Тұлға психологиясы туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
- Тақырыбы:ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫАдам туралы ғылым
Тексерген: Бураханова А. Т
Орындаған: Ауесханова Н. Д
Пх-215
2015ж
- ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫАдам туралы ғылым
Психологияның қайнар көзі ежелгі гректер мен римдіңтерден бастау алатыны белгілі. Екі мың жылдан аса уақыт бұрын философтар, қазіргі кезде психологтарды толғандыратын мәселелер жайында пікірталастар жүргізген.
Дегенмен, ресми түрде, психологияның дербес ғылым саласы ретінде дүниеге келуі 1879 жылмен белгіленеді. Осы Лейпцигте (Германия) Вильгельм Вундт психикалық құбылыстарды экспериментті зерттеуге арналған бірінші лабораторияның негізін қалады. Содан кейінгі жылдары психология ғылымы қарқынды түрде дами бастады. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен экспериментті мәліметтерді интерпретациялауға мүмкіндік беретін көптеген тұжырымдамалы үлгілер өңделіп шығарылады. Психологияның қазіргі заманғы ғылымдар қатарына енуіндегі мәнді қырларының бірі - оның адам тұлғалылығын зерттеуі болып табылады. Қазіргі заманғы тұлға психологиясының негізі мақсаты - неліктен адамдар өздерін түрліше ұстайтындықтарын ғылыми ұстаным тұрғысынан түсіндіру. Ғылыми психология эмперикалық тексеруге қолайлы қарапайым әрі нақты тұжырымдамалармен жұмыс істейді. Психологтардың көпшілігі адам мінез-құлқының күрделі табиғатын түсіндіруде негізгі салмақ осы ғылыми ықпалға тиесілі деп тұжырым жасайды.
Ғылыми пән ретінде, қазіргі заманғы тұлға психологиясы, адамның табиғаты жайлы ой қорытындыларын интуиция мен фольклорға немесе дұрыс ойға сеніп қоймайтын, тек экспериментті тұрғыда дәлелденген тұжырымдамаға айналдырады. Мәселен, жасөспірімдер неліктен ішімділікке салынады немесе үйінен қашып кетеді дегенді болжалдаудың орнына, зерттеушілер бозбалалық жас шамасының психологиясы және жасөспірімдердің өтірік айтуының жеке механизмдерді жайында өз көзқарастарын құрастырулары керек. Психологияның өзінде тұлғаның «оъективтілену» процесіне қарама-қарсы тұру орын алады: кейбір психологтар бұл бағыттағы әрекеттердің тым ұзаққа созылып кететінін, ал бұл өз кезегінде адам табиғатының күрделілігі мен даралылығы жайлы көзқарастардың бұзылуына әкелетінін айтады. Қазір ғылымының барлық мәселелерге жауап бере алмайтындығын ескере отырып (мүмкін мұлдем жауап бермес те), біз адамдарды зерттеуге арналған ғылыми әдістерді қолдануға тән ішкі шектеулерді еске ала отырып, эмперикалық мәліметтерді тиімді пайдаланғанымыз жөн. Адамның тұлғалық мәселелерімен персонологтар айналысады, бұл терминді тұлға саласындағы экспериментшілерді де, теориктерді де біріктіру мақсатында Генри Мюррей (Murray, 1938) ұсынған.
Тұлға психологиясының тағы бір мақсаты - адамдардың өз өміріне деген қанағаттану сезімін тудыруға көмектесу. Теориялар мен экспериментті зерттеулерді дамыта отырып, көптеген персонологтар қазіргі күні өмірлік қиындықтарды жеңудің өнімді әрі тиімді стратегияларын іздестірумен айналысуда. Бұл жерде қол жеткізген жетістіктерге, адамға өз бойынан жақсы қасиеттерді аша түсуге мүмкіндік беретін психотерапияның жаңа түрлерін, әртүрлі дамытушы бағдарламалар мен қоршаған ортадағы психоәлеуметтік өзгерістерді жатқызуға болады.
«Тұлға» термині әртүрлі мәнді береді. Оны зерттеумен түрлі, тіпті кейде бір-біріне қарама-қарсы тұратын теориялық білімдердің кең ауқымды спектерін қамтитын, академиялық психология құрылымындағы ерекше бөлім айналысады.
Тұлға жайлы ғылым - «персонология» - бұл түрлі зерттеу стратегияларын қолдану жолымен адамның даралығын жақсы түсінудің іргетасын қалауға ұмтылатын пән. Тұлға психологиясының тағы бір өзіндік ерекшелігі - қандай да болмасын даралық жағдайын зерттеуді түсіндіру және болжау, қандай да болмасын даралық жағдайында негізделген шешімдерді бағалаудағы әдістерінің мәнділігі. Мұндай әдістерге сұхбаттасу, тестілеу, мінез-құлықты бақылау және тіркеу, физиологиялық реакцияларды өлшеу, өмірбаяныдық және жеке құжаттарды талдаулар жатады. Сонда да, қазіргі заманғы тұлға психологиясын патопсихология және клиникалық психологиямен теңестіруге болмайды. Нақ анықтыққа қол жеткізу үшін персонологтар қалыптан ауытқыған индивид мәнез-құлқынан гөрі, индивидтің қалыпты мінез-құлқына жүгінуді жөн көреді. Адамдар арасындағы даралық айырмашылықтарға үлкен мін беретіндіктен, тұлға психологиясының басқа психологиялық пәндерден алшақтауы көрінеді.
Зерттеу обьектісі бола отырып, тұлға: эмоциялар, мотивация, ойлар, қайғырулар, қабылдау мен әрекеттер сияқты адамды сипаттайтын көптеген қырларды біріктіріп тұратын абстрактілі ұғым да болып саналады.
Тұлға деген сөздің өзі (ағылшын тіліндегі - personality) латын тіліндегі - «persona» деген сөзден шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмаларындағы театр көріністерінде әртістер киетін бет-пердені ағгартты. Соған орай, басынан-ақ, «тұлға» түсінігіне адам арнайы өмірлік рөлдерді ойнаған сәттерде даралылыққа қол жеткізген сыртқы әлеуметтік бейнесі қосылған, яғни, ол - айналасындағыларға бағытталған қоғамдық бет әлпет.
Тұлға сонымен бірге, даралылықтың өте айқын, әрі ашық сипаттарының үйлесімділігі ретінде де қарастырылады. Соған орай, жасқаншақтық пен қайырымдылығын оның мінездік сипаты деп есптеп, адам жайлы ол «тіл табысқыш тұлға» немесе «жасқаншақ» болғаны ескерілмейді. Сондай-ақ тұлға көпшілігінің түсініктері бойынша адам мінезі мен әлеуметтік дағдыларының бағасы деп саналмайды. Мәселен, біз Аяулым жайлы «қандай таңғажайып тұлға деп» айтқан кезде, біз оның қайырымдылығ, шынайылығы мен басқаларға қол ұшын беруге дайындығы туралы ғана айтармыз. Ал тұлғаны зерттеуші психологтар адамдарды «жақсы» немесе «жаман» тұлға деп бағаламайды.
Психологиядағы тұлға ұғымының аса көп түрлілігін түсіну үшін осы саладағы кейбір көрнекті шетел теоретиктерінің көзқарастарына жүгінейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz