Мақтарал ауданының жергілікті бюджетін пайдалануды жетілдіру жолдары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ.

Тақырыбы: Мақтарал ауданының жергілікті бюджетін пайдалануды жетілдіру жолдары.

Кіріспе

1-бµлім. Жергілікті бюджетті қалыптастыру жолдары.

1. 1. Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу

  1. Қазақстан Республикасының бюджетінің ұйымдастырылуының қағидаттары.

1. 3. Бюджет кірістері мен шығыстарының есеп объектілері.

2-бµлім Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау.

2. 1 Білім беруге арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру .

2. 2. Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстарын жоспарлау

2. 3. Көлік құралдарына жіне коммуникацияға арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру

Ќорытынды

Пайдаланѓан єдебиеттер

Ќосымшалар

Студенттіњ ќолы

Ѓылыми жеткшініњ ќолы

Жазылѓан уаќыты

(к‰ні, айы, жылы)

Кiрiспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк - экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор.

Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.

Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар -ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады. [2, 8-бет]

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндiрiсi болып есептелiнедi. Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады. Тауар -ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.

Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлiгi, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субьектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның ролi мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Қазақстан Республикасының бюджет Кодексі бюджет процесін жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындайды. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімдік бюджетті жоспарлау қажеттігіне назар аударылуда. Бюджетті жоспарлау процесіне стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық - бюджет саясатын анықтайтын құжат - Орта мерзімді фискалдық саясатты жыл сайын әзірлеу шешімі қабылданды. [1, 6-бет]

Бұл құжаттың қажеттілігі экономикалық реформалар жетістігінің қоғамының қаржы жүйесін дамыту бағыттарына жүргізіліп жатқан салық -бюджет саясатының заман талабына бара - барлығының тікелей тәуелділігімен негізделген. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттің ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретінде саяси билікке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым қорғалған жіктерін әлеуметтік қолданумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндік береді. Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттің әзірлеу кезінде орта мерзімді саясат негізі болып табылады.

Жерiлiктi бюджеттердi басқарудың жергiлiктi органдарының сан қырлы қызметтерiнiң негiзгi қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестiгiн нығайтады, шаруашылық қызметiн жандандырады, аумақтың экономикалық әлуетiн кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерiн ашып пайдалануға мүмкiндiк жасайды. Сонымен жергiлiктi бюджеттер жергiлiктi экономикалық жән әлеуметтiк мiндеттердi жүзеге асыруда елеулi рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрiнедi. Жергiлiктi бюджет арқылы мемлекеттiк бюджет қаражаттарының басым бөлiгi әлеуметтiк инфрақұрылымға жұмсалады.

Б. С. Өтебевтың “Мемлекеттік бюджет” әдебиетінде бюджеттік іс- әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі деп жпзған. [24, 10бет ]

С. Құлпыбаев, Қ. Iлиясовтың “Қаржы” әдебиетiнде “Жергілікті ќаржылыќ билік пен басќарудыњ жергілікті органдарыныњ сан ќырлы ќызметініњ ќаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге мањызды рол беріледі. ” деп жазған. [2, 339-бет] Сондықтан жергiлiктi бюджет каржы саласының басты базасы болып табылады.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: ”Мақтарал ауданының жергілікті бюджетін басқаруды жетілдіру жолдары”.

Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты - әрбір шаруашылық жүргізуші субьектілер іс - әрекеттерінің тиімділігі мен табысқа жету көрсеткіштері, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды және жергiлiктi бюджеттерiнiң кiрiс- шығыстары туралы талдама жасау және нақты дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау болып табылады.

Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджет кодексiн шолу, ” Қазақстан Республикасының ұлттық қоры, Қазақстан Республикасының бюджетінің ұйымдастырылуының қағидаттары, бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары, бюджет кірістері мен шығыстарының есеп объектілері, бюджет кірісіне талдау жасалған.

Екінші бөлімде жергiлiктi бюджеттiң бiлiм беруге арналған бюджет шығыстарында білім беру жүйесінің негізгі міндеттері мен оның басымды мақсаттары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары білім беру жүйесі туралы және азаматтардың білім алу құқығы мен білім берудің негізгі принциптері, Қазақстан Республикасының “Білім беру ”туралы заңына сәйкес жазылған.

Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстарын жоспарлауда республикалық бюджеттің денсаулық сақтауға арналған құралдарды жұмсау, мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері, аймақтық бюджеттер шығындарында денсаулық сақтауға берілген құралдар туралы, денсаулық сақтауға арналған шығындарды жоспарлау есептемелерінің негізін құрайтын көрсеткіштер туралы жан- жақты талданған.

Көлік құралдарына және коммуникацияға арналған бюджет шығыстарын қалыптастыруда өндірістік және айсақаралық байланыстарды қамтамасыз ететін, сондай-ақ халықтың ерсілі- қарсылы жүруі мен ақпарат мұқтаждықтары, көлік пен коммуникацияны ұстау мен дамуын қаржыландыруға арналған шығындар туралы берілген. [24, 206бет ]

Соңында қорытынды мен әдебиеттер тізімі көрсетілген.

1-бµлім. Жергілікті бюджетті қалыптастыру жолдары.

1. 1. Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.

Осы кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды рейтейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принціптері мен тетіктерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан республикасының бекіткен халық аралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ерешелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданысқа болады және борлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяталғаннан кейін күшін жояды.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енігзу туралы заңдар, тиіті қаржы жылына арналған жергілікті ьбюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына бастап қолданысқа енгізіледі. [1, 5бет ]

Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда ҚазақстанРеспубликасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.

Мемлекеттік бюджет -араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;

Инвестициялық ұсыныс -инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатын, оған жету жолдарын көрсетені және инвестициялық жобаны(бағдарламаны) одан әрі үшін оны алдын ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін инвестициялық жоба(бағдарлама) тұжырымдамасы;

Кассалық алшақтық -қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып түсуі;

Жергілікті бюджет -облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган -жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган-жергілікті бюджеттен қаржылындыратын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

Кірістерді бөлу нормативі -кірістерді әр түрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлудың проценттік арақатынасы;

Салалық (секторлық) бағдарлама-Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың(бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша; [3, 12-бет]

Бюджет қаражатын алушы-бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдалатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызмет көрсететін тұлғалар;

Аймақтық бағдарлама-мәслихаттар бекітетін, аймақтың (аумақтың) әлеуметтік -экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

Түзетілген бюджет-тиісінше Қазақстан республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланғанбюжет;

Әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жосапры-Қазақстан республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;

Трансфеттер-бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер;

Бекітілген бюджет-тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тисті мәслихат бекіткен бюджет;

Нақтыланған бюджет-атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;

Қаржыландыру-бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;

Қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық әукілетті орган -орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган-ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган-республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган- Қазақстан республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады. [2, 10-бет ]

Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.

Осы кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланып жүрген мәнінде қолданылады.

Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

кірістер;

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

ресми трансфеттер түсімдері;

шығындар:

операциялық сальдо;

таза бюджеттік кредит беру;

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

бюджет тапшылығы (профициті) ;

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) ;

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде айқыналатын республикалық бюджет шығынын өтеуге жұмсалады. Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің жалпы нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;

Қақастан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін нысаналы трансфеттер түрінде;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмасалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері;

Шикізат секторы ұйымдарының республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

Республикалық меншіктегі және кен мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансфеттері;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылды.

Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. [1, 10бет ]

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер -шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы;

Корпорациялық табыс салығы;

Қосылған құнға салынатын салық;

Үстеме пайдаға салынатын салық;

Бонустар;

Роялти

Жасасқан келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді жөніндегі үлесі.

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ресми трансфеттерді, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ресми трансфеттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген ресми трансфеттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қорына аударады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырудан құрылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру:

Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағадайында ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;

Инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және матеиралдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржылық активтердің және матеиралдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттермелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды. [1, 12 бет ]

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Респубикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде репсубликалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес-Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі функциялары:

Қазақстан Репсубликасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдері бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау-және талдап -жасау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және матеиралдық емес актвтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. [1, 10бет ]

Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қырқүйегінен кешіктермей Қазақстан Републикасының Парламентіне енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арнлаған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынандай құжаттарды мен матеиралдарды;

Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;

алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;

Республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;

Республикалық бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер ме болжамдық есептерді;

Соңғы есептілік күнгі жағдай бойынша мемлекеттік кепілдік берген борыштың жайы туралы деректерді;

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негізге алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі.

Қазақстан Республикасының парламенті ағымдағы дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджет жайлы
Мақтарал ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және болжауды ұйымдастыру
Нарықтық жағдайдағы Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары
Мақтарал ауданында жергілікті қаржыны басқару
Қазақстан Республикасының кәсіпорындардағы қаржылық инвестиция тартудың тиімділігін талдау
Қазығұрт ауыл округі, орталығы Қазығұрт ауылы
Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және ұйымдастыру жолдары
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
Ойтоған ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz