Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалардың көркемдік бейнесі және психологиялық портреті


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ. 10-АПТА.

ЖУ-303

Есболова Асылзат

Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР.

Тудырған бұл Әбішті қиын дәуір,

Тұлғасын бұза алмады қиын-дауыл.

Асылы бар қазақтың бойында жүр,

Ақылы бар қазақтың миында тұр

Жолдасбеков. М

«Әбіш Кекілбаев - заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас», -деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние.

Әбіш Кекілбаев - адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді. Мысал ретінде оның «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» тарихи романдары - тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар екендігі белгілі. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те, ең алдымен, қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, даусы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.

Ал оның шығармаларындағы тарихи тұлғаларғы мысал айтатын болсақ, жазушының жиырма бестен жаңа ғана асқан қызыл-жасыл шағында оқырман талқысына ұсынған «Күй» повесінде сонау бір бұлағайлы замандарда бір мекенге сыймай, біраз жылдары қанды қақтығыспен өткен қазақ, түрікмен жұрттарының ауыл да талайлы тағдыры көз алдыңнан сурет болып өтіп, көкірегіңе қорғасын салмағымен құйылып қалмаушы ма еді?!. Шығармада «қанға - қан!. . » үрдісін ұстанып, өшпес кек қуғанды мұрат көретін жанның бірі - түрікмен ауылының көсемі Жөнейіт батыр-ды … Қазақ қолының шабуылы үстінде он екіде бір гүлі ашылмаған түрікмен қыздарының масқаралануы, оның қарымы ретінде бір топ қазақ бозбаласының, адам көрмеген қатыгездікпен мәңгүртке айналдырылған сорлы тағдыры, адай батыры Дүйімғараның қолымен тірілей көрге көміліп, оқыс қаза құшқан кеудемсоқ батыр Көкбөрі, ақыр соңында, табиғат, қару ұстаудан гөрі, өнер қууға арнап жаратқан өз ұлы Дәулеттің адайлармен болған кезекті бір шайқастағы өкінішті өлімі - соның бәрі есті батыр Жөнейітті ойлантпаған емес, толғантпаған емес, бірақ ол оқиғаларға түбірлеп мән беріп, райынан қайтуға өзімшіл көкірегі ырыз бермеген!. .

Екі жұрттың арасындағы егесті күндердің бірінде түрікмендер ұрыс-соғыста еш шаруасы жоқ, далада аң қағып жүрген пәнейі жан - адай күйшісін қолға түсіретін еді ғой… Повестің тұтқын күйшінің түрікмендердің ортасында толғанысты бір күй тартатын, күй әсерінен үй толы адам біткеннің қатты қобалжығаннан - жанарларына жас үйіріп, «торға түскен торғайдай болып», көздерімен жер шұқып қалатын естен кетпес бір сәті бар-ау!. . «Аяушылық жоқ жерде - адалшылық та жоқ… Өзің бөтен елге жасанып барсаң - жараланып қайтқаныңа ызаланба!. . Ол үшін көктегі Құдайды да, жердегі жауыңды да қарғама, өзіңді - өзің қорға!. . Жат жерде көргеніңе бола - өршеленбе, қайта, тәубеңе кел!» - дейтін еді ғой күйші тартқан домбыра!. . (Ә. Кекілбаев. Екі томдық «Таңдамалы шығармалар». Алматы. «Жазушы» баспасы. 1989 жыл. І-том, 247-бет) .

Алайда, Жөнейіт батыр , осыны ұға тұра - бетінен қайтпайды!. . Күйшіні айдаладағы айдау жолдың бойына апартып, жер бетінде кесер басын ғана қалдырып, тірідей көмдіреді!. . Бір ғажабы, ол - әлгі күйшіден бәрібір құтыла алмайды!. . Жазықсыз жан аяуында - ойынан, ұйықтаса - түсінен шықпайды!. . Ақырында, жебір ой мүжіген, санамен сарғайып, жүйкесі тозған Жөнейіт жанымен жағаласып жатып, көз жұмады!. . «Ноқталы пенде, тірлігіңде тебіспе. Өлім екпе, өмір ек. Жарық жалғанның мән-мағынасы сонда». Повестің соңғы бетін жапқанда - жазушы-пәлсапашы бізге осыны ұқтыратын еді ғой!. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар тағылымы мен көркемдік жинақтау жүйесі
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы әдеби түс көру және тарихи тұлғалар бейнесі (Ханша-дария мысалында)
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар: әдеби-тарихи зерттеу
Әбіш Кекілбаев прозасындағы ұлт табиғаты мен тарихи тағдырының көркемдік талдауы
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы фразеологизмдер және ұлттық-мәдени стереотиптер
Ә. Кекілбаев шығармаларындағы Махамбет бейнесі: поэтикалық интерпретация және тарихи контекст
Әбіш Кекілбаев романдарындағы қазақ шешендік дәстүрінің идеялық-көркемдік бейнеленуі
Әбіш Кекілбаев шығармаларында кейіпкерлер жүйесінің бейнеленуі және ішкі монологтың көркемдік-идеялық рөлі
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы түс көру мотиві: түстердің символикасы мен сюжеттегі рөлі
Әбіш Кекілбаевтың Шыңырау повесіндегі Еңсептің адамгершілік бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz