Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері
(мектеп бағдарламасы бойынша конспект) . Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері. (таныстырылым) "Алып Ер Тоңға" дастаны ( әдеби талдау) .
Орындаған:Турусбекова Д. Б
Тексерген: Жүндібаева Арай Қанапияқызы
Топ:КЯ:413
Семей 2015 жыл
Жоспар:
- Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (конспект)
- Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері. (таныстырылым)
- "Алып Ер Тоңға" дастаны ( әдеби талдау) .
1) «Ежелгі дәуір әдебиет» (VII-XIV ғғ. ) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ. ), «Қорқыт» (VIII ғ. ) және «Оғыз-наманы» (IX ғ. ) атаймыз. Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ. ) - Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ. ) «Кодекс куманикус», «Махаббатнама», «Жүсіп-Зылиха», «Гүлстан», «Домбауыл», т. б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді
2. ) Кез -келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.
1. ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «Оғыз-наме» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы», Әбу-Насыр Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.
- Х-ХІІ ғ. әдебиет. Бұл қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер. Ж. Баласағұнның «Құтты білік», М. Қашғаридің «Түркі тілінің сөздігі», А. Яссауидің «Даналық кітабы», А. Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», С. Бақырғанидың «Хакім ата», «Жұбан ана», «Әулие Мария» туындылары Х-ХІІ ғ. өмірге келген әдебиет нұсқалары.
- ХІІІ-ХІҮ ғ. әдебиеті. Бұл кезең Алтын Орда не Хорезм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі туындылар түркі әдеби тілінің шағатай, қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар: «Кодекс куманикус», Хорезмидің «Мұхаббат наме», Н. Рабғузидің «Қисса сул Әнбия», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха», С. Сарайдың «Гүлстан бит түрк», Құтыбтың «Хұсрау-Шырын дастандары . Сонымен қатар Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди», Қ. Жалайыридың «Жамиғ ат тауарих», З. Бабырдың «Бабыр наме» шығармалары осы кезеңнің үлгілері.
3) Алып Ер Тоңа - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің " Шаһнама " кітабының (XI ғ. ) кейіпкері болған. Онда Алып Ер Тоңа - Афрасияп Тұранның (Түр елі - түркілер) патшасы болып суреттеледі. Ақыл-айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде мәңгілік қалған тарихи тұлға.
Алып Ер Тоңаның төрт ұлы болған. Олар: Барысхан, Қарахан, Шиде, Алак. "Алып Ер Тоңа" дастанының қысқаша мазмұны төмендегідей: түркілердің ата мекені Тұранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жасап, тыныштық бермейді. Тұран елінің сұлу қыздарын, асыл бұйымдарын, қоңды малдарын әкетеді. Диқандардың енді ғана жайқалып өсіп келе жатқан егіндерін, бау-бақшаларын парсы әскері таптай береді.
Сол заманда Тұран елінде "арыстандай айбарлы, жолбарыстай жүректі, көк бөрідей тәкаппар Ер Тоңа" деген батыр жігіт бар екен. Ер Тоңа елден көп нөкер жинап, Иран әскеріне қарсы шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz