Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы жайлы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы

Тексерген: Садуақасов М. С

Орындаған: Қилашев Е. Ж.

Тобы: ВМ-305.

Семей 2015

Жоспар:

1. Құстарының гигенасы

2. Қораның микроклиматы

3. Пайдаланған әдебиет

Құстарды күтіп-бағу ерекшеліктеріне қарай, құс фабрикаларында озат технологиялық құрал-жабдықтар орнатылған типтік құсханалармен қатар, әлі де болса экологиялық, ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін ескі ғимараттар және құрал жабдықтар пайдаланылып келеді. Мұндай жағдайда құс басын жедел арттырып, сапалы өнім өндіру қиындай түсетіні белгілі. Осыларға байланысты біздің ғылыми жұмысымыз сыртқы орта экологиялық факторлардың жұмыртқалағыш тауық организміне, өніміне, оның сапасына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталады. Оның ішінде әртүрлі типті құсханалардың микроклиматын, атап айтқанда, ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, газдық құрамы, құрал-жабдықтар, желдеткіштер әсерін зерттеуге баса көңіл бөлінеді.

Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті, интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.

Экстенсивті жүйе - көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды, ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермадағы ауыр жұмыстарды (азық тарату, көң тазалау т. б. ) механикаландырудан гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.

Интенсивті жүйе - жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткаларда және едендерде ұстап, технологиялық процесстерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т. б. ) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауаттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.

Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе - құстарды технологиялық процесстері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында) немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа уақытында - интенсивті жүйеде ұсталады.

Құс шаруашылығының дамуы негізінен үш факторға негізделеді. Олар: құстың тұқымдық қасиеттері (генотипі), оған әсер ететін сыртқы ортаның экологиялық факторлары және бағып-күту жағдайлары (паратиптік) . Қазақстан Республикасында құс өсіру жоғары мамандандырыл-ған кешендерде (құс фабрикаларында) автоматтандырылған басқару жүйесіне негізделген. Ауыл шаруашылығын жекешелендіру барысында орын алған келеңсіз жағдайлар құс шаруашылығының әрі қарай дамуына біршама кері әсерін тигізді. Дегенмен, соңғы уақытта құс шаруашылығы қайтадан жандана бастады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әр бір тауық мекиенінен 250-280 жұмыртқа алып, 1000 жұмыртқаға небары 1, 5-1, 7 ц азық өлшемі жұмсалуда. Диетикалық құс етін 7 тоннаға жеткізу көзделініп отыр. Егін шаруашылығы дамыған республикамызда құс шаруашылығының азықтық қорын жасауға, құс санын көбейтуге мүмкіншіліктер жеткілікті.

Құс қораларын қарқынды пайдаланып, оларды шағын жерге топтастырып, жыл бойына балапан алып (инкубациялау) және жас құстарды өндірістік технологияда өсіру, ондағы ветеринариялық-санитарлық режимге жоғарғы талаптар қоюды қажет етеді.

Ірі құстардың өндірістерін (фабрикалар) жобалап және салу кездерінде ветеринариялық қорғау аймағы мен зоотехникалық-ветеринариялық ара қашықтығы белгіленген нормативтерге сүйенеді.

Ірі құс өндірістерінің аймағын (территориясын) бірнеше бөлікке (зонаға) бөледі: өндіріске арналған; шаруашылық басқаруға (хозадминстрация) ; азықтарды дайындау және сақтау; өндіріс қалдықтарын (көң) өңдеп және сақтау.

Ірі құс фабрикаларында өндіріс зонасын қосымша технологиялық және қосалқы зонаға шектейді. Ірілендірілген (аналық жұмыртқалайтын құстарсыз) өнімдік фабрикалар мен еттік және жұмыртқа алу бағытындағы фермалар қуаттылығы 300 мың жұмыртқалайтын тауықтар, 1 млн еттік шыбилар (бройлер), 500 мың үйрек, 200 мың қаз және күрке тауық еттік балапандары және 400 мыңға дейін өнімге арналған жас құстарды бір аймақта ұстап, бірақ бір-бірінен 60 м таяу емес қосалқы зоналарға бөлектеп орналастыруға рұқсат етіледі.

Ірілендірілген құс өндірістері (специлизированный) жабық режимді өндірістер қатарына жатқызылады. Ондағы жұмысшыларға өндіріс территориясына арнайы санитарлық өткелден (сан пропускник) ғана кіреді де, көліктер - дезинфекциялау блогінен (орын) өткізіледі. Өндіріс зонасына кірерде жұмысшы санитарлы өткелде өз киімдерін арнайы (спец. ) киімдермен ауыстырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауықтар гигенасы
Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Құс өнімдерінің сапасын бақылау
Құстардың санитарлық гигиенасы
Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері
Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту
Құстар классына сипаттама
Ірімшік өндіру
Құс шаруашылығы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz