әр тұрлі дара шаршылы микроорганизмдер . Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шырарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекщіялау заттары және жоғары температура і+бО^С биік) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және -25°С дейін мұздауды еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабіпетті. Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада өз дамуына қолайлы жағдайда болса, адамдар (жануарлар) организміне қарсы аса жоғары улылыққа ие болатын және ауыр, жиі өлімге әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін жасайды. Бұл улағыш өнімдердің өміршеңдігі микробты токсиндер атауына ие болды.
1. Иммунология.., А.Қ.Бұлашев. Астана,1998
2. Малдың жұқпалы ауруларын бактериологиялық балау.., Кіркімбаева Ж.С., Орынтаев Қ.Б
3. Омарбеков Е.О.Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары. Семей,2001
4. Толысбаев Б.Т, Шоқанов Н, Булашев А, Бияшев Қ, Мал дәрігерлік микробиология. Алматы,1999
5. Сайдулдин Т.С Ветеринариялық індеттану,1-2 кітап.Алматы,2000

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы
Бруцеллезді серологиялық анықтау.

Орындаған: Амиргалина Ж.К
Тексерген: Нуркенова.М.К

Семей 2015жыл

ЖОСПАР:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Микробтық антигендер және олардың құрылымы
2.2 Патогендік қасиеті бар бактерияларды табу
2.3 Бруцеллезді серологиялық анықтау
ІІІ. Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер

І. Кіріспе Патогендік микроорганизмдер -- жұқпалы ауруларды қоздырушы -- көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класьша бөлінеді .
Бактериялар -- формалары мен мөлшерлері әр тұрлі дара шаршылы микроорганизмдер . Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шырарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекщіялау заттары және жоғары температура і+бО^С биік) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және -25°С дейін мұздауды еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабіпетті. Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада өз дамуына қолайлы жағдайда болса, адамдар (жануарлар) организміне қарсы аса жоғары улылыққа ие болатын және ауыр, жиі өлімге әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін жасайды. Бұл улағыш өнімдердің өміршеңдігі микробты токсиндер атауына ие болды.
Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.

ІІ. Негізгі бөлім
Микробтық антигендер. Микроорганизмдер тұқым немесе түр шеңберінде өздерінің антигендік құрылымы бойынша бір - бірінен ерекшеленеді. Микробтардың антигендік құрылысы оларды жіктеу немесе бір - бірінен ажырату жұмыстарында қолданылады. Зардапты микроорганизмдердің антигендік құрылысы өте күрделі болып келеді. Олардың цитоплазмасынан, қабығынан, капсулаларынан, қылшаларынан көптеген антигендерді ажыратып алуға болады.
Бактериялардың үстіңгі құрылымдары антигендерге өте бай келеді. Жасушада орналасуына байланысты антигендер бірнеше топқа бөлінеді.
Капсула антигендері немесе К - антигендер - микроб жасушасының ең сыртқы тұрақты құрылымы. Химиялық құрылысы жағынан олар полисахаридтер немесе полипептидтер. Антигендік тұрғыдан алғанда капсула полисахаридтері әрқашан біркелкі болып келмейді. Мысалы, пневмания стрептококкгы тудыратын ауруды анықтау тәсілдеріне және оның алдын алу шараларында кеңінен қолданылып жүрген осы қоздырғыштың 80 - нен аса серологиялық варианттары бар. Біркелкі К - антигендер қатарына энтеробактериялардың, бруцеллалардың, франциселлалардың полисахариді Vi антигендерін; ерсиниялардың белокты - полисахаридті V- W антигендерін; А - тобындағы стрептококктардың М - протеинін, стафилококктардың А - протеинін және ішек таяқшасының К - 88, К- 99 белок тектес антигендерін жатқызуға болады. Микробтардың корд - факторын, топалаң қоздырғыштарының полипептидті капсуласын да К - антигендердің қатарына қосуға болады, бірақ бұл антигендер белгілі бір жағдайларда ғана түзіледі.
Соматикалық антигендер - грам - теріс бактериялардың қабырғасындағы липополисахаридтердің бүйірін бойлай орналасып, жасушалардың бетіне шығып тұратын аолисахаридтердің тізбектері. Бұл тізбектер іс жүзінде бактериялардың детерминанталары болып табылады. Кейінгілердің ұқсастықтарына қарай сальмонеллалар мен эшерихиялар О - топтарға біріктірілген. К - антигендер әдетте соматикалық антигендерді қалқандап тұрады, сондықтан о - антигендерді анықтау үшін зерттеуге алынған бактерияларды алдын ала температуралық өңдеуден өткізу керек.
Н - антигендер. Жылжымалы қасиеті бар бактериялардың Н - антигендері немесе қылша антигендері болады. Қылшалар ыстыққа төзімсіз белокты кешеннен құралады. Грам теріс бактериялардың толық антигендік формуласы О : Н : К тізбегі түрінде жазылады. Микроб өсіндісінің антигендік құрылымының анықтау мақсатында агглютинирлеуші монорецепторлы диагностикалық қан сарсуларының жиынтығы қолданылады.
Шартты патогендік қасиеті бар бактерияларды табу және оларды ажырату. Тамақ арқылы тарайтын уытты індет қоздырушылары организмде, сыртқы ортада көптеп кездеседі. Бұл бактериялар белгілі бір жағдайда ғана ауру туғызады. Сондықтан бұларды шартты ауру тудырушылар деп те атайды. Бұл топқа протей және ішек таяқшасын жатқызады.
Ішек таяқшасы қазіргі жіктелуі бойынша Escherihia туыстығына жатады. Бұл микробтардың бір ғана түрі бар деп есептелінеді, ол E.Coli немесе ішек таяқшасы. Бірақ олардың бір - бірінен серологиялық қасиеттерімен ажыратылатын көптеген типтері болуы мүмкін. Ішек таяқшасының О, К және Н үш антигені бар. О - соматикалық антиген, температураға тұрақты, К- қабықты олар (L,A) және В антигендер болып бөлінеді. Ал Н антигенді жіпшелер антигені температураға тұрақсыз, көбінесе белоктан тұрады. Ішек таяқшалары ішінен, ауру тудыратын, шартты ауру тудыратын және адамға пайдалы серотиптері кездеседі. Пайдалы ішек таяқшалары В және К витаминдерін өңдіруге қатысады, сонымен қатар бұл бактериялар іш ауру, жамандат, ж.б. қоздырушыларының, өсуіне кедергі жасайтын қасиеті бар. Ішек таяқшаларының биохимиялық қасиеттері жоғары. Олар лактозаны, глюкозаны, маннитті, малтозаны, декстрозаны, галактозаны және ксилозаны ыдыратады, желатинді сұйылтады, нитраттан нитрит түзеді, көпшілігі индол түзеді. Ішек таяқшаларын бөлу үшін Эндо, Плоскирев, Левин коректік орталары пайдалынады. Эндо агарында E.Coli жалтыраған қызыл түсті шоғырлар түзеді және ортаның да түсін өзгертеді. Левин агарында олар қара көкшіл, ал Плоскирев агарында қоңыр қызыл шоғыр түрінде өседі. Жұғындыда Грам әдісімен боялмайтын, таяқшаның болуы, ал коректік орталарда шоғырлардың болуы және олардың мочевинаны ыдыратпауы, күкіртті сутек түзбеуі, индол түзілуі етте ішек таяқшасының бар екендігін көрсетеді.
Proteus туыстасына жататын бактериялар жылдам қозғалатын, Грам әдісімен боялмайтын таяқша. Биохимиялық қасиеттеріне байланысты Protei тобын бірнеше түрге бөледі: Pr. vulqaris, Pr. nirabilis, Pr.morqani, Pr.rettqeri. Ал Кауфман және Перч антигеннің құрылымына қарай, олардың бірнеше серотиптерін ажыратады. Протейдің негізгі ерекшеліктеріне олардың барлық түрлерінің мочевинаны ыдырату қасиеті жатады. Олар желатинаны да сұйылтады, ал лактозаны, маннитті ыдыратпайды. Индол, сутекті күкіртті түзуі өзгеріп отырады..Қатты қоректік ортада протей жайылып өскен шоғыр түрінде кездеседі. Бірақ, кейде, орта көлемде мөлдір ортасы қызғылт болып келетін қозғалмайтын түрі де кездеседі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бруцеллезді серологиялық анықтау. Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы Бруцеллезді серологиялық анықтау жайлы ақпарат
Патогенді бактериялардың антигендік құрылымы
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы жайлы
Бруцеллезді серологиялық анықтау
Ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі
Бруцеллез кең таралған инфекция
Вакциналар және вакцинация
Бруцеллез
Зоонозды аурулар: бруцеллез, күйдіргі, оба, туляремия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Анаэробты инфекция қоздырғыштары: сіреспе, газды гангрена, ботулизм. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Пәндер