Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Орындаған: Смбек Әйгерім
Тобы: ВМ-501
Қабылдаған: Билялов Е. Е.
Семей қаласы 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
2. Клиникалық терминологияда жиі қолданылатын жұрнақтар
3. Клиникалық терминологияның құрылымы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КЛИНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ЛАТЫН ТІЛІНДЕГІ ДӘРІПТЕЛУІ
Клиникалық терминология (грекше Klinike - дәрігерлік құру өнері, науқас адамды күту) . Оған әртүрлі клиникалық мамандықтарының, патологиялық анатомия және патологиялық физиология сияқты ауруды зерттейтін пәндердің терминдері жатады. Ол ең алдымен терапиялық терминдер (грекше therapia - күту, емдеу) және хирургиялық терминдер (chеir - қол + ergіа - жұмыс, әрекет), ауру атаулары, патологиялық процестер мен жағдайлар, ауру белгілері, операция атаулары, зерттеу әдісі мен емдеу жолдары, медициналық құрал-жабдықтар т. б. Клиникалық терминология - ол ауруларды зерттеу және ауру тарихын жазу барысында оқулықтар мен анықтамаларда кездесетін мыңдаған атаулар. Осы медициналық терминология жүйесінде латын тілін қолдану шарт емес. Клиникалық терминдерді қолдану барысында аурудың қазақ тіліндегі атауларымен қатар олардың латынша баламалары да қолданылады: Жарық (hеrnia), сынық (fractura), қатерлі ісік (carcinoma) т. б. Сонымен қатар клиникалық терминологияда арнайы латын терминдері баламасыз қолданылады: Мыс. : status praesens т. б. Көне грек тілінің сөзжасамымен клиникалық терминология курсын оқу барысында танысасыздар. Медициналық терминологияның барлық жүйелерінде күрделі сөздердің - сөз жасаушы конструкциялардың орны үлкен. Олар түбір және сөз жасаушы элементтері бар латын-грек терминоэлементтерінен туындаған және клиникалық терминологияда көп кездеседі. Ғылыми және кәсіби жұмыстарға, аурудың алдын алуға (профилактикаға), ауруларды анықтауға (диагностикаға), науқастарды емдеуге байланысты терминдер клиникалық терминологияның үлкен бөлігін құрайды. . Бұл бөлімде сӛздің құрамы және сөзжасамға байланысты сұрақтар қарастырылады. Зерттеу барысында әрбір сөздің жеке мағынасы емес - олардың жалпы мағынасы маңызды. Осыған дейін сіздер әр сөзді анатомиялық лексикада дыбысталуы мен мағынасы жағынан бір бүтін жеке-жеке шартты белгі ретінде оқыдыңыз. Өз ана тіліңізде де сөзбен білдіретін зат немесе ұғым арасындағы байланыс мүмкіндігі осы болып табылады. Бұның дәлелі - қазақ тілінде: тіс, көз, көкірек, төмпешік т. б. немесе латын тіліндегі: caput, dens, pectus, tuber, crista, os т. б. Дамыған медициналық терминологияда сөздердің мағынасы құрылымына байланысты емес. Олардың дыбыстық құрылымына қарай мағынасын біле алмаймыз. Ал бір түбірлі, яғни құрамында бір 4 түбірі бар немесе көптүбірлі, белгілі бір түбірінің қайталануынан пайда болған күрделі сөздер жоғарыда айтылғандарға қарағанда мүлдем басқаша түсінік беріп, есте сақталады. Мысалы: тістік, кішкене тіс, төмпекті, төмпешік, төмпешікті, төмпешік асты; denticulus, dentatus, dentinum; tuberculum, tuberalis, tuberosus, tubercularis. Осы сөздердің түбірін және оларға қосылатын сөз жасаушы элементтерді (жұрнақ, приставка) біле отырып, бұл сөздің мағынасын еш қиындықсыз түсінуге болады. Дәл осы жолмен 1 бөлімнің материалдарын оқи отырып, сіз кейбір сөздердің мағынасын түсіндіңіз. Мысалы: ІІ топ сын есімдері. Олардың кӛбісі бір модель бойынша жасалған «зат есімнің түбірі (негізі) + -al, ar жұрнағы», vertebr+al(is), stern+al(is), tempor+al(is) . Осы модель бойынша жасалған сын есімдердің жалпы сөз құрамындағы мағынасы бір. Ол «сөздің түбірі білдіретін ұғымға байланысты»: омыртқаға байланысты (омыртқалық), көкірекке байланысты (көкіректік) т. б. деген мағынаны білдіреді. Ал «приставка + сын есімнің негізі» моделі, мысалы: subscapularis -жауырын астылық, suprascapularis - жауырын үстілік, сөз құрамының мағынасы бұл жағдайда «астылық», «үстілік» сөздеріне байланысты.
Сөздердің мүшеленуі . Мағыналары ұқсас сөздерде сөздің бір бөлігі болса да қайталанатын болса, мұндай сөздер мүшеленетін деп аталады. Әртүрлі сөздердің мүшеленуі толық немесе жартылай бола алады. Егер сөздің барлық бөліктері басқа да туынды сөздерде қайталанатын болса, олар толық мүшеленетін деп аталады. Егер сөздің барлық бөліктері қайталанбаса, жартылай мүшеленетін деп айтуға болады. Келесі сөздерді салыстырайық: 1) Толық мүшеленетін: pod-algia, pod-o-metria, neur-algia, kephal-ometria. Бұл сөздерде барлық бөліктері басқа да туынды сөздерде кездеседі. 2) Жартылай мүшеленетін: pod-agra. Бұл сӛзде бірінші бӛлігі - pod, басқа да сөздерде қайтаналанады, ал екінші бӛлігі - agra, ӛте сирек жағдайда ғана қайталанады. Көптеген терминдер толық мүшеленетін болып саналады. Өзінің мағынасын сақтап тұрған жиі қолданылатын бөлшектер, морфемалар, терминоэлемент деп аталады (ТЭ) Терминоэлементтер тұрған орнына қарай мынадай болуы мүмкін: 5 - бастапқы ТЭ- cardiodystrophia; - аралық ТЭ - cardiodystrophia - соңғы ТЭ - cardiodystrophia, негізгі мағынасы осы терминоэлементте көрсетілген, қалғандары соны анықтайды. - бос ТЭ - сөз ретінде және ТЭ ретінде қолданылады. Мыс. : spasmus cordis - cardiospasmus; - байланысты ТЭ - тек қана күрделі сөздің құрамында қолданылады. Мыс. : dermatologia, cardiographia.
Клиникалық терминологияның құрылымы. Клиникалық терминдер өзінің құрылысына қарай төмендегідей болуы мүмкін: А) жай КТ - бір түбір мен жалғаудан тұрады: мыс. : coma, atis n; ulcus, eris n. Б) туынды КТ - жұрнақ арқылы зат есімнен сын есімге айналған, мыс. : comatosus, a, um; ulcerosus, a, um В) күрделі КТ - екі немесе одан да көп түбірден құралған мыс. : dermatologia, cardiodystrophia. Г) КТ-сөз тіркестері үш түрлі болуы мүмкін:
1. қиысқан анықтауышы бар термин -pneumonia chronica
2. қиыспаған анықтауышы бар термин - cancer pulmonis
3. аралас термин - fractura transversa claviculae.
Клиникалық терминологияда жиі қолданылатын жұрнақтар : . -osis жұрнағының екі мағынасы бар: 1. Егер түбірінде тін, дене мүше білдіретін ТЭ берілген болса жалпы мағынасы «патологиялық процесс, созылмалы зақымдануы» Мысалы: нефроз - бүйректің созылмалы зақымдануы, психоз - психиканың бұзылуы, токсикоз- улануы, артроз -буындардың зақымдануы. 2. Егер түбірінде жасуша немесе ісік білдіретін ТЭ болса, -osis жұрнағының мағынасы көбею болады. Мысалы: лейкоцитоз - лейкоциттің көбеюі, фиброматоз - талшықты ісіктерінің көбеюі. -osis жұрнағы арқылы құралған зат есімдер ІІІ септеу femininum род түріне жатады. Мыс. : arthrosis, is f., leucocytosis, is f -itis жұрнағы қабынуды білдіру үшін қолданылады. Мысалы: гастрит-gastritis- асқазанның қабынуы, нефрит - nephritis бүйректің қабынуы. -itis жұрнағы арқылы құралған зат есімдер ІІІ септеу femininum род түріне жатады. Мыс. : nephritis, itidis f. -oma жұрнағы органдар мен тіндердің ісігін білдіреді. Мыс. : остеома - osteoma - сүйектің ісігі. Ісіктердің атаулары ІІІ септеу neutrum род түрінің зат есімдері. Ережеден тыс қабынулардың атаулары: Pneumonia, ae f - өкпе қабынуы Angina, ae f - баспа, бадамша бездің қабынуы Panaricium, i n - саусақ тырнағының қабынуы, күбіртке Phlegmone, es f - шелдің іріндеп қабынуы Empyema, atis n - мүше қуысында іріннің жиналуы Furunculus, i m - түкті қаппен тер безінің қабынуы, шиқан.
Клиникалық терминологияның құрылымы.
Клиникалық терминдер өзінің құрылысына қарай төмендегідей болуы мүмкін:
1) жай КТ - бір түбір мен жалғаудан тұрады: мыс. : coma, atis n; ulcus, eris n.
2) туынды КТ - жұрнақ арқылы зат есімнен сын есімге айналған, мыс. : comatosus, a, um; ulcerosus, a, um
3) күрделі КТ - екі немесе одан да кӛп түбірден құралған мыс. : dermatologia, cardiodystrophia.
4) КТ-сөз тіркестері үш түрлі болуы мүмкін:
1. қиысқан анықтауышы бар термин -pneumonia chronica, 2. қиыспаған анықтауышы бар термин - cancer pulmonis,
3. аралас термин - fractura transversa claviculae.
Клиникалық терминологияда жиі қолданылатын жұрнақтар: .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz