Малдардың тыныс алу жүйесінің аурулары: этиологиясы, клиникалық белгілері және емдеу әдістері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы:

Тыныс алу жүйесінің аурулары.

Тексерген: Билялов. Е. Е

Орындаған: Тоқтаров Н

Жоспар:

  1. Тыныс алу жүйелері ауруларына жалпы шолу.
  2. Танау кілегей қабықтарының қабынулары
  3. Белгілері
  4. Емі

Пайдаланылған әдебиеттер

Тыныс алу ағзалары жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйелері арқылы организмдегі барлық жүйелермен өте тығыз байланыста. Сондықтанда тыныс алу жүйесінің аурулары организмнің барлық жүйелерінің қызметінің бұзылуының бірден-бір себепкері болады. Өйткені ол аурулар бірден газ алмасу процесі нашарлатып, төлдерде ентігу процесін тудырады.

Өкпелердің қызметтерінің жеткілксіздіктері бірінші және екінші сатыларда өткен кезде организмдегі газ алмасуыньщ бұзылғандығы онша сезілмей, кемістікті толтыру (компенсаторлық) механизімінің іске қосылу нетижесінде оттегінің жетіспеушілігі байқалмайды. Ал үшінші сатысында ұлпаларда оттегінің жеткіліксіздігі (гипоксия) пайда болады, ягни қан мен ұлпалардың оттегімен қанығулары төмендейді. Осы құбылыстың белгілері ретінде төлдерде әлсіздік пайда болып, көзге көрінетін кілегей қабықтары көгереді. Бұл жеткіліксіздіктер төлдерді ессіздендіріп (кома) өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін. Төлдерде тыныс алу жүйесінің аурулары көбінесе жіті және жітілеу түрлерінде айқын белгілерімен көрініп малдың өлімімен аяқталуы мүмкін. Жалпы тыныс алу жүйесінің аурулары анатомиялық кұрылысы негізінде екі топқа бөлінеді:

1. Тыныс алу жолдарының аурулары (ринит, гайморит, фронтит, ларингит, трахеит) ;

2. Өкпе мен оның сірілі қабықтарының аурулары (өкпе қабынулары; оның сірі қабығының қабынуы; оған ауаның, сары судың жиналуы және өкпеде ауаның кернеуі) .

Танау қуысының кілегей қабығының қабынуы (Ренит-rhinitis) Қабыну процесінің сипаттамасы бойынша катаральды, крупозды және фолликулярлы болып бөлінеді. Өтуіне. байланысты - жіті және созылмалы; пайда болуына байланысты - бастапқы және қосалқы түрлерін ажыратады. Бұл аурумен малдардың барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Себептері. Танау қабынулары төлдерді күтіп-бағу мен азыктандырудың технологиясын дүрыс сақтамағандықтан болады. Көбінесе механикалық, физикалық және химиялық қоздырғыштардың әсерінен пайда болады. Олар шаң-тозаң, ыстық-суық, аммиакмен қаныққан ауа, ыстык, ас, химикаттармен өңделген сүрлем, желорай, ылғалдылық және т. б. Танаудың крупозды және фолликулярлы қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер (стрептококктар, стафилококктар, вирустар) мен организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі (аллергия) аса маңызды орын алады. Қабынудың қосалқы түрі індетті, инвазиялык, (кұрт) немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуынан пайда болады. Дамуы. Танаудың кілегей қабықтары ісініп, жалқыаяқа толады да, тыныс жолы арқылы ауаның өтуіне кедергі жасап демалу жеткіліксіздігін тудырады. Қабынудың салдарынан бұзылған зат алмасуынын қалдықтары мен өрбіген микробтардың уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, дене қызуы көтеріледі. Уақытында ем қолданбаса қабыну процесі асқынып көршілес ағзаларды да қамтуы мүмкін. Белгілері. Төлдер жабырқанқы, дене қызуы аздап көтерілген. Олар пысқырынып, түшкірінеді, мұрындарын тұрған жердегі заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырытып шығады. Танауларынан ақпа ағып, кейде тыныс жолдары қатып қалған жалқыаяқтармен бітеліп қалуы да мүмкін. Жалпы кілегей қабықтары қызарып, домбығады. Жеңіл түрі 5-10 күннің ішінде толық жазылып кетеді. Созылмалы түрі ауық-ауық асқынумен, төлдердің арықтап, кілегей қабықтары бозарып жарақаттануымен сипатталады. Крупозды, фолликулярлы түрлерінде төлдер қатты жабырқайды, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріңкі болады. Ентікпе пайда болады, жақ астындағы лимфа бездері ісініп, ауырсынғандық байқалады. Кілегей қабықтарында сұрғылт-сары не қызғылт-сары түсті фибринді заттар шоғырланып, ісіндіреді. Ол заттар сырылған кезде орнында қанталаған жалақ пайда болады. Аурудың бұл түрлері дұрыстап емдегенде 2-3 аптаның ішінде жазылады. Ауру асқынып ұзаққа созылғанда танаудың төңірегіндегі терілер жарақаттанып қабынады (дерматит), лимфа түйіндері қабынады (лимфагаденит), көршілес орналаскдн ағзаларға тарайды (гайморит, ларингит, фарингит жөне т. б. ) . Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен ауруға тән сырт белгілеріне сүйене шырып анықталады. Ауруларды саралағанда кейбір індетті және құрт аурулары танаулардың кілегей кабықтарын зақымдайтынын ескерген жөн.

Себептері. Өздігінен пайда болатын кемей қабынуы малдарды азықтандыру және күту технологиясының бұзылғандығынан болады. Ауруды тікелей тудыратын ссбептер де біршама бар, олар: суыққа шалдықтыру, көмей кілегей қабықтарына тітіркендіргіштердің әсер етуі-ірі қара малды тастай суық сумен суғару, шошқаларды ыстықтай азықтандыру, көп мезгіл тітіркендіргіш газдармен, шаң-тозаңды ауамен дем алдыру. Малдарды спирт-сыра қайнату мекемелерінің қалдықтарымен азықтандыруға организмді бірте-бірте үйретпей, аяқ асты көшіру жаппай ауруға ұшыратады. Көмей қабынуы малдарға дәрілерді аузы арқылы күштеп бергенде не өңешке зонд енгізгенде де пайда болуы мүмкін. Крупозды қабыну көмей кілегей қабықтарына күшті тітіркендіргіштердің әсер етуінен /аммиак, қышқылдар, сілтілер, ыстық түтін, қызып тұрған малдарға суық ауамен дем алдыру т. б. / дамиды. Ауруды тудыруға малдарды бағып-күтуді нәзіктендіру және ретинолдың жеткіліксіздігі бейімдейді. Көмейдің қосымша түрдегі қабынуы басқа аурулардың асқынғандығының белгілері ретінде пайда болады. Крупозды қабынудың дамуына қоздырғыш микроорганизмдер мен дененің түршігушілік күйінің әсері көп. Дамуы қабыну көмейдің кілегей қабықтарын ісіндіріп, қуысына жалықты жинағандықтан оның саңлауы тарылып дем алу процесін қиындатады. Егер ауруды тудырған себептерді жоймаса, не тиісті ем қолданбаса, ауаның жеткіліксіздігінен және қабынба қалдықтарымен дененің улануынан малдар тұншығып өліп қалуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдардың гепатозы: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және емдеу-алдын алу шаралары
Төлдердегі тыныс алу жүйесі аурулары: түрлері, клиникалық белгілері және алдын алу-емдеу шаралары
Малдардың тыныс алу жүйесінің аурулары: түрлері, клиникасы және профилактикасы
Көз шарасының аурулары: этиологиясы, клиникалық белгілері және емдеу әдістері
Малдардың жүрек және қан тамырлары жүйесінің аурулары: этиологиясы, патогенезі, клиникасы және емдеу
Малдардың сүйек аурулары мен сынықтарының клиникалық-патологиялық ерекшеліктері және емдеу әдістері
Малдардың асқорыту жүйесінің патологиясы: этиологиясы, клиникалық белгілері және патоморфологиясы
Күйіс қайыратын малдардың қарын аурулары: клиникалық белгілері, диагностика және емдеу-сақтандыру шаралары
Малдардың тыныс алу жүйесінің қызметін тексерудің ветеринариялық-диагностикалық әдістері
Полиневрит: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz