Мұхамеджан Сералиннің шығармашылығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Мұхамеджан Сералиннің шығармашылығы

ОРЫНДАҒАН :Меделбекқызы Қ.

ТЕКСЕРГЕН: Жүндібаева А. Қ.

СЕМЕЙ 2015

І Кіріспе

1. 1 М. Сералиннің шығармашылығы

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. М. Сералин - журналист

2. 2. М. Сералиннің поэмалары

2. 3. М. Сералиннің шығармашылығының зерттелуі

2. 4. М. Сералин шығармаларының жариялануы

ІІІ Қорытынды

Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.

Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді: 1-кезеңіне “Айқап” журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2-кезең 1918 - 1928жылдары аралығын қамтиды, бұл кезеңде “Ұшқын”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. Алғашқы “Топжарған” (1900) поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада 19 ғасырдың 30 - 40-жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. “Гүлқашима” (1909) поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Сералин өз шығармаларында Ы. Алтынсариннің ағартушылық-демократия идеяларын қолдады. Ол Фердоуси “Шаһнамасының” “Рүстем - Зораб” бөлімін В. А. Жуковский (1846 - 1847) нұсқасынан, сондай-ақ А. Сорокиннің “Жусан” повесін қазақ тіліне аударған (1915) .

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамдық ғылымдар маркстік-лениндік методология мен партиялық принциптердің үстемдігінен арылып, өркениеттілік ұстанымдарға негізделген методологияның арнасына түсті. Соған орай ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элита өкілдерінің өмір жолы мен қызметіне қатысты объективті пікірлер айтылып, тұжырымдар жасала бастады. М. Сералиннің мұрасы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты зерттеулер жүргізудің қарқыны арта түсті. Белгілі әдебиетші-ғалымдар Ү. Субханбердина мен С. Дәуітовтың құрастыруымен «Айқап» журналына еңген мақалалардың жинағы жарық көрді. Осы жинақта «Айқап» журналының редакторы М. Сералинге қатысты объективті пікірлер білдірілді. Заңгер-ғалым Қ. Ыдырысовта М. Сералиннің шығармалар жинағын құрастыру бағытында жұмыстар жүргізіп, 2002 жылы М. Сералиннің мақалалары мен публицистикалық шығармалары, поэмалары мен аудармалары енген кітапты жарыққа шығарды. Осы жинаққа «Ұлт тарихындағы ұмытылмас есім» деген тақырыпта алғы сөз жазған Қ. З. Ыдырысов мынадай орындағы пікір білдіреді: «Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын егемендікке жеткізу жолында құрбандыққа болса да, ар жолынан таймай беделін биік, абыройын жоғары ұстап, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсеткен әрбір Алаш азаматы өмірінің мемлекетіміз үшін қайталанбас құндылық болып табылатынын түсіну, М. Сералин шығармашылығын зерделеуге жете мән беруімізді талап етеді».

Белгілі әдебиетші-ғалым С. Ергөбек М. Сералиннің шығармашылығына байланысты «Қайраткер-қаламгер Мұхамеджан Сералин» атты еңбегін 2004 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбекте М. Сералиннің мұрасы үш топқа бөлініп қарастырылды. Бірінші бөлімде - қайраткердің әдеби мұрасы, екінші бөлімде - публицистикалық мұрасы, үшінші бөлімде - аудармалары. Автор М. Сералиннің шығармалары мен аудармаларын зерделеумен шектелгенімен зерттеулерге мынадай құнды ой-пікір білдіреді: «Жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін тұлғаның бірі - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, қоғам қайраткері - Мұхамеджан Сералин. Бұған дейінгі зерттеулерде М. Сералин коммунист ретінде мадақталып, кейбір түрікшілдік, исламшылдық пікірлері не бүркемеленді, не қателік ретінде саналды. М. Сералин қазақ мәселесінде ұлтшыл, тұтас түрік жұрты жөнінде түрікшіл, тіпті исі ислам бірлігін аңсаған азамат. М. Сералинді исламдық, түрікшілдік, ұлтшылдық көзқарасы үшін сынау қате. Бұл - М. Сералин дүниетанымынан туған көзқарасы, наным-сенімі, шығармаларында ту етіп ұстайтын темірқазық идеясы».

М. Сералиннің қаламгерлігі тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетшілеріне ғана емес, өзбек әдебиетшілерінің де назарына ілінді. Өзбек әдебиетші-ғалымы О. Шарафуддинов өзбек ақыны, әрі жазушысы Шолпанның шығармалар жинағына «Әдебиет жасаса - ұлт жасайды» деген тақырыпта алғы сөз жазып, онда М. Сералиннің шығармашылығына да назар аударады. Оның пікірінше, М. Сералиннің «Тіл мен әдебиет халықтың рухы» деген ұстанымы өзбек қаламгеріне, соның ішінде Шолпанға да елеулі ықпалын тигізген.

Қазақ тарихшыларының 1991 жылдан бергі еңбектерінде де М. Сералинге қатысты тың ой-пікірлер білдірілуде. Көрнекті тарихшылар К. Нұрпейісов пен М. Қойгелдиевтің алаш қозғалысына байланысты жазылған еңбектерінде М. Сералинге және оның жетекшілігімен шыққан «Айқап» журналына байланысты тың тұжырымдар бар. К. Нұрпейісов: «Қазақ зиялылары халықтың қалың бұқарасын туған өлкені қайта құрып, түрлендіру ісіне жұмылдыруда ұлттық газеттер мен журналдар, поэзиялық жинақтар мен көпшілікке арналған әр алуан тақырыптар бойынша жинақтар шығарудың маңызын жақсы түсінді. Қазақтың ұлттық баспасөзінің толыққанды алғашқы екі басылымы 1911 жылы дүниеге келді», - дей отырып, бұл істегі М. Сералиннің қайрат-жігеріне назар аударады.

Деректанушы-ғалым Қ. Атабаевтың еңбегінде М. Сералиннің қазақ баспасөзін шығару ісіндегі қызметіне назар аударылған. Автор М. Сералиннің 1906 жылдан бастап қазақ баспасөзін шығару жолында әрекеттенгенін, бірақ қайраткердің ондай әрекеттері сәтсіз аяқталып отырғанын негіздеумен қатар, қайраткердің «Айқап» журналын шығару жолында сіңірген еңбегін нақтылы деректермен дәйектейді. Сондай-ақ автор «Айқап» журналының ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде қарастырып, М. Сералиннің бұл басылымдағы мақалаларын деректанулық тұрғыда талдауға алады.

М. Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің кейбір қыры Башқортстан мен Қырғызстан ғалымдарының еңбектерінде де көрініс табуда. Башқортстандық ғалым Л. С. Тузбекованың еңбегінде М. Сералиннің Уфадағы «Ғалия» медресесінің ұстаздарымен және шәкірттерімен байланысы мәселесі қарастырылған. Автордың көрсетуінше М. Сералин «Ғалия» медресесінде оқыған шәкірттер арасына «Айқап» журналын насихаттап, шәкірттердің біразын осы журналға тілші ретінде тартқан. Л. С. Тузбекованың бұл мәліметін қырғыз ғалымдары Э. Манаев пен А. Османкулов та нақтылай түседі. Бұл авторлардың кітабында ХХ ғасыр басындағы қырғыз ағартушысы И. Арабаевтың М. Сералинмен тығыз байланыс орнатып, «Айқап» журналында қырғыздардың сол тұстағы өміріне, тыныс-тіршілігіне қатысты мақалалар жариялағаны айтылады.

Батыс зерттеушілері А. Беннингсен мен Ш. Ламарсье-Келькежейдің еңбегінде М. Сералиннің келбеті қазақтың көрнекті журналисі ретінде беріледі. Сондай-ақ М. Сералин «Айқап» журналы қазақтар арасындағы ұлттық қозғалысқа дем берді деп түсіндіріледі. Мұндай пікір С. Зенковскийдің еңбегінде де көрініс тапқан.

Мұхаметжанның әкесі Сералы, атасы Тұрсынбай. Сералы әке-шешесінен жастай жетім қалады. Кедейшілікпен күні өтеді. Пысық, шешен, өлең шығаратын жан болған.

Бір жылы қожа еліне атақты Орынбай ақын келеді. Сералы сонымен айтысады. Осыдан былай оның елге ақын атағы жайылады. Ол енді, кейде, ауыл қыдырып, серілік құрып, өлең айтып, түрлі ақындармен айтысып жүреді.

Сералының өлеңдері ауыздан-ауызға, елден-елге тарайды. Оның осындай ел аузында сақталған екі өлеңі 1915 жылы «Айқап» журналында жарияланды. Ол өлеңдерінде Сералы өзінің жастай жетім қалғанын, кедей болғанын, сауықтық өлең шығарғанын баяндайды:

Құдайым сәби кезден жетім қылдың,

Жетімдік, жарлықпенен қатты дертті.

Ата-анамды жақсы көрген арқасында

Көрген жан бармашы да құрмет етті.

Мен келдім сол құрметпен отыз жасқа,

«Әй кәпір» атанбадым қарындасқа.

Алдағы келетұғын өміріме

Әртүрлі істер түсті біздің басқа . . .

Сералиннің екі әйелі болған: үлкен әйелі қазақ, кіші әйелі татар екен. Қазақ әйелінен екі ұл, бір қыз сүйсе, татар әйелінен - Мұхаметжан, Фазылжан, Хәкімжан есімді үш ұл сүйіпті. Сералы қайтыс болғанда Мұхаметжан үш-төрт жаста екен.

Мұхаметжанның шешесі, күйеуі өлген соң, жас үш баласымен Тройцкі қаласына келеді. өзінің сол жақтағы туысқандарына барып тұрады. Бір байдың жүн жуатын кәсіпорнына барып жұмыс істейді.

Мұхаметжан 8 жасында медресеге оқуға түседі. Медреседе оқып жүріп, шыны сауыттарды жамап үйренеді. Сынған, жарылған кесе, табақ, шәйнек сияқты ыдыстарды жамап, ақша тауып күн көру жөнінде шешесіне көмкектеседі.

Мұхаметжан медреседе алты-жеті жыл оқиды. Мұсылманша орта дәрежелі білім алады. Сонан кейін 1887 жылы, 16 жасында Бестөбе болысындағы Арыстан деген бай жездесінің қолына барып тұрады. Ол үйде жазды күні Арыстанбайдың үй шаруашылығы жұмыстарын істейді; қысты күні соның балаларын басымшылық етіп бірге Қостанайға барып, орысша оқып үйренеді. Осылай ол 1891 жылы Қостанайдағы екі класты орыс-қазақ мектебін өте жақсы бітіріп шығады.

Сол 1891 жылы Арыстан өзінің бір баласы мен Мұхаметжанды Орынборға алып барады. Екеуін сондағы оқытушылар әзірлейтін училищеге түсірмек болады. Мұхаметжан емтиханды жақсы өткізіп, оқуға алынатын болады да, Арыстанның баласы емтихан өткізе алмайды, училищеге түсе алмайды. Баласы оқуға қабылданбаған соң Арыстан Мұхаметжанды оқуға қалдырмай, еліне алып қайтады.

1891-1900 жылдар арлығында Мұхаметжан біраз уақыт ауылда жүреді. ; біраз уақыт ауылнайдың хатшысы болып істейді; біраз уақыт Арал теңізі жағына барып мұғалім болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Сералиннің шығармашылығы
М. Сералин шығармашылығы туралы ақпарат
Сералин Мұхамеджан шығармашылығы
М.Сералин шығармашылығы туралы
Сералин Мұхамеджан
«М.Сералин шығармашылығы»
Мұхамеджан сералиннің өмірбаяны, бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі
ХХ ғасыр басындағы газет-журналдарды шығарушылар мен автор-тілшілер
Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық - саяси қызметі
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz