Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап., SWOT талдау жасау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап., SWOT талдау жасау
Орындаған: Дәулет Г.
Тобы: БТ-407
Тексерген: Есенбекова З. Ж
Семей 2015
Әлеуметтік желілер: SWOT-талдау
Бүгінде қоғам мүшелерінің көпшілігі өз өмірлерін әлеуметтік желілерсіз елестете алмайтын жағдайға жетті. Әлеуметтік желілер толықтай бүкіл әлемді қамтып, танымалдылығы жоғарылап жатыр және оның нақты жас ерекшелік немесе кәсіби шектеулері жоқ. Сонымен бірге, әлеуметтік желілер қазіргі заман азаматтарының тұлғалық әлеуметтенуіне ерекше ықпал жасайды.
Әлеуметтендіру үдерісі барысында білім берудің технологиялары, әдіс-тәсілдері қолданылатындығын ескерсек, өзекті мәселелер берілген тақырыппен ұштасады. Жалпы әлеуметтік желілерде жазылған заңдылықтар жоқ. Десек те, әлеуметтік желілер отбасы, мектеп, дос-жарандар секілді әлеуметтендірудің классикалық институттарын қарқынды түрде ығыстыру қаупін туындатып отыр.
Виртуалды қауым қалыптастыру шын мәнісінде әлеуметтендірудің дәстүрлі уәкілдерін ауыстыруға ықпалы мол. Бірақ, пайдаланушылардың виртуалды әлемде игеретін жағымсыз қасиеттері шын өмірге келгенде әлеуметтендірудің нақты процесін күрделендіріп, қалыптасқан қоғамдық ережелерді күйретуі мүмкіндігін ұмытпауымыз қажет. Өйткені, әлеуметтік желілерде ішкі тәртіптерге негізделген нормалар мен ережелер қоғамдық стандарттармен сәйкес келе бермейді және оны бұзғаны үшін шын жауапкершілікке тартылатындығын кеш түсініп жатамыз.
«Internet World Stats» агенттігінің кезекті зерттеу нәтижесіне мән берсек. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 5, 6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн 125 мың рет қаралатын «Мой мир», 558 мың рет қаралатын «Одноклассники», 525 мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook»-ті жатқызуға болады. Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен «mail. ru agent»-ке кіреді. Өйткені, бұл ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы.
Агенттік ұсынған тағы бір қызықты дерек, әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазады. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты өтірік айтатын болып шыққан [1] . Әрине, бұл нәтижелер көпшілікті ойландыруы қажет деген пікірдеміз.
Бүгінгі таңда еліміздегі қызмет атқаратын кез келген мекемелер ғаламторға өз сайттарын орналастырумен қатар, кері байланысты қалыптастыруда әлеуметтік желілер көмегіне сүйенеді. Әрине, әлеуметтік желілер арқылы өз қызметтерін насихаттау немесе сілтемелер беру арқылы жағымды жақтарын көрсетуде оның беретін көмегі орасан зор. Сонымен бірге, кез келген азаматтың электронды жәшігі болғандықтан оның ішкі сезімі өзгелер секілді виртуалды әлемге енуді қалайды.
Әлеуметтік желілердің электронды шақыру хаттары да қызығушылық туындатады. Бұл ғылымның түрлі салаларындағы желілік, әсіресе, әлеуметтік желі ықпалына назар аудартып жатқандығын көрсетеді. Себебі, аталмыш ұғым кейбір қауымдастық мүшелері арасындағы кешенді өзара қатынастарды реттеуде қолданылады. Бүгінгі ғылымда әлеуметтік желілер әдістемесінің адам мінез-құлқына ықпалын зерттеумен қатар, ғылым салаларындағы инновациялық және мәдени ықпалдастығы қарастырылған жөн.
Қазіргі әлемдегі саяси және қоғамдық өмірдегі әлеуметтік желілердің рөлін анықтау мақсатында SWOT-талдау жасалды және оның нәтижелері төмендегідей:
Похожая статья: Қазақстанда туристік қызметті дамыту саясатына талдау Әлеуметтік желілердің жағымды жақтары: компьютерлік сауаттылықтың жоғарылығына байланысты ақпарат алу, алмасу жылдамдығы артады; халықтың билік органдары блогтарына хабарласуы арқылы кері және өзара байланыс орнатуға жол ашылады; іздестіру жүйелері арқылы кез келген тақырыпта ақпарат алу және пайдалану; тиімді пайдаланған жағдайда білімін толықтыру; сыныптастар мен курстастарын, ескі достарын табу және хабарласу; тек компьютер арқылы ғана емес, ұялы телефондар арқылы да желіге ену; өз мүддеңе сай келетін азаматпен виртуалды тілдесу.
Әлеуметтік желілердің жағымсыз жақтары: бос уақыттың жұмсалуы; оппоненттің манипуляциялық тәсілдеріне мән бермей, алдауына түсу; ақпараттың ақиқаты мен жалғандығын айыра алмау, кез келген ақпараттың ұсынылуы; қоғам құндылықтарына жатпайтын лас сөздерді пайдалану, теріс пиғылды азаматтардың өз мүддесін жүзеге асыру үшін мүмкіндігінің болуы; ақпаратты кез келген тұлғаның өз мүддесі үшін пайдалануы; толықтай электронды бағыныштылық.
Әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері: ақпарат алмасуда сурет, бейне, блогтар мен микроблогтар, қауымдастық, чат және т. б. көздер арқылы қажетті мәліметтерді кеңінен пайдалану; өз профиліңді құру және автор туралы мәлімет ұсыну; мүдделері бойынша ортақ виртуалды достармен қатар, өмірдегі достар, туысқандар, әріптестер, сыныптастар мен курстастар бірлестігін құру; халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты блогтар арқылы күшейтеді; кез келген жерде қажетті ақпаратты өз уақытында алу және пайдалану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz