Сапа менеджмент жүйесін- білім беру жүйесіне қолдану туралы ақпарат


Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Сапа менеджмент жүйесін- білім беру жүйесіне қолдану.
.
Орындаған: ФИ-311 тобының студенті
Рашкенова Айнұр
Тексерген: Жумашбекова С. К.
Семей
2015
Жоспар:
- Кіріспе
- СМЖ дегеніміз не?
- СМЖ мақсаты
- Ұйымдарға СМЖ құру үшін не қажет?
- Университет СМЖ құрылу тарихы
Сапа менеджментінің жүйесі - әлем мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
9000 сериялы ИСО стандарттары тұтынушы талаптарын қанағаттан-дыратын тауар мен қызмет өндірісін ұйымдастыру жөніндегі дамыған елдердің жинақталған тәжірибесінің көрінісі болып саналады. Бұл стандарттардың ережелерін кәсіпорында орындау дегеніңіз - өндірілетін өнімнің сапасын жұрт мойындаған кепілдікпен қамтамасыз ету.
Жұмыстарды арнайы құрылған бөлімше - Сапа кепілдігі басқармасы жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің әдістемесі мен тәсілдері компания құрылымын өзгерту және ағымдағы үдерістерді жеңілдету мен жақсарту кезінде қолданылды. Сапа менеджменті жүйесін жасақтау тұсында компания өз қызмет аясының түрлі салаларын басқаруды жетілдіріп, ол өз кезегінде жаңа үдерістерді, құжаттардың жаңа үлгілерін жасау мен қолданысқа енгізу ісінде көрініс табады.
Дамыған елдердің жүз мыңдаған тауар өндірушілері өз қызметтерін осы нормаларға сәйкестендіреді. ТМД елдеріндегі олардың саны бірнеше онмен ғана саналады, алайда халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге ұмтылыс қарқын алып келеді.
Сапа менеджменті анықтамасын қарастыру үшін үйымды басқару дегеніміз не дегенді жалпылама тұрғыда бейнелеп алған пайдалы.
Барынша қарапайым түрде айтқанда басшылық дегеніміз мақсаттарға қол жеткізу жолында ресурстарды ұйымдастыру, бақылау және басқару.
Оны неғұрлым дәлірек ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, басшылықтың саясатын айқындау және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін сол саясатты басқару жүйесіне енгізу ретінде бейнелеуге болады.
Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы өндірістің дамуының елімізде өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке көшу; халықтың өскелең сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру сияқты жаңа басымдықтарын айқындады.
Осыған байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешуде жаңа тәсілдемелерді пайдаланудың, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігі мен қауіпсізідігін қамтамасыз ету проблемасын шешудің қажеттілігі туындады. Қазақстандық өнімнің экспортын кеңейту үшін өнімнің сапа деңгейін арттыруға қол жеткізу, қазіргі заманғы басқару жүйелерін енгізу керек.
Ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару керек.
Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді.
СМЖ - бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. ЖОО-ның СМЖ-сы - жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
Сапа саласындағы саясат - жүйенің негізгі құжаты. Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың міндеттерін белгілейді.
СМЖ ЖОО-ның педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп жағдайда бір-бірімен қиылысады.
СМЖ-ның қызмет етуі барлық персоналды қатыстыру арқылы жүзеге асады, ал жоғары басшылық (университет ректоры) сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін толық жауапкершілікті өзіне алады.
СМЖ-ға әкімшілік тарапынан ықпал ету нақты көрсеткіштер бойынша процестерді басқаруға негізделген. Оның негізгі мақсаты - процесті үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасау. Сонымен қатар процесс сапасының өзгерістерін бағалау критерийлері негізінде жүзеге асады.
СМЖ мақсаты
СМЖ көрсетілетін қызметті қамтамасыз етуі, тұтынушылардың осы үмітін ақтауы керек. СМЖ басты мақсаты әрбір қызметті бақылау емес, қызметтің төмендеуіне жол бермейтін қателіктерді болдырмау.
Нәтижесінде СМЖ түлектердің мемлекеттік білім стандартына сай келуіне, мүдделі жақтардың ұсыныстарына кепілдік беруі тиіс. Мамандар даярлау шығыны да көңілден шығуы керек. Табыс барлық мүдделі жақтардың талап-тілегін үнемі жақсартқанда ғана келеді.
Ұйымдарға СМЖ құру үшін не қажет?
• қызметтің негізгі үрдістерін сәйкестендіру;
• үрдістердің ретін және өзара әрекетін жасау;
• жұмыс және үрдістерді басқару тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті өлшемдер мен әдістерді анықтау;
• жұмысты сүйейтін және үрдістерді қадағалайтын ресурстар мен ақпаратты қамтамасыз ету;
• үрдістерді қадағалау, өлшеу және талдау;
• жоспарланған нәтижелерге және үрдістерді тұрақты жақсартуға қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдау;
ISO 9001:2008 стандарт талаптарына сәйкес ЖОО СМЖ негізі мыналар болып табылады. :
• тұтынушыға қарай бағыт ұстау;
• басшылықтың мақсат қою мен оған жетудегі жетекші рөлі;
• барлық қызметшілердің ЖОО міндеттерін шешуге қатыстырылуы;
• қызметтің барлық түрін ұйымдастыруға үрдістік қадам жасау;
• басқаруға жүйелілік қадам жасау;
• өнім сапасын тұрақты жақсарту.
Арақатынасы туралы айтқанда, "СМЖ" мен "ISO 9001" арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. СМЖ - жүйе, ISO 9001 - стандарт, СМЖ-ға белгілібір талап қоятын құжат.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz