«Хорды дирижерлау пәнінің теориялық негіздері»


«Хорды дирижерлау пәнінің теориялық негіздері»
Музыка мұғалімдерін даярлау саласында музыкалық білім беру мамандығы бойынша оқытылатын пәндердің бірі- дирижерлау пәні. Оның мақсаты- болашақ мамандарға дирижерлау техникасын меңгерту, мектеп қабырғасында оқушылдар хорын ұйымдастыра білігу баулу.
Дирижерлау пәнінің керегі қанша? Оның болашақ жұмыс істегенде қажеті жоқ екен деген қате пікір айтылып жүр. Бұл теріс ой, себебі музыка пәнінің мұғалімі мектепке барғанда көптеген сабақтан тыс жұмыстарды атқаруға тура келеді, хор үйірмесі, түрлі мерекелік іс-шаралардың бәріне музыкант мұғалім араласып, басы-қасында болады. Көркем өнерпаздар байқауына дайындау вокалды топ, хор ұжымын ұйымдастыру кезеңінде дирижерлық ету өте қажет. Сонымен, дирижерлау қандай пән және неге үйретеді? Соған мақаланың негізгі ретінде тоқталайық. Дирижерлау пәні күрделі де жан-жақты процесті қамтиды. Дирижер хорды басқарушы, яғни музыкалық шығарманы дұрыс орындатып шығатын үйірме жетекшісі. Ол өзінің қимылы арқылы, орындаушыға әсер етіп, сол арқылы шығарманың дұрыс орындалуын реттеп жүргізіп тұрады. Хор жетекшісі орындаушыларға батыл, тік қарап, бет-пішіні ашық мимикалық қозғалыстарды шығарманың мазмұнына сай. Мысалы (көзбен, қаспен, иегпен көрсету, баспен көрсету) пайдаланып қолдана білу керек. Қолдың қимыл қозғалыстары бір келкі тез, бірақ аса қатты құлашталмай үнемді және нақты болуы талап етіледі. Дирижер орындалатын музыка шығармасының партитурасын жатқа біліп, бір дауысты екі, үш, төрт дауысты хорды басқарғанда оның әр дауысын жақсы етіп, қате дыбыстарды түзеп, оларды жеке орындап көрсете білу керек. Оның ерні дикциялық жағынан жаттыққан, ешбір дыбыссыз сөйлей алатын халыққа дағдыланған, есту сезімі жақсы жетілген, дамыған дәрежедә болуы өте маңызды. Дирижер үш процестің (музыкалық шығарманың композиторы, орындаушылар және тыңдаушы көрермен) арасындағы шығармашылық байланыстың ашылуына ықпал ететін және оны игеретін басты тұлға. Композитор шығармасын өне бойынан өткізе отырып, ол шығарманың идеялық көркемдік мазмұнын орындаушы ұжымға жеткізіп, орындаушылардан композитордың айтайын деген ойын тыңдаушы аудиторияға өз дәрежесінде жеткізуін талап етеді. Дирижер- ол актер, әрі орындалған шығарманың режиссеры деп айтуға болады, себебі ол шығарманың мазмұнын ашуда неше түрлі әдістер қолдана отырып, көркем образды жасап шығарады. Дирижердың (орындайтын шығарманы хорға үйретпес бұрын өзі танып біліп) композитор ойын іштей сезінуі сол музыка туралы өз ойын толғауының пайда болуына әсер етеді. Композитор музыканы жазу кезінде неойлайды, нені сезеді деген сұрақтарғаа жауап бере отырып, шығарманы рухани қабылдау керек. Сондықтан дирижерлауға үйрену, музыканы іштей есте білу қабілетін жетілдірумен бірге, соған өз ойын ұштастыра білуді көздейді. Дирижердің тікелей негізгі жұмыс істейтін тірі аспабы. Оның алдындағы орындаушылар ұжымы болып табылады. Сондықтан оған ерекше талап қойылған. Дирижерлық өнер- өзіне тән кәсіптік көркемдеуші құралдармен дирижерлық жест, музыка мазмұнына сай мимикалық қозғалыста жасау және түсіндірмелі арқылы, орындаушы ұжыммен шығармашыл жұмыстың пайда болуын қамтуымен және образды суреттеуді көркемдікпен жеткізу жағдайын тудырумен ерекшеленеді. Бұл нәрселер үнемі жүйелі түрде дирижермен хор арасындағы үзіліссіз байланыста дамып жетіледі. Хор жетекшісінің кәсіптік жұмысы екі кезеңді қамтиды: а) өзіндік дайындалу және хор партитурасымен дайындық жұмыстары, б) концерткке шығу. Дайындық жұмыстарына мынандай үш кезең кіреді:
1) орындалатын музыкалық образды жасауда істелетін жұмыстың сипаттама конспектісін жасау:
2) образды жасауда дирижерлық қимылды іріктеу және оны дауыспен музыкалық аспаппен сүйемелдеумен қол қимылдарымен техникалық жағынан жетілдіру:
3) дайындық кезіндегі жұмыстарды қосып біріктіру. Концерткке шығудың мақсаты: алдағы істелген жұмыстарды сахна деңгейіне сай жүзеге асыру және музыка мазмұнын тыңдаушыға жеткізу. Дирижер хор орындаушылардың алдында тұрған түрлі мәселелерді шешеді, ұжымдық орындауды игереді.
Дирижерға қойылатын талаптар : музыкалық шығарманы нота текстін іштей естіп көзбен не дауыспен, немесе аспаппен орындай білу керек; шығарманың құрылысы, стилі, жанры, композиторы туралы мағлұматты болуы; музыканың көркемдік құралдары: екпін, саз, ырғақ, тембр, интонация, әуен, гармония, өлшем, фактурасының музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін талдай білуі аспапты хор партитурасын сауатты ойнай алуы; дирижерлық техника негіздерін игере білуі (ауфтакт, дыбысты жиыру, тактілей білу дағдысы т. б. ) ; дыбыс жүргізу негіздерінің және шығарманың көркемдік мәнін ашудағы түрлі әдістерін игеруі; кульминация кезеңіндегі дыбысты жасау, шығару жолдарын білуі; дирижерлық психоматрика шапшаңдық, жүйрікті, білезік және саусақ буындарының майда, нақты, қысқа қозғалыстарын игеруі; хор ұжымымен вокалды-хор жаттығуларын жасатып, дауыстарын жаттықтыра білуі; қате орындалған дыбыстарды талдап, дұрыс орындау жолдарын таба білу; дыбыс тазалығын талапа ету және оны тегістей білу жолдарын игеруі; дирижерлық аппарат қойлымының негізгі принциптерін білу керек. Сахнаға шығар алдында алдындағы дирижерға өте қажетті ерекше қасиеттер: концерт алдында өзін-өзі дайындауы; көрермен толы залдың акустикалық ерекшелігін ескере отырып, орындаушыларды және тыңдаушылардың орындаушыларға қатынасын реттеу; психологиялық жағынан кез келген тосын жағдайға дайын болу; концерттің өтуін ойша елестету; концерт кезінде өзін төзімділікпен ұстай білу, эмоционалды сезіммен беріле орындауды көрсетуі. Болашақ үлкен орындаушылар ұжымының жетекшісі ретінде дирижер көптеген ұйымдастырушылық жұмыстардың әрбір элементін тереңнен ойластыру керек.
Дирижерлық аппаратқа не жатады ? Дирижерлық аппарат- қол, бас (бет және көз), дене (кеуде мен иық), аяқ бөлімдерін құрайды. Қойылым аппаратты оның табиғатына және белгілі бір эстетикалық талапқа сай сауатты түрде игере білуді қамтиды, бас, кеуде, аяқтық дұрыс қалыпта құрылуынан тұрады. Хор жетекшісінің дұрыс тұру қалпы: тік түзу тұру, иық кең ашылған, кеуде көтеріңкі, денені қыспай бос еркін, бырақ жинақы ұстау керек. Иықты өте жоғары көтеруге болмайды, ол арқа еттерінің қатаюына және иықтың шығып кетуіне сонымен бірге дене бітімінің еріксіз, ыңғайсыз қалыпқа келіп түсуіне әкеліп соғады. Дирижер хорды басқарып тұрғанда денесі жан-жаққа шайқалып, бұлғаңдамауы керек. Бүкіл сыртқы болмысы эстетикалық жағынан көркем болуы тиіс.
Қол қойылымы : Қол дирижерлық аппараттың негізгі және өте маңызды бөлімі. Қол иық, білек және білезік буыннан құралады. Дирижерлау кезінде білезік буыны үлкен маңызды роль атқарады. Ол қолдың еріксіз үнемі қозғалыста болатын бөлімі. Ал, иық пен білек, білезік буынмен белгілі бір байланыста болып, білезік буынының қимылы қажет еткен жағдайда көмекші ретінде қозғалыста болады. Қолдың бұл бөлімдерінің қозғалысының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалықты, білезік буынының өте ұсақ қимылдарында (мысалы, жеңіл staccato мен pianissimo кезінде) иық пен білек буындарының қатысы өте қажет. Білезік буынының қойылымы дирижерлау кезінде алақынның төмен қараған қалпы болып есептеледі. Бұл жағдайда ол салбыраған, қатып қалған, не төмен немесе артық көтеріңкі деңгейде болмауы керек. Үнемі алға бағытталған қалыпта болуы тиіс. Білезік буынының бос серпінді, еркін қозғалысы оның нақтылығымен, жинақтылығымен, байланыса отырып, әртүрлі қимылдарды жылдам орындауға және дирижерлау кезінде дыбыс жүргізудің ең нәзік көркемдеуші әдіс тәсілдерін жан-жақты көрсете білу мүмкіндігіне жол ашады. Дирижерлауға үйретудің алғашқы сатысында білезік буынының қойылымымен, буынды еркін созылмалы, серпінді қозғалыста жаттықтыру арқылы арнайы жұмыс атқару керек. Дыбысты сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ жүргізеді, қалған саусақтар бір-бірінен өзара қашықтықта жұмырлана орналасады. Қолдың қойлымын қатты заттың үстінде (үстелде) қоюдан бастаған жөн. Екі қол үстелег иықтың тұсында қатар қойылады. Шынтақ қолдың астына кетеді де, үстелде толық жатады, табиғи бүгісі сақталып, білек түзу, білезік буынан бастап қолдың басы (саусақтар) жұмыр зат ұстап тұрғандай жинақы, домалақ қалыпта болады. Бұл иық, шынтақ, білек, білезік буындарының қойылымы, яғни дирижерлық аппараттың негізі. Дирижерлық аппараттың қойылымы, қол, иық, мойын, бас буындарын босатудан бастаған жөн. Ол үшін түрлі қолды, иықты босату жаттығуларын қолдану керек.
Жаттығуларды екі түрге бөлеміз :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz