Мұхтар Әуезовтің әңгімелеріндегі тарихи және көркем шындық: 1920-1930 жылдардағы ұлт-азаттық идеяның көрінісі мен бейнелеу тәсілдері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

М. Әуезов әңгімелеріндегі тарихи және көркем шындық.
Әлемдік ірі құбылыс, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов қазақ халқының рухани байлығын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Өзінің саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихы мен ұлттық өнеріне арнады. Ол әдебиеттің бар саласында да қажырлы еңбек етті. Жазушының артынан қалдырған мол мұралары публицистика, драматургия, проза, көркем аударма тұрғысынан болса, ғылыми мұрасы фольклортану, әдебиеттану сияқты ірі салаларды қамтиды.
Мұхтар Әуезов - қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға.
Ол XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, толғампаз зерттеуші. М. Әуезов арқылы төрткүл дүние Абайды танып, Абай арқылы Азияның кіндігіндегі көшпенділер елі тарихын зерделеп, дала пәлсапасына қанығады.
Ол шәкірттік дәуірді басынан өткермей, әдеби майданға білек түре кіріскені тырнақалды шығармаларынан-ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз құдіретін ерте ұғынған жазушы қазақ әдебиетіне құбылыс болып енді. Ұлттық сөзді биік белеске көтерді. Сол себепті М. Әуезовтің ұлы шығармалары қазақ халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала данышпаны Абай - қазақтың асқар биігі, өлең сөздің үлгісі болса, қара сөздің хас шебері М. Әуезов туындылары адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бірі болып табылады.
Өмірлік шындық пен көркемдік шешімнің қарым - қатысы көп мәселеге байланысты екендігі белгілі. Тоталитарлық қоғамдық жүйе, қасаң идеологиялық саясат, әдеби күштердің теке - тіресі, талас - тартысы, жеке тұлғалардың пенделік пиғылы талай көркем туындыны, қаншама талантты әуре - сарсаңға, қуғын - сүргінге түсіргеніне мысал жетерлік. Осы орайда қаламгердің азаматтық қызметі, шығармашылық қағидасы, дүниетанымы мен саяси ауыздықтау XX ғасырдың 20 - 30 жылдарында бірде ашық, кейде астыртын сапада жүріп жатты. Қалыптасқан жағдайға көндігу, партиялық күшті мойындау, сырттай икемделу, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, астарлы түрде жалғастыру, ашық қарсы шығу - сол кезең қойған таңдау еді.
Әр әдеби тұлғаның қай жолды таңдағаны жөнінде біршама зерттеулер бар, бірақ әлі ғылыми тұрғыдан анықталмаған мәселелер де жеткілікті. Соның бірі - кеңестік жүйенің алғашқы кезеңдегі әдебиеттегі ұлт - азаттық идеясының көрінуі, оны бейнелеудегі автор қолданған түрлі амал - тәсілдердің табиғатын зерделеу. Осы тұрғыдан қарағанда М. Әуезовтің қазақ әдебиеті мен ғылымы үшін аса маңызды, бірақ әлі күнге дейін арнайы сөз бола қоймаған, көпшілікке беймәлім сыры мен қыры жетерлік кезеңі бар.
Ол қаламгердің азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған қазақ зиялыларының қатарында Алаш қозғалысының идеясымен суарылған шығармашылық қызметі.
Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдарындағы жазылған шығармаларының барлығына дерлік Кеңес үкіметінің алғашқы дәуіріндегі өмір кезеңі қамтылғанымен, кеңестердің іс-әрекетін көтере дәріптеу, көзсіз мақтау, мадақтау жоқ. «Үйлену», «Оқыған азамат», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен» сынды әңгімелерінде жаңа қоғамның жаңалықтары бой көрсеткенімен, бұларда кеңестік дәуірдің зор жетістіктеріне сүйсіне қарау жоққа тән. Жазушының бұл уақытта жазған шығармалары ішінде «Жуандық» әңгімесінде ғана Кеңес үкіметіне зор үміт артып, сеніп қарау байқалады. Алайда, шығарма соңы кеңестерді арқау еткен жатақтың опық жеп, жерінен айырылып, көшіп кетуіне ойысады.
М. Әуезов шығармаларында кеңес үкіметінің жетістігін көзсіз мадақтаған жоқ.

Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдарындағы шығармашылық қызметіндегі ұлт - азаттық идеясының бейнеленуі мен көріну жолдары туралы азды - көпті пікірлер айтылған зерттеулер бар. Олардың кезеңдік тұрғыдан алғанда әрқилы екендігі, кереғар пікірлердің барлығы, орнықты бағасын күткен асығыс тұжырымдардың кездесетіні - арнайы зерттеуге сұранып тұрғандай.
Соған қоса осы тұрғыдағы жазушы көзқарасының өзгерісі мен дамуы да әрі қарай жүйелі зерттеуді қажет ететіні даусыз. Ұлы жазушының мол мұрасын, ұлт - азаттық идеясын көркем мазмұн мен шығармашылығын қайраткерлік қызметімен тығыз байланыста қарау, аталмыш идеяларды бейнелеудегі қолданған тәсілдерін саралауға бағытталған ізденіс, жаңа заман тақырыбы, әйел бейнесінің рухани әлемі осы диплом жұмысының тақырып өзектілігін айқындайды. Алаш идеялары қатарында М. Әуезовтің азаттық үшін күрескен қайраткерлік тұлғасы сомдалды, қызыл империяның саясатын қазақтың мүддесі тұрғысында парасаттылықпен зерделеп, дүние таным эволюциясын айқын аңғартты.
Қаламгер шығармаларында ұлттық болмысты сөз өрнегімен өріп, қазақ әдебиеті мен мәдениетін жаңа сатыға көтерді. Бүкіл халықтың ой-санасының алтын арқауына айналған рухани құндылықтарымыздың жарқырай көрініп, дамуына біршама ықпал етті. Ендеше ұлы суреткердің шығармашылық жолының бастауын зерттеу нысанасы етіп, сол арқылы Семей кезеңіне, руханият ісіне, өмір, тұрмыс сырына, уақыт тынысына ден қою −әдебиеттану ғылымы үшін аса зор міндет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтің 1920-1930 жж. әңгімелеріндегі ұлт-азаттық идеяның көркемдік бейнеленуі
М.Әуезов әңгімелеріндегі тарихи және көркем шындық (1919-1932): ұлт-азаттық идеялар мен әлеуметтік қорғансыздықты бейнелеу
Мұхтар Әуезовтің 1920-1930 жылдардағы әңгімелерінің драмалық табиғаты мен тарихилығы
Мұхтар Әуезовтің 1920-1930 жылдардағы әңгімелерінің көркемдік ерекшеліктері мен ұлттық болмысты бейнелеуі
Мұхтар Әуезовтің фольклортануындағы алғашқы ізденістер және 1920-1930 жылдардағы қазақ фольклоры
Мұхтар Әуезовтің фольклортанушылығы және 1920-1930 жылдардағы қазақ фольклортану ғылымының дамуы
Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы: драматургия, Абай жолы және тарихи шындық
Мұхтар Әуезовтің тарихи көзқарастары мен тарихи шығармалары
Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясындағы ұлттық идеяның көрінісі мен тарихи шындық
Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны мен ХХ ғасыр басындағы көркем прозасының өзектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz