Қазақстандағы сән әлемінің дамуы жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы сән әлемінің дамуы
Орындаған:Көсембаев Е
Тобы : ТК - 321
Тексерген: Бауыржанова Айгуль Заманбековна
Семей, 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Дефиле
- Сән, силуэт, стиль
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
«Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жаңарып отыру дегенді білдіреді. Дегенмен біле білсек, «сәндік», «сәндену» деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен - теріден, кейін матадан тігілген белдемшелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер - алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады. Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның суретшілері «сәндік» іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемі» келген. Франция, Италия, Англия, Испания, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жылдам дамып отырған «мода» 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Ал Коко Шанельдің «кішкентай қара көйлек» ұғымы 1926 жылы пайда болған. Әрине, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дәуірі басталғалы біраз болды. Ал қазақстандық «мода» жайлы не білеміз?
Кейбір деректерге сүйенсек, қазақ басылымдары «сән», «мода» және «подиум» деген сөздерді 1913 жылдардың өзінде пайдалана бастаған. Бірақ бұл кезеңде қазақ жеріне нық орнай қоймаған «сән әлемі» қазірде ресми түрде 1947 жылы келген делінеді. Ал, жалпы, ата-бабаларымыздың ежелден келістіре киген қазақы өрнегі бар сәнді киімдері мен әшекей бұйымдарының өзі нағыз «сәндіктің» өзі емес пе?! Тек Коко Шанельдің ойлап тапқан «барлық қыздың гардеробында болуы тиіс кішкентай қара көйлегін» шығарып, жер-жаһанға жария қылмадық демесек, серілер мен сылқым сұлулардың сол кезгі сәндену салтына айтар сын да, мін де жоқ. Алайда ресми дерекке сүйенсек, бүгінде «Сымбат» деп аталатын академия отандық сән әлемінің дүниеге келуіне сеп болыпты деседі. Тұңғыш рет 1972 жылы қазақстандық сән өнерін шетелге паш еткен компанияның «Сымбат» деп аталған тұңғыш журналы - 1958 жылы, ал тұңғыш мода театры 1987 жылы ашылды. Қазақстан 1972 жылы - Болгарияда, 1974 жылы - Лейпцигте, 1975 жылы Италияда өткен халықаралық фестивальдарға да қатысты. Ал 1988 жылы Чехословакияның Брносында ұйымдастырылған жарыста бас жүлдені иемдендік.
Осылайша fashion - индустрия Қазақстанға да жеткен. Қазірде елімізді әлемге танытып жүрген атақты дизайнерлеріміз де жетерлік. Олардың ішінде Aida KaumeNOVA, Kuralai (Құралай Нұрқаділова), Айгүл Қасымова, LaRiya (Лария Жақамбаева), Salta (Салтанат Баймұхамедова) мен ZhaZira-ны ерекше атап өтуге болады.
Негізгі бөлім
Дефиле.
Дефиле десе, қазіргі сәнқой жандардың ішкен асын жерге қоятыны сөзсіз. Әлбетте, әдемі киініп, сәнді көріну кімге болса да ұнайды. Алайда бұл сөздің және, жалпы, дефиленің қашан, қайда пайда болғаны жайлы білетіндер аз. Олай болса дефиленің кешегісі мен бүгіні жайлы қысқаша талдау жасайық.
Шетелдік зерттеушілердің кейбір деректерінде дефилені дүниеге әкелген ХІХ ғасырдың сәнгері Чарльз Фредерик Ворт делінеді. Ол өз заманында киім сататын дүкен қызметкерлерін әдемі киіндіріп, қалталы клиенттеріне өз тауарларын ұсынған. Қазіргі тілмен айтқанда, модельдердің қатарында өзінің әйелі де болған деседі. Дүкенге келгендер жайлы жайғаса отырып, сәнді киініп әрлі-берлі жүрген сатушы қыздарды тамашалап, соңынан өз ұнатқан тауарын сатып алған. Бірақ ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде мұндай үрдіс жалғыз Чарльзде емес, барлық сән үйлерінде болған көрінеді. Тіпті олардың басым бөлігі жабық бөлмелерде арнайы көрсетілім залдарын ұйымдастырып, жаңа топтамаларын тұтынушыларына таныстыра бастаған. Дегенмен бұл көрсетілімдерді кәдімгі дефилемен салыстыру қиынырақ болатын. Алайда 1905 жылы Лондонда Люсилль есімді дизайнер тұңғыш рет дефиле өткізіп, музыканың сүйемелдеуімен сахнада өз топтамасын таныстырды. Оған көптеген модельдер қатысып, тапсырыс берушілерінің саны да екі есеге артқан. ХХ ғасырдың басында дефиле АҚШ-та да кеңінен тарай бастайды. Сәнді киім-кешек пен әшекей бұйымдарды өндірушілер сән индустриясын дамыту мақсатында бірігіп көрмелер өткізеді. 1903 жылдан бастап Нью-Йорк сән көрсетілімдеріне келушілердің қатарын көбейту үшін жер-жерге шақырту билеттерін таратуды ойлап табады. Ал 1910 жылдарға қарай жаңа топтамалардағы бұйымдар дүкен сөрелерінде сатылымға шығып, қысқа мерзімде сатылып отырады. Алайда сәнді болған киім-кешектер жайлы ақпараттардың таралымы тым тар болғандықтан, қалталы әйелдер ғана сәнді салондарға барып, қажет дүниелеріне еш қиындықсыз қол жеткізген. Ал әлеуметтік жағдайы төмен нәзікжандылар байлардың киіп тоздырып, сәннен қалдырып, арзандаған заманында ғана сатып ала алған. Ең алғаш ұйымдастырылған дефилелер адамдарды қайран қалдырып, тіпті олар жайлы New York Times газеті жиі-жиі жазып отырған. Ал қымбат бутиктердің арасында бәсекелестік орнап, дефиле ХХ ғасырда Атлантикаға дейін жеткен. Бірақ сән көрсетілімдері ұзақ уақыт бойы тек әйел адамдардың киім-кешегіне ғана арналған. Тек 1952 жылы Флоренцияда Brioni сән үйінің ұйымдастыруымен ер адамдарға арналған сәнді киімдердің көрсетілімі өткен.
Сонау ХІХ-ХХ ғасырларда шағын дүкендер мен үйлердің тар бөлмелерінде өткізілген дефиленің бүгінгі сән әлеміндегі орны ерекше. Сарапшы мамандардың сөзіне сенсек, қазіргі заманда жыл сайын сән көрсетілімдерін ұйымдастыруға 200 млн АҚШ доллары жұмсалады екен. Атағы жер жарған сән үйлерінің 20 минуттық дефилесін өткізу үшін орта есеппен 100-500 мың доллар жұмсалатын көрінеді.
Қазіргі дефиле сахнасы биікте орналасқан, яғни платформаларда өткізіледі. Біз оны подиум деп атаймыз. Көрсетілімдерге бұрынғыдай сәнді киімдерді сатып алушылар ғана келмейді, қазір БАҚ өкілдері мен сән әлемінің қас шеберлерін шақыру тұрақты үрдіске айналған. Әсіресе жаңа топтамалардың жарнамасына жан бітіретін журналист қауымының көрсетілімдерде көбірек болуы маңызды рөл атқарады. Миланның әйгілі Pambianco Strategie di Impresa SpA деп аталатын компаниясының сарапшы мамандары жүргізген зерттеуге сенсек, дефилеге кеткен қаржының 6%-ы тек PR мен жарнамалау жұмыстарына кетеді. Ал жаңа топтамаларға келіп түсетін тапсырыстың 30-50%-ы сол жарнамалардың арқасында жүзеге асатын көрінеді. Дефиленің ең басты кейіпкерлері саналатын модельдердің де жалақылары жаман емес, атақты компаниялар бір көрсетілім үшін бір моделіне 10-30 мың АҚШ долларын төлейді. Айта кетейік, әлемдік деңгейдегі сән үйлерінің әрбірінде визит карточкасы саналатын түрлі түсті көмескі жарықтар бар. Мысалы, Джон Гальяноның сән көрсетілімдерінде - алқызыл түстес, ал Christian Dior-да айнадан жасалған подиум қолданылады. Мұндай атақты дизайнерлер үшін есімдері әлемге танымал адамдардың көрсетілімдерге келуі - ең маңызды дүние. Сол үшін де олар белгілі өнер жұлдыздары мен қалталы бизнесмендердің көрсетілімге келіп кетуіне қажетті жол ақысын, жатын орны мен киетін киімдері үшін қомақты қаржы төлеуге дейін барады. Себебі олар брендіні жарнамалау үшін көп көмектеседі. Ал дефилені өткізуден бас тарту деген компанияның қаржылық дағдарысқа ұшырап, құрдымға кеткендігін білдіреді. Prada Group-тың президенті Патрицио Бертеллидің айтуынша, дефилесіз ешқандай өнім сәтті шықпайды, сол үшін де сән көрсетілімдерінің бүгінгі әлемдік fashion - индустриядағы орны бұрынғы заманғыдан гөрі маңыздырақ.
Сән…силуэт…стиль
Сән (мода) - латын сөзі (modis - өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі деген ұғымды білдіреді) . Сән - белгілі немесе басқа да бір талғамның уақытша үстем болуы. Киім - бірінші қажеттілік зат. Сән - әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.
Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді.
Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол - ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы (болашаққа бағытталған) .
Ал «Силуэт», «пішін», «үлгі», «пропорция», «стиль» деген түсініктер адамдармен тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz