«Қаржылық тәуекелділік және оның фирма қызметіне әсер етуі»


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Қаржылық тәуекелділік және оның фирма қызметіне әсер етуі»
Тобы: ГУ - 307
Орындаған: Жанбаева А. Н.
Тексерген: Темиргалиева А. С.
Семей, 2015
Жоспар
І. Кіріспе
1. 1 Қаржылық тәуекелділік және оның түрлері
1. 2 Қаржылық тәуекелділікті басқару әдістері
1. 3 Қаржылық тәуекелдің түрлері және компанияларда оларды
бейтараптандырудың негізгі жолдары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайатынын білуі қажет. Кәсіпорын үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да кәсіпкер жағымсыз нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Қаржылық тәуекел-кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарлауы, кредиторларға тәуекелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде қаражат жұмсауы.
Қаржылық тәуекелді шешеуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвесторлар келесі қағидаларды назарда ұстауы қажет: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармауы, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекеге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражатының көлемімен салыстыру. Сонда ғана, бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.
Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану) болып табылады.
1. 1 Қаржылық тәуекелділік және оның түрлері
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелділіктер қаржы ағымының қозғалысымен байланысты құбылыс болып табылады. Қаржылық тәуекелділіктен сақтандыру мүмкіндігіне қарай оларды негізгі 2 топқа бөліп қарастырады: сақтандырылған және сақтандырылмаған.
Сақтандырылған тәуекелділік жағдайында сақтанушы кәсіпорын сақтандыру кампанияларына өзінің сақтандыру төлемін аударып отырады және ол келесі жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік туғызады:
- әр түрлі жағдайларға байланысты өндіріс көлемінің қысқаруы немесе өндірістің тоқтап қалуы;
- банкроттық;
- жоспарланбаған шығындардың көбеюі және т. б.
Қаржылық тәуекелділіктің қалыптасу саласына байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі - бұл кәсіпорынның нақты қызметімен байланысты қалыптасатын тәуекелділік және ол келесі жағдайлардан туындауы мүмкін:
- кәсіпорындарда мамандандырылмаған қаржы менеджментінің жұмыс істеуінен;
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық тиімсіз қалыптасуынан;
- кәсіпорын басшылығының шектен тыс қаржылық тәуекелділікпен тығыз байланысты іс-әрекеттермен жұмыс істеуі;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақсыздығына әсер етуші тағы басқа факторлар;
Сыртқы - бұл кәсіпорынның қызметіне байланыссыз тәуекелділік, яғни сыртқы факторлардың әсерінен болатын жағдай /табиғи жағдайлар, инфляция/ және тағы басқалар.
Сондай-ақ, қаржылық тәуекелділікті тұрақты және уақытша деп бөледі.
Тұрақты - бұл күнделікті қаржылық операциялармен байланысты тәуекелділік.
Уақытша - бұл несиелік, инвесторлық және инфляцияға байланысты белгілі бір уақытта, яғни осы іс-әрекеттер қалыптасқан жағдайда ғана пайда болатын тәуекелділік.
Сонымен қатар, кәсіпорындарда қаржылық тәуекелділіктің келесі түрлері кездеседі: инфляциялық тәуекелділік, несиелік, депозиттік, валюталық, инвестициялық, бизнес-тәуекелділік және тағы басқалар.
1. 2. Қаржылық тәуекелділікті басқару әдістері
Тәуекелділікті басқару - бұл шаруашылық қызметін талдау, сақтандыру ісі, кәсіпорынның қаржысы саласында толық білімі жеткілікті болатын қаржы менеджерінің тікелей қызметі болып табылады.
Кәсіпорындағы тәуекелділікті басқарудың келесі принциптері бар:
- қаржылық тәуекелділікті басқару мүмкіндігі;
- қаржылық тәуекелділікті басқару кезіндегі уақытша факторлардың әсерін есепке алу мүмкіндігі;
- кәсіпорынның қаржылық тәуекелділікті басқару стратегиясының жалпы кәсіпорынның қаржылық стратегиясымен сай келуі;
Қаржылық тәуекелділіктің деңгейін анықтау жағдайында ең алдымен ол іс әрекетке әсер етуші сыртқы факторларды және екінші кезекте ішкі факторлар анықталуы қажет.
Кәсіпорындағы қаржылық тәуекелділіктің деңгейін анықтау үшін аналитиктер оларды бағалаудың келесі әдістерін қолданады:
1/ бағалаудың эксперттік әдісі;
2/ бағалаудың статистикалық әдісі;
3/ есептеу-аналитикалық әдіс;
Есептеу-аналитикалық әдісі кезінде аналитиктер кәсіпорынның тәуекелділік деңгейіне әсер ететін ішкі факторларды есепке ала отырып есептейді.
Қаржылық тәуекелділіктің деңгейін төмендету үшін келесі жолдар ұсынылады:
- сақтандыру;
- диверсификация;
- лимиттеу;
Диверсификация - бұл бір-бірімен байланыссыз салым салу объектілерінің арасында инвестициялық құралдардың тиімді бөлінуі. Диверсификация жолы қаржылық тәуекелділіктің бір бөлігін жабуға ғана мүмкіндік береді. Мысалы: инвестициялық іс-әрекет кезінде бір акционерлік қоғамды ғана емес, бірнеше акционерлік қоғамның акциясын жұмылдыру тиімді.
Лимиттеу - бұл белгілі бір объектілерге, мысалы шығындарға, сату көлеміне, алынатын несиеге және тағы сол сияқтыларға лимитті, яғни шекті белгілеу немесе бекіту. Лимиттеу тәуекелділік деңгейін төмендетудің негізгі жолы болып табылады және банктерде несие беру кезінде овердрафт /ең сенімді клиенттерге өте қысқа мерзімге несие беру/ келісім шартын жасау кезінде, несие карточкаларымен тауарды несиеге беру кезінде және тағы басқалар кезінде қолданылады.
1. 3. Қаржылық тәуекелдің түрлері және компанияларда негізгі жолдары
Тәуекелді сандық талдау- бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ақшалай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау.
Компаниялардың қаржылық тәуекелін басқарудың негізгі қағидаларына мыналар жатады:
1. Тәуекелді қабылдау деңгейі бойынша;
2. Тәуекелді табыстау мүмкіндігін есепке алу;
3. Тәуекелді басқару үдерісінде компаниялардың қаржылық стратегияларын есепке алу;
4. Тәуекелді басқару кезеңіндегі опреацияларды есепке алу;
5. Қабылданған тәуекелдерді басқару;
6. Жеке тәуекелдерді басқарудағы тәуелсіздік;
7. Қаржылық опреациялардың табыстылық дәрежесі бойынша қабылданатын тәуекелдің деңгейінің сәйкестігі;
8. Компаниялардың қаржылық мүмкіндігіне байланысты тәуекелдің сәйкестілік деңгейі;
9. Тәуекелді басқару тиімділігі.
Компаниялардың қаржылық тәуекелінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлардың жүйесіне объективті және субъективті факторлар әсер етеді.
Объективті факторларға мыналар әсер етуі мүмкін:
- еліміздің экономикалық даму деңгейі;
- макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы;
- еліміздің инфляциялық өсу қарқыны;
- сұраныс пен ұсыныстың конъюктурасы;
- қаржы нарығындағы жеке сегменттердің бәскелестік деңгейі;
- компаниялардың қаржылық қызметін мемлекеттік реттеудің сипаты;
- форс-мажорлық топтардың факторлары.
Субъективті факторларға төменде берілген көрсеткіштер жатады:
- компаниялардың қаржылық стартегиясының негізгі парамтерлері;
- мүмкін болатын тәуекелдің саясатына менеджерлер мен меншік иелерінің көзқарастары;
- меншікті капиталдың көлемі;
- пайдаланылатын капиталдың құрамы;
- қаржылық операциялардың жеке түрлерін жүргізуде қаржы аспаптарын қолданудың жеткілікті пайдалануы;
- қаржы менеджерлерінің біліктілік деңгейі.
Кәсіпорындардың қаржылық тәукелдерін бейтараптандырудың тиімді жолың бірі - әртараптандыру.
Әртараптандыру қаржылық тәукелдің жеке: несиелік, депозиттік, инвестициялық, валюталық түрлерін төмендетуге көмектеседі.
Әртараптандырудың негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. Валюта қоржынын әртараптандыру.
2. Фирмалардың депозиттік қоржынын әртараптандыру.
3. Сатып алушыларды әртараптандыру.
4. Фирмалардың қаржылық қызметін әртараптандыру.
5. Фирмалардың бағалы қағаздар қоржынын әртараптандыру.
6. Қызмет жасап жатқан фирмалардың нақты инвестициялық бағдарламасын әртараптандыру.
Кәсіпорынның қызметін, қаржылық тәуекелді төмендетудің негізгі әдістерін ұсынып отыру.
1. Кәсіпкерлікпен айналысатын фирмалардың қызметін стратегиялық жоспарлау.
2. Қаржылық жоғаотулар болған жағдайда өтемақыларын қамтамасыз ету (келісім-шарттар бойынша айыппұлдық санкцияларды іске қосу)
3. Серіктестермен келісім-шарттарға отырған кезде форс-мажорлық (төтенше оқиғалар) міндеттемелерді қысқарту.
4. Кәсіпорын айналым қаражаттарын басқаруды жетілдіру.
5. Қаржы нарықтары туралы қосымша ақпараттарды жинау және талдау.
6. Қаржы нарықтарының коньюнктурасын және сыртқы орталардың өзгеріс тенденцияларын болжау.
Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді.
Тәуекелді ұстап қалу - тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды.
Тәуекелдікті бағалаудың көп мәліметтерді қажет ететіні белгілі. Мәлімет жеткіліксіз болған жағдайда тәжірибелі мамандардың болжамына сүйену қажет. Бұл деген кәсіпорында білімді мамандардың жұмысының күрделілігін көрсетеді.
Кәсіпорын стратегиясын жасауда да тәуекелді бағалау маңызды болып табылады. Себебі стратегияны таңдау кезінде тәуекелдіктің деңгейінің жоғарылығы анықталса, баламалы стратегияны таңдауға болады.
Кәсіпорын қызметінің тәуекелдігіне сол сияқты кәсіпорын орналасқан елдің саяси жағдайы да тікелей әсер етеді. Инвесторларды тарту кезінде де елде белгілі бір толқулар болып жатса, инвесторларды тарту да қиындайды.
Қорытынды
Кәсіпорын құрудың әр қадамында тәуекелдік болады, себебі ешешім қабылдауда әрдайым тәуекел ықтималдығы, тәуекелдің деңгейі, шығындар көлемі ескеріледі және оның көлемін азайту, тәуекел деңгейін төмендету жолдары міндетті түрде қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz