Тыңайтқыштар



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Тыңайтқыштарды жіктеу
2.2 Тыңайтқыштардың қасиеттері
III. Қолданылған әдебиеттер
Мәдени және жабайы өсімдіктерден жыл сайын шаруашылыққа пайдаланылатын өнімнің құрамында біраз мөлшерде макро- және микроэлементтер де болады. Сондықтан өнімдерді минералдық элеметтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлығын қалпында сақтау мақсатында жасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады.Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін,соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішіндегі элементтердің мөлшерін алдын-ала болжау қажет. Осыған байланысты әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек.Тыңайтқыштарды қолданбайынша тұрақты әрі мол өнім алу мүмкін емес. Әсіресе, өсімдіктердің өсе,өркендей бастаған кезінде фосфор өте қажет. Сондай-ақ вегетацияның екінші жартысында да топырақта фосфордың жетерліктей болуы өсімдіктің ауруларға қарсы төзімділігін арттырады. Генеративтік (жатын,гүл, жеміс) мүшелердің шынығуына және өсуіне әсер етеді, жемістердің пісуін тездетеді және қыста сақталған кезде олардың сақталғыштығын күшейтеді.Өсімдіктердің элементтік құрамын анықтау минералдық қоректену теориясының негізін неміс химигі Ю. Либих 1840 жылы «Егіншілік пен физиологияда химияның қолданылуы» деген кітабында жариялады. Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдіктердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіні белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтер топырақтан қабылданатынын көрсетті. Бұл элементтер топырақта негізінен минералдық тұздар және ішінара органикалық заттар түрінде кездеседі. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға дейін ыдырайды да, осыдан кейін ғана өсімдіктер оны қабылдай алатын болады. Өсімдіктер топырақтағы органикалық қосылыстардың кейбір түрлерін ғана қабылдай алады.
• Ізтаев.Ә.І, Ермекбаев С.Б «Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану», Алматы, 2014.
• Ізтаев.Ә.І, Отыншиев Б «Астықтану және диқаншылық негіздері», Алматы «Қайнар» 1994.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Тыңайтқыштар

Орындаған: Ахыметбек С
Тексерген:МұхаметжановаОТ
Топ: АГ-313С

Семей қаласы 2015-2016 жыл

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Тыңайтқыштарды жіктеу
2.2 Тыңайтқыштардың қасиеттері
III. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Мәдени және жабайы өсімдіктерден жыл сайын шаруашылыққа пайдаланылатын өнімнің құрамында біраз мөлшерде макро- және микроэлементтер де болады. Сондықтан өнімдерді минералдық элеметтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлығын қалпында сақтау мақсатында жасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады.Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін,соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішіндегі элементтердің мөлшерін алдын-ала болжау қажет. Осыған байланысты әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек.Тыңайтқыштарды қолданбайынша тұрақты әрі мол өнім алу мүмкін емес. Әсіресе, өсімдіктердің өсе,өркендей бастаған кезінде фосфор өте қажет. Сондай-ақ вегетацияның екінші жартысында да топырақта фосфордың жетерліктей болуы өсімдіктің ауруларға қарсы төзімділігін арттырады. Генеративтік (жатын,гүл, жеміс) мүшелердің шынығуына және өсуіне әсер етеді, жемістердің пісуін тездетеді және қыста сақталған кезде олардың сақталғыштығын күшейтеді.Өсімдіктердің элементтік құрамын анықтау минералдық қоректену теориясының негізін неміс химигі Ю. Либих 1840 жылы Егіншілік пен физиологияда химияның қолданылуы деген кітабында жариялады. Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдіктердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіні белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтер топырақтан қабылданатынын көрсетті. Бұл элементтер топырақта негізінен минералдық тұздар және ішінара органикалық заттар түрінде кездеседі. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға дейін ыдырайды да, осыдан кейін ғана өсімдіктер оны қабылдай алатын болады. Өсімдіктер топырақтағы органикалық қосылыстардың кейбір түрлерін ғана қабылдай алады.

Тыңайтқыштарды жіктеу
Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді.Тыңайтқыштар -- өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады.Топырақтағы өсімдікке қоректік элементтердің көпшілігі өсімдік сіңіре алмайтын қосылыс түрінде, мәселен, 1 гектар күлгін және қара топырақта 3...100 тонна азот қоры бар, осының 1 проценттейі ғана өсімдікке сіңімді түрде болады. Еліміздің әр түрлі топырақтары өзінің физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлығы және жалпы энергиясы жағынан үш класқа бөлінеді: бірінші, екінші класқа қара топырақтар, үшінші класқа сұр топырақтар жатады.Түрлі аймақтардағы климаттың, топырақ түзілген аналық тау жынысының, өсімдіктердің ерекшеліктеріне байланысты әрбір топырақтарда қарашірік мөлшері де түрліше болады. Бір гектар қара топырақтың 0 -- 20 см қабатында қарашірік қоры 90...140 тонна, 0 -- 100-см қабатында 250...550 тонна болса, сұр топырақтардың жоғарыда аталған қабаттарында қарашірік қоры 30...80 тоннадай болады.Сұр топырақ құрамындағы қарашіріктің қоры жағынан қара топырақтарға қарағанда кедей болуына қарамастан, құрамындағы микроорганизмдердің саны жағынан қара топырақтағы микроорганизмдерден анағұрлым артық болады. Мәселен, 1 грамм сұр топырақтарда -- 218,5 млн микроорганизм болса, қара топырақ-тарда тек қана 57,4 млн микроорганизмдер бар. Мұның өзі сұр топырақтардағы әртүрлі биологиялық, физикалық және химиялық жұмыстарының белсенділігінің артуына және дақылдардың өнімін молайтуға жағдай жасайды. Жүргізілген зерттеулердін нәтижесінде топырақтағы негізгі минералдық қоректік заттар -- азот, фосфор, калий т. б. тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені анықталады. Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тыңайтқыштарын енгізуден егіннің түсімі онша артпайды. Мәселен, күздік қара бидай мен күздік бидай көктемде қыстан әлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке қоректік элементтер өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын әсерінен баяулайды. Жаздық дәнді дақылдарды себу кезінде және олардың өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері жеткіліксіз болады, сондықтан осы кезде тынайтқыш, әсіресе, азот тыңайтқыштарын енгізгенде (күздік дақылдарды көктемде үстеп қоректендіру, жаздық дақылдар тұқымын тыңайтқыш қосып себу) өсімдік тез және жақсы өседі. Егер топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға мүмкіндік болмайды, соның салдарынан өсімдік нашар жетіледі және егін түсімі кемиді. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы екі топқа бөлінеді. Олар: 1) минералдық тыңайтқыштарды аз мөлшерде кажет ететін масақты дәнді дақылдар -- жаздық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азот тыңайтқышы және оның классификациясы
Органикалық тыңайтқыштардың түрлері
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Минералды және органикалық тыңайтқыштар
Тыңайтқыштар классификациясы
Тыңайтқыш - мол өнім көзі
Тыңайтқыштарды жіктеу
Тыңайтқыштардың түрлері
Нитратты тыңайтқыштар
Тыңайтқыштар туралы жалпы түсінік
Пәндер