Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі


СОДЕРЖАНИЕ

1. 2 Шығыс Қазақстан облысындағы қорғалатын территориялар14

2 МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ІСІНДЕГІ РӨЛІ16

2. 1 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының географиялық жағдайымен танысу (геогиялық құрлымы, рельефі, климаты, топырақ жамылғысы) 16

2. 2 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жалпы жағдайына сипаттама беріп, талдау жасау27

Қорықтың флорасы27

2. 2. 3 Қорықты мекендеуші құстар әлемі41

Балықтары43

3 МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ОТЫРҒАН ШАРАЛАР44

ҚОРЫТЫНДЫ49

Бітіру жұмысның тақырыбы: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғаудағы рөлі

Зерттеу нысанасы: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы

Зерттеу пәні: Қоршаған ортаның сапасын басқару

Тақырыптың өзектілігі: Табиғатты қорғау ХХІ ғасырдың басты проблемасының бірі. Табиғат - адамның сұранысын қанағаттандыратын бірден-бір шикізат көзі болып табылады. Сондықтанда адамдар өз тіршілігінде табиғат жүйелерінің қалай қызмет атқаратынын, табиғат ресурстарын қарқынды пайдалану жағдайында табиғат қауымдастығының берік қорын қалай қамтамасыз етуге болатынын білуі тиіс. Сонда ғана адамдардың табиғатты қоғауға деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігі артады. Себебі адамның салған жарасын табиғат емдеп жазып, аңдар мен құстар әлеміне жан бітіреді.

Мақсаты: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қазіргі жағдайына

талдау жасап, табиғат қорғау ісіндегі рөлін анықтау

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру:

1 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының географиялық жағдайымен танысу (геогиялық құрлымы, рельефі, климаты, топырақ жамылғысы)

2 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жалпы жағдайына сипаттама беріп, талдау жасау.

а) Қорықтың фаунасы

б) Қорықтың флорасы

в) Қорықты мекендеуші құстар

г) Балықтары

3 Қорықтың табиғатты қорғау ісіндегі жетістіктері мен ролін анықтау

Мәліметтер көзі : мерзімдік басылымдар, оқулықтар, ғылыми әдебиеттер, Марқакөл ұлттық табиғи қорығының мерзімдік есептері, ғылыми конференция материалдары

Жұмысты жазу барысында қолданылған әдістер: сипаттама беру, салыстырмалылық, экологиялық мәліметтерді талдау.

Жұмыс жаңалығы : Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жалпы жағдайы мен ондағы табиғат қорғау мақсатында жүргізіліп отырған шараларға жинақталған мәліметтер негізінде салыстырмалы талдау жасау және қорықтың сол аймақтың табиғаты мен экологиясына тигізіп отырған пайдасын анықтау.

Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы : Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қазіргі жағдайы туралы жинақталған теориялық, статистикалық салыстырмалы материалдарды студенттер мен оқушыларға теориялық және тәжірибелік мәлімет көзі ретінде пайдалануға ұсыну.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАУҒА АЛЫНАТЫН ТЕРРИТОРИЯЛАР

1. 711 Қорықтар - адамдардың ғылыми-табиғи лабораториясы

Табиғат - адамның сұранысын қанағаттандыратын бірден-бір шикізат көзі болып табылады. Сондықтанда адамдар өз тіршілігінде табиғат жүйелерінің қалай қызмет атқаратынын, табиғат ресурстарын қарқынды пайдалану жағдайында табиғат қауымдастығының берік қорын қалай қамтамасыз етуге болатынын білуі тиіс. Бұл мәселеде адамдарға бүлінбеген, әлі де қол тимеген табиғат эталондары - қорықтар көмектеседі. Оларды адамдардың табиғаттағы ғылыми лобораториясы деп бекер атамайды. Өйткені адамның салған жарасын табиғат емдеп жазып, аңдар мен құстар әлеміне жан бітіреді.

Табиғатты қорғаудың ең жоғарғы формасы - қорықтар ұйымдастыру. Бүкіл дүниежүзлік тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекелеген елдерінде қорық ұйымдастыру Х1Х ғасырдың бас кездерінен басталғаны белгілі.

Негізінен табиғатты қорғаудың он категориясы бар: қорықтар, қорыққорлар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері, қорғалатын ландшафтар, табиғат ресурстарының қорық қорлары, биосфералық қорықтар, микроқорықтар, табиғат объектілері және көп мақсатты қорғауға алынған жерлер.

Қандай да болмасын табиғат байлықтары, мейлі ол өсімдіктер дүниесі, я болмаса түз тағыларының өкілі болсын, оларды өздері бейімделіп тіршілік ететін табиғи ортасынан ажыратпай қорғау және мейлінше қорын молайту ісі, бүгінде күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелердің бірі.

Биосфера - қоғам байлығы, ол қашанда жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы. Биосферадағы экологиялық, биологиялық теңдік бұзылмауы тиіс. Биосфера қазынасы сарқылмайтын дүние емес. Оны ұзақ мерзімде адам игілігіне пайдалану үшін адамның қамқорлығы мен жауапкершілігін арттыру қажет . Айнала қоршаған ортаның тазалығы, орман - тоғай, қазба байлықтар, су байлығы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі ғалымдардың қазіргі кезде назарында тұрған басты проблема.

Сондықтанда ең алдымен адам мен биосфера арасындағы өзара қарым- қатынасты шешу, биосфера байлығын ысырапсыз пайдалануға жол бермеу, оның байлығын арттыра түсу, күтіп - баптау шараларының дұрыс жолға қойылуы керек.

Неге десеңіз, қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, транспорттың қарқындыы дамуы оларға өзінің ықпалын тигізуде. Қолайсыз экологиялық жағдай табиғи жүйелердің бұзылуына әкеп соқтыруда. Осыған байланысты адамның антропогендік іс-әрекетінің нәтижесінде бұзылған табиғи территориялардың маңызы артып келеді.

Атмосфераның экологиялық тепе-теңдігін, адам денсаулығын, табиғаттың ұсталмаған бөліктерін саналы түрде сақтап, оларға кері әсер етпеу үшін, ғылыми - техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде етене ұштастыра білуі қажет.

Қазақстан жерінде Д. И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездеседі. Біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150түрі, құстың 480 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік етеді Бұл бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден-бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі белгілі болды. . Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндіктерді жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - «жер жанаты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екенін өмір көрсетіп отыр. [22]

Қазақстан аймағы мен орта Азия Республикаларында қорық құру жұмыстары Октябрь революциясынан кейін ғана дами бастады. 1919 жылы шілдеде Орынборда Қырғыз басқару аймағы бойынша эволюциялық комитет құрылған, ал 1920 жылы 26 тамызда В. И. Ленин мен М. И. Калининнің қолдауымен Қазақ Автоном Социалды Республикасын, 1936 жылы Қазақ Советтік Социалистік Республикасын қайта құру туралы КСРО қаулысы қабылданды. Ол жас Республика орта Азия табиғатын қорғауда алғашқы қадамдар жасады. Ташкентте көне, табиғат және өнер ескерткіштерін қорғауға мақсатында аймақты тексеру жұмысы бойынша Түркістан комитеті құрылған. [7]

Бұл салада Қазақстан Республикасы соңғы жылдар ішінде қыруар ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізіп, келді. 1962 жылы Қазақ ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны қорғаудың бірнеше нақты шаралары көрсетілген. Олар - қорықтар, парктер заказниктер мен табиғат ескерткіштерін сақтау. Сонымен бірге 1972 жылы Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы қорықтардың жұмысын жақсартуға үлкен көңіл бөлінген. Оған бұрынғы Қазақ ССР Министерлер Советінің соңғы жылдары қабылданған бірнеше арнаулы қаулылары дәлел бола алады. 1969 жылы 9 шінде де «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 жылы 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 жылғы 12 шілде де «Қазақ ССР - інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орын алып отырған кемшіліктерде оларды жоюдың нақты жолдары да айқын көрсетілген. [23]

Осы кезде Қазақстан Республикасының жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық (Ақсу - Жабағылы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжың және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50- дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектердай 6 зологиялық және батаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіштері бар. Оған Павлодардағы көне заманнан бері бойындағы шырыны жойылып кетпей өсіп - өніп келе жатқан ағаштары бар «Гусиный перелет», Шыршалы Іле Алатауы т. б. кіреді. Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның тек осы аймаққа тән өсімдіктерінің далалық аймақтарда 1600 түрі мен сирек кездесетін эндемик өсімдіктері тіркелген. Бетпақдаладағы өсімдіктің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кездеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58 -і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100 -і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін түрлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.

Сондай -ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ескерткіштерімен құнды. Ақсу - Жабағалы қорығы сияқты кейбір қорықтар ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық одағының құрамына енген. Олардың тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанатар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындардың бұрынғы атақ - даңқын арттыра беру мақсатында зор көлемдегі ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақыттағы табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шарауашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2, 7 милион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке (жоғарыда көрсетілген) өзінің саялы да аялы қалың орман - тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендермен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы териториясында 34-35 милион гектар орман (оның ішінде 4-5 милион гектар аса бағалы сексеуіл орман бар) орналасқан. Түрі қазба байлықтардың ірі кен орындарында Д. И. Менделеевтің периодттық кестесіндегі барлық элементтер жинақтаған. Елімізде 11мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай -ақ, туған өлкеміз Қазақстан алуан түрлі жан - жануарларға өте бай. Осындай биосфера қазыналарын көздің қарашығындай қорғайтын қорықтар көбейе берсе деген ойдамыз. [24]

Қазақстан Республикасы жерінде ұйымдастырылған мемлекеттік 9 қорық туған өлке табиғатының небір көрікті жерлерін, қойнауларындағы бар байлығымен сақтап, көркейту тұрғысында табиғат қорғау ісіне зор үлес қосып келеді. Дегенмен де, Қазақстанның қорық ұйымдастыру ісінде көптеген емшіліктердің бары байқалады. Осынау ұлан - ғайыр өлкеде тоғыз-ақ қорықтың болуы кімге болса да ой салады. Оның үстіне бұл қорықтардың көлемі республика аумағының 0, 3 пайызын алып жатыр. Бұл өте аз. Ал, көршілес туысқан Әзербайжан, Армян республикаларында бұл көрсеткіш 1-2 пайзға жеткен.

Республика жер құнарын, орман мен тоғайдың әсем келбетін бұзбай, өзен - көл тұнығын шайқамай, хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесінің қымбат қазынасындай қастерлеп, қамқорлыққа алатын бірнеше мемлекеттік қорық ұйымдастыру - бүгінгі күннің талабы. [24]

Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді:

«Ақсу - Жабағалы» - 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Ауданы 73 мың гектар. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физологиялық - географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулерінде бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т. б. тіршілік етеді.

«Барса - келмес» - Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса - келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың флорасына 130 - дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

«Наурызым» - 1931 жылы құрылған. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың гектар. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрлері кездеседі.

«Алматы» - 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатуының тау жотасының топырақ жабындысы альпі өсімдіктер жабыны бар таулы - шалғындық топыраққа жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілдердің 62 түрі, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 түрі және балықтардың 8 түрі кездеседі.

«Қорғалжын»- 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мы гектар. Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шарауашылығымен байланысты. Қорықтағы ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының тізбегі ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

«Үстірт» - 1984 жылы құрылған. Ауданы 223, 3 мың гектар. Маңғыстау облысында орналасқан. Қызыл кітапқа енген шөл зонасының 12 түрлі аңдары мен құстарын қорғау үшін құрылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Экология және табиғат ресурстар Министрлігі жанынан құрылған «Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің ғылыми негізі» проблемасы жөніндегі комиссия бүгінде республикамызда әр түрлі географиялық аймақтарды қамтитын 20 шақты қорық ұйымдастыруға болады деген қорытындыға келіп отыр. Сондықтан келешекте ұлан - қайыр өлкемізде құрылатыны қорықтармен таныстыра кеткенім жөн болады. Олардың негізгілері атап айтқанда мыналар:

Ерментау қорығы - «Қаршыға тауы» атты филиалымен Ақмола облысы Ерментау аудандарында және Қарағанды облысының Осақаров ауданында орналасқан. Қазақтың ұсақ шоқылы жоталарынан табылатын, арша, көктерек, қайың, мойыл, долана, қарағайлы орман алқаптары және осы аймақта тіршілік ететін дуадақ, байбақ суыры, аккіс, аққалақ, арқар сияқты аңдарды қорғауға негізделген. Болашақта ұйымдастырылатын Ерментау қорығының аумағы 150 мың гектардай болады.

Қаратау қорығы - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мыңжылқы сайында құрылмақшы. Оның аумағы 350 мың гектар жерді қамтиды. Бұл аймақ табиғатының басты ерекшелігі - мұнда тек осы жерге ғана тән эндемикалық өсімдіктердің 100 -ге жуық түрі өседі. Осыған байланысты жәндіктердің де эндемикалық түрлері көп. Қаратау дәрілік өсімдіктердің «мекені» деп аталған.

Бетпақдала немесе Андасай қорығы - Қарағанды облысы Жаңа Арқа ауданы мен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының жерінде ұйымдастырылды. Бұл қорықтың «Көк-ашық» (орталық бетпақдала), «Шу-Іле» (Шу-Іле тауларының Хантау бөлегі), деген екі филиалымен бірге қамтитын аумағы 230 гектар. Осы аумақта шөлді - шөлейтті аймақтың шернек тобылғысы, регель қызғалдағы және дуадақ, бүркіт, қарақұйрық сияқты өте сирек кездесетін фауна мен флора өкілдері қорғалады.

Торғай қорығы -Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мен Жанкелді ауданының аумағындағы Торғай өзенінің төменгі ағысын, Қара мен Тәуіп сайларын, Жаманкөл, Ақкөл, Қарасу атты тұзды көлдерді қамтитын болады. Халқаралық маңызы бар батпақты - сулы Торғай өңірінің бұл қорығы 2005 жылы ұйымдастырылды. Оның аумағы көп жерлерді қамтитын болды. Бұл қорықта қара торғай, бозторғай, байбақ суыры сияқты хайуанаттар мен сортаңды жазық далада өсетін өсімдіктер дүниесі қамқорлыққа алынады. Қорық аумағы шамамен 40 мың гектардай болмақ.

Жоңғар қорығы - Алматы облысының Андреев және Сарканд аудандарының аумағындағы Теректі және Жаманты өзендерінің бассейіндерін қамтитын болды. Барлығы 250 мың гектер аймақты алатын бұл өлкенің табиғи кешені, «Қызыл кітапқа» тіркелген қызыл қасқыр, ұлар, қара ләйлек, сақлта сияқты хайуанаттар қорғалады. Бұл қорықты да 2000 жылы ұйымдастыруды көздеген. Бірақ іске асқан жоқ.

Алакөл қорығы - Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан. 120 мың км гектардай қорық аумағына Тентек өзенінің сағасы, Сасық көлдің шығыс жағалауы, Ұялы көлінің солтүстік батысы және көлдер аралығындағы мойнақ кіреді. Алакөл аралығында қорық филиалы жұмыс істейтін болады. өзен жағасындағы су өсімдіктерінің, бұйра және қызғылыт бірқазан, жалғабай, ақ құтан, су құзғыны мен реликті шағала ұяларын қорғау мақсатында 1998 жылы ұйымдастырылған Алакөл қорығының негізгі міндеті - су құстары, соның ішінде реликті шағаланы қорғау.

Кент қорығы -Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының жерінде, 50 мың гектардай аймақта осы ХХІ ғасыр басында отау тігетін болады. Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылы аймағындағы реликтілі қарағай ормандарын, елік, сілеусін, қара ләйлек сияқты хайуанаттар өкілдерін қамқорлыққа алатын болады.

Қаплаңқыр қорығы - Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданының жерінде орналасатын болады. Бұл республика аралық қорықтың шекарасы Түркменстан мен Өзбекстан аймақтарына жалғасады. Оның көлемі 300 мың гектар шамасында болды. Қаплаңқыр қорығында КСРО «Қызыл кітабына» енген: бүркіт, жұртшы, сабаншы, қабылан, қарақал, қарақұйрық сияқты хайуанаттар өздерін еркін сезінетін болады. Шамамен 2005 жылы ұйымдатырлатын бұл қорықтың маңызы зор. [25]

1. 2 Шығыс Қазақстан облысындағы қорғалатын территориялар

Шығыс Қазақстан - өсімдіктер мен жануарлардың ерекше әлемімен қайталанбас ландшафтардың ерекше аймағы. Оның аймағында 283 мың км 2 ауданымен қатаң Сібір мен ыстық орталық Азия, таулы тайга мен шөл, Қазақстандық Алтай, Саур- Тарбағатай таулы жүйесі, Зайсан Қазаншұңқыры, Қазақ ұсақ құмды даласы шығыс бөлігі, Балқаш - Алакөл жотасының солтүстік бөлегі.

Біздің облыстың табиғи - климаттық зоналары мен ландшафттарының көптүрлігі биологиялық әр түрліліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Біздің облыста сүтқоректілердің 94 түрі (Қазақстан түрінің жалпы санының (66, 2 %) құстардың 375 түрі (68, 6%) қосмекенділердің 3 түрі (27, 2%) және жорғалаушылардың 12 түрі (24%) мекендейді.

Биосфералық әр түрлікті сақтау үшін облыста 2 қорық - Марқакөл мен Батыс Алтай, 8 қорықша, 3 зоологиялық парктер, 4 ботаникалық пен 1 ботаникалық - геологиялық және Республикалық мәндегі табиғаттың 1 ескерткіші құрылған және жұмыс істейді. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жалпы ауданы 1058620 га құрайды немесе бұл облыстың жалпы ауданынан 4% шамасында.

Батыс Алтай қорығы - Шығыс Қазақстан облысы және Зырян аудандарының аймақтарын қамтиды. Ол 1992 жылы құрылған. Қорық Қазақстандық Алтайдың Линей, Холзун, Кокшин атты тау сілемдерін алып жатыр. Қорық негізінен табиғат белдерінің тау етегінен бастап субальпі, альпі биіктігіндегі табиғаттың сан алуан тайгалы аралас орманды ландшафтарын қорғауға бағытталған. Қорық өсімдіктердің түрінің және дәрілік өсімдіктердің көптігімен ерекшеленеді. Мәселен, мұнда орманның 25 типі, қылқанжапырақты ағаштардың көп түрі шоғырланған. Әсіресе бағалы самырсын, май қарағайдың орны ерекше.

Батыс Алтай қорығында табиғат белдемдері сан алуан. Олар: шалғынды дала, бұталар, самырсынды, шыршалы тайга, субальпі, альпі және биік таулы тундрадан тұрады. Сүтқоректілерден алтай бұғысы, елік, құндыз, қоңыр аю, бұлан, қабырға, бұлғын көптеп кездеседі. Батыс Алтай қорығының ғылыми, экскурсиялық, танымдық мәні зор. Болашақта қорық экологиялық мониторнигтің және ғылыми - зерттеу жұмыстарының ошағына айналатынына сенім мол. Себебі, табиғи ландшафттар әлі де болса өзінің алғашқы сипатын сақтаған экожүйлер болып табылады. Әрбір табиғат белдемдерінің өзіне тән фаунасы мен флорасы бар. Орман іші шипалы жеміс - жидек беретін ағаштарға, дәрілік өсімдіктерге өте бай. Әсіресе, субальпі белдемдерінде дәрілік өсімдіктер марал оты, алтын тамыр және алтай сарғалдақтарын кездестіруге болады. Альпі белдемдерінде шөптесін көпжылдық өсімдіктер басым. Топтала өскен аласа қайың, Алтай тиындығы, алтын тамыр, марал оты өсімдіктері кездеседі.

Биік таулы тундрада да жатаған бұталы өсімдіктер, осктор, альпі мүгі, қырықбуын, альпі сүттігені, мойыл т. б. өсімдіктер кездеседі. Батыс Алтай фаунасы да ерекше болғанымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңадан жүргізіліп жатыр. [26]

2 МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ІСІНДЕГІ РӨЛІ

2. 1 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының географиялық жағдайымен танысу (геогиялық құрлымы, рельефі, климаты, топырақ жамылғысы)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Марқакөл қорығының флорасы мен фаунасын қорғау
Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
Ерементау қорығы
Марқакөл қорығының болашағы
Марқакөл мемлекеттік қорығы - облыстың Күршім ауданындағы мемлекеттік қорық
Марқакөл қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Қазақстанның табиғи қорықтары
Шығыс Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар
Қазақстан қорықтарына сипаттама
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz