Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СОБӨЖ
Тақырыбы: Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі
Орындаған: Тарпамбай Ә. С
Тексерген: Сабырбаева Р. Қ
Қя-319 с
Семей-2015 ж
Драма жоқ жерде театр өнерiнiң ғұмыры ұзаққа бармасы - аксиома. Драматургия театр өмiрiндегi ең басты және шешушi құрал. Яғни, театр негiзi - әдебиет. Драматургия - әдебиет жанры. Драматургияның әдебиеттiң өзге салаларынан гөрi аз-кем айырмашылығы оның адамдар жан-дүниесiндегi асқақ сезiм мен отты құштарлықты психологиялық тұрғыда кiсiнiң жан күйзелiсiмен ұштастырып, өмiр мәселелерiн барынша шынайы суреттеуiнде. Осы ретте, драмалық шығарманың екi бағыты айқындалады. Бiрiншiсi - көркем әдебиет қалпындағы нұсқасы болса, екiншiсi - оның сахналық материал тұрғысындағы көрiнiсi. Бұл екеуiн бiр-бiрiнен бөлiп қарауға болмайды. Өйткенi, драма сахна үшiн де, көркем шығарма үшiн де аса қажеттi рухани құндылық. Әрине, тәуелсiздiгiмiзге дейiн де төл драматургиямыз жайында аз сөз болмаған. Аталған жанр жөнiнде Қ. Мұхамеджановтың екi томдық “Пьесалар”, “Өнер жайлы ойлар”, С. Ордалиевтiң “Қазақ драматургиясының очерктерi”, Ә. Тәжiбаевтың “Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы”, Р. Нұрғалиевтың “Күретамыр” секiлдi т. б. көптеген авторлардың салиқалы еңбектерiнде сол кезгi заман лебiмен дүниеге келген шығармалар бiршама байыпты сарапталады. Яғни, мұндай еңбектердiң дүниеге келуi руханият қауымы ой-қиялының өсiп-жетiлуiне, театрлар репертуарының кеңейе түсуiне үлкен үлес қосты.
Тәуелсіздік кезеңі тарихи тақырыптарға тыңнан жол ашқаны мәлім. Бұл кезеңде әдебиеттің барша жанрында тарихи тақырыптардың белсенді көтерілуі анық байқалды. Бұл драма жанрына да тән болды.
Көркем прозасымен қазақ әдебиетінің қорын байытқан Шерхан Мұртаза драматургия жанрының да дамуына үлкен үлес қосты. Қазақ театр сахнасының тұрақты туындысына айналған «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жалғыз үйлік зілзала», «Есек саудасы», «Домалақ ана» пьесалары драматургтің суреткерлік шеберлігін тағы бір қырынан танытты. Өзінің сүйікті кейіпкері Тұрар Рысқұловты сахнаға әкеліп, тартысты заманның шындығын тереңдей таныту драматургтің жеткен жаңаша жетістігі еді. Голощекин саясатының қазақ даласына апаттай тиген зорлық-зомбылығын Сталинге хат түрінде жазған Тұрар әрекеті, ұлттың үлкен қасіретін жанымен түйсініп, оған жүрегімен қиналғаны «Сталинге хат» драмасынан барынша көрініс тапқан. Сталин мен Тұрар арасындағы диалог астарлы ойлар қақтығысына құрылған. Рысқұлов хатта жазғандарын Сталинге санамалап көрсетіп, Қазақстанға не керек екенін айтады. «Сталинге хат» екі бөлімді тарихи диалогі Тұрар Рысқұловтың халықты аштық тырнағынан құтқару жолындағы қайраткерлігіне арналады. Молшылық пен дарқандықтың мекені - қазақ даласының да күйі кеткендігі көрінеді. Рысқұлов пен Сталин арасындағы диалог тартысты жағдайда өтеді. Екеуінің де сөзі ұтқыр, бір-біріне сынай тіл қатқан, астарлы ойлар.
Әбіш Кекілбаев та драматургия жанрына үлкен үлес қосқан қаламгер. Әлем әдебиетіндегі классикалық драматургия үлгілерін қазақ тіліне аударумен бірге өзі де осы жанрда төл туындыларын дүниеге әкелді. Тарихи-өмірбаяндық «Абылай хан» атты халықтық-қаһармандық сахналық дастаны еліміз тәуелсіздік алған кезде жазылды. Жазушының прозасында көтерілген ғасырлар бойғы халық аңсаған тәулсіздік, азаттық ұраны осы драмалық шығарма арқылы сахнаға шықты. Ә. Кекілбаевтің драмасындағы оқиға тізбектері ұлттық мінез бен болмыс аясында өрбиді. Жалқаулық пен кертартпалық, аяқтан шалу сияқты қазақи мінездерді драматург кейіпкерлердің әрекеттері мен пиғылдары арқылы көрсеткен. Пьесада Абылайдың алғаш таққа отыруы, Абылай ханның саяси мұраттастары мен қарсыластарының бет-бейнесі айқындалады. Шығарманың астарында қазақтың іргелі ел болудағы ежелгі арманы жатыр. Абылай өз халқы үшін зор еңбек атқарды, үлгермей, тиянақтай алмай қалғандарын болашаққа аманаттады. Драмадағы тартыс осыны меңзейді. Ә. Кекілбаевтің «Абылай хан» пьесасы - қазақтың кешегісі арқылы бүгінін меңзейтін туындысы. Әйгілі прозашының драматургия жанрын еркін игергеніне осы пьеса мысал бола алады.
Кез-келген өнер туындысының мақсаты - өз кейіпкерлерінің болмысын, жан дүниесін ашып көрсете білу, сол арқылы адамдардың сезіміне әсер ету болса керек. Драма - адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Көптеген драмалық дастандардың басынан соңына дейін үзілмеген желі - қазақ халқының бостандық тілеген тілеуі, соның бойында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген елді жаудан қорғаудың сан жағдайы, сол ұрпақтар ішіндегі күрес, сол замандағы ақиқат пен шындық. Жалпы жазушы-драматургтер С. Жүнісов, Ә. Кекілбаев, М. Байсеркенов және Р. Отарбаев заман шындығын, хан мен батырлардың айбарын, көрегенділіктері мен тапқырлықтарын көрсетіп сөйлете алған. Бұл шығармалар халық сүйсінетіндей, табынатындай көркем туынды болып, қазақ әдебиетінің алтын қорына қомақты үлес әкелді деп айта аламыз.
Бүгінгі қазақ драматургиясында ұлттық тарихымыздағы ақтандақ болып келген тақырыптар, көркем шындықпен кестеленген кесек туындыларға айналып көпшілік назарына ұсынылып келеді. Бұл да болса тәуелсіздігіміздің бір жетістігі болса керек.
Қазақтың ұлттық тарихындағы дербес мемлекеттік құрылыммен қалыптасуымызға, халық болып танылып, сақталуымызға қайраткерлікпен-көсемдікпен өмірін арнап, еңбек еткен хандарымыздың (Керей, Жәнібек, Абылай, Кенесары), би-шешендеріміздің (Төле, Қазыбек, Әйтеке, т. б. ), ақын-жырауларымыздың (Асан Қайғы, Бұқар, Махамбет, т. б. ), батырларымыздың (Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сырым, Исатай, Жанқожа, т. б. ), ғұлама-ағартушыларымыздың, қоғам қайраткерлерінің (Әбунасыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов), т. б. ондаған тарихи тұлғаларымыздың сөз өнері туындыларындағы көркем бейнеленуі жаңаша серпінмен өркендеді. Әсіресе, XX ғасырдың 80-жылдарының ортасынан басталған ұлт тарихының бұрын әдейі назарға алынбай келген тұстары асқақ рухты романтизм мен сыншыл реализм көркемдік әдістері тұрғысынан мол қамтыла жазыла бастады. Әдеби тек түрлері (эпос, лирика, драма) жанрларының барлық салаларында елеулі туындылар жазылып, оқырмандарға ұсынылды.
Бүгінде халық ықыласпен қабылдаған тың туындылар жазылып, республика театрларында сахналанып келеді.
Сәкен Жүнісовтің "Кемеңгерлер мен көлеңкелер" (Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов бейнелеріне арналған), Әбіш Кекілбаевтың "Абылай хан", М. Байсеркеұлының "Абылайханның ақырғы күндері", "Кек қылышы Кенесары", Жолтай Әлмашұлының "Сана дерті", "Абақты-ғұмыр", "Фрустракция" (Нәзір Төреқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Қожанов, Сәкен Сейфуллин туралы) пьесалары - қазақ тарихының ақтандақ беттерін көркем шындықпен өрнектеген туындылар.
Жолтай Әлмашұлының пьесаларындағы қазақ тарихының қайраткер тұлғаларының бейнеленуі - әдебиетіміздің өзекті тақырыпты игерудегі жаңашылдық. XX ғасырдың басындағы қазақ сөз өнеріндегі шығармашылықты мемлекеттік жауапты қызметтерімен сабақтастыра еңбек еткен қайраткерлердің саяси қуғын-сүргін жазалауларына ұшыраған - Ұлттық трагедиямыз. Табиғи қабілеттерін туған халқына, ұлтына қызмет етуге арнаған дарынды тұлғалардың жазықсыз жазаланғаны - қазақ ұлтын әлсіретуге, тарих сахнасынан біржолата жоюға арналған зұлым саясаттың жендеттік ұстанымының нәтижелері.
Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналған соң бұрын айтуға, жазып жариялауға жабық болып келген көптеген тарихи құбылыстар, ұлттың мақтанышы болған ұлы қайраткерлер өмірі мен қызметі драма шығармалар арқауына айнала бастады. Ысқақовтың "Жан қимақ", Оразбаевтың "Шыңғыс хан", "Естайдың қорланы", С. Сматаевтың "Той үстінде топалаң", Б. Әбілдаұлының "Төле би", О. Дастановтың "Әзірет Сұлтан", А. Бекбосыновтың "Соңғы сезім", Таразидің "Алатау сынды алабым", Шахимарденнің "Томирис" пьесаларында халқымыздың басынан кешкен сан қилы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше көркемдік қуатпен бейнеленген. Ал Сүлейменов пен Мұқаевтың "Заманақыр", Р. Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" пьесалары экология тақырыбын, әлемге әйгілі болған Семей полигонының қазақ халқына әкелген трагедиясын суреттейді. Қазіргі қазақ драматургиясы туралы филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегеновтың мақаласында нақтырақ талдау жасалған.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің драматургия саласы бойынша мына шығармаларды атап өтуге болады: Ә. Кекілбаевтың "Абылай хан", Ә. Таразидің "Ақын, Періште. Махаббат", С. Жүнісовтің "Кемеңгерлер мен көлеңкелер", М. Байсеркеновтің "Абылай ханның ақырғы күндері", Р. Отарбаевтың "Бейбарыс сұлтан", Шахмардан Құсайыновтың "Томирис", И. Оразбаевтың "Шыңғыс хан", Т. Нұрмағамбетовтің "Бес бойдаққа бір той", Қ. Ысқақовтың "Қыл көпір", "Жан қимақ", Қ. Ысқақ пен Ә. Таразидің "Алатау сынды алыбым", И. Сапарбайдың "Сыған серенадасы", С. Балғабаевтың "Тойдан қайтқан қазақтар", "Ғашықсыз ғасыр", "Ең әдемі келіншек", Ә. Ақпанбетұлының "Дүние-думан", Д. Амантайдың "Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң", С. Сматаев пен Т. Теменовтің "Көгілдір такси", А. Жағанованың "Жан алқым", Н. Әбутәлиевтің "Өттің, дүние", А. Бекбосыновтың "Соңғы сезім", Д. Исабековтың "Актриса", "Тор", "Ескерткіш", Иран-Ғайыптың "Естайдың Қорланы", Б. Мұқайдың "Сергелдең болған серілер", "Өмірзая" т. б. Аталған драмалық шығармалар - тәуелсіздік жылдарында қазақ әдебиеті қорына қосылған рухани қазына деп танылады.
Драмалық шығарма - театрмен тығыз байланысты бола отырып, сол күші арқылы оқырманын, көрерменін ерекше әсерге бөлейтін жанр. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының даму қарқыны мен жай-күйі туралы жоғарыда айтылып кетті. Бұл ретте Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Н. Оразалиннің: "Театр өнері арқылы Республикамызды бүкіл әлем таныған ел дәрежесіне көтеріп, бүгінгі заманға сай өркендеуімізге толық мүмкіндік бар. Бұл іргелі міндеттің жүзеге асуына қаламгер-драматургтеріміз де өз үлестерін қосып келеді. Болашақта да қоса бермек. Қосуға тиіс. Өйткені, театр өнерінің қайнар көзі мен арқауы - ұлттық драматургия", - деген пікірін келтіру орынды болмақ. Қазақ қыздарының өр әрі еркін бейнесі - тек ауыз әдебиеті мен поэзия, прозаның ғана емес, драматургияның да өзекті тақырыбы. Қазақтың батыр қыздары дегенде, әрққайсымыздың көз алдымызға бірден Әлия мен Мәншүк келетіні белгілі. Негізінде, қазақ қыздарының батырлық жолы Томирис - Тұмар анамыздан бастау алатыны белгілі. Тәуелсіздік алған Қазақстанның драматургиясында тарихи бейнелер мол-мол сурттеле бастаса, соның бір шырайын шығарған туынды - Шахмардан Құсайыновтың "Томирис" драмасы. Бұл пьеса - Томирис анамыздың өмір сүрген б. э. д 503 жылдардағы ата- бабамыздың атамекенді қалай сүйгенін, қалай қорғағанын, қалай сақтағанын суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туынды. Томирис туралы Геродот жазбаларынан жеткен мәлімет парсының елдерді бағындыруға бет алған Кир патшаның қан аңсаған басын қанға бөктіріп, «іздеп келгенің қан болса, қанып іш!» деп, дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі арқылы қайталанбайтын бейнесін танытады. Томиристің осындай ерлігі қазіргі қазақ қызының әрқайсысының бойынан табылатыны сөзсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz