Құстардың санитарлық гигиенасы



1. Ауыл шаруашылық құстарының гигиенасы
2. Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологнясы
3. Ауыл шаруашылық құстарының тұқымдары
4. Ауыл шаруашылық құстарын өсіру
5. Ауыл шаруашылық құстарының жұмыртқаларын инкубациялау
6. Ауыл шаруашылық құстарының толықтырғыш топтарды өсіру
7. Ересек құстарды күтіп.бағу, Құстарды азықтандыру ерекшеліктері
8. Жұмыртқа және құс етін өндіру технологиясы
9. Қорытынды
Ауыл шаруашылығы құстарының гигиенасы.
Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның орныдалуына ауылшаруашылық құстарын өсірудің де маңызы зор. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, онымен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек, құстарды өсірудің маңызы белгілі болады. Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Құстардың азғана жерде көптеп орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитариялық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.
Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері.
Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті,интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері, яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.
Экстенсивті жүйе - көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермалардағы ауыр жүмыстарды ( азық тарату, көң тазалау және т.б.) механикаландырудан гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
Интенсивті жүйе - жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткада және едендерде ұстап, технологиялық процестерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауыттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
1. Садуақасов, М.С.
Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы (2- кітабы) оқулық.- Алматы, 2010
2. Альпейсов Ш.А., Құс өсіру. Алматы. 2001 г.
3. Таңатаров А.Б., Әлпеисов Ш.А., Дабжанова С.Т. Құс шаруашылығы, Алматы 2005.
4. Таңатаров А.Б., Байбарақов Е.Б. Құс шаруашылығы және құс жұмыртқасы мен етін өндіру технологиясы, Алматы, 1992.
5. Таңатаров А.Б., Дабжанова С.Т. Құс шаруашылығы, Алматы, 2008ж.
6. Фисинин В.И., Тардатьян Г.А. Промышленное птицеводство. - М., Агропромиздат. - 1985.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекетттік Университеті.

БӨЖ

Тақырыбы:Құстардың санитарлық гигиенасы

Орындаған: Темешов Д.А
Тексерген: Садуақасов М.С
Топ:ВС-303.

Семей-2014ж

Жоспар:
Ауыл шаруашылық құстарының гигиенасы
Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологнясы
Ауыл шаруашылық құстарының тұқымдары
Ауыл шаруашылық құстарын өсіру
Ауыл шаруашылық құстарының жұмыртқаларын инкубациялау
Ауыл шаруашылық құстарының толықтырғыш топтарды өсіру
Ересек құстарды күтіп-бағу, Құстарды азықтандыру ерекшеліктері
Жұмыртқа және құс етін өндіру технологиясы
Қорытынды

Ауыл шаруашылығы құстарының гигиенасы.
Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның орныдалуына ауылшаруашылық құстарын өсірудің де маңызы зор. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, онымен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек, құстарды өсірудің маңызы белгілі болады. Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Құстардың азғана жерде көптеп орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитариялық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.
Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері.
Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті,интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері, яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.
Экстенсивті жүйе - көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермалардағы ауыр жүмыстарды ( азық тарату, көң тазалау және т.б.) механикаландырудан гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
Интенсивті жүйе - жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткада және едендерде ұстап, технологиялық процестерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауыттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе - құстарды технологиялық процестері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында) немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал уақытында - интенсивті жүйеде ұсталады.
Құстарды қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау тәсілі көбінесе,ет бағытындағы фермаларда қолданады. Қалың төсеніштерде құстарды ұстау үшін әуелі құрғақ,дезинфекцияланған және алдын ала қорытылған хлорлы әкі ұнтағы себілген еденге қалыңдығы -15см төсеніш салып, соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш материалын қосып, жалпы қалыңдығы жыл аяғына дейін 25-30см жеткізеді.
Мұндай төсеніштерде, биотермиялық процестердің нәтижесінде, қыс айында температура 12-18 С жетеді де, ал төсеніш алдындағы сапрофитті микробтардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В түзіліп, құстар төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне қажет кейбір витаминдерді табады. Сол сияқты құстарды қалың төсеніш едендерде ұстағанда, олар еркін қозғалыста болып, денсаулығына біршама пайда тиеді.
Мұнымен қоса құстарды қалың жиналмайтын төсенішіт едендерде ұстау кезінде айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Біріншіден бұл тәсілмен ұсталған кезде құстар белгілі бір орынға жұмыртқаламай, еденге түсіріп алып, олар ластанып, тек тағамдық қана емес инкубациялық сапасын да төмендетеді. Екіншіден, құстардың саңырық араласқан төсеніштермен денесі түйісіп, шоқып жеп, альминтарлы,инфекцияға және инвазиялық ауруларға шалдығуына қауіп төндіреді.Үшіншіден, құстарды бұл тәсілмен ұстағанда төенішті ұзақ алмастырмағанның нәтижесінде,онда улы газдардың мөлшері көбейіп кетпеу үшін өте көп жаңа төсеніш қоры қажет болады.
Құстарды сырықты едендерде ұстау тәсілі кезінде арнайы ағаш сырықтардан құрылған рамаларды қоралардың еденінен 80-85см биіктікте көлденеңінен орналастырады. Рамаларды жасауға қалыңдығы 1.5-2см, жалпақтығы 4-5см ағаш сырықтар алып, құс саңырығына бөгет болмау үшін үстіңгі бетін тегіс, қырларын жұмырлап, үстіріктеп, бір бірінен 2.5-3.0 см қашықтықта орналастырады. Мұндай едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған арыққа түсіп, одан механикалық түрде арнайы сырғыш қарғыш құрылымдардың көмегімен тазаланып отырады.
Сыртқы едендерде ұстағанда құстарға төсеніш қажет болмайды және олардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралмайды, құстардың саңырығы еден тесігінен төмен түсіп кетеді де, олардың денесі таза болып, ауру жұқтыру қаупі төнбейді және құстардфң орналасу сиымдылығы жоғарлайды. Бірақ, мұндай артықшылығымен қатар айтарлықтай кемшілігі болып, бұл сырықтан жасалған едендердің сыртқы әсерлерге құс саңырықтарына төзбей, тез істен шығып, жарамсызданыу саналады
Құстарды тор көзді едендерде ұстау - басқа түрлеріне қараға

Құс шаруашылығы, құс өнімдерін өндіру технологнясы
Жұмыртқалағыштық және жұмыртқа салмағы. Жұмыртқаның түзілуі, құрылысы және химиялық құрамы. Әртүрлі құстардың жыныстық жетілуі. Жұмыртқалағыштық динамикасы, жұмыртқалау алшақтығы, ырғағы, жұмыртқа өнімділігіне әсер ететін факторлар. Жұмыртқалағыштық пен жұмыртқа сапасын арттыру жолдары.
Ересек құстар мен балапандарының жалпы құс етін өндірудегі маңызы. Ет өндіретін әртүрлі құстардың балапандарының өсу ерекшеліктері. Еттің химиялық құрамы, қоректік дәрежесі, дәмділігі. Құстардың өнімділігіне әсер ететін факторлар. Құстардың ет өнімділігін арттыру жолдары. Өсіп-өну сапасының өнімділікпен байланыстылығы. Құстардың жұмыртқа өнімділігін көтеруде күтіп-бағу сапасын арттырудың маңызы. Құстардың жұмыртқалағыштығы олардың өсіп-өну сапасын сипаттайтын көрсеткіш.

Ауыл шаруашылық құстарының тұқымдары
Құс тұқымдарын шығару. Құстың жаңа түрлерін құс шаруашылығында пайдалану. Құстардың тұқымдарын жіктеу негіздері. Негізгі құс тұқымдары, тұқымдық топтар, оларға сипаттама (өнімділік бағыты, шығарылған жері, тегі, дене пішініндегі ерекшеліктері, өнімділік сапасы).
Ақ леггорн- негізгі тұқым. Қоңыр жұмыртқа өндіру үшін пайдаланатын тауық тұқымдары. Корниш және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы туралы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы жайлы ақпарат
Ірі қара мал гигиенасы жайлы
Балапандарды өсіру
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Қаздарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Ірі қара малының гигиенасы. Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы
Пәндер