Қондырғыда энергияның таралуын бақылау жүйесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Қондырғыда энергияның таралуын бақылау жүйесі
Орындаған:Айдарова М:Т.
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нургалиев Д. Н.
Семей 2015
Лекция 4. Энергетикалық қондырғылардың БҚЖ орындағыш механизмадерінің құрылымы
1 Орындағыш механизмдерді құрастыру принциптері.
2 Орындағыш механизмдердің кинематикалық сұлбасы.
3 Орындағыш механизмдердің орналасуының көрсеткіштері және кейінгі (концевой) сөндіргіші.
Ядролық реакторды басқару жүйесінің орындағыш механизмдері деп - автоматикалық не дистанционды қолмен басқару режимдерінде басқару органдарының орын ауыстыруын қамтамасыз ететін құралдар комплексін айтамыз.
АБ орындағыш мезанизмдері. АБ орындағыш механизмдерінің негізгі элементтеріне келесілері жатады: басқару органының қажетті орын ауыстыру жылдамдығын қамтамасыз ететін редуктор; айнымалы қозғалысты ілгерілмелі қозғалысқа айналдыру түрлендіргіші; басқару органдарының орналасуының датчиктері; басқару органдарының шеткі (жоғарғы және төменгі) орналасуының датчигі. Ол басқару органдарының шеткі орналасуларында қозғалтқышты сөндіру үшін қолданылады (сөндіру датчигі - СД) .
Құрастыру мақсаты - көрсетілген өзектер арасындағы рационалды өзара байланысын қамтамасыз ету. Аталған бірнеше функциялар бір элементте қоса атқарылуы мүмкін. Мысалы, айнымалы қозғалысты ілгерілмелі қозғалысқа айналдыру түрлендіргіші бұранда-сомын жұбы бір уақытта редуктор функциясын да орындай алады.
Редуктор мен басқару органдарының орналасу датчигінің функцияларын адымдық қозғалтқыш атқарады. Зәкірдің (якорь) орын ауыстыру жылдамдығы басқарғыш импульстар жиілігімен беріледі, ал қозғалтқышқа берілетін басқарғыш импульстардың саны басқару органдарының орналасуын сипаттайды.
АА орындағыш механизмдері. Осы механизмнің жоғары сенімділігін қамтамасыз ететін автономды энергия көзін қолдану АА орындағыш механизмдерінің айқын сипаты болып табылады.
Басқару органының активті аймақтың барлық диапазонында толығымен енгізілген не толығымен алып шығарылған орналасуын белгілейтін басқару органының орналасу датчигі АА механизмі үшін қажет емес. Ол тек басқару органының шеткі орналасуларын ғана тіркеуі тиіс, сондықтан шеткі орналасу датчигімен (кейінгі сөндіргіш) қиыстырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, АА механизмінде басқару органдарын шығарылған күйде ұстап тұратын құрал қажет. Ұстап тұратын құрал энергия көзінен қорек тоқтаған кезде басқару органы активті аймаққа енгізілу үшін босатылу керек. Басқару органын активті аймаққа жылдам енгізілуі (құлауы) тежегіш құралының болуын қажет етеді. Ол басқару органының кинетикалық энергиясын сөндіру үшін қолданылады.
КС және РР орындағыш механизмдері. Артық реактивтіліктің КС және РР орындағыш мехенизмдердің функционалды сұлбалары АБ механизм сұлбасына ұқсас. Осындай механизмдерде тұйық сұлба бойынша басқару пультінен басқарылатын реттелмейтін қозғалтқыштарды қолдану оның ерекшелігі болып табылады.
Қазіргі уақытта әр түрлі функцияларды іске асыратын универсалды механизмдер мен жетектерді құрастыру тенденциясы байқалады.
Басқару өзектерінің орналасу көрсеткіштері (ОК) . Ядролық реактордың орындағыш органдары ОК әр түрлі конструкцияларын қолданады. ОК таңдау датчиктің жетек элементтерімен және өлшегіш құралмен үйлесімділік шарттарымен, сонымен қатар дәлдік, сезімталдық, өлшеу диапазоны, жұмыс шарттары және т. б. техникалық талаптармен анықталады.
ОК келесі негізгі тораптарды белгілеуге болады: орналасу датчигі (сезімтал элемент), өлшегіш, қорек көзі және көрсететін құрылғы.
Келесі датчик типтері қолданылады: жұмысы әсер етуші элемент қозғалысы кезінде орамдағы индуктивті кедергінің өзгерісімен анықталатын индуктивті ; әсер етуші элемент қозғалысы кезінде катушкадағы ЭҚК өзгерісіне негізделген трансформаторлы датчиктер. Әсер етуші элемент қозғалысының түріне байланысты ОК датчиктері бұрыштық орын ауыстыру және сызықты деп бөлінеді.
ОК дискретті және үздіксіз әсерлі болып бөлінеді. ОК датчиктерінің қорегі айнымалы тоқпен жүзеге асады, ал жылдам орын ауыстыруды бақылау үшін тұрақты тоқ қолданылады.
Өзін-өзі синхронизациялау талабы ОК-ге қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл дегеніміз, ОК жүйесінде де, ОМ-нің өзінде де ақпараттың ешқандай жоғалулары болмауы керек. ОК жүйесіндегі ОМ-нің кез-келген жұмыс режимінде орындағыш органның орналасуы туралы ақпарат анықталған болу керек. Осы талаптардың бәріне индукционды өзін-өзі синхронизациялайтын беріліс жауап береді. Оның құрамына келесі құрылғылар кіреді: валдың бұрылу бұрышын оған сәйкес келетін электрлік сигналға түрлендіретін құрал (сельсин-датчик) ; датчик сигналдарын қабылдайтын қабылдағыш құрылғы (сельсин-қабылдағыш) ; датчиктен қабылдағыштарға сигналдарды беру байланыс желілері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz