Махмұт Қашқаридың өмірі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І. ТАРАУ

1. Махмұт Қашқаридың өмірі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығы

2. Түрік сөздігінің сипаты, танымдық мәні

ІІ. ТАРАУ

Диуани лұғат-ит түрктегі әдебиет үлгілері.

  1. Диуани лұғат -ит түрктегі өлең-жырлар.
  2. Орта ғасыр түркі шешендігі (мақал -мәтелдер мен нақыл сөздер)
  3. Жинақтағы аңыз-әңгімелер

ІІІ. ТАРАУ

Сөздіктегі ауыз әдебиеті үлгілерінің көне дәуірдегі әдебиетпен сабақтастығы

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ.

Орта ғасырдың әдебиет ескерткіштерін зерттеп, бірнеше кітап жазған ғалым Х. Сүйіншәлиев «Диуани луғат-ит түрк» еңбегін көне түркі поэзиясының тұңғыш жинағы деп таныды. Бұл еңбектің авторы Махмұд Ибн әл-Хусайн ибн Мухаммед әл- Қашқари Орта Азияның түркі тайпаларынан шыққан, орта ғасыр ғалымы.

Бұл еңбек ХІ ғасыр ескерткіші саналғанымен, одан ерте кезеңдегі түркілер өмірінен көркемдік таным жүйесінен жан-жақты мағлұмат беретін құнды жәдігерліктің әдебиет тарихындағы орны мен халқымыздың рухани, мәдени өмірінің даму жолындағы үлесі айқындайды.

Сөздіктегі көркем туындыларды зерттеу үстінде біз бұл шығармаларды өзінше бөлек дара нәрселер емес, өзіне дейінгі және кейінгі шығармалар мен сюжеттерге, өлең өрнктеріне іштей байланысы бар екенін анықтай бастадық. Ең алдымен, сөздіктегі өсиет, бата, мақал-мәтел шешендік үлгілері қазіргі кездің өзінде көп өзгеріссіз қолданылып келе жатқаны мәлім. Ал өлең жырлар түркі елінің ең көне ортақ мұрасы. Орхон-Енесей-Талас жазуындағы «Күлтегін» ескерткіштеріменде жалғасып, өзіндік тілі, өлең құрылысы жағынан «Құтадғу білік», «Хихмет» сияқты түтас туындыларға ұштасып, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне ұқсасып келетіні ойландырар жайлар. Ондағы көптеген ғашықтық лирика ларда қызықтырар дерек.

ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Сөз өнерін сан маңындағы жылдар бойы жалғасқан рухани-адамгершілік дәстүр тұрғынынан зерттеу келелі мәселелердің бірінен саналады. Көне тарихтың куәсындай болып, бізге қадым замандардан жеткен ежелгі түркі әдеби жәдігершіліктерін жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інту-маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, әр сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаның бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан егеменді еліміздің игіліне айналдыру- қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған маңызды міндеттерін бірі деп білеміз.

«Диуани лұғат-ит түрк» еңбегі осыған дейін тілдік тұрғыдан кеңінен қарастырылып, тарихи ескерткіштердің қыр-сырын тереңнен тануда септігін тигізгенімен, оның әдеби жинақ ретіндегі көркемділік жүйесі жеке зерттеу еңбегінің нысаны етілмеді. Сөздіктегі әдебиет үлгілері жөнінде қазақ ғалымдары әр кезеңде пікір білдіріп, өлеңдер мен мақал-мәтелдерге талдау жасағанымен, оның әдеби негізі әдебиеттану ғылымында кеңінен зерттелмеді.

Жүйелі түрде зерттеуді қажет ететін сөздік өдеңдері мен мақал-мәтелдерінің әлі де көмескі тұстары көп тарихымыздың белестерін айқындай түсуге көмегі тиері сөзсіз.

«Тілтану» энциклопедиясы атанған сөздіктен, шынында да, тек тілдік-тұрғыдан ғана емес, ежелгі ата-бабалар өмірі мен тыныс тіршілігінен хабар беретін энциклопедиялық сан- сапалы мағлұмат алуға болады.

М. Қашқари дәуірін, оның ата-тегі сол кездегі мәдени, ғылыми, саяси- әлеуметтік жағдайлар ман қоғамдық қарым қатынастарды зерделеумен қатар, автордың өзі кейінгі ұрпаққа мұра ретінде қалдырған «сөздік» материалдары бойынша зерттеуге болады.

«Диуани лұғат-ит түрік» авторы табыла бермейтін лексикограф. Ол түркі сөздердің жинағын түзді, алфавит тәртібіне келтіріп, әр сөздің сырын ашып, мағынасын талдады, тиісті мысалдар ең алдымен халықтың ауызекі сөйлеу тілі бойынша келтірілді, одан соң көркем, әдеби жазба тіл материалдары арқылы өрнектеледі.

ТАҚЫРЫПТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ Ежелгі дәуір әдебиеті жәдігершіліктерді жүйілі түрде зерттеген Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Жолдасбеков, Р. Бердібай, А. Егеубай, Н. Келімбетов, А. Қыраубайқызы тағы басқа сол сияқты қазақ ғылымдарының айтары мол. Олардың құнды еңбектерінен құнды пікірлер табуға болады. Дәстүр жалғастығын басты нысан ретінде ұстанған Н. Келімбетовтің «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы» А. Егеубайдың «Құлабыз» атты зерттеу жұмысын негізгі бағдар етіп ұстанғанымызды атап айтамыз.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Зерттеу жұмысының басты мақсаты «Түрік» сөздігі еңбегінің әдеби құндылығын айқындау.

М. Қашқари сөздігі зерттелгенмен де, ондағы әдеби үлгілердің мазмұндық тұрғыдан топтастырылуы сөз етілмей келген. Сондықтан еңбегіміздің міндеттерінің бірі ретінде әдеби үлгілерді тақырыптық-мағыналық жақтан жіктелуіне баса назар аудару болды.

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЫСАНЫ Дипломдық жұмыс жазу барысында А. Егеубай ауданған М. Қашқари «Түрік сөздігі» 3-томдық Қ. Бекетаев, Ә. Ибатов, Ә. Құрымжанұлы, Ф. Оңғарсынова т. б қаламгерлер мен зерттеушілер тәржімалаған басылымдық нұқсалар қолданылды.

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСІ Зерттеліп отырған объектіден алынған мысалдар мен фактілер сипаттама әдісі бойынша беріледі. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдеби үлгілермен салыстырып қарағанда, салыстырмалы-тарихи әдіс қолданылды.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРҒАУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАР

-Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігіндегі» әдеби үлгілердің әдебиеттегі алатын орны ерекше.

- Сөздіктегі өлеңдер мен мақал-мәтелдер, аңыз- әңгімелер жұртын имандылыққа, ізгілікке, ерлік істерге үндеп келген мәңгілік рухани мұралар.

- Махмұт Қашқари- әдебиет үлгілерін жинаушы, фольклортанушы ғалым.

І ТАРАУ

МАХМҰТ ҚАШҚАРИДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.

Түркі халықтарының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттердің бірі Махмұт әл-Қашқари еді.

Махмұт Қашқари түрік жұрты, түрік ұлысы жөнінде былай деп сөз қалдырыпты: «Мен тәңірінің дәулет ұясын түріктер жұлдызына жаратқандығынан және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырып қойғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атады, әрі оларды мемлекетке еге қылды. Заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл- ерлік тізгінін солардың қолына ұстатты, оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады, олармен бірге күрескендерді әзіз қылды, әрі түріктер ішінен соларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандарын, зұлымдардан қорғады.

Сондықтан да Тәңірдің өзі оларға ат берген, жер жүзінің ең биік, ыңғайлы, ең әуісі таза шұрайлы өлкелеріне орналастырған да, оларды «Өз қосыныш» деп санаған. Оның үстіне, түріктер, көркем сүйкімділік, жарқын жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру, мәрттік кішіктік, тағы сондай сансыз көп қасиетке ие» Өз заманында айтылған сөздердегі ғалымның еліне деген ерекше ықыласы көрініп тұр.

Түрік жұртының тілі жөнінде Махмұт Қашқари . . . Ең ашық-айқын әрі тура да түзу тіл- тек сол бір ғана тілді біліп, парсылармен араласпайтын және шет өлкелермен барыс-келіс жасамайтын кісілердің тілдері.

Түрік елі мен түрік тілі туралы осындай ой айтқан Махмұт Қашқари өзі жайында:

«Сонымен, мен сол түріктердің қызыл тілге ең шешендерінен, ең әдемі әңгімелерінен, ең білгерлерінен, ежелгі асыл тайпаларынан, уа соғыс ісінде мықты найзагерлерінен болғандығымнан, олардың шаһарлары мен сахарасын бастан-аяқ аралап шықтым. Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, йоғма, қырғыздардың сөздерін және қасиет, құпияларын анықтап шықтым, оларды пайдаландым. Мен бұл істерді осы тілдердегі әр бір кішігірім айырмашылықтарды қорықтап білу үшін істедім. Бұл шығарманы мәңгі ескерткіш болсын деп, құдайға сыйынып, кітапты жаздым. Кітап «Диуани лұғат-ит түрк» деп аталады. Атақты ғалым өз еңбегінің қанша күшке түскендігін, мақсатын осылайша баяндайды. «Диуани лұғат-ит түрк» еңбегі автордың өмірбаянына қатысты мәліметтер өте жаратымсыз. Оның өмірі жайындағы мәліметтер өз кітабында айтқан азын аулақ хабардан әрі аса қоймайды. Махмұттың толық аты-жөні Махмұт ибн әл-Хусайн ибн Мухаммед ибн әл-Қашқари. Атақты ғалым Баласағұн қаласында (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) туған. Махмұт алғашқы білімді Қашқар қаласында алады да, кейін Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын аралауға сапар шегеді. Сапарының негізгі мақсаты- өзінің білімін толықтырып жетілдіру.

Махмұт Қашқари арабша жоғары білім алған, өз заманының аса көрнекті ғалымы болған. Араб филологиясын жетік білген және өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы жайында зерттеу жүргізуге жұмсаған.

Оның өмірі жайлы ғалым Ә. Нәджиб өзінің «Исследования по истории Тюрских языков ХІ-ХІ вв» деген еңбегінде: « оның Қашқари деген лақап ата Қашқарда дәріс алып, сонда тұрғандығын ғана аңғарады. Автордың өзінің сөзі бойынша, ол ортаазиялық әскери қолбасшы, белгілі отбасынан, оғыз ортасынан шыққан. Ол жайында өзі: «Біздің бек бабамыз «әмір» деген сөзді «хамир» деп айтады. Себебі оғыздардың «әмір» деген сөзді айтуға тілі келмейді» - деп жазған.

Махмұт Қашқаридың дәл қай жылы туылып, қанша жыл өмір сүргені белгісіз. Бұл жөніндегі жалғыз дерек-оның өзі айтқаны ғана. Кітабының арасында ол «бұл кітап мені өлімге бір табан жақындатты» деп жазады. Бұл бір жағынан автор өзінің бұл тарихи еңбегін жазуға ұзақ жылдар бойы еңбек еткенін дәлелдесе, екінші жағынан оның біраз жасқа келгендігін де көрсетеді. Олай болса автордың туған кезі, сол ХІ ғасырдың басы болса керек. Өйткені кітап 1072-1074 жылдары жазылған. Бұл кітап Махмұттың соңғы кітабы болса керек. Өзінің айтуыша ол бұл кітаптан бұрын да түркі тілдерінің синтаксистік жүйесі жайында «Джауахир ан-нахуи фи-л-лафул түрк» - «Түрк тілінің синтаксистік жүйесінің негізі» деген ғылыми трактат жазған. Алайда оның бұл еңбегі сақталмаған.

Махмұттың әкесі Ыстықкөл бойындағы Барсхан қаласының әскербасы болған, көп ұзамай Қашқар қаласына көшіп барады. Елбасы болған әлігі әмірдің ұрпағы болса да, ол Махмұт «Кедейдің кертіп жейтін малы-білім»- деген сөзін еске тұтады.

Алғашқы жылдары М. Қашқари аз уақыт әскери әкімшілікте қызмет етіп, көп ұзамай ол ел араап, туысқан түркті халықтарының ішіне еніп кетеді.

Түрік жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері «Түрік сөздігінде» барынша нақты тарихы деректік сипатпен танылған. Яғни, тіл туралы еңбек болумен бірге түрік әлемінің бай рухани қазынасын, кенеулі жан-дүние кеңістігін бәз күйінде алға тартады.

Түрік жерінің аумағы, онда мекендеген ұлт-ұлыстардың сипаты тарихы, соған қатысты тарихи деректер мен аңыз -әпсаналар, бірқатар тайпалардың түрік жеріне келуі мен қоныстануы, олардың шежерелері көзі ашылмай келген тарихи көмбе. Кітаптағы осыған қатысты деректердің құндылығында шек жоқ.

Ал Махмұт Қашқаридың дөңгелек картасы әлемнің ең ежелгі түрік картасы ретінде белгілі. Осы картада Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз Қашқардан бастап түрік дүниесінің ежелгі шаһарлары, елді-мекендері, жер бедері түгелдей дерлік қағаз бетіне түскен. Әрі сол Х-ХІ ғасырлардағы атауларымен жазылған.

М. Қашқари осы картаны назарға ұсынып, сипаттаумен қатар Рум жерінен сонау ұлы мұхитқа дейінгі аралықтағы түрік тайпаларының барлығына сипаттама беріп шығады. Әрі жер көлемін көрсетеді. Қай жерден қай жерге дейін мекендейтінін айтады. Әрі әр тайпаның тілдік ерекшілігіне тоқталады, тілді таза сақтаудың әлеуметтік, географиялық алғышарттарын сөз етеді. Осынау ең көне дәуірдегі түріктің әлемдік картасы түрік дүниесі жөніндегі егжей-тегжейлі сипаттама, талдаулар ғалымының өлмес мұрасының басты бір қасиеті.

Фольклор ескерткіштерінің түрлі халықтарға ортақ болуы аса қызықты құбылыс.

Ауыз әдебиеті шығармаларының түбірлестігі мен туыстығы кез келген үстірт ұқсастық белгілемейді, сәйкестіктер заңдылығын ашу үшін күрделі де салдарлы принциптер қажет болады. Сондай себептер мен сипаттарды ескере келіп, фольклортану ғылымы типологиялық жақындылықтың үш түрін екшеп көрсетеді. Олар-тарихи -генетикалық тарихи-мәдени және тарихи-типологиялық үндестіктер мен сарындастықтар.

Халықтардың тарихи туыстығына, тектестігіне, тіл, дәстүр ұқсастығына байланысты көрінетін тарихи-генетикалық ұқсастық ауыз әдебиеті туындыларында жиі кездеседі. Бұған қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ноғай, башқұрт, өзбек, қырымтатар, алтай т. б халықтардың фольклорынан мол мысал келтіруге болады. Көптеген көне рулар мен тайпалардың осы елдер құрамына енуі олардың ерте заманнан бері қарай айтып келе жатқан ауызеке сөздері мен аңыздарының ұмыт болмай, жалғастық тауып, дамып отыруының себебін анықтайды.

2. ТҮРІК СӨЗДІГІНІҢ СИПАТЫ, ТАНЫМДЫҚ МӘНІ.

М. Қашқари өз еңбегін классикалық араб тілінде жазып, араб филологиясының лингвистикалық терминдерін қолдаған.

Автордың «Диуануды» жазудағы ең басты мақсаты - көптеген зерттеулер мен мамандардың пікірі бойынша Бағдат билеушілердің Селжүктердің оғыздардың, жалпылай алғанда түркілердің тілімен таныстыру қажеттілігінен туған деп санайды. Бұл еңбекте сонымен қатар тек тілге ғана байланысты емес, біздің объектімізге айналып отырған ауыз әдебиетінің өрнектері, мақал- мәтел маржандары, түркі халықтарының орналасқан аймақтары олардың әдет ғұрпы, салт-саналарына байланысты мәлімет беру көзделген сияқты.

Еңбектің автор жазған данасы жоғалып кеткен, кейінрек жасалған оның бір ғана көшірмесі 1915 жылы Стамбулда көше кезіп, ескі құсқа заттар сатып жүрген саудагердің арабасынан табылған. Түркияның «Стамбул» кітапханасында сақтаулы тур. «Диуани лұғат-ит түркі ( 3 томнан тұрады) . Мазмұнына қарай екі бөлімге бөлінеді: Кіріспе және Түсіндірме сөздік. Бірінше бөлім тарихи-филологиялық мәселелерге арналған, екінші бөлім фонетика мен графика туралы мәліметтер береді де, сөздің лексикалық және грамматикалық аспектілерін зерттейді. М. Қашқари өз еңбегін лингвистикалық ізденіс түрінде жазған, сөздік іспеттес етіп құрастырған. Ол былай деп жазған: «Бұл кітапта мен сөздерді буын құрамындағы әріптердің өзара орналасу тәртібіне қарай түздім, ақыл айтатын айшықты сөздермен өрнектедім, ұйқасын тапқан жолдармен, мақал-мәтелдермен, өлеңдермен және кәдімгі қара сөздермен нақыштадым . . .

Ол бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тәңірінің жөнімен әліптен бастадым дейді. Әліптен басталатын кітабын «Хамза» кітабы деп атаған. Екінші «Сәлім кітабы» үшінші «Музоаф кітабы» яғни бір әріпті қайталанған сөздер кітабы; төртінші «мысал кітабы»; Бесінші «Үш әріпті кіпат», Алтыншы «төрт әріпті кітап», Жетінші «мұрын дыбысты әріптер кітабы», «ғунналылар» деп аталады, сегізіншісі «екі сүкіндікпен қатар келген сөздер кітабы» Бұл кітаптарда әуелі есімдерді саны етістіктерді түзіп отырады.

ХІ ғасырдағы түркі тайпаларының тарихы мен этнографиясы, территориясы мен географиялқ жағдайы, тілі мен әдебиеті жайында жазылған М. Қашқаридың жалғыз дана еңбегі осы күнгі түркі тілдас халықтарының әр алуан тарихи мәселелерін оқып-біліп, зерттеп тану үшін қазір ғылыми жұртшылықтың назарын өзіне қатты аударып отыр.

Сөздіктің зерттелу тарихы жүзілік түріктану ғылымында өте қысқа болғанымен ол туралы жазылған еңбектердің библиографиялық көрсеткіші өте көп.

Соңғы жылдары қазақ әдебиетінің көне тарихы негізделіп, орта ғасыр түркі әдеби ескерткіштері шұғыл зерттеле бастады.

«Диуани лұғат-ит түркті» зерттер насихаттаған белгілі ғалымдар көп. Олардың ішінде В. В. Бартольд, АН. Кононов, Н. А. Баскаков, А. Н. Самойлович, К. Броккельман, Б. Аталай, С. Е. Малов, И. В. Стеблева сияқты шетел ғылымдарымен қатар Н. Т. Сауранбаев, С. А. аманжолов, А. Н. Ысқаков, Ә. Құрышжанов, Ә. Ибатов, Н. Келімбетов сияқты қазақ ғалымдары.

Неміс ғылымы К. Броккельман 1919 жылдан бастап зерттеу мақалалалын жазып, жүйелі жариялайды. Ал, 1928 жылы жинақтың әліпбесінің ретімен түзілген немісше индекс сөздігін жариялайды.

М. Қашқаридың ұлы қызметі мен еңбегінің жемісін танып, болашақ ұрпақ игілігіне айналдыруда түрік ғалымын Б. Атайладың да сіңірген еңбегі зор.

Бұл шығарманың кейбір тұстарын қазақ тілінде сөйлетуге ақын Ф. Оңғарсыноватың да еңбегі атап айтқан жөн.

1990 жылдардан бастап ғасырлық ескерткіштерді кәзіргі қазақ тіліне аудару мәселесімен шұғылданушылар көбейіп келеді. Солардың бірі-Асқар Егеубай.

Асқар Егеубайдың «Құлабыз» атты еңбегінің мәні «Құлабыз» ежелгі түркі сөзі. Қарахандар әулеті дәуірлеп тұрған кездегі ұлы әдеби мұраларда кездеседі. Мағынасы кәдімгі құбыланамаға, компосқа саяды. Жол сілтеуші, бағдаршы мәнін де білдіреді. Яғни «Құлабыз» ІХ-Х ғасырдан жаткен жәдігер.

Қайдан шақтық, қайда барамыз?

Біздің ата-бабаларымыздың қандай болғанын, түрік жұртының мінез-құлқы, қасиеті баяндап беретін баға жетпес асыл құлабыздың бірі «Түрк сөздігі»

Жинақта автор арнайы тәртіппен 6800 түркі сөздерін топтастырған М. Қашқари «ең таза тіл-тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат-жұртқа барып келіп қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі»- деп бағалай отырып, түркі тілдерде шұбарлық жоқтығын жоғары бағалаған. «Диуани» сөзі «кітап» деген мағананы білдіріп, басқа да жинақтарға қолданылған. «Диуани»- түркі тілдерінің салыстырмалы сөздегі-филологиялық зерттеу. Онда түркі елдердің тілдері тұңғыш рет ғылыми жүйеге түседі. Жеке сөздердің мағынасы мен этимологиясы түсіндіріледі. Бұл кітап үлкен көлемді үш том. І томы 436 бет. ІІ томы 294 бет, ІІІ томы 333 беттен тұрады. (А. Егеубайдың аудармасы бойынша)

Ең маңыздысы - біздің жыл санауымыздан бұрын қадым замандарға жасалған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түркі қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс- салт жырларының үлгілерін, мақал-мәтелдерді шешендік сөздерді М. Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген. Жинақта 238 өлең -жыр, 270 шақты мақал-мәтел, жүздеген қанатты сөздер, афоризмдер, әңгімелер келтірілген. Әр түрлі тайпалардың тілдеріне арабша түсінік берген, дәл фактілермен айқын көрсеткен.

«Бұл кітапты тек сөздік деп қана ұғыну жеткіліксіз «Диуани»-сөздік қана емес, ол сонымен бірге ХІ ғасырдағы Орта Азия тайпалар жайлаған өлке халықтарының тарихы мен ол халықтарының әдебиет үлгілерінен мәлімет беріліп тұңғыш әдеби жинақ. [2. 12]

М. Қашқаридың «Үш томдық сөздігін» қазіргі қазақ тілінде сөйлескен ғалым Асқар Егеубай бұл еңбектің мәдениетіміздің тіліміздің, әдебиет пен өнеріміздің, қала берді ұлт, ұлыс ретіндегі талысу жолдарымыздың бедерлі белгілерін тума қасиеттерін сақтаған рухани қазына өзегі екенін орынды атап көрсетті. «Мен бұл кітапты хикмат сөздер, сежілер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, режез және несір, көркем қара сөз, секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсус әліппесі ретімен түзіп шықтым», - деген пікірін келтіреді де «сежі, режез» деген араб әдебиетінің теориясынан алынған атауларға түсінік береді: «сеже»- ішкі ырғаққа, бай ұйқасқа негізделген қарасөз, қысқа хикаялар екен де, «режез»- ішкі бітімі жағынан сежеден туындап күрделене түскен өлең түзілімі екен. Қашқаридың осы айтқандарына қарап, оны сөздері-тізіп беруді ғана мақсат етпей, көркем туынды жасауды мақсат еткенін аңғарамыз. Осыдан мынандай ой туюге болады: М. Қашқаридың қазақ тарихындағы басқа би- шешендер сияқты тіл мен қаруды қатар меңгерген, жауынгер әрі өзі шешен деп таныған қызыл сөз иесі екенін мойындаймыз.

Қашқари еңбегін қазіргі заманда тек қана тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп жүргені кездейсоқ жай емес.

Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымысты М. Хартман: «Диуани лұғат-ит түрк»- халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде құрылған» дейді де, содан екі жыл бұрын жазылған «Құдатғу білікті» (Бақыттылық жайлы ілім) сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады. Бұл «Диуани лұғат-ит түрк» түркі халықтарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анық танытатын ғалымның пікірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махмұд Қашғари еңбектеріндегі түріктер туралы тарихи мәліметтер
Түркі халықтарының философиясына жалпы түсініктеме
Асқар Егеубаев - публицист
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Махмұд Қашқаридің өмірі мен шығармашылығы
Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы
Махмұт Қашқари сөздігіндегі фонетикалық зерттеулер
Махмұд Қашқари өмір жолы
Ұлттық сананы қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz