Ақмола облысында арпа егін көгіндегі астық жолақ бүргесі мен сабақтың жасырын зиянкестеріне қарсы лямбда-цигалотрин, имидаклоприд пен тиаметоксамның биологиялық тиімділігі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: Астықтың жолақ бүргесі.

Орындаған: Оспанов А.

Тексерген:Сагандыков С.

Семей 2015

Астықтың жолақ бүргесі.

Негізінен астықты өңірлерде кездеседі. Республиканың солтүстік өңірлерінде қоңыздардың қыстаудан шығуы және көпжылдық астық тұқымдас шөптерде жиналуы 9-21 сәуірде, өткен жылғымен салыстырғанда 8-10 күн ерте байқалды. Орналасу тығыздығы 6-9-дан 25-70 экз/м 2 аралығында болды.

Күздік дақылдардың өскіндерінде тығыздығы 1-18 экз/м 2 , жоғарғы деңгейі 22-40 экз/м 2 , Ақмола облысында тіркелді. Ересек жәндіктердің жұптасуы көпжылдық шөптерде 13-30 мамырда байқалды.

Жаздық дәнді дақылдардың қоңыздармен залалдануы мамыр айының екінші онкүндігінде, 2-25-тен 45 экз/м 2 тығыздықпен тіркелді. Өсімдіктердің залалдану пайызы 0, 2-15, 0 аралығында. Ең жоғарғы тығыздық Ақмола облысында 100-340 экз/м 2 болды (№ 24 кесте) . Жапырақтың бетінің залалдануы 15-85 пайыз аралығында.

Гумусәсілдердің шығуы 22 маусымда, қуыршақтануы - шілденің басында тіркелді. Қоңыздардың жаңа ұрпағының шығуы 12-18 шілдеде байқалды. Жас қоңыздардың орналасу тығыздығы 3-8-ден 20-50 экз/м 2 аралығында болды. Бұл кезеңде қоңыздар дәнді дақылдарға зиян келтірмейді.

Батыс өңірлерде күздік дақылдарға бүргелердің орналасуы суірдің бірінші онкүндігі мен мамыр айының басында байқалды. Қоңыздардың орналасу тығыздығы орташа 0, 8-10, 0 экз/м 2 . Жаздық дақылдарға көшуі мамырдың ортасында байқалды. Жаздық дақылдардың өскіндерінде орналасу тығыздығы 2, 0-16, 4 экз/м 2 , жапырақтың бетінің зақымдалуы - 1 пайыз. Қоңыздардың ұшуы шілденің үшінші онкүндігінің аяғында 10-25 экз/м 2 тығыздықпен тіркелді.

Қыстап шығуға қолайлы жағдай болғанда және құрғақ, ыстық ауа райында астықтың жолақ бүргесі көктемде дәнді дақылдар өскіндеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Химиялық өңдеу жұмыстары 48, 4 мың га жерге жүргізіледі.

Арпаның егін көгі зиянкестеріне астықтық жолақ бүргесі - Phyllotreta vittula Redt., арпаның швед шыбыны - Oscinella pusilla Meig., астық сабағының үлкен бүргесі - Chaetocnema aridula Gyll. және астық сабағының кіші бүргесі - C. hortensis Goeffr. зиян келтіреді. Атап кетілген түрлер Ақмола облысында әртүрлі дәрежеде таралған. Зерттеу мақсаты - Ақмола облысы орманды-дала аймағында арпаның егін көгі зиянкестеріне қарсы әртүрлі әсер етуші заттары, шығын мөлшерлері бойынша химиялық препараттармен өңдеудің ықпалын анықтау. Зерттеу әдісі - танаптық тәжірибе, мөлдектердің ауданы 2 га, қайталымы - 2. Жаздық арпаның сорты - Целинный 91. Егістіктегі тәжірибе нұсқалары жүйелі әдіспен орналастырылды. Жұмыс сұйықтығының шығын мөлшері 100 л/га және 10 л/т есебінен. Тәжірибеде зиянкестердің таралуы мен дамуына келесі әсер етуші заттардың лямбда-цигалотрин (100г/л), шығын мөлшері 0, 1 л/га, имидаклоприд (500 г/л), шығын мөлшері 0, 4 л/т, тиаметоксам (350 г/л), шығын мөлшері 0, 5 л/т препараттардың химиялық әсері зерттелді. Зерттеу жұмыстары Ақмола облысының Бурабай ауданында, механикалық құрамы орташа, кәдімгі қара топырақта жүргізілді. 2013 жылы ауа-райы жағдайлары дәнді дақылдардың вегетациясы басында топырақтағы ылғал жеткілікті болғандықтан, егін-көгінің біркелкі шығуына ықпал етті. Бірақ егін-көгі-масақтану кезеңдерінің аралығында өсімдіктерге ылғалдың жетіспеушілігі байқалды, бұл жағдайлар сабақтың жасырын зиянкестері мен астықтың жолақ бүргесінің таралуына әсер етті. Тұқымдарды дәрілеу себу алдында, ал егінді бүрку егін-көгінің толық шығуы кезеңінде жүргізілді.

1 кесте - Арпаның егін көгін өңдеуде астықтың жолақ бүргесіне қарсы препараттардың биологиялық тиімділігі, «Есіл- Агро» ЖШС (2013 жыл)

Нұсқа әсер етуші зат Шығы н мөлше рі Қоңызд ардың 1 м2 саны, дана Санының төмендеу і, % Өсімдікте рдің зақымдалу дәрежесі, % Зақымда лу дәрежесі нің төмендеу і, % лямбда-цигалотрин, 100 г/л 0, 1 л/га 23 80 14, 5 45, 3 тиаметоксам, 350 г/л 0, 5 л/т 2 98, 3 2, 0 6, 3 имидаклоприд, 500 г/л 0, 4 л/т 3 97, 4 2, 5 7, 8 бақылау (өңдеусіз) 115 32 Есептеу және бақылау әдістемесі апробацияланған. Зерттеу нәтижесі арпаның егін-көгін зиянкестерден қорғауда тұқымдарды дәрілейтін инсектицидтік әсерлі препараттардың үлкен маңызы бар екенін көрсетті. Айтарлықтай, астықтың жолақ бүргесінің саны бақылау (өңдеусіз) нұсқасымен салыстырғанда төмендеді, биологиялық тиімділігі 97, 4-98, 3% құрады, бұл егін-көгін өңдеуге қарағанда 17, 4-18, 3% жоғары. Сонымен қатар, бақылау (өңдеусіз) нұсқасымен салыстырғанда өсімдіктердің зақымдалуы да төмендеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаздық арпаның сорттары, аурулары және зиянкестеріне қарсы препараттардың тиімділігін бағалау (Ақмола облысы мысалында)
Астық қоры зиянкестеріне қарсы алдын алу және жою шаралары
Ақмола облысының егін шаруашылығы: қазіргі жағдайы мен даму мәселелері
Ақмола облысының орманды дала аймағында майлы зығырдың зиянкестері мен ауруларына қарсы қорғау шараларын жетілдіру
Ауыл шаруашылық дақылдарының арамшөптері мен зиянкестеріне қарсы агротехникалық күрес шаралары
Астық тұқымдас өсімдіктердің биологиялық-экологиялық ерекшеліктері мен агротехникасы
Климаттық факторларды ескере отырып Ақмола облысының егін шаруашылығын талдау
Астық дақылдарының кеміргіш ауызды бунақденелерінің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы кешенді қорғаныс шаралары
Күздік арпа: халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы
Арпа дақылдарының биологиялық ерекшеліктері, өндіріс технологиясы және халық шаруашылығындағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz