Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және ұйымдастыру жолдары



Жоспары

Кіріспе.

I.Бөлім.Қаржыны жоспарлау және тиімді пайдалану.
1.1.Қаржының негізгі қағидалары мен элементтері.
1.2.Әлеуметтік экономикалық дамудағы жергілікті қаржыны тиімді пайдаланудың маңыздылығы.
1.3.Қаржылық жоспарлаудың міндеттері.

II.Бөлім.Мақтарал ауданында жергілікті қаржыны пайдалануды ұйымдастыру жолдарын жетілдіру.
2.1.Ауданның жергілікті бюджетінің түсімдерін талдау.
2.2.Ауданда бағдарламаға сәйкес қаржыландыру көздері.
2.3. Ауданда қаржы шығындарының тиімділігін талдау.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымшалар.
Кіріспе.

Жергілікті қаржы – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау,бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Ол жергілікті бюджеттерді,арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің кірістіреді.
Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірінғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес катигория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
Бүгінде, жұртқа мәлім,қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен ролін арттырып отыр.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде,олар әлеуметтік,экономикалық,экологиялық,демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуін дербестікке ие бола бастады.
Жергілікті қаржының басты буындарының бірі- жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады,ал басқа буындарды- жергілікті шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылары (корпоративтік қаржылар),сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші субьектілері мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде оқулықтың тиісті тарауларында қаралған.
Жергілікті қаржының ролі,оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жергілікті бюджет- бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану процесінде едәуір рөл атқарады.Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға обьективті түрде ұмтылады. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субьектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдарыөз аймағының халқының толып жатқан экономикалық,әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты . Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік , бюджеттік қарым- қатынастың ролі , орны мен мәні өте маңызды екені белгілі . Қазақстан Респуликасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым- қатынасының , оның ішінде бюджеттік қарым қатынастың даму тәжірибелерін білу және дұрыс пайдалану қажет.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
С.Құлпыбаев, Қ. Iлиясовтың “Қаржы” әдебиетiнде “Жергілікті ќаржылыќ билік пен басќарудыњ жергілікті органдарыныњ сан ќырлы ќызметініњ ќаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге мањызды рол беріледі.” деп жазған. Сондықтан жергiлiктi бюджет каржы саласының басты базасы болып табылады.
Б. С. Өтебевтың “Мемлекеттік бюджет” әдебиетінде бюджеттік іс- әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі деп жазған.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және болжау проблемалары.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты - жергілікті қаржы бағдарламалардың тиімділігін бағалауды және жергiлiктi бюджеттерiнiң кiрiс- шығыстарына талдау жасау және нақты дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау болып табылады.
Бірінші бөлімде Қаржының негізгі қағидалары мен элементтері,әлеуметтік экономикалық дамудағы жергілікті қаржыны тиімді пайдаланудың маңыздылығы, қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттары,бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары , алымдар мен төлемдерді жоспарлау бойынша алымдар мен төлемдерді жоспарлауда салық кодексі бойынша жергілікті бюджетке түсетін алымдар мен төлемдерді белгілеген.
Екінші бөлімде ауданның жергілікті бюджетінің түсімдерін талдау,ауданда бағдарламаға сәйкес қаржыландыру көздері жоспарлау,ауданда қаржы шығындарының тиімділігін талдау, бюджет кірісінің және шығысының жіктемесі, әлеуметтік салаларға төленетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау жан- жақты талданды және мақтаарал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері мен шығыстарының талдауы орындалған.
Әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау бойынша 2005 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларды қаржыландыру,халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жәрдемақылар маңызы сипатталған.
Соңында қорытынды мен әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Азаматтық кодексі ҚР А 2003 ж.
2.Мақтаарал ауданының қаржы бөлімінің 2006 жылғы бюджет есебінің орындалуы.
3.Мақтаарал ауданың экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің 2007 жылға арналған бюджетінің жобасы.
4. Салық кодексі ҚР А 2002 ж.
5. Қазақстан Республиканың бюджет Кодексі 2005ж.
С.Т МыржақыповаБанктегі бухгалтер лік есеп
6. В.Д. Мельников, В.Д. Ли Қаржының жалпы курсы
7. В.Б. Ивашкевич.Бухгалтерський управленческий учет
8.Бухгалтерський учт в государственных учреждениях А. 2003.
9. В.Э. Каримов.Бухалтерских учет на проззвадктвенных предприятиях.
10. Энтони А. А Аткенсон Управленческсий учет.. М 2005 г.
12.Инструкция по учету операций Н.Б РК с ценным бумагами (ностовление сонета директаров от 12.06.97 №209;
13.Инструкция по учету доходов и расходов и их отражению по кодам 15.Бюджетной классификаций Н.Б. РК (П.С.Д. от 14.05.97 г №170)
16.Инструкция по учету операцій с таварно – мареиальными запасами, в том чесле молоценными и быстро – изномивающми педметами в подазденениях НБ РК (П.С.Д. от 12.06.97 г №201)
17.Собраник задоч по финонсвому аналіз 1997 г.
18.Ковалев В.В “Финонсоввый анализ” М 1998 г.
19.Абрюкина М.С., Грачев А.В. Аналіз финонсова – экономической деятельности предприятия учебно – пракческое пособие – М; изд. “Дело и сервиз”, 1998 г.
20.Назарбағв Н.А. Казахстан – 2030 Процветание, безопапсность и улчшение блогосостояние в сех казахстанцов Послание Президента страны народу Казахстана.
21.Ф.Б. Диполь, “Финансвый и управленческий аналіз” Масков 1998 г.
22.Қаржы қаражат. “Заңды тұлғалардың табыс салығының ерекшеліктері” 1996 жыл. №6 ;
23.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заң күші бар жарлығы.
24. Чериника;Налог – учебник под редакцией.
25. А.Б. Ермекбаев “Салықтар” – оқулық., Алмати 1995ж.
26.²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû» ¸ëåóìåòòiê ýêîíîìèêàëûº äàìóû/ ²Ð-» ñòàòèñòèêà æ¼íiíäåãi Àãåíòòiãi 2003.
27. Қ.Қ. Iлиясов , С. Құлпыбаев “Қаржы” Алматы 2005ж
28. Өтебаев Н “Мемлекеттiк бюджет” Алматы 2005

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
БЕКІТЕМІН
“Экономика”кафедрасының
менгерушісі______________
Қаржы мамандығы бойынша оқитын сыртқы бөлімінің 5-(бітіруші)
курстың студенті
Диплом жұмысының тақырыбы: Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын
жоспарлау және ұйымдастыру жолдары.

Жоспары

Кіріспе.
I.Бөлім.Қаржыны жоспарлау және тиімді пайдалану.
1.1.Қаржының негізгі қағидалары мен элементтері.
1.2.Әлеуметтік экономикалық дамудағы жергілікті қаржыны тиімді пайдаланудың
маңыздылығы.
1.3.Қаржылық жоспарлаудың міндеттері.
II.Бөлім.Мақтарал ауданында жергілікті қаржыны пайдалануды ұйымдастыру
жолдарын жетілдіру.
2.1.Ауданның жергілікті бюджетінің түсімдерін талдау.
2.2.Ауданда бағдарламаға сәйкес қаржыландыру көздері.
2.3. Ауданда қаржы шығындарының тиімділігін талдау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымшалар.
Студенттің қолы_________________

Ғылыми жетекшінің қолы.________

Жазылған уақыты._______________

Кіріспе.

Жергілікті қаржы – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін
жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес
жасау,бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті
қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Ол
жергілікті бюджеттерді,арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың
жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің
кірістіреді.
Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл
жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірінғай жүйесіне
енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес катигория ретінде
өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
Бүгінде, жұртқа мәлім,қоғамда экономикалық қатынастарды
орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда
аймақтардың дербестігі мен ролін арттырып отыр.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар
қызметінің аясы кеңейе түсуде,олар
әлеуметтік,экономикалық,экологиялық ,демографиялық сипаттағы проблемаларды
шешуде едәуін дербестікке ие бола бастады.
Жергілікті қаржының басты буындарының бірі- жергілікті бюджеттер егжей-
тегжейлі қаралады,ал басқа буындарды- жергілікті шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржылары (корпоративтік қаржылар),сондай-ақ бюджеттен тыс
қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші субьектілері мен
мемлекеттік бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері
бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде оқулықтың тиісті
тарауларында қаралған.
Жергілікті қаржының ролі,оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен
басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен,
сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси
экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жергілікті бюджет- бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта
бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының
қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы
ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану процесінде едәуір рөл атқарады.Оның
үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс
елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды
жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің құзыры мен
дербестігін арттыруға обьективті түрде ұмтылады. Аймақтар Қазақстан
Республикасының аумақтық субьектілері болып табылатындықтан биліктің
жергілікті органдарыөз аймағының халқының толып жатқан
экономикалық,әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты
өздерінше іздестіруі тиіс.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына
байланысты . Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік , бюджеттік қарым-
қатынастың ролі , орны мен мәні өте маңызды екені белгілі . Қазақстан
Респуликасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге
дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-
қатынасының , оның ішінде бюджеттік қарым қатынастың даму тәжірибелерін
білу және дұрыс пайдалану қажет.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы
категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын
әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу
теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны
ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның
қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы
қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
С.Құлпыбаев, Қ. Iлиясовтың “Қаржы” әдебиетiнде “Жергілікті ќаржылыќ
билік пен басќарудыњ жергілікті органдарыныњ сан ќырлы ќызметініњ ќаржы
базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге мањызды рол беріледі.” деп
жазған. Сондықтан жергiлiктi бюджет каржы саласының басты базасы болып
табылады.
Б. С. Өтебевтың “Мемлекеттік бюджет” әдебиетінде бюджеттік іс- әрекет
жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру
мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық
формаларды қолдану негізінде жүргізіледі деп жазған.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: Мақтарал ауданының қаржылық
жағдайын жоспарлау және болжау проблемалары.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты - жергілікті қаржы
бағдарламалардың тиімділігін бағалауды және жергiлiктi бюджеттерiнiң кiрiс-
шығыстарына талдау жасау және нақты дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау
болып табылады.
Бірінші бөлімде Қаржының негізгі қағидалары мен
элементтері,әлеуметтік экономикалық дамудағы жергілікті қаржыны тиімді
пайдаланудың маңыздылығы, қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен
мақсаттары,бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары , алымдар
мен төлемдерді жоспарлау бойынша алымдар мен төлемдерді жоспарлауда салық
кодексі бойынша жергілікті бюджетке түсетін алымдар мен төлемдерді
белгілеген.
Екінші бөлімде ауданның жергілікті бюджетінің түсімдерін
талдау,ауданда бағдарламаға сәйкес қаржыландыру көздері жоспарлау,ауданда
қаржы шығындарының тиімділігін талдау, бюджет кірісінің және шығысының
жіктемесі, әлеуметтік салаларға төленетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау
жан- жақты талданды және мақтаарал ауданының 2006 жылға арналған аудандық
бюджет түсімдері мен шығыстарының талдауы орындалған.
Әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау бойынша
2005 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларды қаржыландыру,халықты
әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жәрдемақылар маңызы сипатталған.
Соңында қорытынды мен әдебиеттер тізімі көрсетілген.

I-Бөлім. Қаржыны жоспарлау және тиімді пайдалану.

1.1. Қаржының негізгі қағидалары мен элементтері.
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне
де тән нәрсе. Ол белгілі нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы
ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың сапалы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық
заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы
заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса,
өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару- бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік
жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және
қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және
мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі
мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны
басқару –бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі-бұл
мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты-қаржыны басқарудың тиісті процесінің
түпкілікті қортынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін
объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады.
Қаржы жүйесінде оны басқару арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің,
соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен
жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет
профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде,
ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық
мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен
қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас);
басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі
(ұштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы. [1,10-бет]
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет
қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың
тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл
процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып
табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты,
яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында,
олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі
көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда,
қаулыларда және басқаларда ресімделетін қаржылық сипаттағы басқару
шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың талаптарын,
өткен шаруашылық кезеңнің қортындыларының ғана емес, сонымен бірге
келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық
әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың
экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн.
Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу
немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп
отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат,
ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы
қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастырының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару
субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын
пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты
нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау),
ұйымдастыру, реттеу, бақылау. [1,12-бет]
Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-
ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де маңызы бар. Жоспарлау
процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде
қабылданады, ол осыған байланыста жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс.
Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды
қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және
оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл-
жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және
оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша
қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік –аумақтық
бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын)
белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелігін, басқару қызметкерлерінің
жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны
оперативті басарудың нәтижнсі қаржы субъектілерінің –қаржы органдарының,
салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық
салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай
ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының
ұйымдастырылуы дәрежесі жоғары болуы тиіс.
Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке
бірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмаларының орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмасу, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік
(сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар
есебінен қызметтердің барлық түрлеріне арақатынас пен ұйлесімділікті
қамтамасыз етуді білдреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен
бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда
барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен
заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын
басшылыққа алып отыратын қаржы аппаратының қызметін қамтиды. Бақылау қаржы
ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен
салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға,
шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік
береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың
объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы
қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын
ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың
сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына
субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды
жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп
аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды
кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен
службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомствалардың
қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады.[1,27бет]
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындпағы қаржыны басқару
қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып
жүрген әдістері іске асыруды, басқару функцияларының –реттеудің, қаржы
рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын
есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық
экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік
жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір
сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесінде келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны
басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары
жеткіліксіз пайдаланылады; бюджеткен төленетін субвенциялардан (мақсатты
жәрдем қаржындан) бас тарту болды және т.б. Осы және басқа себептерге
байланысты қаржының рөлі төмендеді.
Экономиканы басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етті. Бұл
әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі,
қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамуға мүмкіндік
туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып
жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына
мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі. Қазіргі
кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің аймақтық және
жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі атарпынан
болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жатқан
бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді
пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет
операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету
жөніндегі операцияларға, қатысты.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл
проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері
арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті
бөлуге бақылау жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің
кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың
дәстүрлері көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері,
сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде
бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде
пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін
кеңінен таралмай отыр.
Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайында заңды екенін
мойындауға тура келеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектісінің

қаржысын басқару.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі.
Жоспарлау-экономикалық Банк және кассалық Есеп айырысу бюросы
бюросы операциялар бюросы
ТОПТАР
Қаржылық-креОперативтік-жЭкономи ка- Сатып Жеткізуші Кінәрат-та
диттік оспарлау жәнелық талдау алушылар лермен есеп лап тобы.
жоспарлау бақылау мен есеп айырысу
айырсу
бюросы.

Мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы
қаржылық міндеттемелерді орындау;
Есеп айырысуларды ұйымдастыру; өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды
тиімді пайдалануға жәрдемдесу; қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды
бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдылығы мен тездетілген
айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.
Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады.
Екіншіден деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық
қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді
несиелендіреді.[1,27бет]
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын
басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сонадй-ақ
басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы
службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы
көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялар жасау және қаржы
менеджментінің басқа мәселелрі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.
Мемлекеттің қаржысын басқару.
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және
оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы
ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды
және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде
көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы
органдары –Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты
арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:
1) Республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру
тәртібін айқындайды;
2) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді,
оның құрамын айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу
туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
4) Мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының
негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы
жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы-кредит және бюджет
саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады
және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және
пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың
көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды
қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті
қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын
бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де
өкілеттіктеріді жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару
қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы – Парламентке
жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен
Рспубликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық
бюджетті, сонадй-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар
енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып
тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де
көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық
актілерді-Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын
талқылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама
құқында жүзеге асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды
реттейтін заңдар шығарады, негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді,
олар; салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге,
республикалық бюджтке, білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік
қамсыздандыруға, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,
мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарын ұйымдастыру мен
олардың қызметіне, айналадағы ортаны қорғауға, меншік режіміне және өзге
де мүліктік құқықтарға қатысты.

1.2. Әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жергілікті қаржыны
тиімді пайдаланудың маңыздылығы.
Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта
құрудан туындап отырған жаңа мәселелерді шешуге байланысты және
Қазақстан экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуіне орай қаржыны
басқару саласында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару
жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы” Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына сәйкес қайта құрылған Қаржы министрлігі және
оның жер-жерлердегі органдарының рөлі шұғыл артып отыр. Қаржы
министрлігімен оған қосылған Мемлекеттік кіріс министрлігінің бюджетті
жоспарлау және мемлекеттің кірісін жоспарлау саласындағы функциялары
мен өкілеттіктері Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне
берілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылға 3
қырқүйектегі № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының
қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-
ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және
атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және
пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді
таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп
жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органы болып табылады. [2,30-бет]
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:республикалық
бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық
қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; салықтардың, алымдардың және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және бюджке түсетін өзге
де түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы
аударуларын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджтке түсетін түсімдер
бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз
ету; республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы,
бухгалтерлік есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық
жасау; өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер
қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау; мемлекеттік
меншікті басқарудың тиімділігін арттыру; мемлекеттік салық саясатын
әзірлеуге және іске асыруға қатысу; банкроттық рәсмін жүргізуге
(банктерді және сақтандыру) (қайта сақтандыру ұйымдарын қоспағанда),
сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік
бақылау және оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.
Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі
функцияларды жүзеге асырады:
Министрлік заңнамада арналған республикалық бюджеттің жобасын,
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының
стратегиялық жоспарларын және Қазақстан республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының индиактивтік жоспарлрын, негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;
Бюдетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке
кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен
басымдықтарын нақтылауға қатысу; өз құзыры шегінде мемлекеттің
қаржысын және мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың
мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу; мемлекет қаржысы,
фискалдық саясат және мемлекеттік меншік саласындағы заңнаманы қолдану
тәжірибесін талдау және қортындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар
әзірлеу; ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілділігімен қарыз алуды,
сонай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету; мемлекеттік
меншікті пайдалану мониторинг жүйесін жетілдіру; заңнамада белгіленген
тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің
бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына аудару; өз құзыры шегінде
бюджттің атқарылуы жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің,
бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық бақылаудың және мемлекеттік
меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу және дайындау (немесе қабылдау);
өз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық
салық келісімдері мәселелерінде уәкілетті органның функциялары; жер
қойнауын пайлалануға арналған келісім шарттардың салық сараптамасы,
сондай-ақ келісім шарттық талаптардың орындалу барысында жүргізу;
мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры
шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы
есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін әзірлеу; жергілікті
бюджеттердің шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізу және
шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;
республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және
оларға өзгерістер енгізу; республикалық бюджеттен шығыстарды
қаржыландыру және республикалық бюджетте көзделген соманың шегінде
кредит беру;
Ұлттық қордың қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі қызмет
туралы ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттің атқарлуы туралы
жылдық есептерді, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы барысты туралы
айлық, тоқсандық және жылдық ақпаратты жасау, срндай-ақ мемлекет
бойынша статистикалық есептерді жасау; республикалық бюджеттен
қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұроыс
жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының,
үкімет қарыздар, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздар
қаражатының және кейіннен үкімет қарыз алуға байланысты гранттардың
және мемлекеттік меншіктегі өзге де мүліктердің мақсатты пайдалануын
бақылау;
Республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ жергілікті
бюджеттердің атқарылуын бақылау және талдау;
Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында, оның ішінде өз құзыры шегінде
аудиторлық қызметті лицензиялау саласында уәкілетті органның
функцияларын анықтау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкідегі қазынашылық комитетінің
тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық опреацияларын
жүргізу және есепке алу, заңнаманы сақтау жөніндегі тексерістерді
ұйымдастыру;
Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және функцияларын
жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан
Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті
ақпараттарды сұратуға және алуға; өз құзырының шегінде барлық
комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де ұйымдардың
және тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік-құқықтық актілерді
шығаруға;
Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың
бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;
Акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық басқа да
мүлікке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық актілермен және
Үкімет белгіленген жағдайларда билік етуге; өз құзырындағы мәселелер
бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға; бірыңғай
қазынашылық шоттағы және Министрліктің мынадай ведомствалары бар:
Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау және
мемлекеттік сатып алу комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет .
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы
Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық
бөлімшелерден тұрады.[2,55 бет]
Қазынашылық органдары мынадай міндеттер мен функцияларын орындайды:
Республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге
асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және
мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;
касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, қазынашылықтың шоттарындағы
ақша қаражаттарын басқару;
республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды
енгізу;
республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа
міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің
бюджеттеріне есептеу;
мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және есепке
алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер
ұйымдастыру;
мемлекет қаржысының мән-жайы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасының ағынын болжау;
мемлекеттік сыртқы қарыздарды және мемлекеттің кепілділігі бар
мемлекеттік емес ішкі қарыздарды өтеу және қызмет көрсету кезінде ақша
аударуды жүзеге асыру;
бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені және қазынашылық
органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту және жетілдіру;
қазынашылықтың құзырына жататын мәселелер бойынша есептік
операцияларды жүргізудің тәртібі туралы әдістемелік және нұсқаулық
құжаттарды әзірлеу.
Қазынашылық қызметкерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын
мемелкеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының,
мемлекеттік банктердің қаржы-бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар.
Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы
бар. Қазынашылық службаларына қазынашылық төлем операцияларының орныдалуын
тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған
жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға, ақшаны бюджетке
өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге қазынашылық
бюджет қаражаттарын үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және
талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары мемлекеттік
кәсіпорындарға ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының және көрсетілетін
қызметтер сферасының ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың
мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару органдарына, қорғаныс
кәсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс
жүргізеді. Олар сонымен қатар кредит және валюта ресурстарын пайдалануды,
бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды
Салық комитеті орындайды.
Салық комитеті органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық
және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық
төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге
асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.[2,54-бет]
Қаржы министрлігі жүйесінде ең көбі жергілікті қаржы органдарының
аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы басқармалары мен бөлімдерін,
салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді,
яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкі шаруашылық резервтерді
анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық
буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумен айналысады, шаруашылық
органдарды қаржыландыру жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап
отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында
болады.
Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін
сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен
мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін
тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен
баланстарын қарайды.
Салық заңнамасына сәйкес салық органдарына облыстарына облыстар,
республикалық маңызы бар қалалар бойынша салық комитеттері, аудан аралық
салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша
салық комитеттері жатады.
Салық органдары тиісті жоғарғы салық службасы органына төменнен жоғары
қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
Мемлекеттің қаржысын басқаруға өзінің функцияларының өзгешілігіне
сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілі бір түрде қатысады.
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде,
қаржы ресурстарын басқарғанда қаржы қатынастарына тікелей де, сонымен бірге
жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік
валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажеттіліктерін қаржыландыруға
арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің
басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-кредит
саясатын жүргізген субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп,
білінеді.[5.27-бет]
Қаржыны басқаруға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық
жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен
бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және
үйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық
және жергілікті бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді
және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық бакпен бірлесе
отырып мемлекеттің сыртқы берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және
т.б.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мына департаменттерді
бөліп көрсетуге болады: Салық саясаты және болжамдар департаменті;

1.3. Қаржылық жоспарлаудың мінедеттері.
Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизмінің қосалқы
жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-
экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі.[1,22-бет]
Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас
ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге,
қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты
әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі
сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында,
ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша
қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында
жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты
жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын
ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті)
анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді
жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын
қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде
қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқауларды
бағалауды жүзеге асыруы тиіс (төтенше макро-және микродеңгейлерде қаржы
ресурстарының басқарудың қозғалысын басарудың мүмкіндіктерін анықтауы
тиіс) қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады,
нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске
асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін
әдістер анықталады[5,27бет]
Қаржылық жоспарлау –бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу,
қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге
бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты
құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды
және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен
мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қортынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен
жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына
дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. әрбір жоспарда белгілі бір
мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің
буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы
міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды
орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді
өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы
үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі.
Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың)-
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық
жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы ресурстарын бөлуді және насаналы
басқаруға мүмкіндік береді.
Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің
жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы,
өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін
іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесінде
тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде
аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен
маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік
қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің
тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын
күшейтуде, тиімділікті арттыруға оның рөлін арттыруға қажет;
бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр.
Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі –жоспарлау, бағдарламалау
және бюджет жасау:
жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және
баяндауды кіріктіреді;
бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланатын құралдардың қолда
барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;
бюджет жасау –жалпы көп жылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша
жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі топтастыру
бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу
процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге
асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Экстраполяция (немесе коэффициент) әдісі. Оның мағынасы қаржылық
көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады.
Есеп –қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе
төмендетудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі.
Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді,
өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай
анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген
нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
3. Математикалық үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы
саласына көшіру
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін,
қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және
қаржылық көрсеткіштердің және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін
қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың,
бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының
арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық
шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға;
ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік
береді.
5. сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің
параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін
пайдалануды қажет етеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты
қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау
әкімшілік*аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік
береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып
қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы
жағдайында аймақтық қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды
орталықтандырылған қорлар арқылы дамуын қамтамасыз ету үшін оларды
орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік, салалық,
аумақтық жоспарларды кіріктіреді. Мыналар жалпы мемлекеттік болып табылады:
мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық
бюджет, бюджеттен тыс қорлар.
Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған
дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны
жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық бактің белсенді қатысумен экономика
және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-
қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында
мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы
өндіріс пен қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа,
басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға
салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден
баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін
түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары,
ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға
жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым
қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар);
сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік-мәдени
шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа
мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған
қаражаттардың өсімі.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде бюджеттен басқа жалпы
мемлекеттік бағдарламаларды қаржымен қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық
бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталықтандырылған
қаржы жоспарлары жасалады. Жұртқа мәлім, көптеген елдерде әлеуметтік,
табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арналымдардың маңызды шараларын
қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс
қорлар, әдеттегідей, жалпы мемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып
табылады, айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын
функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы
жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын
құндық баланстар болып келеді.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы
жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындарды анықталады,
ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша
барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары
жасалынады. Ұжымшарлар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және
сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттің биліктің органдары түрлі
деңгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммерциялық (шаруашылық) есепте жұмыс
істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен
шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен
кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың
кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі, гығыс бөлігінде осы
түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталатын. Баланстың “Кәспорындардың
бюджпен өзара қарым-қатынастары” бөлігі (алғашқы екі бөлімді “кірістерді”
және “шығыстарды” теңестіруші) бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен
қаржыландыруды көрсететін.
Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық жүргізуші субъектілер екі
бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы кірістердің құрамына, ал
бюджетке төленетін төлемдер шығыстардың құрамына кіріктіріледі.
Кәсіпорынның кірістері мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда
шаруашылық –қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал
аралық нәтижелер-ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.
Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу (бекіту) арнаулы
қаржы жоспарында –төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. “Түсімдер”
бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс,
банктердің қысқа мерзімді кредиттерінің, мерзімі өткен дебиторлық
берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадй түсімдері, кассадағы және
есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. “Шығыстар” бөлімінде
тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбек ақыға, салықтарды
төлеуге, банк несиелер өтеуге, кредит үшін пайыздарды төлеуге жұмысалатын
шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің
көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай
қысқа уақыт ішінде (бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық
жоспарлау жүзеге асырылады. Төлем күнтізбелігі есеп айырысулар мезгілдерін
нақтылау мен олардың дәйектілігі жайында кірістер мен шығыстар балансын
толықтырады, бұл олардың уақыттылығын қамтамасыз етеді.
Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты
ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде
көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық
жоспарлауда да жалпы дүние жүзілік стандарттарға көше бастады. Әңгіме
барлық белгіленетін шараларды қаржымен қамтамасыз етуде маңызды орын
алатын бизнес-жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсат пен жоспары және
қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Бизнес –жоспар- бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық
негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың
экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларын қарағанда жекеше
кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрылм қамтиды. Бизнес-
жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін, олардың
бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды (рынок болжамы), маркетинг
стратегиясын, өндірістік, ұйымдық және заңдық жоспарларды, тәуекелдікті
бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдеоді қамтиды.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды өнім өткізудің
болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен
кірістердің балансын кіріктерід. Кейбір кәсіпорындар активтер пен
пассивтердің балансын және графигін (залалсыздыққа жетудің есеп-қисабын)
қосымша жасайды.
Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық
деңгейде асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық
құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті
жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

2- Бөлім. Мақтаарал ауданында жергілікті қаржыны
пайдалануды ұйымдастыру жолдарын жетілдіру.
2.1. Ауданның жергілікті бюджетінің түсімдерін талдау.
2006 жылға арналған аудандық бюджеттің кірісі бойынша жоспар
4111867,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 4075091,0 мың теңге, яғни
36776,0 мың теңгеге кем орындалып 99,1 пайызды құраған. Ал нақтыланған
бюджеттің кіріс көздері жергілікті алымдар мен салықтар бойынша 753 млн.
810 мың теңге жоспардың орнына нақты орындалғаны 761 млн. 176 мың теңгені
құрап, 101 пайызға, немесе 7 млн. 366 мың теңгеге артығымен орындалды.
Республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын ресми
трансферттерден түсетін түсімдер бойынша жоспарланған 3 млрд. 340 млн. 783
мың теңгенің орнына, нақты түскені 3 млрд. 308 млн. 238 мың теңгені құрап,
облыста өткізілген тендрлік комиссияның қортындысы бойынша үнемделген 32
млн 545 мың теңгеге кем қаржыландырылып 99,0 пайызға орындалды. Сонымен
қатар аудандық бюджеттен 1998-2003 жылдар аралығындағы кіші және орта
бизнесті қолдауға берілген несиелердің қайтарылымы есебінен жоспарланған 11
млн. 617 мың теңгенің небәрі 325 мың теңгесі қайтарылып, қалған 11 млн. 597
мың теңгесі бюджетке түспеген. 2006 жылға арналған аудандық бюджетте
жергілікті алымдар мен салықтар бойынша кіріс көздерінің әлеуметтік
салықтың межелеген жоспары орындалмады. Әлеуметтік салық бойынша
жоспарланған 350 млн. 251 мың теңгенің орнына 294 млн. 603 мың теңге түсіп
55 млн. 648 мың теңгеге кем орындалған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтарал ауданында жергілікті қаржыны басқару
Жергілікті бюджет жайлы
Нарықтық жағдайдағы Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары
Шитті мақта мен мақта-талшығын өңдеумен айналысатын өңдеуші кәсіпорындардың маркетингтік басқару
Мақтарал ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және болжауды ұйымдастыру
Ойтоған ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері
Нысанның орналасқан жері
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
Мақтарал ауданының жергілікті бюджетін пайдалануды жетілдіру жолдары
Пәндер