Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы мәлімет


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемілекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері.

Тобы:АГ-413

Орындаған:Болат Таңат

Тексерген: Мухаметжанова О. Т.

Семей 2015ж

Жоспары:

1. Ауыл щаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі зиянкестер. 2. Олармен күресу шаралары.

3. Астық дақылдарының кеміргіш зиянды жәндіктері және олармен күресу шаралары.

4. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Ауыл щаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі зиянкестердің түрлері Brachiera- қысқа мұрттылар отряд тармағына, Acrididae- нағыз шегірткелер тұқымдасына, Dolichocera -ұзын мұртылар отряд тармағына, Gryllida-бұзаубас тұқымдасына, Tettigoniida-шешек тұқымдасына, Gryllidae -шілделік (қара шегіртке) тұқымдасына жатады.

Зиянды шегірткелер. Қазақстанның солтүстігінде таралғандары:итальяндық прус- Calliptamus italicus italicus L. ; кресті кішкене саяқ шегіртке Dociosturus drevicolis Ev. ; ақжолақты - Chortippus albomarginatus D. C. ; кресті- Pararcyptera F W .

Азиялық шегіртке Loocust amiqratoria miqratoria L . тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы қамыс пен құрғақ өсетін жерлер осы, стациялардан олар басқа алыс аймақтарға тарала алады.

Мароккалық шегіртке Dociostaurus maroccanus Thunb . Қазақстаның оңтүстіктігінде таралған (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл обылыстары) .

Азиялық, марокколық, итальяндық шегірткелер, ал анда санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсіл жиынтығы (кулиги), кейін олардан шегіртке табындары пайда болады. Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты жалпақ, желпуіш тәрізді артқы қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Ол ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде жұмыртқа күйінде қыстайды. Олар тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың әр шетінде және т. б. жерлерде орналасады. Дернәсілдер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас келеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді :дәнді және майлы дақылдарды, көкеністерді, жайылымдар мен шабындықтарды зақымдайды. Олар құрғашылық кезінде табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті болады. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық даму динамикасында жаппай көбеюлері мен депрессиялық фазалар кезектксіп отырады.

Бұзаубастар. Жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересектері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Өмір сүру циклі 1жылдан көп уақытқа созылады. Мамырдың аяғында маусым айында аналықтары 10-20см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300данадан жұмыртқасалады. Бұзаубастар алдыңғыаяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады, 50ден аса өсімдіктің тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкеніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің, көкеністердің және т. б. мәдени өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері:кәдімгі және біртікенекті бұзаубастар.

Шешектер. Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге, көкеніс дақылдарына, майлы дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді. Антенналары денесінен ұзын, үлкен зиянкестер. Жылына бір рет ұрпақ береді. Жұмыртқалары топырақта, өсімдіктерде және олардың ұлпаларында қыстайды. Аса зияндылары -жасыл және сұр шешекткр.

Шілделіктер. Орташа және үлкен, жалпақ денелі зиянкестер. Түнде тіршілік етеді. Топырақ түйірлерінің астында, жапырақтарда нимфалар (ақырғы жастағы дернәсілдер) қыстайды. Ылғалды, суармалы жерлерде көкеністердің майлы және дәнді дақылдардың бүлдіргеннің жапырақтары мен сабақтарының төменгі бөліктерін жейді. Өсімдіктерге зиян келтіретіндері-далалық және бордо шілделіктері.

Күресу шаралары :Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу арқылы бұзаубастардың, шекшектердің және шілделіктердің көбеюіне жол бермеуге болады. Көкеніс өсірушілер бұзаубастар маен күресу үшін арнаулы жырашықтарды пайдаланады.

Күресу шаралары :Зиянды шегірткелердің дернәсілдеріне қарсы күресу шаралары олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап жүргізіледі. Алдың алу шаралары маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты, немесе дискілі тырмалармен өндеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптарында жою шаралары инсектициттермен «Тізім» бойынша саяқ шегірткелердің дернәсілдер саны 8-10дана/м 2 ал үйірлі шегірткелердің дернәсілдер саны 5және одан да көп дана/м 2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100м сайын әрқайсысы 1 м 2 алаңқайда көзбен шолып жүргізіледі немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1 м 2 қаншаболатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияда мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін интектициттерді пайдаланған дұрыс.

Итальяндық прус. Біздің ауданда, әсіресе, құм өңірінде - итальяндық прус шегірткесі кең таралған. Олардың дәнді- дақылдарды, көкөністер мен бау- бақшаларды, жайылымдар мен шабындықтарды отайтыны баршаға белгілі. Шегіртке зиянкестері күн ысыған сайын өсімдіктерден мол ылғал алу үшін онымен көп қоректенеді. Шегіртке дернәсілдері топырақтын беткі қабаты қызғанда ғана жер бетіне шығады. Жанданғанда ересек шегірткеге ұқсас келеді, тек қанаты болмайды. Дернәсілдердің даму сатысы 30-40 күнге созылып ересек қанаты шегірткеге айналады. Даму кезінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өседі. Жандануы кезінде олар үйірленіп, олардың саны бір шаршы метрде жүз және одан да көп болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы, кейін олардан шегіртке үйірлері пайда болады. Жылына бір рет ұрпақ береді.

Шегіртке көбіне адам баласы мекендейтін, техника бара алмайтын, мал көп жайылмайтын тың жерлерге, жайылымдарға, құмдардың биіктеу жерлерге, өсімдік тамырларының арасына өздерінен бөлініп шығатын сұйық затпен топырақты қатайтып, күбірше жасап, оған жұмыртқа салады. Ол күбірше шегіртке тұқымының қыстап, көктем шығуына қолайлы. Қатты ыстықты және құрғақшылық жылдары шегірткенің топырақ бетіне салған жұмыртқалары кеуіп қалса, салқында және ылғал қоры мол болғанда жұмыртқалар көгеріп, саңырауқұлақ қоздыратын инфекциялардан өледі. Шегіртке дернәсілдеріне уақытылы өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, алдағы жылдарда мыңдаған гектер жерге тұқымын жайып жіберуі мүмкін. Саны көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға, жер бетіндегі биомасса бөліктеріне қатты зиян келтіреді. Күніне ондаған шақырымға дейін ұшып өсімдіктерді отайды. Шегіртке- жарық сүйгіш зиянкес болғандықтан, түнгі мезгілде елді- мекендердегі, көшедегі жарықтарға ұшып келеді.

Саяқ шегіртке (Acrididae) - жәндіктер класының тікқанаттығылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасының өкілі. Шалғындар мен далаларды мекендейді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері. Шала түрленіп дамиды. Дернәсерсілдері қанатсыз.

Азия ұшпа шегірткесі (locusta mіgratorіa) - турақанаттылар отрядының нағыз шегірткелер тұқымдасына жататын жәндіктер. Олардың мұртшалары қысқа, есту мүшесі құрсақ бөлімінің бірінші сегментінде орналасқан. Үстіңгі қанаттары қатқылдау және олар денесіне жанаса орналасады. Ал астыңғы қанаттары жарғақты әрі жалпақтау болып келеді. Аталықтарының дене тұрқының ұзындығы 35 - 50 мм, аналықтары 45 - 55 мм. Аталықтары артқы санын үстіңгі қанаттарына үйкелеп дыбыс шығарады. А. ұ. ш. Солт. Африка мен Еуразияның құрғақ далалы аймақтарындағы өзен, көл жағалауларындағы ылғалды жерлерге жұмыртқа салады. Көктемде одан шала түрленіп дамитын қанатсыз, дене мөлшері кіші дернәсілдер тобы шығады. Олар «жаушоғыл» (кулига) деп аталады, 4 - 5 рет түлеген соң ересек шегірткеге (имагоға) айналады. Жаушоғыл шегірткелер жолындағы жасыл өсімдіктерді тып-типыл етіп жайпап, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Топ құрамындағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе артық қоректі пайдаланады. А. ұ. ш-нің ұшатын тобы «ұшпашегірткелер» деп аталады. Шегірткелердің бұл тобы да өте қауіпті. А. ұ. ш-нің Қазақстанда көбірек жұмыртқа салатын аймағына Сырдария өңірі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының қамысты алқабы, Балқаш - Алакөл, Ертіс, Зайсан аумақтары жатады. А. ұ. ш-нің көптеп көбею жағдайы әрбір 7 - 10 жылда байқалып тұрады. Соңғы 100 жыл ішінде мұндай жағдай Қазақстанда 9 рет қайталанған. 1995 - 2001 жыл аралығында көбеюі ерекше байқалды. Бұл кезде 10 млн. га алқап зиянкестерден орасан зор зардап шекті. Бұларға қарсы мех., агротех., хим. және биол. күрес әдістерімен қатар адонис, димилин, номолт, матч, римон препараттары қолданылады.

Көкқасқа шегіртке ( Locusta migratoria ) - бұл бірқатар тікқанаттылардың жинақтаушы атауы. Көкқасқалардың ескі түрлері түрлі жағдайлар салдары кезінде тез өсіп-өнуге, үйір болып топтасып, алыс сапарларға ұшуға өте қабілетті. Олар ауылшаруашылықтың қауіпті жауы болып табылады, сондықтан көкқасқа шегірткелер туралы бағзыдан жеткен естеліктер апат пен обырлықтың бейнесі ретінде сипаттайды. Ескі түрлеріне, мәселен, азиялық көкқасқалар және шөл көкқасқалары жатады. Көкқасқалар үйіріне тән ең маңызды ерекшелік-оның ірі шоғыр құрай алатыны. Бұл кезде жәндіктердің сыртқы келбеті өзгеріске ұшырайды. Мәселен, азиялық көкқасқалардың аз мөлшері жасыл немесе сары түске боялады және құныс кейіпте көрінеді. Қанатты көкқасқалармен күресу мүмкін емес. Бірақ оның көбеюінің алдын алуға болады, ол үшін жұмыртқа салған жерді назарда ұстап, инсектицидтер көмегімен дернәсілдерді құрту қажет. Бірақ ірі шоғыр құрайтын көкқасқалардың денесінде ашық қара және жирен дақтар пайда болады, бүкір арқалары жазылады. Саптық сымбатына қарай жәндіктердің мінез-құлқы да өзгереді. Дернәсілдер қалай болса солай жайылып кетпей, орын-орнына тығыз қатар(кулига) болып тұра қалады. Әр жәндік көршісіне қарап бет түзейді. Зияны:Тіпті осы үйірдің өзімен шегіртке жолында кезіккен егістікті және жайылымды жайпайтыны сонша, дернәсілдердің өзі ашқарақ қалыпқа түседі. Алайда ең қорқынышты оқиға кезекті түлеуден кейін дернәсілдің қанатты ересек көкқасқаға айалуынан басталады. Ол жолай желмен қосыла ұшып, жүздеген шақырымдарды басып өтеді. Шегіртке келтіретін шығын айтарлықтай бір тәулікте олардың аса үлкен емес үйірі 1 мың тонна балаусаны жапырып кетеді

Дәннің сұр көбелегі -Apamea anceps Schift(Noctuidae-түн көбелектер тұқымдасы, Lepidoptera-қабыршақ қанаттылар отряды) . Көбелектерінің алғы қанаттарының түсі қоңыр реңді аралас сұр не болмаса күңгірт сұр, ал артқы қанаттары сұр немесе ақшыл сұр болады. Жоғары жастагы жұлдызқұрттар күңгірт сұр, арқа жағынан бойлай жолақтар орналасады. Дене ұзындығы-25-35мм. Жұлдызқұрттар топырақта қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады. Жазда маусым айының ортасына қарай көбелекке айналады және олардың ұшуы байқалады. Жұмыртқаларын масақшыларындағы гүлді қабыршақтарының астына салады. Дәннің сұр көбелектің өсімталдығы өте жоғары, қолайлы жағдайлар болғанда 2000-3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жылына 1 ұрпақ дамиды. Жұлдызқұрттар бидайды, қарабидайды, кей-кейде арпаны зақымдайды. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар дәннің ішінде қоректеніп, қабығын ғана қалдырады. Төрт жастан бастап олар ашық қоректенеді. Ашық қоректену барысында дәндерді сыртынан кеміріп тастайды. Өнім жинағаннан кейін топыраққа түскен дәндермен қоректенеді. Бидайды қайталама себужәне ұсынылған оңтайлы мерзімінен ерте себу, жылы қыс және тіршілік кезеңінде ылғалды ауа райы дәннің сұр көбелегінің көбеюіне қолайлы жағдай туғызады.

Күресу шаралары . Күзгі және көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады. Жұлдызқұрттардың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда әр үлгі 0, 25м топырақ тереңдігі 15см дейін қазып, тығыздығын анықтайды. Тексеруде тіршілік қабілетін сақтаған 2-3 жұлдызқұрттар/м табылса, топырақты өңдну қажет. Кулътиватор не болмаса тегершік құралдармен 6-8см тереңдікке өңдейді.

Жаздық бйдайды оңтайлы-кеш уақытта сепсе, өсімдіктердің масақтануына көбелектердің жаппай ұшуының ілесетіндігін синхрондығын бұзады. Жұлдызқұрттардың 1-2 жас кезеңінде егістіктің 10 жерінен 20-25 масақтан алып барлығы 200-250 масақ, қапшыққа салады. Қапшықты буып, оны 1-2 тәулік кептіреді. Инсектицидтердің дән ішінде қалдық есебінде болмауын қамтамасыз ету үшін бүрку жұмыстарының санитарлық уақытын бұлжытпай сақтау керек.

Астық қоңыздары. Кресті -Anisoplif aqricola Poda., кузъка A. austriaca Hbst, . красун- A. seqetum Zoubkoui Kryn. Scarfbaeidea-тақтамұрттылар тұқымдасы, Coleprera-қоңыздар отряды.

Кузька қоңызының қанаттары қызыл күңгірт, кеудеге қарай төрт бұрышты дақ болады. Дене ұзындығы-12-15мм. Кресті қоңызда ашық сары, жирен крест немесе әкір тәріздес суреттері бар. Дене ұзындығы -11-13мм. Красун қоңыздың үстінгі қанаттары қоңыр сары түсті, бұйір жақтарында қылшықтар орналасады. Дене ұзындығы-11-13мм. Барлық қоңыздардың балан құрттары С тәрізді, қалың етті, үш жұп аяқтары бар, үзындығы-35мм.

Кузька мен кресті қоңыздар 2 жылда 1 ұрпақ беріп дамиды . Баланқұрттардың даму ұзақтығы 22 ай. Красун құрттарының баланқұрттары 10 айда дамиды.

Қоңыздар алғашқы уақытта күздік бидайды, кейін жаздық астықтарды, жатаған бидайықты зақымдайды. Олар бидайдың, арпаның, қарабидайдың жұмсақ, өнбеген дәндерімен қоректенеді. Масаққа көтерілгенде қоңыздар артқы аяқтары мен қатты дәнді ұшырып түсіреді.

Күресу шаралары. Астық дақылдарды қайта-қайта өндіруден олардың саны көбейеді. Бидайдан кейін отамалы дақылдарды орналастыру керек. Отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу, тыңайтқыш енгізу, үстемелеп қоректендіру баланқұрттардың санын азайтады. Ерте сыдыра жырту, кеш сыдыра жыртуға қарағанда тиімдірек, себебі баланқұрттар топырақтың төменгі қабатына көшіп үлгермейді. Тексеру нәтижесінде гүлдену-дән қалыптасу кезеңінің басында 1 шаршы метрге қоңыздар саны3 данадан астам болса, егістіктерді инсектицидпен өңдеу керек(« Тізім бойынша») .

Астықтың жолақ бүргесі -Phyllotreta uittula Redt. (Coleptera-қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы ) .

Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы-2мм -дей, қара түсті, үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтары бар, артқы аяғы секіргіш. Дернәсілдері ақшыл сүр, кеуде және анальдық қақпандары ақ, ұзындығы-4-5мм.

Ересек жәндіктер жердің үстінгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында, межелнрде, сайларда қыстайды. Топырақ жылысы мен кодрен жапырақтары, күздік дақылдар және жабай астық тұқымдастарымен қоректенеді. Жаздық бидайдың, арпаның, күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап, егістік жерлерге жаппай тарайды. Әсіресе мамыр айының 1-2 онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады.

Қоңыздар жапырақ паренхимасымен кеміріп қоректенеді, осының нәтижесінде ол жапырақ кеуіп қалады. Жапырақ беті 25-30 проценттен артық зақымданса, өнім шығыны елеулі болады.

Күресу шаралары. Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының 1-2 онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін) қоңыздар өте қауіпті. Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0, 25м) есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағыш пен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді. Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м асса немесе жапырақ зақымдануы 25процент көп болса, өскіндерге нақты айқын қауіп туады. Инсектицидтерді(« Тізім ») тәртібі бойынша қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы ақпарат
Зиянды жәндіктер (зиянкестер)
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы
Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы
Арамшөптермен күрес шаралары
Терең өзек ауданы жүгері дақылын зиянкестер мен арамшөптерінен қорғау шаралары
Қызыққа толы жәндіктер әлемі
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz