Рим империясының қоғамдық және мемлекеттік құрылымы: Шығыс Рим империясы, Батыс Рим империясының құлауы


Орындаған:Ешенғазин Думан
Топ:ИЯ-211
Рим империясының қоғамдық және мемлекеттік құрылымы:Шығыс Рим империясы, Батыс Рим империясының құлауы
Аппенин түбегінің орта шенінен Тибр өзені ағады. Жазықта латындар тайпасы тұрады. Б. з. д. VIII ғасырда Тибр сағасынан 25 шақырым жерде, жотада Рим қаласы пайда болды. Римнің өте ертедегі тұрғындарының ұрпақтары патрицийлер деп аталды. «Патер» әке деген сөз, яғни қаланың негізін өздерінің әкелері қалағанын патрицийлер мақтан еткен. Олар ортақ егіндік жері мен жайылымдығы бар қауым болып тұрды. Әрбір отбасын латынша фамилия деп атады. Римдіктер арасынан ірі жерлері бар, шаруашылығында көптеген құлдарды ұстайтын ақсүйектер шықты. Халықтың ең жоғарғы тобын - аристократтар құрады. Олар өзінің шығу тегі жағынан бұрыннан ауқаттылардың қатарына жататын ежелгі ұрпақ, ата-бабасының даңқы шыққан адамдары болды. Қоғам олар туралы үнемі жоғары пікірде болып, мемлекеттің маңызды істерін сеніп тапсырды.
Рим тарихын үш кезеңге бөлеміз: патшалық кезең, Республикалық және империялық кезеңдер. Римнің алғашқы патшасы Ромул болды. Римдегі патшалық кезең б. з. д. 753-509 жылдарды қамтиды.
Ежелгі Рим (лат. Roma antiqua) - ерте заманның бас өркениеттеренің бірі, өз атауын Ромулдың атымен аталған астанасының есімінен алды. Рим орталығы Капитоли мен Палатин, Квиринал қоршаған батпақты жазықтықта құрылды. Рим өркениетіне этрусктер мен көне гректердің мәдениеті үлкен ықпал етті. Көне Римнің күштілігінің шыңы, б. з. II ғасырына келді. Сонда оның қол астындағы жерлер солтүстігінде қазіргі Шотландиядан, оңтүстігінде Эфиопияға дейін, шығысында Армениядан, батыста Португалияға дейін созылды.
Көне Рим тарихының кезеңдері:
Патшалар дәуірі (754/753 жылдардан - 510/509 жылға дейін) .
Республика (510/509 дан - 30/27 жылға дейін)
Ерте Республика (Б. з. б. 509-265 жылдар)
Кейінгі Республика (Б. з. б. 264-27 жылдар. )
Толық мақаласы: Рим империясы
Империя (30/27 г до н. э. - 491 г. н. э. )
Ерте Империя Принципат (27/30 г до н. э. - 193 г. н. э. )
II ғасыр дағдарысы (193-284 жж
Кейінгі Империя Доминат (284-476 жж. . )
Рим империясының шығыс аймақтары экономикасының даму деңгейі жағынан варварлар шапқыншылығынан зардап шеккен батыс аймақтардан әлдеқайда алда болды. Сол себепті император І Константин б. з. б. 324 жылы астананы Рим қаласынан Босфор бұғазындағы Византий деген шағын калаға көшірді. 330 жылы ол қаланың аты Константинополь (Жаңа Рим) деп өзгертілді.
395 жылы Рим империясы ресми түрде Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Константинополь Шығыс Рим империясының астанасы болып калды. Бұл қала бұрын Византий деп аталғандықтан, Шығыс Рим империясы тарихта Византия империясы деп те аталады.
Византия империясы Еуропаға, Азия мен Африкаға дейін созылып жатты. Оның құрамына Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Месопотамия мен Арменияның біраз бөлігі, Жерорта теңізінің шығысындағы аралдар мен Қырымдағы, Кавказдағы иеліктер кірді. Халықтың құрамы ала-құла болды: гректер, еврейлер, арабтар, иллирийліктер, дактар, армяндар, грузиндер т. б. Латын халқы азшылық болса да VII ғасырға дейін латын тілі мемлекеттік тіл болды. Кейін оны грек тілі ығыстырды. Шығыс Рим империясы ерте орта ғасырда Батысынан әлдеқайда бай болды. Империяны Египет пен Фракия астықпен қамтамасыз етіп отырды. Қалалары қаңырап, бос тұрған Батыс Еуропаға қарағанда Византияда тіршілігі қайнап, қолөнері дамыған, сауда орталығына айналған Александрия, Антиохия, Иерусалим, Константинополь сиякты қалалар көп болды. Аз уақыттың ішінде үлкен де бай қалаға айналған Константинополь Шығыс пен Батыс арасындағы «алтын көпір» атанды. Бұл қалада әлемнің түкпір-түкпірінен - Қытайдан, Түрік қағанатынан, Ираннан, Үндістаннан, Батыс Еуропадан, Африкадан келген саудагерлерді кездестіруге болатын. Византияның алтын ақшасы - номисма барлық елдерде ең сенімді ақша болды.
Шығыс Рим империясы немесе Византия империясы (325-1453) ( Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерін ромей деп атаған) - 395 - 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын Батыс тарихшылары XIX ғасырда енгізген.
IV ғасырда Рим империясы әлсірей бастады. Оның бірнеше себептері болды. Ең басты себеп - құлдар еңбегінің тиімсіздігі еді. Құлдар өнімді көп өндіруге мүдделі болмады. Еңбегіне ақы алмай, тек тамағы үшін ғана ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған құлдар қасақана еңбек құралдарын бүлдіріп, зиянкестік жасады, жұмыстан жиі бас тартты.
Билік басындағыларды, әскерді азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыру үшін халыққа салынатын салық мөлшері жылдан-жылға өсе берді. Сөйтіп өкіметке қарсы тек құлдардың ғана емес, карапайым қала халқы мен шаруалардың да наразылығы күшейе түсті. Құлдар мен қарапайым еңбекші халық шіркеуге де сый-сыяпат, зекет ретінде алым-салықтар төлеп тұрды. Тойымсыз дінбасыларға деген наразылық қалың бұқара арасында күпірлер қозғалысын туғызды.
Қатты күйзеліске ұшыраған Батыс империяға Герман тайпалары - вандалдар, вестготтар(батыс готтар), остготтар (шығыс готтар), ағылшын-сакстер, франктер және тағы басқалар шабуылдарын күшейтті. Бұл тайпалардың қоғамдық даму деңгейі біркелкі емес еді. Кейбіреулері отырықшылық өмір сүріп, егіншілікпен шұғылданса, екіншілері мал шаруашылығымен айналысып, қоныс аударып отырды. Германдық тайпалардың негізгі шаруашылық ұясы қауым болды. Қауым мүшелері топқа бөлінбей, жерді бірлесіп өңдеді. Германдықтарда мемлекет болмады. Қауымдарды сайланып қойылатын көсемдер басқарды. Дау-дамай, талас-тартыстарға ру ақсақалдары қазылық етті. Тайпалар өзара соғысып, бірін-бірі бағындырып отырды. Соғыс кезінде батырлығымен көзге түскен тайпа көсемі әскербасы болып сайланатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz