Мәліметтер базасын жобалау бойынша электрондық оқулық


Мазмұны

Мазмұны 2

Кiрiспе 3

I ТАРАУ Электрондық оқытушы құралдар 5

1. 2. Электрондық оқулықтың сипаттамасы 6

1. 3. Электрондық оқулық кiмге және не үшiн қажет? 8

1. 4. Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi 8

1. 5. Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар 9

1. 6. Электрондық оқулықты пайдалануға дайындық 11

II ТАРАУ “Мәлiметтер базасын жобалау” бойынша электрондық оқулық 12

2. 1. Оқу материалдардың жасау ерекшеліктері 12

2. 2. Электрондық оқулық 15

2. 3. Электрондық оқулықтарды құру технологиялары 23

2. 4. Компьютерлік тесттердің конструкторы 28

2. 5. Электрондық оқулықты құрастыру кепiлдемелерi 34

III ТАРАУ Электрондық оқулықты құру жолдары 36

3. 1. JavaScript дегеніміз не? 36

3. 2. Программада пайдаланған компоненттер 43

3. 3. Программалық өнімнің сипаттамасы 47

Қорытынды 51

Қолданылған Әдебиеттер 52

Кiрiспе

Бiлiм беру реформасы мультимедиалық технологиялар болып табылатын электрондық оқулық, құрал, тренажерлар түрiндегi компьютерлiк пакеттердi құру шарттарында ғана орындалуы мүмкiн.

Жоғарғы оқу орындарында студенттерге бiлiм беруде компьютердi қолдану оларды аудиториялық, яғни лекциялық және лабороториялық сабақтарда, өз бетiмен бiлiм алу сабақтарында, алыстан оқыту жағдайында пайдалану мүмкiндiгiн туғызады.

Бүгiнгi таңда оқу процесiнде арнайы оқыту жүйелерiн, оқыту процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану өзектi мәселе болып отыр.

Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң бiр формасы электрондық оқулық болып табылады. Электрондық оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады.

Электрондық оқулық бiрiншi кезекте басылымдарды толықтыратын, жаңа ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп тестiлеуге бағытталуы керек.

Электрондық оқулық өз алдына мультимедиалық өнiмдi бiлдiредi, ол өз бетiмен бiлiм алу режимiнде және оқытушы бiлiм алушы үшiн қарапайым нұсқаушыдан кеңесшiге ауысатын режимде де студенттердi тиiмдi бiлiммен қамтамасыз етуi керек. Бұл айтылғандардан оқулық үздiксiз, әр қадам бойынша бiлiм беру режимiн қамтамасыз етуi керектiгi шығады. Курстың әрбiр мәтiндiк үзiндiсi практикалық жаттығулар және бақылау - тестiлеу сабақтарымен жалғасуы керек.

Ақпарат жүйесi (АЖ) - қандай да бiр объектiнi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, iздеу және шығарып беру жүйесi деп қарастырылады. Әрбiр ақпарат жүйесi (АЖ) ақпараттық объектiлердiң бiрiгуiн қамтитын қандай да бiр ақпараттық кеңiстiктi бейнелейтiн пәндiк саланы иемденедi. Ақпаратты қандайда бiр мәселелердi шешу үшiн пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсiнiктi және бағаланған жаңа бiлiм деп түсiнейiк. Ақпарат дегенiмiз, оны алушы кiсiге дейiн қабылдау механизiмiнiң қабылданды - түсiнiктi - бағаланды деген үш сүзгiсiнен өткен нәрсе.

Мультимедиалық ақпаратты - әдiстемелiк кешендердi практикада пайдалану белгiлi бiр техникалық шарттарға, бiрiншiден, жаңа сипаттағы аудиториялық қордың бар болуын талап етедi. Мультимедиа құралдарын пайдаланып лекциялар даярлауға қосымша жұмыс уақытын шығындауы, сонымен бiрге мультимедиалық аудиториялар, компьютермен жабдықталған лабораторияларды құру, олардың тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастыруға арналған материалды қаржылық ресурстарды қажет етедi. Ал, жалпы оқу процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану шарттарында электрондық оқулық студенттердiң уақытын үнемдейдi, өз бетiмен бiлiм алу, алыстан оқу жағдайында студенттерге үлкен көмек болады. Осыған орай, көкейтестi мәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық мүмкiндiктерiнiң даму есебiнде бiлiм берудiң жаңа компьютерлiк әдiстерiн өңдеу болып отыр және көрсетiлген бағытта жұмысты жалғастыруды қажет етедi.

Бiтiру жұмысының мақсаты “Ақпараттар жүйесiн математикалық жабдықтау және басқару” кафедрасының негiзгi пәндерiнiң бiрi болып табылатын “Мәлiметтер базасы ” курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау.

Осы мақсатқа жету барысында келесi мiндеттер туады:

  • “Мәлiметтер базасы” бойынша теориялық материал жинау;
  • Теориялық материалдар бойынша тапсырмалар ұйымдастыру, оларды орындау әдiстемесiн көрсету, бақылау сұрақтар ұйымдастыру;
  • Теория және практиканы бiр жүйеге келтiру;

Курс бойынша тест тапсырмаларын ұйымдастыру.

Берiлген бiтiру жұмысым кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

I ТАРАУ Электрондық оқытушы құралдар

1. 1 Негiзгi ұғымдар

Электрондық басылым (ЭБ) - бұл графикалық, тексттiк, цифрлiк, тiлдiк, музыкалық, видео, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылымдық құжаттардың жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген электрондық тасымалдаушыларда - магниттiк оптикалық оптикалы дискiлерде орындалуы және электрондық компьютерлiк желiлерде жариялануы мүмкiн.

Оқу электрондық басылымы (ОЭБ) - бiлiмнiң сәйкес ғылыми - практикалық саласы бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен оқушылар осы саладағы бiлiмдер, бiлiктер және дағдыларды белсендi түрде меңгеруi керек.

Оқулық (О) - мемлекеттiк стандартқа және оқу программасына сәйкес оқу пәнiнiң немесе оның тарауын жүйелi мазмұндаудан тұратын басылымы.

Электрондық оқулық (ЭО) - өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық-әдiстемелiк кешендi айтады.

Оқу құралы (ОҚ) - бұл берiлген басылымның түрi ретiнде ресми түрде бекiтiлген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық алмастыратын оқулық.

Электрондық оқу құралы (ЭОҚ) - оқулықты толығымен немесе жартылай ауыстыратын немесе толықтыратын және берiлген түрдегi басылым ретiнде бекiтiлген электрондық басылым.

Гиертекст-электрондық формада ұсынылған және оның бiр фрагментiнен басқа фрагментiне дер кезiнде өтудi қамтамасыз ететiн тармақталған байланыстар жүйесiмен жабдықталған текст.

Интеллектуалдық ядро- математикалық операцияларды сандық және символдық формада шығаратын программалардың арнайы жиынтығы.

Визуализация-суреттердiң, графиктердiң және анимацияның көмегiмен көрнекi түрде көрсетiлуi.

1. 2. Электрондық оқулықтың сипаттамасы

Электрондық оқулық-оқу әдебиеттiнiң жаңа жанры болып табылады. Қазiргi заманда бiлiм беру реформасында арнайы компьютерлiк аудиторияларда өткiзiлетiн практикалық сабақтарда, жатақханада, үйде ДЭЕМ - де студенттердiң, оқушылардың және мұғалiмдердiң өзiндiк жұмыс жасауы үшiн электрондық кiтаптар пайдаланған ыңғайлы. Дегенмен электрондық оқулық кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды. ЭО әдебиеттiк шығарманы экранизациялау қандай да бiр жанрға жататындай, ЭО - та оқу мiндетiндегi шығарманың жаңа жанрына жатады. ЭО бiршама ұғымдарды, тұжырымдарды және көптеген мысалдардың түсiнуiн және тез есте сақтауын максималды түрде жеңiлдету керек.

Электрондық оқулықты құру барысында кейбiр принциптер мен Ақпараттық жүйенiң белгiлерiне жүгiнiуiмiз керек:

  1. Кванттау принципi:Мазмұны бойынша тұйық, көлемi минимальдi модульдерден тұратын материалдық бөлiмдерге бөлiнуi.
  2. Толықтық принципi:Әрбiр модульдердiң құрамында келесi компоненттер болуы тиiс.
  • Тоериялық ядро;
  • Тоерия бойынша бақылау сұрақтар;
  • Мысалдар;
  • Өзiндiк жұмысы бойынша есептер мен жаттығуларды шешу;
  • Барлық модульдер үшiн бақылау сұрақтары жауаптарымен;
  • Бақылау жұмысы;
  • Контекстiк анықтама;
  • Тарихи түсiнiктемелер;
  1. Көрнекi принципi:әрбiр модуль коллекциялық кадрлардан олардың iшiнде минимум текст және визуалдардан құрылуы керек.

4. Тармақталу принципi: пайдаланушының басқа бiр модульге өту үшiн, әрбiр модуль гипертексттiк сiлтеулермен басқа модульдермен байланысуы керек.

5. Реттеу принципi: оқушылардың дербес кадрларды ауыстыруды және экран бетiне кез келген мысалдарды шақыруға мүмкiндiгi бар.

6. Бейiмделу принципi: пайдаланушы оқу барысында электрондық оқулыққа бейiмделуi керек.

7. Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген мезетте пайдаланушы компьютерлiк қолдау ала алады.

8. Жинақтылық принципi: электрондық оқулық форматтарда орындалуы керек.

Ақпараттық жүйенiң белгiлерi:

  1. Басқару объектiсiнiң сипатымен;
  2. АЖ - ны тұрғызу мен жұмыс iстеудiң жинақталған тәжiрибесiмен;
  3. Басқару және басқарылушы жүйелерiнiң құрылымымен;
  4. Мәлiметтердi жинауда, өткiзiп беруде және өңдеуде қолданылатын жабдықтармен;
  5. АЖ - ны басқару объектiсiнiң жетекшiлiк тұрғысымен және т. б.

1. 3 Электрондық оқулық кiмге және не үшiн қажет?

Электрондық оқулық күндiзгi әсiресе дистанциялық оқу бөлiмiнде оқитындарға жеке түрде жұмыс жасау үшiн қажет. Өйткенi ол:

  • Оқытылатын материалды басқалардың көмегiмен түсiнудi жеңiлдетедi;
  • Дайындық деңгейiне байланысты студенттiң қажеттiлiктерiне сәйкес интеллектуалдық мүмкiншiлiктермен және амбицияларымен адаптацияны жiбередi;
  • Көптеген түрлендiрулерден және есептеулерден босатады, есептiң мәнiне шоғырланып, есептер шығару және мысалдар қарастыру;
  • Жұмыстың барлық кезеңдерiне байланысты өзiн - өзi тексеру үшiн кең мүмкiншiлiктер туғызады;

Электрондық оқулық студентке берiлген пән бойынша жан - жақты бiлiм алу үшiн қажет.

Электрондық оқулық арнайы аудиторияларда өтетiн практикалық сабақтарда пайдалы. Өйткенi ол:

  • Компьютердiң көмегiмен көптеген есептер шығаруға, алынған шешiмдердi анализдеуге кететiн уақытты босатады;
  • Мұғалiмге сабақты компьютерде өздiк жұмыс ретiнде өткiзуге мүмкiндiк туғызады;
  • Мұғалiмге компьютердiң көмегiмен оқитындардың бiлiм деңгейiн бақылауға, бақылау жұмысының қиындық деңгейiн және мазмұнын беруге мүмкiндiк туғызады. Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi
  1. Қайнар көздерiн таңдау
  2. Қайта жөндеу құқығына авторлармен келiсiмдер жасау
  3. Ұғымдар тiзiмiн және мазмұнын өңдеу
  4. Help құру және бөлiмдер бойынша модульдегi тексттердi қайта жөндеу
  5. Электрондық формада гипертексттi шығару
  6. Компьютердiң көмегiмен электрондық оқулық жасау
  7. Мультимедианы iске асыру үшiн мәлiметтердi сорттау
  8. Дыбыстардың шығуын қамтамасыз ету
  9. Дыбыстардың шығуын реализациялау
  10. Визуализация үшiн мәлiметтердi дайындау
  11. Мәлiметтердi визуализациялау.

1. 5 Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар

Электрондық оқулықты жасаудың бiрiншi кезеңiнде қайнар көздерi ретiнде басылған және электрондық баспаларды таңдау керек. Олар:

  • Көбiнесе стандарттық программаға толық сәйкес келу керек
  • Гипертексттердi жасау үшiн ыңғайлы
  • Көптеген мысалдар мен есептердi қамтиды
  • Ыңғайлы форматта болады.

Екiншi кезеңде алынған қайнар көздер жиынынан бағасы және сапасы бойынша оптималды қарым - қатынастардан келiсiмдер жасалынады.

Үшiншi кезеңде мазмұны өңделедi, яғни көлемi бойынша минималды, бiрақ мазмұны бойынша тұйық модульдерден тұратын бөлiмдерге материалды бөлу орындалады. Сонымен қатар пәндi меңгерiп алуға қажеттi және жеткiлiктi ұғымдар тiзiмi қарастырылады.

Төртiншi кезеңде модульдер құрылымына, индексiне және мазмұнына сәйкес қайнар көздердiң мәтiндерi өңделедi; тiзiмiнде қамтылмаған мәтiндер алынып тасталынады; контексттiк анықтамалар (Help) жүйесi өңделедi; модульдер және басқа гипертексттiк байланыстар арасындағы байланыстар анықталады.

Осындай тәсiлмен, компьютерлiк реализация үшiн гипертексттiң жобасы дайындалады.

Бесiншi кезеңде гипертекст электрондық формада шығарылады. Нәтижесiнде оқу мақсаттарында пайдалануға болатын электрондық басылым құрылады.

Алтыншы кезеңде компьютерлiк қолдау өңделедi: әрбiр нақты жағдайда компьютерге берiлетiн қандай математикалық әрекеттер және компьютердiң жауабы қандай формада ұсынылу керектiгi анықталады; интеллектуалдық ядро жобаланады және шығарылады; математикалық есептердi шешу үшiн интеллектуалдық ядроны қолдану бойынша пайдаланушылар үшiн нұсқаулар өңделедi.

Нәтижесiнде студенттерге қажеттi аудиториялық сабақтарға пайдалы және мұғалiмдерге ыңғайлы болатын қасиеттерi бар жұмыс жасайтын электрондық оқулық құрылады.

Ендi электрондық оқулық мультимедиалық құрылғылар арқылы одан ары қарай жетiлуiне дайын.

Жетiншi кезеңде жеке ұғымдардың түсiндiру тәсiлдерi өзгертiледi және мультимедиалық материалдармен ауыстырылатын мәтiндер iрiктелiнедi.

Сегiзiншi кезеңде оқушының есте сақтау қабiлетiн пайдалану, яғни оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн және мәтiндiк ақпаратты экраннан алып тастау мақсатында жеке модульдердiң дыбыстық мәтiндерi өңделедi.

Тоғызыншы кезеңде өңделген дыбыстық мәтiндер диктафонға жазылады және компьютерде шығарылады.

Оныншы кезеңде оқушының оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн эмоциялық жадын пайдалану тексттiк ақпараттан экранда максималды түрде алып тастауын жеңiлдету және көрнекiлiгiн арттыру үшiн модульдердi визуализациялау сценариi өңделедi.

Он бiрiншi кезеңде мәтiндердiң визуализациясы орындалады, яғни өңделген сценарийлердi суреттердi, графиктердi және анимацияны пайдалану арқылы компьютердiң жүзеге асуы.

Осымен электрондық оқулықты өңдеу аяқталады да, оны қанауға дайындық басталады.

1. 6 Электрондық оқулықты пайдалануға дайындық

Бұл жұмыс кезеңiнiң мазмұны:

  1. Тестiлеу;
  2. Қанау бойынша нұсқау жазу;
  3. Методикалық қамсыздандыруды өңдеу;
  4. Бiлiм министрлiгiнен грифтi тiркеу және алу үшiн материалдар дайындау;
  5. ЭО - то қорғау және тарату;

болып табылады.

II ТАРАУ “Мәлiметтер базасын жобалау” бойынша электрондық оқулық

2. 1. Оқу материалдардың жасау ерекшеліктері

С ырттай-дистанциондық форма бойынша оқитын оқушыда оқу-әдістемелік материалдар жинағы болуы керек. Осы оқу-әдістемелік материалдарда курстардың программасы, электрондық және немесе баспасөз түрінде оқулықтар және оқу пособиялар (оқулық, есеп кітап, лабораториялық жұмыстарды орындау жетекшілігі және т. б. ) болуы тиіс. Сонымен бірге, әр сабақ бойынша өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік пособиялар да болуы тиіс. Сыртта(й) н оқу формасының белгілі ерекшеліктер нәтижесінен сыртта(й) н-дистанциондық оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдарды жасаудың көзқарастар (пікірлер) жиынтығын ұсынуға болады. Кейбір көзқарастар (пікірлер) бізге дәстүрлі оқыту тәжірибесінен белгілі. Бірақ талқыланып жатқан проблемаларды (нысана, тауқымет) шешу үшін дәстүрлі оқытуды тағыда атап көрсетуге өте маңызды және пайдалы болады.

  1. Курстың программасы курсты зерттеу мақсаттарының құрылуынан тұруы керек. Осы программа таңдалған мамандығы бойынша оқыту жүйесінде оның орнын және маңызын түсіндіру көмегімен пәннің табысты зерттелуін дәлелдеу. Пәннің тақырыптар мен тараулар тізімі болады. Осындай тізімдерді игеруге қойылған талаптар деңгейімен бірге көрсеткен жөн.
  2. Оқу попобиялар терминдер мен шартты таңбаларды әдепті, әрі бір мағыналы қолдану талаптарға сай болу керек, яғни, қанағаттандыру керек. Алдыңғы курстарда енгізілген немесе келешектегі курстарда енгізілетін шамалар пәндерге енгізілген. Осы шамалар үшін стандарттық таңбаларды қолдану керек.
  3. Электрондық формадағы оқу материалдар (егер мүмкіндік бар болса) оқушы оқыған (зерттеген) ақпараттану курсының бөлімдеріне сәйкес программалық ортада құрылуы қажет. Әрине, оқушы оны берілген пәннен бұрын оқып зерттеген болған жағдайда ғана. Туындыгерлі программалық өнімдерді қолданған кезде олардың игерілуі оқушыға қосымша кедергі (жүктеме) жасамауы және пәннің мазмұнынан көңілін аударып, алаңдамауы қажет.
  4. Электрондық формадағы оқу материалдар гиперортамен бірге қолданылады және олар оқушының сілтемелер (ссылки) бойымен орын ауыстырған кезде жағдайға бейімделу (ориентация) қарапайымдық талаптарын қанағаттандыру керек. Оқу материалдардағы алғы сөзде шартты белгіленулерді түсіндіру қажет. Олар сілтемелерге қолданылады және гиперсілтемелермен бірге қолданылуын рационалдық әдістерді навигациялау бойынша кеңестерді беру қажет. Сілтемелер оқу материал бойынша тез және мақсаттылы орын ауыстыру мүмкіндігін алдын ала ескеру керек.
  5. Интернет желісінің ресурстарына сұраныс жасайтын гиперсілтемелерді оқу материалдарында қолданған кезде Web-беттерге арналған сілтемелерден аулақ болу тиіс. Себебі, олар тиеулеуге (загрузка) көп уақыт кетіреді (қажет етеді) .

Оқушы әдістемелік пособияларды оқыған кезде оқытушының орындалуымен жасалынатын іс-әрекеттен өзі жасайтын іс-әрекетіне көшуге болады, яғни, оқытушылық бақылауды өзіндік бақылауға максималды түрде ауыстыру мүмкіндігі болады. Сондықтан олар егжей-тегжейлі рационалды әдістердің суреттелуінен (суреттелген іс-әрекеттердің түрлері), дұрыс шешімдердің критерилерінен, консультацияны тиімді қолдану кепілдемелерінен құрылуы қажет.

ДО курстарын құрған кезде ең көп тараған қателіктеріне стандарттық баспалық (баспасөздік) оқулықтардың электрондық көшірмелер түрінде орындалуы жатады. Ақпараттық технологиялар оқытушының қолына күшті (мықты) құралдар жиынтығын ұсынып береді. Осы құралдар жиынтығы дистанциондық оқыту кезінде оқу процессінің мақсаттарына жету үшін тиімді қолданылу керек. ДО курстарын құрған кезде отандық тәжірибе бойынша ДО-ң оқу курсы толық вариантта:

  • Курсты зерттеу бойынша әдістемелік кепілдемелер;
  • Теориялық материал;
  • Теориялық білімдердің іскерлігін және дағдысын орындауға арналған практикумы есептерді шығару жолдарынан және өте көп кездесетін қателіктердің талдауынан тұрады;
  • Виртуалдық лабораториялық практикум;
  • Анықтамалық материал, глоссарий;
  • Білімді бақылау және тестілеу жүйесі.

Оқу курсының әрбір құрамасы пәндік сала мен мамандыққа байланысты болады. Бұған берілген курс жатады. Мысалы, техникалық мамандықтар үшін практикум есеп кітапша түрінде, ал экономикалық мамандықтар - интерактивті іс(керлік) ойындары түрінде ұсынылуы керек.

Инженерлік саладағы желілік технологияларды қолданған кезде байсалды проблема виртуалдық лабораториялық практикумдарды құру болып табылады. Көптеген инженерлік мамандықтардың толық дайындығын шын физикалық аспаптармен және қондырғылармен таныспай, одан кейін олармен жұмыс істеу дағдыларын алмай, оқушы келешекте маман бола алмайды. Студенттің математикалық модельдер базасындағы сәйкес физикалық процестерді тереңдетіп зерртеуі туралы ғана сөйлеуге болады. Бұл зерттелетін шын процестер мен құбылыстарды толығымен көрсетеді. Мұндай проблемалардың келешектік шешулері Web- және JAVA-технологияларының қасиеттерін біріктіру болып табылады (осындай модельдерді құру үшін) . Әрине, виртуалдық лабораториялар шын лабораториялық қондырғыларына алмастыруымен бірдей болмайды. Бірақ жұмыстың шын программасын қарқынды орындау үшін студенттерге виртуалдық лабораториялар жоғары сапалы дайындық құралы ретінде пайдалануға өте тиімді болады (студенттер университетте қысқаша уақыт мерзімінде оқыған кезде) .

Лабораториялық практикумдардың проблемаларын шешуіндегі жеке жолдамасы ретінде шын лабораториялық қондырғыларға желілік алыстатылған доступы бар жүйелерін құру болып табылады. Бұл жерде виртуалдық практикум туралы емес, шын физикалық объектілерді басқару үшін көптеген алыстатылған доступы бар таратылған типті шын практикумы туралы сөз болған еді. Мұнда оқушының алыстатылған компьютері (компьютер-клиент) арқылы шын уақыт көлемінде шын объектілерге әсер ететін нәтижелерді алуы туралы айтылып тұр. Әрине, мұндай күрделі технологияларды тек бірегей қондырғыларға алыстатылған доступы бар болғанда ғана қолданған жөн (бірнеше университеттердің кооперациялар рамкаларында) . Әсіресе, виртуалдық университеттің тұжырымдамасын (концепция) жасаған (іске асырған) кезде қолданған дұрыс. Мұндай технологияларды тиімді жасайтын (іске асыратын) National Instruments (АҚШ) фирмасының LabView программалық-аппараттық құралы болып табылады.

2. 2. Электрондық оқулық

2. 2. 1. Жалпы талаптар

Э лектрондық оқулық сырртай - дистанциондық оқу формасының өзекті кезеңі болып табылады. «Электрондық компьютерлік оқулық» (ЭКО) терминінің көп таратылғанына қарамастан, әртүрлі туындыгерлер оған алуан түрлі мағыналарды береді. Жалғыз жалпы қабылданған белгісі болмаса да, дегенмен, оны оқытатын программалардың көптеген түріндегі біреуіне ғана жатқызуға болмайды. ЭКО-ты программалық-әдістемелік комплекске жиі жатқызатын болды. Мұндай ЭКО-тар оқу курсын өз бетімен немесе оның үлкен бөлімдерін оқып үйренуге мүмкіндік береді және құрамында қарапайым оқулықтың, анықтамалықың, есеп кітапшасының және лабораториялық практикумның қасиеттерін біріктіреді. Осы ЭКО дәстүрлі оқыту тәжірибесінің баламасы емес, қосымшасы боып табалады және студенттің кітаптармен, конспекттермен, есептер жинағымен және жаттығулармен және т. б. жұмыс істеуін алмастырмайды. Мына «электрондық дәріскер» кітаптың немесе оқу пособиясының барлық қасиеттерін сақтауға арнаулы ғана емес, сонымен бірге, қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық мүмкіндіктерді толық пайдалануын компьютерлер қамтамасыз етеді. Осындай мүмкіндіктерге:

  • Динамикадағы физикалық, химиялық және т. б. құбылыстардың ұсынылуы; объекттер мен құбылыстардың көрнекті ұсынылуы, олар тікелей бақылауға доступты емес (микродүниедегі құбылыстар, космостық құбылыстар, өте кіші не өте үлкен тән уақыттары бар құбылыстар және т. б. ) ;
  • Құбылыстар мен объектілерді компьютерлік модельдеу (өзін-өзі зерттеуге арналған бірегей немесе қымбат тұратын жабдықтарды, материалдарды, реагенттерді, сонымен бірге, адам баласының денсаулығына зиян келтіретін және өміріне қауіп төндіретін материалдарды қажет етеді) және олардың көрнекті ұсынылуы; оқулық туындыгерінің аудиотүсініктемелері; оқу материалға аудио- және видеосюжеттердің, анимацияның енгізілуі;
  • Контексттік көмекшелерді (подсказка собственный перевод), сілтемелерді (гипертекст) орындау;
  • Сандық немесе графикалық түрінде күрделі есептеудің нәтижелерін тез арада орындау;
  • Студенттің білімін оперативті өзіндік бақылау (ол жаттығуларды және тесттерді орындаған кезде) ;

Оқулықты құру процессі пәндік аймағымен ақпараттық технологиялар аймағында білімдер болу қажет. Практикада жиірек екі мамандардың ынтымақтастығы - «пәндік-дәріскер» және «программист-маманы» болады. Осы жұмыстың келесі негізгі кезеңдерін ұсынуға болады:

  • Оқулықтың мәтінінің «шимай жазу» вариантын дайындауын (дәрістер курсы бойынша пособияны қолдануға жөн, келесіде оны түбегейлі өзгертіп жасағаны дұрыс) ;
  • ЭКО-ң жеке бөлшектерінің «сценария» әрекеттестігін құрастыру (оқулықтың рационалдық құрылымы және материалдардың баянадалуын мұқият ойластырған дәйектілік негізінде, мүмкін қиылыс сілтемелерді ұйымдастыру және т. б. ), сонымен қатар, аудио- және видеосюжеттер сценарийлардың, түрлі иллюстрациялардың алғашқы дайындығын (олар текстте статикалық немесе ЭКО оқу процесінде динамикалық пайда болады) ;
  • Компьютерде ЭКО құрамдас бөліктерін іске асыруды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық басылым
Электрондық оқытушы құралдар
Оқу курсын құру технологиясы
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Орта мектепте информатика пәнін оқытудың негіздері
Бағдарламалық жасақтама
Автоматты басқару теориясы пәнінен электронды оқулық жасау
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
Байланыс ақпараты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz