Инновациялы инвестициялық жобалар және оларды бағалауға арналған программалық пакеттер


Мазмұны

Кіріспе 2

1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ СИНТЕЗІ 2
1.1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы 2
1.2. Инвестициялардың жіктелуі 2
1.3. Инновациялардың инвестициялық негізі 2
Тарау бойынша қысқаша қорытындылар 2

2. ИННОВАЦИЯЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ПРОГРАММАЛЫҚ ПАКЕТТЕР 2
2.1. Инновациялы инвестициялық жобаларды талдау 2
Жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын.ала кезеңі 2
Техникалық талдау 2
Қаржылық талдау 2
Экономикалық талдау 2
Тәуекелді талдау 2
2.2. Инновациялы инвестициялық жобалардың тиімділігін 2
бағалауға арналған программалық өнімдер 2
COMFAR 2.1 2
PROPSPIN программалық пакеті 2
«Альт.Инвест» пакеті 2
«Инвестор 4.1» пакеті 2

3. ИННОВАЦИЯЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛІ 2
3.1. Құрастыру ортасы 2
3.2. Талдау деректері 2
3.3. Негізгі жұмыс істеу қағидалары 2

Қорытынды 2

Қосымшалар 2

Қолданылған әдебиет тізімі 2
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі (актуалдылығы)
Инвестиция және инновация мәселелерін зерттеу экономикалық ғылымның өзекті бағыттарының бірі болып саналады. Бұған себеп – инвестициялар және инновациялар шаруашылық қызметтің ең терең негіздерін сипаттап қана қоймай, жалпы экономикалық өсудің үрдісін анықтайды. Қазіргі қалыптасқан экономикалық жағдайда инвестициялар мен инновациялар халық шаруашылығындағы құрылымдық өзгерістерді, техникалық прогресті, шаруашылық қызметте жоғарғы сапалы көрсеткіштерді қамтамасыз етеді. Сондықтан әлеуметтік - экономикалық реформалау мәселесінде инвестициялық және инновациялық үрдістер ең әсершіл механизмдер болып табылады.
Қазіргі уақытта инвестициялық қызметтің нарықтық нысандары мен тетіктерін теориялық негізде терең зерттеу өзекті (актуалды) бағыт ретінде қарастырылады. Осы себептен инвестициялық шығындардың тиімділік критерийлерін теориялық негіздеу, экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен капитал жұмсаудың өзара байланысын сипаттау және түрлі инвестициялық салаларда өзіндік басымдылықтарды анықтау сияқты мәселелер Қазақстан экономикасының шарттарында өте маңызды болып келеді.
Қазақстандық экономикаға кең ауқымда инвестицияларды тарту – ұзақ мерзімді стратегиялық мақсат. Осы мақсаттың негізінде өркениетті, өмір сүру сапасы жоғары, әлеуметтік бағдарлы қоғам құру мәселесі жатыр.
«Қазақстан - 2030» стратегиясының үшінші ұзақ мерзімді басымдығы: шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. «Қазақстан - 2030» стратегиясы көздейтін бағытта жұмыс жасау көкейтесті мәселе болып табылады, себебі ол Қазақстанның жалпы өркендеуіне, экономикалық әл-ауқатының артуына, халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді.
Жоспарлау әрдайым келешекпен байланыста болады, ал модель болжалды нақтылықты сипаттайды. Демек, мүмкін болатын келешек стратегияларды модель арқылы көрсетіп ұсыну болашақты модельдеу болып табылады.
Қазіргі уақытта қаржы саласындағы модельдеу нақтылықты баламалы сипаттай алатын модельдерді құру жолымен дамып келеді. Ақпараттық технологиялардың және есептеуіш техникасының қарқынды дамуы тиімді қаржы модельдерін құрастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Компьютерлік модельдеуде қолданылатын динамикалық тәсілдер өте тиімді құралдар болып табылады, олардың арқасында көптеген факторларды есепке ала отырып нақты жобаларды құрастыруға болады. Бұл модельдер кәсіпорынның немесе мекеменің нақты қызметін, түрлі уақыт кезеңдерінде жүзеге асқан жағдайлар ретінде қарастырылатын, ақша ағымдары (түсімдер мен төленімдер) арқылы сипаттайды.
Қазақстан шеңберінде инвестициялар тиімділігін жоспарлау және талдау мәселесі мамандардан ақша ағымдарының қалыптасу үрдісін сыпайы сипаттай алатын модельдердің қолданылуын талап етеді.
Компьютерлік модельдерді пайдаланудың арқасында инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаумен қатар оның жүзеге асырылу стратегиясын таңдау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Нәтижені жедел түрде беретін баламалы стратегияларды да тұрғызу мүмкіндікке асады, осының негізінде жобаны жүзеге асыру сатысында көптеген қателіктерді алдын-алуға болады.
Компьютерлерді қолданған кезде құрастырылатын модельдер көлемді және нақтыланған болып келеді, сондықтан олар кәсіпорынның қызметін айқын сипаттайды. Компьютердің көмегімен жасалынған модель оперативті басқаруда да, страегиялық жоспарды құру үрдісінде де қолданыла алады. Олардың динамикалық негізі көптеген жағдайларды есепке алуда жәрдемдеседі. Мәселен, динамикалық модельдер салыстырмалы анализде кең қолданылады. Экономикадағы компьютерлік модельдеу және жоспарлау - жаңа өзекті бағдар.
Зерттеу пәні
Экономикалық салаларда (құрылыс саласында) қолданылатын талдау, инновациялар және инвестициялар, олардың қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы мәні мен маңызы, экономикалық салалардағы болжау үрдістері.
Зерттеудің объектісі
Экономикалық салалардағы инвестицияларды, соның ішінде инновациялы инвестицияларды талдаудың және болжаудың компьютерлік модельдері.
Жұмыстың мақсаты мен мәселелері (есептері)
Мақсат – теориялық және практикалық білімді кеңейту, бекіту, жүйелеу және нақты экономикалық мәселені шешуде программалық модельдеу негізінде қолдану.
Жұмыстың негізгі мәселелері (есептері):
• Зерттеу саласының теориялық негіздерін қарастыру;
• Теориялық материалдарды жүйелеу;
• Өзекті экономикалық мәселені шешуде тәжірибе алу;
• Экономикада компьютерлік модельдеудің қажеттілігін негіздеу;
• Жобалауға алынатын объектінің аналогтарын іздестіру және қарастыру;
• Олардың салыстырмалы анализін жасау;
• Теориялық және практикалық программалау дағдыларын нақты экономикалық есептерді шешуде қолдану;
• DELPHI программалау ортасында программаны құрастыру;
• Құрастырылған программаны нақты мәселені шешуде қолдану – жоба аппробациясы.
Жұмыстың жаңалылығы
Зерттелінетін тақырыптың жаңалылығы инновациялы инвестициялық жобаларды бағалауда компьютерлік модельдеу технологияларының қолданылуымен және отандық экономикасының өзіндік ерекшеліктерін есепке алатын компьютерлік программаның құрастырылуымен сипатталады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында қалыптасқан шарттар шеңберінде компьютерлік модельдеу және жалпы экономикалық үрдістерді болжауды автоматтандыру мәселелері алдыңғы қатарға шығуда. Бұндай есептерге күннен күнге назар өсуде. Оларды практикалық түрде жүзеге асыру көлемді және қажетті.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс құрылымды түрде мынадай бөлімдерден тұрады: кіріспе, теориялық тарау, шолу тарауы, жоба тарауы және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі (актуалдылығы) ашылады, жұмыстың мақсаттары мен мәселелері (есептері) анықталады. Бірінші тарауда зерттеу бағытының теориялық негіздері қарастырылады. Екінші негізгі бөлімде инвестициялық жобалауда қолданылатын программалық өнімдерге шолу жасалынады. Осы тарауда қарастырылатын программалық пакеттердің салыстырмалы анализі жасалады.
Теориялық тараудың және шолудың негізінде соңғы жобалы тарау қалыптастырылған. Осы бөлім Delphi программалау ортасында құрастырылған және белгілі бір экономикалық мәселелерді шешуге арналған программалық құралды сипаттайды.
Қорытынды бөлімде нәтижелер мен ұсыныстар келтіріледі. Дипломдық жұмыстың аяғында қолданылған әдебиеттің тізімі және қосымшалар келтіріледі. Жұмыстың қосымша бөлімінде құрастырылған дипломдық жобаның мәтіні (листинг) берілген.
Қолданылған әдебиет тізімі

1. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті: Оқу құралы. – Алматы: Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2002.
2. Аньшин В.М. Инвестиционный анализ. – М.: Дело, 2002.
3. Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 6. – М.: Издательство БИНОМ, 2001.
4. Баскаков В.Н., Карташов Г.Д. Введение в актуарную математику. – М.: МГТУ имени Н.Э. Баумана, 1998.
5. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Инвестиционный анализ. – М.: ЮНИТИ, 2000.
6. Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и инноваций. Современные тенденции. – М.: Филинъ, 1997.
7. Джон Э. Ханк, Дин У. Уичерн, Артур Дж. Райтс. Бизнес-прогнозирование с применением Excel и Minitab. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2003.
8. Есипов В.Е. Ипотечно-инвестиционный анализ. – СПб: Экономическая школа, 1998.
9. Ильдеменов С.В. Инновационный менеджмент в отраслях. – М.: Инфра-М, 2004.
10. Ильенкова С.Д. Инновационный менеджмент. – М.: Банки и биржи, 1997.
11. Инвестиционная деятельность в Республике Казахстан: статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2004.
12. Информационные технологии – совместимость методов. – М.: РЭА, 1999.
13. Информационая среда – совместимость информационных ресурсов, систем формирования, распределения и использования информации. – М.: РФА, 2000.
14. Исабекова А.И. Совершенствование управления деятельностью ремонтно-строительных предприятий на базе новых информационных технологий. – Костанай: ЭКП, 2003.
15. Карлберг Конрад. Бизнес-анализ с помощью Microsoft Excel. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2003.
16. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов. – М.: Финансы и статистика, 1998.
17. Қазақстан Республикасындағы құрылыс: 2002 – 2004. Статистикалық анықтамалық. – Алматы: ҚР статистика агенттігі, 2005.
18. Лимитовский М.А. Основы оценки инвестиционных и финансовых решений. – М.: ДЕКА, 1998.
19. Мамыров Н.К., Кубаев К.Е., Камшибаев Р.А. Инвестиции в Казахстане: материалы научно-практической конференции. – Алматы: Экономика, 1997.
20. Нурмаганбетова К.Е. Экономико-математическое моделирование строительного производства в условиях рынка. – Алматы: КазГАУ, 1999.
21. Под ред. Смаилова А.А. Инвестиционная деятельность в Республике Казахстан: статистический сборник. – Алматы: Агентство РК по статистике, 2001.
22. Полковникова Е.В., Полковникова А.В. Планирование и управление проектами с использованием Time Line. – М.: Диалог-Мифи, 1994.
23. Программный комплекс Альт-Инвест. Руководство пользователя. – СПб.: ИКФ «Альт», 1996.
24. Фаронов В.В. Система программирования Delphi. – СПб.: БХВ - Петербург, 2003.
25. Шумилин С.Б. Инвестиционное проектирование: практическое руководство по экономическому обоснованию инвестиционных проектов. – М.: Финстатинформ, 1995.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 50 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге




Мазмұны
Кіріспе 2
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ СИНТЕЗІ 2
1.1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы 2
1.2. Инвестициялардың жіктелуі 2
1.3. Инновациялардың инвестициялық негізі 2
Тарау бойынша қысқаша қорытындылар 2
2. ИННОВАЦИЯЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ПРОГРАММАЛЫҚ ПАКЕТТЕР 2
2.1. Инновациялы инвестициялық жобаларды талдау 2
Жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын-ала кезеңі 2
Техникалық талдау 2
Қаржылық талдау 2
Экономикалық талдау 2
Тәуекелді талдау 2
2.2. Инновациялы инвестициялық жобалардың тиімділігін 2
бағалауға арналған программалық өнімдер 2
COMFAR 2.1 2
PROPSPIN программалық пакеті 2
Альт-Инвест пакеті 2
Инвестор 4.1 пакеті 2
3. ИННОВАЦИЯЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛІ 2
3.1. Құрастыру ортасы 2
3.2. Талдау деректері 2
3.3. Негізгі жұмыс істеу қағидалары 2
Қорытынды 2
Қосымшалар 2
Қолданылған әдебиет тізімі 2
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі (актуалдылығы)
Инвестиция және инновация мәселелерін зерттеу экономикалық ғылымның
өзекті бағыттарының бірі болып саналады. Бұған себеп – инвестициялар және
инновациялар шаруашылық қызметтің ең терең негіздерін сипаттап қана қоймай,
жалпы экономикалық өсудің үрдісін анықтайды. Қазіргі қалыптасқан
экономикалық жағдайда инвестициялар мен инновациялар халық шаруашылығындағы
құрылымдық өзгерістерді, техникалық прогресті, шаруашылық қызметте жоғарғы
сапалы көрсеткіштерді қамтамасыз етеді. Сондықтан әлеуметтік - экономикалық
реформалау мәселесінде инвестициялық және инновациялық үрдістер ең әсершіл
механизмдер болып табылады.
Қазіргі уақытта инвестициялық қызметтің нарықтық нысандары мен
тетіктерін теориялық негізде терең зерттеу өзекті (актуалды) бағыт ретінде
қарастырылады. Осы себептен инвестициялық шығындардың тиімділік
критерийлерін теориялық негіздеу, экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен
капитал жұмсаудың өзара байланысын сипаттау және түрлі инвестициялық
салаларда өзіндік басымдылықтарды анықтау сияқты мәселелер Қазақстан
экономикасының шарттарында өте маңызды болып келеді.
Қазақстандық экономикаға кең ауқымда инвестицияларды тарту – ұзақ
мерзімді стратегиялық мақсат. Осы мақсаттың негізінде өркениетті, өмір сүру
сапасы жоғары, әлеуметтік бағдарлы қоғам құру мәселесі жатыр.
Қазақстан - 2030 стратегиясының үшінші ұзақ мерзімді басымдығы:
шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға
негізделген экономикалық өсу. Қазақстан - 2030 стратегиясы көздейтін
бағытта жұмыс жасау көкейтесті мәселе болып табылады, себебі ол
Қазақстанның жалпы өркендеуіне, экономикалық әл-ауқатының артуына,
халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді.
Жоспарлау әрдайым келешекпен байланыста болады, ал модель болжалды
нақтылықты сипаттайды. Демек, мүмкін болатын келешек стратегияларды модель
арқылы көрсетіп ұсыну болашақты модельдеу болып табылады.
Қазіргі уақытта қаржы саласындағы модельдеу нақтылықты баламалы
сипаттай алатын модельдерді құру жолымен дамып келеді. Ақпараттық
технологиялардың және есептеуіш техникасының қарқынды дамуы тиімді қаржы
модельдерін құрастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Компьютерлік модельдеуде
қолданылатын динамикалық тәсілдер өте тиімді құралдар болып табылады,
олардың арқасында көптеген факторларды есепке ала отырып нақты жобаларды
құрастыруға болады. Бұл модельдер кәсіпорынның немесе мекеменің нақты
қызметін, түрлі уақыт кезеңдерінде жүзеге асқан жағдайлар ретінде
қарастырылатын, ақша ағымдары (түсімдер мен төленімдер) арқылы сипаттайды.
Қазақстан шеңберінде инвестициялар тиімділігін жоспарлау және талдау
мәселесі мамандардан ақша ағымдарының қалыптасу үрдісін сыпайы сипаттай
алатын модельдердің қолданылуын талап етеді.
Компьютерлік модельдерді пайдаланудың арқасында инвестициялық жобаның
тиімділігін анықтаумен қатар оның жүзеге асырылу стратегиясын таңдау
мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Нәтижені жедел түрде беретін баламалы
стратегияларды да тұрғызу мүмкіндікке асады, осының негізінде жобаны жүзеге
асыру сатысында көптеген қателіктерді алдын-алуға болады.
Компьютерлерді қолданған кезде құрастырылатын модельдер көлемді және
нақтыланған болып келеді, сондықтан олар кәсіпорынның қызметін айқын
сипаттайды. Компьютердің көмегімен жасалынған модель оперативті басқаруда
да, страегиялық жоспарды құру үрдісінде де қолданыла алады. Олардың
динамикалық негізі көптеген жағдайларды есепке алуда жәрдемдеседі. Мәселен,
динамикалық модельдер салыстырмалы анализде кең қолданылады. Экономикадағы
компьютерлік модельдеу және жоспарлау - жаңа өзекті бағдар.
Зерттеу пәні
Экономикалық салаларда (құрылыс саласында) қолданылатын талдау,
инновациялар және инвестициялар, олардың қазіргі таңдағы Қазақстан
экономикасындағы мәні мен маңызы, экономикалық салалардағы болжау
үрдістері.
Зерттеудің объектісі
Экономикалық салалардағы инвестицияларды, соның ішінде инновациялы
инвестицияларды талдаудың және болжаудың компьютерлік модельдері.
Жұмыстың мақсаты мен мәселелері (есептері)
Мақсат – теориялық және практикалық білімді кеңейту, бекіту, жүйелеу
және нақты экономикалық мәселені шешуде программалық модельдеу негізінде
қолдану.
Жұмыстың негізгі мәселелері (есептері):
• Зерттеу саласының теориялық негіздерін қарастыру;
• Теориялық материалдарды жүйелеу;
• Өзекті экономикалық мәселені шешуде тәжірибе алу;
• Экономикада компьютерлік модельдеудің қажеттілігін негіздеу;
• Жобалауға алынатын объектінің аналогтарын іздестіру және қарастыру;
• Олардың салыстырмалы анализін жасау;
• Теориялық және практикалық программалау дағдыларын нақты экономикалық
есептерді шешуде қолдану;
• DELPHI программалау ортасында программаны құрастыру;
• Құрастырылған программаны нақты мәселені шешуде қолдану – жоба
аппробациясы.
Жұмыстың жаңалылығы
Зерттелінетін тақырыптың жаңалылығы инновациялы инвестициялық
жобаларды бағалауда компьютерлік модельдеу технологияларының қолданылуымен
және отандық экономикасының өзіндік ерекшеліктерін есепке алатын
компьютерлік программаның құрастырылуымен сипатталады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында қалыптасқан шарттар
шеңберінде компьютерлік модельдеу және жалпы экономикалық үрдістерді
болжауды автоматтандыру мәселелері алдыңғы қатарға шығуда. Бұндай есептерге
күннен күнге назар өсуде. Оларды практикалық түрде жүзеге асыру көлемді
және қажетті.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс құрылымды түрде мынадай бөлімдерден
тұрады: кіріспе, теориялық тарау, шолу тарауы, жоба тарауы және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі (актуалдылығы) ашылады,
жұмыстың мақсаттары мен мәселелері (есептері) анықталады. Бірінші тарауда
зерттеу бағытының теориялық негіздері қарастырылады. Екінші негізгі бөлімде
инвестициялық жобалауда қолданылатын программалық өнімдерге шолу
жасалынады. Осы тарауда қарастырылатын программалық пакеттердің
салыстырмалы анализі жасалады.
Теориялық тараудың және шолудың негізінде соңғы жобалы тарау
қалыптастырылған. Осы бөлім Delphi программалау ортасында құрастырылған
және белгілі бір экономикалық мәселелерді шешуге арналған программалық
құралды сипаттайды.
Қорытынды бөлімде нәтижелер мен ұсыныстар келтіріледі. Дипломдық
жұмыстың аяғында қолданылған әдебиеттің тізімі және қосымшалар келтіріледі.
Жұмыстың қосымша бөлімінде құрастырылған дипломдық жобаның мәтіні (листинг)
берілген.

1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ СИНТЕЗІ

1.1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі
кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің
шеңберінде жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы
түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салынымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени
құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық
қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету
мақсатында болады. Осы тұрғыдан инвестиция түсінігі нарықтық тәсілдерге
едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде
инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині латынның investire – жұмылдыру сөзінен
алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен
қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері
бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның
нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар,
қондырғылар, өндірістік-материалдық қорлар және т.б.) таза
инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп айтамыз. Тұрғындар үшін
жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін
сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады. У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды:
Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер
түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты.
Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі
акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда
инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің
экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып
табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты
инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма
бәсекелес емес, бірін-бірі толықтырушы болып табылады. В.
Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп
түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық
құнының табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты
объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым үрдісінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да
табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторларымен
айырықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын
мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе
үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
1.2. Инвестициялардың жіктелуі
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін төмендегідей топтайды:
• ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды
қағаздар;
• жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды
құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
• жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да
мүліктік құқықтар;
• қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау емес)
ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе
ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық
сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
• нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы,
яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын
қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын
салым. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға, қосымша
материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
• материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
• қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктік салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша ивестициялар
келесі түрлерге бөлінеді:
• тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын
салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі.
Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне
тартылады, оның ішінде алдын-ала жүретін инвестициялық зерттеулерге,
инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім
өндірісіне;
• жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар
арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай
делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын
табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды
қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына
түрлерге бөледі:
• қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
• ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар төменде келтірілгендей
бөлінеді:
• азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет
көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық
жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік
қоғамына үлестік қатынас);
• инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық
жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе
басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
• табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да
мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа
мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп
саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды,
бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі
салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
• тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе
белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты
факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі
кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың
мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді,
сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше
алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын
төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау
және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы
мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік
табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағадарысты болып келеді;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіңдігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
• жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып
жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
• шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі – өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс
кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет
етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
• шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру – моральды тұрып
қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы
жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық
немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба боайынша жүзеге асыру;
• техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың,
өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық
деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық
жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан үрдістерді жан-
жақты бағалау үшін қажет.
1.3. Инновациялардың инвестициялық негізі
Инвестициялар және инновациялар түрлі экономикалық түсініктер
болғанымен, олар өзара тығыз байланыста болады. Инвестициялар түсінігі
инновациялар түсінігінен кең және оны қамтиды деп те айтуға болады.
Инвестициялық капиталдың инновациялық жағынан құндылығы жоқ
жобалардың жүзеге асырылуында қолданылуы мемлекеттің технологиялық
саласында артта қалып отыруына және әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алмауына
себепкер болады. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар жаңа білімге
материализацияланады. Олардың жоқтығы инвестицияларды экстенсивті
салынымдар рангісіне келтіреді, яғни олар өзінің мәні бойынша тиімсіз
болады. Глобализация мен ғылыми-техникалық дамудың өсуі нәтижесінде
қалыптасқан халықаралық бәсекелестік жағдайында инвестициялардың
құрылымында интенсивті қосылма байқалады, ол жоғарғы технологияларға
жұмсалатын шығындарды қамтиды. Бұлар жаңа типті инвестицияларды құрайды.
Негізгі капиталға материализацияланған инновациялар материалдық
негізді қалыптастырады, оның нәтижесінде инвестициялық объектілердің сапасы
мен бәсекелік мүмкіндіктері арттады. Мемлекеттің және қоғамның дамуы үшін
адам капиталына, білімге, денсаулық сақтау саласына және әлеуметтік сфераға
салынатын инвестициялар өте маңызды болып келеді. Бұндай инвестициялардың
32%-ға өсуі, Қазақстан тәжірибесі көрсететіндей, ЖІӨ - ң (жалпы ішкі
өнімнің) 10%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Инвестициялардың осы нысаны,
қоғамның және жеке тұлғаның мүдделеріне қызмет жасайтын, инновацияларды
материализациялауға мүмкіндік береді. Инновациялар, бір жағынан,
инвестициялардың сапасын қолдайды, ал басқа жағынан, инновациялардың жүзеге
асуы үшін инвестициялар міндетті түрде қажет етіледі. Демек,
инвестициялардың жоқтығы инновациялардың материализациясына үлкен әсер
тигізеді.
Инвестициялардың инновациялармен бірігуін синтез ретінде анықтауға
болады, оған негізгі де, пассивті де капитал қатысады. Инновациялар
инвестициялық объект атты тұтас жүйенің маңызды элементі болатын
технологиялық арақатынасты қалыптастырады. Олардың экономикалық маңыздылығы
жалпы объект үшін бәсекелестіктің жоғарғы дәрежелі мүмкіндігін қамтамасыз
етумен сипатталады. Алайда, инновациялардың өмір сүру циклі қысқа болады,
шамамен 5-7 жыл, ал инвестициялар негізінен ұзақ мерзімдерге салынады,
себебі объектілердің эксплуатациясы 20-50 жылға созылады. Демек,
динамикалық хаос заңы орын алатын болады.
Негізгі капиталдың инновациялық элементтері өте тез моралды ескереді,
өйткені әлемдегі ғылыми-техникалық прогресс үнемі дамып отырады. Кейбір
жағдайларда біздің нарыққа әлі енбеген объект әлем нарықтарында тіпті
бәсекеге де түсе алмайды. Бұндай объектілерді модернизацияға ұшырату қажет
болады. Сонда, бұл объектіге салынған инвестициялар мәнсіз қалады.
Әрине, жиірек негізгі капиталдың моралды тозғаны туралы белгілі
заңдылығына жазылу жүреді, ол әр түрлі бөліктердің өзгеше темппен тозуы
кезінде болады. Активті элементтер – 5-7 жылдай, пассивтілері – ұзағырақ
қызмет етеді. Сондықтан негізгі капиталдың жаңару темптері өндіріс
структурасы тарабынан әр түрлі болып, хаос негізін құрайды. Негізгі капитал
элементтерінің тәртібі бірінші рет инвестициялық проектте белгіленген,
инновацияны қоса, бұзыла бастап, бүкіл жүйедегі секірулерге әкеледі. Оны
тозған жабдықтарды ауыстырумен немесе модернизациямен қалпына келтіруге
болады. Жаңа синтез жаңа инвестицияларды қажет етеді, басқаша жүйеде тәртіп
мүмкін емес. Ескі жабдықты жаңаға ауыстыру (инновация) бірнеше рет
жүргізіледі, солай жүйе өзінің күрделі, сызықты емес тәртібін өзінің
бәсекелестілігін көрсетеді. Инновациялық бөліктің негізгі капиталдың басқа
бөліктермен (пассивті элементтер) көлемдік қатынасы динамикада фракталды
өлшемдермен дәлелденген. Олардың себебі негізгі қаржының амортизациясы
жылдармен өзгеретін жаңа негізгі қорларды енгізу. Олар солай параметрлердің
бірінші тағайындалған денгейден ауысуының фракталды үрдісін құрайды,
сондықтан инвестициялық жобаларды, объектілерді және олардың құрылымдық
синтезін сызықты емес жүйелер негізінде қарастыру қажет.
Әрбір инвестициялық жобаның параметрлері әр түрлі құрылады,
стандарттар болмайды. Сондықтан инвестициялық жобалар индивидуалды, нақты
және бірдей емес болып табылады. Типті жобалар объектілерге жалғанады.
Инвестиция және инновация синтезінің күрделілігі уақыт өлшемдерінде.
Сондықтан объектіңің бәсекелестік мүмкіндігі тұрақты болмай, уақыт өтісімен
төмендейді. Біріншіден тағайындалған инвестиция көлемі мен инновациялық
денгей арасындағы рационалды қатынас бұзылып, рационалдыдан алшақ жаңа
қатынастар құрылады. Инвестициялардың көлемдік параметрі негізгі екі
көрсеткіштен тұрады: көлем және инновациялық деңгей.
Ең тиімді инновациялар сызықты емес жүйенің ең жінішке жерінде
енгізілген. Кейде шағым жаңалықтар шағарылатын өнімнің өсу темпіне және
сапасына үлкен әсер етеді, ал жүйенің кең жерінде қолданған ірі
инновациялар өте тиімді болмайды. Сондықтан, инновация және инвестиция
тиімділігі тек қана жаңа шығарулар денгейіне ғана байланысты емес, оларды
қолданған ортаға да байланысты.
Инвестиция көлемі объектінің бағасы болып табылады, сондықтан оның
бәсекелестік мүмкіндігі бағалық факторға байланысты. Инвестициялардың
инновациялық деңгейі объектінің сапалық факторының бәсекелестік
мүмкіндігіне сәйкес. Инвестиция көлемі мен инновациялық денгейдің
рационалды бірлесуі инвестициялық объектінің бәсекелестік мүмкінділіктің
жалпы көрсеткішін сипаттайды.
Енгізулердің еркешелігі олардың өңдірістер, кластерлер, тұтас халық
шаруашылығының экономикасына ұзақ және терең әсері. Инвестициялы шығымдар
әсерінен даму темпі мен пропорциясында, өңдірістің инновациялық деңгейінде?
Территориялық құрылымда, жаңа өндіріс орналасуында, жаңа кадрлар құруда,
инфраструктурада өзгерістерге әкеледі. Сонымен бірге бұл күнделікті
айналымнан үлкен көлемде материалды, қаржыларды жөне адам ресурстарын
шақырады, ұлттық немесе шетелдік мемлекеттік немесе меншік капитал
иелерінің несиелік қаржыландыруға бағыттайды. Бірақ толық экономикалық
қайта беріс бірнеше жыл кажет етеді. Сондықтан эффекті тек соңғы нэтижие
бойынша ғана бағаламай оны енгізу барысында дамудың белгілі деңгейлерінде
бағалау қажет. Инвестициялық үрдіс эффектін аңықтайтын шамалар үздіктен
алшақ. Олар әр уақытта және толық көлемде қолданыла алмайды.Бір жағынан
олар қатан экономикалық шамаларға арналса, екінші жақтан экономика типіне
сәйкес болуы қажет. Бұл жиі есепке алынбайды.
Эконометриялық тәсілдер мен модельдерге статистикалық операциялар
жүргізіле алатын, негізгімен салыстырғанда басқарушы механизмінің бір
бөлігін өлшей алатын белгілі индикаторды жатқыза аламыз. Бірақ, әртүрлі
мемлекттерде қолданылатын әртүрлі экономикалық құрылымдар әртүрлі
мақсаттарды көздейді. Солай экономикада жеке өндірушілерде және сатып
алушыларда бағаға әсер ету мүмкіндігі болады; дефициттіде – жоғары
сұранысқа негізделіп, бағаларды өңдіруші айтады; латенттіде – криминогенді
сипат болады; жоспарлы – орталықтандырылған жоспарлау экономикасы болып
табылады; жабық – тауарларды, қызметтерді импортқа жібермейді.
Қазақстан дүниежүзілік қоғамымен нарықтық экономикасылық қатынастары
бар мемлекет болып есептеледі. Тәуелсіздіктің бірінші жылдары жоспарлы
кеңестік шаруашылық жүргізуден мемлекеттік реттеумен аралас либералды
формаға бағыт алды. Жеке меңшік өңдірістер пайда болды, шағын және орта
бизнес дами бастады. Мұнын бәрі ұлттық буржуа классының пайда болуына
әкелді. Экономикалық өсу көрсеткіштері таңғаландырады: он жыл бұрын ішкі
жалпы өнім (ВВП) бір адамға 700$ болса, 2004 жылдың соңында - 2700$ ал
2005 жылы 3000$ жетсе, 2006 жылы 5800$ (Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия
сияқты), 2015 жылы Қазақстандағы бір адамға шаққанда ішкі жалпы өнім 9000$
жетпек, сатып алушылық қабілеті бойынша мемлекет орташа дамыған мемлекет
деңгейіне жетті.
Он жыл бұрын Қазақстан қазынасы бос еді, бүгін оның резерві 14 млрд.
АҚШ долларынан артық; қазақстандықтардың қаржылық табысы 5 есе өсті, орташа
жалақы 6 есе үлкейді, минималды жалақы 25 есе өсті.
Бірнеше ғасыр тарихында Еуразия материгінде ежелгі жерде тәуелсіз
Қазақстан мемлекеті құрылды. Бірінші рет батыс демократия қағидаларымен,
дүниежүзінің алдынғы қатарлы экономикаларының тәжирбиесін, азиялық
көршілерді, республиканың полиэтникалық, көпконфессиялық ерекшеліктерін
ескере құрылды. Батыс мемлекеттердің ұзақ нарықтық жағдайда әрекеттерінің
жүйелі анализі жай ғана экономикалық емес, сызықтық емес қоғамдық
қиыншылықтардың пайда болуын көрсетті. Мысалға, АҚШ обскурация фазасына,
өмір үрдістерінің өшуіне, “бэйби бумерлердің” 60% зейнетке шыққанда орта
және жоғарғы денгей басшыларының профессионалды даярлық деңгейі 58%
төмендеді, біліктілік деңгейі 70%, денсаулық денгейі екі есе төмендеді, жас
өспірімдер агрессивтілігі өсті.
Осындай жағдайды болдырмау жолында Қазақстан нарықтық шаруашылық
принциптерін бұзбай социалды экономика моделіне бет бұрды, Жай әлеуметтік
бағытталғаннан маңыздырақ функциясы қоғамның, ұйымның, жанұяның, жеке
индивидтердің материялдық жан қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған,
Социалды-экономикалық негізі индикативті алаңда салынады, оның өзі
мақсаттар, қағидалар, басымдылықтар, пропорциялар, құрылымдар, қойылған
есептерге жету мерзімі және әдісі көрсетілген перспективалар жүйелі
өндірісі, ғылыми негізделуі болып табылады. Осындай жоспарлар
мобилизациялайтын жалпы ұлттық мүддеде социалды-эконмикалық концепция
орындалуда экономика бөліктерін бағыттайтын, реттейтін мемлекеттік
бағдарламалар болып табылады. Жоспардың схемасы:
- жалпы мемлекеттік мақсаттар мен социалды-экономикалық
приоритеттерді анықтау
- құрылу мақсаттарын және аймақ, бөлік, кластер, бизнес басқа
секторларында мүдделерді анықтау
- даму сценарлиерін құру (финансты бағдарлау, эконометриялық
модельдеужәне сызықтық емес әдістер негізінде)
- интеграциялық болжамдарды экономикалық есептермен келістіру
- жалпы және мақсатты бағдарлама іске асыру шарттарын құру
- мониторинг процессі кезінде бағалау индикаторларын анықтау
(құрылымнан ауытқұ себептерін социалдық анализі, индикативті
жоспарлар іске асыру механизмдерін жүйелі стимулдарын осы негізде
құру).
Қазақстанның кезекті даму этапы бос экономикаға және бос ұлтқа қарай
ілгері бағытталған. Проектілерге салынған капиталдардын реалды қайту
эффекті инвестициялық үрдіс ағымы бағалана алады. Ұлттық және шетелдік
сонымен бірге бюджеттік капиталды қолдану, проектілеу, бағдарлауды
жетілдіру туралы нұсқалар комплексін құрып, нақты салулар эффективтілігін
анықтайды, темптерін реттейдіинвестициялық дамудың негізгі параметрлерін
бағалап анализдейтін теоретикалық жөне методологиялық концепциялар жүйесі
бар зерттеулер актуалды болды.
Біріншіден – нағыз эффективтілік туралы. Оны анықтау үшін негізі
ұлттық табыс немесе экономикалық эффекттін кез келген басқа түрінің өсуі
бағаланатын капитал салынулармен ғана байланысты емес, инвестициялық
жағдайға қатыспайтын факторлармен де байланысты экономико- математикалық
модель ұсынылады.
Негізгі қорлар толық сипаты үшін капитал салынулар мөлшерімен басқа
көрсеткіштермен қатар, осы жағдайда капиталдық салынулар техникалық негізгі
категориясы кіреді, инвестициялық үрдісті тұжырымдайтын негізгі анықтамалар
жүйесінде оның орны анықталып, капитал салынулар, өндіріс инновациялық
деңгейі, инновациялық прогресс темпінің техникалық негізін бағалау және
өлшеу әдістері ұсынылады.
Инвестициялық үрдіспен осы кезде болатын инновациялық прогрессті
органикалық бірлікте қарастыру өндіріс капитал салунылардың жалпы
қосындысын экстенсивті және интесивті бөліктерге бөлу негіз болып табылады.
Капитал салынулар құрамы әдетте әр түрлі болады, ол құрылыс,
бұрғылау, проект-ізденіс жұмыс шығыыдарынан, құрал-жабдық алу және оның
монтажы, өндіріс инвентарын сатып алудан құралады. Құрылатын объектілердің
сапалық ерекшеліктеріне қарамастан, капитал салынулар ортақ белгілері бар
негізінен экономикалық біркелкі категория болып табылады, олар өндірістің
негізгі қорын құрып, шаруашылық дамудың темпі мен тиімділігіне ғана емес,
өндірістің техникалық денгейіне де әсер етеді. Салынулардың соңғы сипаты
еңбек процестерінің жетілдіру үрдісін сипаттайды. “Капиталдың салынуы”
түсінігінің сапалық және мөлшерлік жақтары бар. Олардың мөлшерінің өлшемі
ретінде бағалық сипатта капитал салынулар көлемі белгіленген. Осы көрсеткіш
кеңінен статистикада, жоспарлауда, капиталды құрылыс жобаларында, капитал
салынулар тиімділік теориясында қолданылады. Ол әр түрлі құрылыс монтажды
жұмыстарды әр түрлі сапалы құрал-жабдықтармен қосуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге құрылыс-монтаж жұмыстар көлемін өлшеуде натуралды өлшемдер
қолданылады, мысалы алынған топырақ куб метрде, салыну алаңы квадрат метрде
шартты үйлер бірлігі. Капитал салынулар сапалы параметрлерін бағалау әлі
толығымен зерттелмеген. Капитал салынулар көлемі және олардың структурасы
ғана ерекше болады. Солай, тек капитал салынулардың жалпы және оның
бөліктерінің көлемі ғана есептеледі. Капиталсалынулардың техникалық негізін
сипаттайтын және инвестициялық процесстің ұлттық экономикада техникалық
прогресс темптеріне әсерін сипаттайтын сапалық көрсеткіштер,
орталықтандырылған жүйелі есептеуден тыс қалады. Статистика жаңадан
енгізілген капиталды құрылыс объектілері туралы уздікті мәлемет береді,
салынулардың техникалық негізі туралы жалпы мәліметтер жоқ, ал бұл еңбек
құралдарының жетілдірудің маңызды көрсеткіші.
Капиталсалынулар техникалық негізі ретінде әрекетке еңетін еңбек
құралдарының жиынтығы алынады, өндіріс-техникалық бірлікте алынған,
технологиялық жүйеде. Мұнда техниканың, автономды машиналар мен
механизмдердің сапалық көрсеткіштері қарастырылмайды, бұл жағдайда олл
еңбек құралдарын бағалау ғана болушы еді. Капитал салынулар техникалық
деңгейі, өндіріс техникалық деңгейі сияқты, өнім сапсына қарағанда кеңдеу,
жалпылау ұғым. Қарастырылатын категория экономикалық зерттеуге салынбайды,
инженерлі саламен зерттелу қажет деп ұйғаруға да болады. Бірақ ондай ой
техниканың экономикадан алшақтғаның көрсетуші еді, өндірістің сыбайлас
мәселелерін комплексті шешу қажеттілігін жоқтауға әкелуші еді.
Капиталды салынулар техникалық негізі деген категорияның экономикалық
аспекті оның прогрессивтілігін бағалауға, техниканы еңбек өнімділігін
жоғарлататын фактор ретінде қарастыруға бағытталған. Экономисті жеке
техникалық параметрлер, техникалық заңдылықтар емес, еңбек құралдарының
бірлік инноационды жүйесі ретінді алынған бүкіл инновациялық негіз
қызықтырады. Капиталсалынудың техникалық негізінің экономикалық
зерттеуінінің ерекшелігі - әрқилы бағалаудың синтезіннің жалпылама
сипаттамасын алу.
Капитал салыну көлемімен еңбек құралдарын жетілдіру өзара тығыз
байланысты және тәуелді. Ол екеуі бір-бірін толықтыра отырып, инвестициялық
процестің екі жағы болып табылады. Осы екі ұғымды біртұтас қарастыру
негізгі фондтардың ұлғайған өңдірісте сандық және сапалық өзгерістерін
қатар бағалауға мүмкіндік береді. Ал осы екі ұғымды жеке қарастырудың
мүмкіндіктері шектеулі. Себебі капитал салыну көлемінің көрсеткішінде еңбек
құралдарында көрсетілген техникалық прогресс, тек жанама ғана көрініс
береді.
Жоғарғы техникалық негізде орындалатын кеш капитал салынуы сол
көлемдегі ерте капитал салынумен тенбе – тен емес: ол екеуінің
технологиялық құрылысы мен прогрессивті еңбек құралдарындағы бөліктері
негізгі фондтар көлемінде әр түрлі.
Капитал салыну көлемдерінде баға мен есептегенде техникалық жетілдіру
факторлары көрініс табатын сияқты, ал бұл зерттеушіні еңбек құралдарының
сапалық құрамын қосымша ескеру қажеттілігінен арылтады. Бұл мәселе егер
құралө жабдықтар мен машиналардың бағалық деңгейі олармен сәйкес болған
жағдайда ғана. Бірақ іс жүзінде олай емес. Техника сапасы мен оның
бағасының өзгергенінде де ол екеуінің арасында тура пропорционалды байланыс
тумайды: не еңбек құралдарының жетілдіру дәрежесі озады, немесе бағасы
өседі. Демек, қарастырылған көрсеткіштер жекеше алғанда методологиялық
тұрғыдан бір бірін алмастыра алмайды, бір біріне сай емес және
инвестициялық процессті жан жақты бағалау үшін жеткіліксіз.
Капитал салу ұғымының екі жақты талдауының әсіресе маңыздылығы сонда,
егер еңбек құралдарының салмағы техникалық, сапалық өнеркәсіп деңгейінен
қалып отыруы байқалған жағдайда.
Осы жерде айта кететін жайт инвестициялық үрдісті бағалауда
капиталдың сандық және сапалық қатынасын бағалауда шетелдік әдибиетте басқа
көзқарас байқалады, оның мазмұны еңбек құралдарының техникалық жетілдіруіне
абсолюттік роль беріледі, ал капитал көлемін ескермейді. Техникалық
прогресстің оған жұмсалған капиталдан бөлек қарастырылуы идеясын
жақтаушының бірі Ж. Фурастия. Ол әдеттегідей өндірістің үш факторлы жүйесін
(табиғи ресурстар, капитал және еңбек) басқаша қарастыруды, яғни капиталды
техникалық прогресспен алмастыруды ұсынды. Бірақ капитал бағасы көптеген
факторлардың қызметі болып табылады, ол тек техникалық прогреске байланысты
ғана емес, демек капитал бағасы тек техникалық денгеймен ғана анықталмайды,
сонымен қатар капиталдың өсуі әр кезде техникалық прогресске жеткізбейді
(мысалы капитал көлемінің экстенсивті өсуі бұдан бұрын көрсеткеніміздей
өндірістін бұрын құрылған техникалық базасын өзгертпейді. Техникалық және
инновациялық прогрессті капитал салынуға тәуелсіз деп қарастыруға болмайды,
себебі кез келген зат бағасы ол заттың өзінсіз қарастырудың мәнісі жоқ.
Техникалық прогресстің оның иесті және материалдық-қаржылық факторы,
яғни капитал салынудан жеке қарастыру бізде де өкінішке орай кездеседі.
Жоспарлау және инвестициялық процеспен техникалық прогрессті есепке алу
бізде көбінесе жеке жүргізледі, ал олардың арасында қортындылай келгенде
сәйкестік туады. Себебі біздің оймызша инновациялық прогресстің синтездік
өлшемі бойынша ғылыми негізделген тәсіл жоқ. Жаңа енгізілген еңбек
құралдарын көлемі мен техникалық параметрлерін комплексті жоспарлау мүмкін
болды.
Статистикалық жауапта инвестиция және инновация процесстері бір
бірінен жасанды шекараланбай, ұйласып сабақтасу керек, өйткені реалды
жағдайда олар органикалық бірлікте болады. Мұнда екілік методологиялық
тәсіл болу мүмкін. Динамиканы бағалу кезінде негізгі фондтар І өндіруінің
комбинациялық индексін қолдануға болады, ол капиталсалынулар көлемінің
индексін немесе негізгі фодтарды I техникалық негіз жоғарылау индексіне
көбейткенге тең :
І = І * І
Комбинацияланған индекстің ерекшелігі ол капиталды құрылыста бір
уақытта мөлшерлі жяне сапалы өзгерістерді есептеп, өндіру процесінің
масштабын және инновациялық жетілгенің дәл анықтауға мүмкіндік береді. Ол
бойынша дәлірек еңбек құралдар массасының индексі немесе техникалық денгей
индексі бағалауға болады. Экономикалық потенциал еңбек өндірістік күшін
бағалауға болады.
Өндіріс процесінің мөлшерлік және сапалық ситездеу проблемасын
шешудің екінші тәсілі оны кеңістікте әр түрлі капитал салынуларды өз ара
салыстыру үшін қолдану мүмкіндігімен ерекшеленеді. Техниканың капитал
сиымдылығы капитал салыну көлемінің немесе негзгі фондтардың К техникалық
деңгейге сәйкес еңбек құралдарының Т қатынасына тен:
К= КТ
мұндағы К – техниканың капитал сыймдылығы, теңге. Техниканың
капитал көлемділігі көрсеткішінің экономикалық негізі формулада
көрсетілгендей, ол еңбек бір құралынының немесе құралдар жүйесінің
өндірудің жеке бағасын көрсетеді. Осы көрсеткіш тек капитал салынулардың
көлемін ғана ескермей, сонымен бірпе осы салынулар нәтижиесінде жасалған
техника үздіктілігін бағалайды. Солай еңбек құралдарының жай массасының
ұлғайғаны ғана анықталмай (капиталсалыну көлемі арқылы), олардың бағасының
өсуі техника жетістігінін бірлігіне сәйкес анықталады, Қолданылатын еңбек
құралдарының мөлшері көп немесе аз бола алады және олар төмен немесе жоғары
техникалық деңгейде бола алады. Техниканың капитал сыймдылық деңгейі масса
әрекеті нәтижиесі болғандықтан еңбек құралдарының бағасы және жетістігі
оның қозғалысы еңбек құралдарының өнімділік динамикасын анықтайды. Бағалық
мөлшер мен еңбек құралдары сапасының арасындағы қатынас оптималды болады,
осы кезде техника капитал көлемі экономикалық негізделген деңгейге дейін
түседі. Техникалық жетістік көрсеткішінің негізгі фондтар массасының
өсуімен салыстырғанда озып өсу рационалдылығы туралы айтамыз.
Техниканың капитал сиымдылығының өзгеруі техниканың өз
ерекшеліктерімен анықталады. Әртүрлі еңбек құралдарына әртүрлі капитал
сиымдылығы сәйкес келеді. Сонымен бірге бір техника түрі әртүрлі көлемде
капитал салуды жұмсай алады.
Экономикалық әдебиетте капитал сиымдылығы көрсеткішінің басқа
модификациясы жиі кездеседі, ол техника бағасының өңдірілетін өнім
мөлшеріне қатынасымен есептелінетін. Осы әдіс теориялық және практикалық
жағынан бағалы, бірақ оны абсолюттеу керек емес. Өнім шығаруды
жоғарлатпайтын, басқа экономикалық эффект алу көздейтін (өнім сапасын
жоғарлату, бағасын төмендету) техниканы бағалағанда капитал көлемі
көрсеткіші бойынша бағалау әдісі қолданыла алады. Керісінше жағдайда
техниканың прогрессі байқаусызда қалады.
Кез келген еңбек құралдары қандай да бір техникалық деңгейге сай ма
дегендей сұрақ туады. Еңбек құралдарына жататындары құрылыстар мен
құрылымдар. Олар пассивті бөлімге жатады. Жұмыс машиналары мен механизмдері
– аралық құрылымдар, олар негізгі қордың белсенді бөлігіне жатады. Еңбек
құралдарының әр түрі бір-біріне ұқсас емес, әсіресе өзінің қолданылу
қажеттілігі бойынша. Егер бірінші топ өндіріс үрдісінің жүруіне жағдай ғана
тудыратын болса, екінші топ еңбек құралдарын тікелей өзгертетін агенттер
болып саналады.
Өңдірістің техникалық деңгейін қамтамасыз ететін құрал – еңбек
құралдары, бұл жерде негізгі қордың тек белсенді бөлігі ғана техникалық
прогресстің материалды тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан техниканың
капитал сиымдылығын анықтағанда капитал сиымдылығының айырмасы болса,
бұндай жағдайда, құрылыстық салымы жағынан негізгі қордың пассивті бөлігін
шегеру қажет. Капитал сиымдылығының осындай тазартылған көрсеткіші
инновациялық прогресстің бағытын бағалау және қосымша өңдіру үрдісін талдау
үшін жалпы капитал сиымдылығына қарағанда қажеттірек. Капитал салымдары
өңдірістің техникалық деңгейін көтерудегі заттық және қаржылық фактор болып
есептеледі.
Өңдірістің техникалық деңгейі сол өндірістегі қолданылатын еңбек
құралдарының деңгейіне сәйкес. Капитал салымының өндірістік-техникалық
деңгейіне тигізетін сандық ықпалын қалай анықтауға болады? Оған жауапты
өңдірістің техникалық денгейі мен капитал салымының жетілу сатысы
арасындағы байланысты талдау арқылы табуға болады. Бұл тұрғыда екі мүмкін
болатын көріністі ажырата білу керек: әлде ол жаңа салынып жатқан өнеркәсіп
орны немесе ескі өнеркәсіп орнының қайта құрылуы. Бірінші көріністе
өндірістің техникалық деңгейі деген ұғым капитал салымынын техникалық
негізі деген ұғыммен тепе-тең келеді. Сондықтан қандай категорияны қолданса
да бәрі бір.
Ал екінші көріністе олар бір-біріне сәйкес емес, бұл жағдайда
өңдірістің техникалық деңгейі капитал салымының техникалық деңгейіне өз
әсерін тигізеді (өндірісті кеңейту мен реконструкция жасаудағы капитал
салымын жоспарлау осы ескі өңдірістің техникалық және технологиялық
жағдайына негізделеді), осыдан соң кері әсер байқалады: жаңа капитал
салынымдары өңдіріс деңгейінің жаңа инновациялақ өсуіне әкеледі.
Тарау бойынша қысқаша қорытындылар
• Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту өте өзекті
мәселе. Оны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының жалпы және
ағымдағы даму стратегияларының маңызды басымдығы болып
табылады. Сондықтан бұл бағытта жасалынатын жұмыс қажетті және
актуалды.
• Инвестициялар – экономикалық дамуды қамтамасыз ететін және
болашаққа бағытталып белгілі бір өндіріске немесе құрылысқа
салынатын құралдар.
• Инновация – түрлі нысандағы және түрлі саладағы жаңалық: жаңа
технология, жаңа модель, жаңа типті құрылыс, жаңа шешім, т.с.с
• Инновациялар, бір жағынан, инвестицияларды қажет етеді, ал,
басқа жағынан, инвестициялардың сапасын және тиімділігін
қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда инновациялы инвестициялар
қарапайым инвестицияларға қарағанда саланың дамуы үшін де,
жалпы экономиканың дамуы үшін де басымды ықпал етеді.
• Құрылыс – Қазақстан экономикасының маңызды саласы. Әсіресе
қалыптасқан жағдайларда, жаңа құрылыстарды, ғимараттарды,
үйлерді салудың қажеттілігі күннен күнге өсуде.
• Кез келген экономикалық сала, соның ішінде құрылыс саласы,
терең әрі сапалы талдауды қажет етеді. Негізінен бизнес-талдау
жаңа жобаларды жүзеге асыруды сенімділікпен қамтамасыз ету үшін
талап етіледі.
• Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін
талдау бірнеше бөлімнен тұрады. Олардың ең маңыздылары: алдын-
ала талдау, экономикалық және қаржылық талдау, техникалық және
технологиялық талдау, тәуекелді талдау.
• Экономикадағы жалпы талдау мүмкіндіктерді анықтап отыруға және
болжауды құрастыруға көмектеседі.
• Инновация, инвестиция, бизнес-талдау және болжау – осының
барлығы даму механизмінің актуалды категориялары.
2. ИННОВАЦИЯЛЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН
ПРОГРАММАЛЫҚ ПАКЕТТЕР
2.1. Инновациялы инвестициялық жобаларды талдау
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар
ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының
құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен
байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба деп аталады. Ал егер
инновацияны енгізумен байланысты болса, онда сәйкесінше инновациялы жоба
деген атауға ие болады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса
да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба
– бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы
арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.
Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды,
акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с.
құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық
автоматтандырылған өндіріске көшу, т.с.с.) өзгерісін қарастыратын жобаларды
жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің
өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен,
құрылыстың жаңа сипатта салынуымен байланысты болады.
Жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын-ала кезеңі
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін,
кәсіпорын сол бизнес-идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл
сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы
мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдын ала
кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте
төмендегі критерийлерді қолданады:
• саланың пісіп-жетілуі;
• кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы (оның нарықтағы жағдайы).
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне
жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп-жетілген
немесе ескірген.
Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның
бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет
көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен
салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын
қолданады: басым, мықты, жағымды, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру
арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклінің матрицасын құруға болады және ол
матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын
қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер
береді.
Жобаны талдаудың алдын ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген
критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып
табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы қандай нақты торға
жататындығын білдіреді. Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ
болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық
бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке
байланысты қажет:
• стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау баырсында саланың
пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер
міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу қажет етіледі;
• егер кәсіпорынның басқарушылары (менеджерлері) талдауға назар
аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң
нәтижелерге келмеуі мүмкін.
Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы
сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық,
экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы
бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс
жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын жоба
қабылданбайды резолюциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн.
Техникалық талдау
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
• жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәкес келетін
технологияларды анықтау;
• жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде жерге, шикізатқа,
энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
• жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін
тексеру.
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы
мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты
процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен
қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобалар
Инвестициялық жобалар туралы
Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар
Математикалық есептеулерге арналған программалық жүйелер
Инвестициялық жобалар, шешім қабылдау және оны жүзеге асыру құрылымы
Инвестициялық жобаның техникалық негізделгендігін және сатып алынуын бағалауға қойылатын талаптар
Микроконтроллер құрылғысына арналған программалық қамтамасыз етуді әзірлеу
Венчурлық жобалар
Программалық жабдықталу
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь